Сөз-таңба, тағдыр-сан

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 122

     Адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық туылу мен өлім арасындағы кезең өмір болып табылады. Сол құндылықтың негізгі мәні әрбір ұлтқа берілген тілі, оны қалыптастыратын жады, тарихи есі. Мәңгілік тек тілмен ғана байланысты. Мәңгіліктің белгісі жанда болып, жандағы жиналған асыл қасиеттер тіл арқылы көрінісін беріп, іске сөзге айналу арқылы ақыл ойды дамытып, жанға қуат беріп өсіріп отырады. Адамзатқа берілген басты мақсат сол жанды тәрбиелеп өсіру барысында кездесетін қарама-қарсылық белгілерді жеңе отырып әрбір танылуға тиісті нәрсені таңбалап, ал ішкі танымал болған қасиеттерінің өлшемін санмен шамалап белгілеу шарт. Сан мен таңба ортасы сөз болып, ана тілі арқылы түсіндіріледі. Демек әрбір танымал нәрсенің тарихы яғни таңбасы бар. Олай болса таңба- ілім болып, ілімді білімге айналдырсақ өлшемі- сан болмақ.
Сан берген, сана берген, санат берген,
Инсан деп саналыға ол ат берген.
Жаратып жалғыз саннан барша әлемді,
Шамшырақ нұр сәулесін тарат деген.

       Жаратылыс саннан басталса онда міндетті түрде жұп пен тақ болу шарт. Ақыл жұмсаған пенде баласына жоқтан 0-ден кейін тек сан бір құралады. Онда адам баласы үшін нөл жоқтың таңбасы болуға негіз бар. Енді сандар тізбегін алу үшін үнемі жоқтан 0-ден бірді шығарып отыру керек. Егер 2 санын алу үшін тағы бір қажет болып (1+1) үнемі бірді қажет етіп отырамыз. Бірақ бір мен бірдің айырмашылығы бар; бірі тақтық, бірі жұптық. Болмаса өмір тіршілік болмайды, өспейді, өнбейді, қосылмайды.. Өлім дегеніміз 0-нөл немесе Өл. Олай болса жоқтың өзі нөл үш таңбадан немесе белгісіз үш саннан пайда болады екен. Тауық 0-ден (жұмыртқа) бұрын пайда болған ба? Немесе жұмыртқа бірден (бардан) бұрын пайда болған ба? Ендеше біздің де жаратылыс мәнін түсіну үшін және болашақта шешетін құпия кілттің сыры әрбір жаратылыс нәрсенің сандық мәнін табу. Құран сүрелері де бірден басталып нас немесе сан сүресі 114-пен аяқталып осы есептер жүйесінің құпиясының шешімін меңзейді. (Жұп пен тақтың (11) және жаратылыс негізінің 4 (Т+Өрт) жиынтығы). Сондықтан да «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескерткен.

      Адамзатқа берілген мақсат түп негізді ғылыммен анықтау үшін жаратылыс қасиеттерді жүйелеу керек. Ол үшін тағы «Бүтін», «бөлік», «артық», «кем», «жалпы», «жалқы», «биік», «төмен», «қатты», «жұмсақ», т.б. толып жатқан өлшем бірліктерін меңгеру керек. Басты өлшем «Адамның кілтін табу» немесе өзіңді-өзің тану. Адамзат өзін таныса онда әлемнің қалай құрылғанын және ол қалайша әрі қарай құрылу керек екенін білуге ұмтылу деген сөз. Негізгі жаралыс басы қозғалыс болып, сол қозғалысты сөз деп ұғынсақ, сөзді тудыру үшін ой керек. Ой сөздік дыбыстық қалыпқа ене отырып, үнемі ұғымдармен өлшенуге тиіс. Ал ұғымдар жер, су және өмірде тіршілік ортасымен байланысты болып сол ерекшелікті тіл деп, дыбыс пен ойдың сапасына айналып, ақыл болып тілде көрінісін табады. Сапа адам жанының болмыспен, тылсыммен бірігу көрінісі нақтылық. Сапасыз нәрсе өзінің барынан айырылады. Сапа көрінісін нақтылау үшін таңбаны қолданамыз. Өткеннің өсиеті де, өсегі де барлық өмірдің құбылыстары мен оқиғалардың айғақтары да, өзгерістер де таңбада көрінісін тауып тарих деп аталады.

     Ілім — сан (сана) болып, болмысқа бейтарап күйінде бастан жоспарланып жаратушы тарапынан беріліп қойған адамзатқа. Бірақ құпия түрде санды таңбаға, таңбаны сөзге айналдырып берілген. Ол құпияны шешу үшін әуелі сөз астарын әлемдер халқы өз сапаларына таңбаларына айналдырып ұғымын меңгеріп барып, онан соң жаратылыс тілін санға айналдырып өлшеу керек. Өлшем – сапа мен санның бірлігі. Өлшемнің бұзылуы танымал болуға тиісті нәрсенің түсінігінің мәнін жойылуына әкеліп соқтырады. Енді болашақ алдағы басылымдарда кеңінен сөз қозғайтын Құранның сандық белгілерінен мысал келтіре кетейік.
Барлық жаратылыс есебі адамзатқа берілген екі жұптан төрт түрлі таңбадан және барлығының оң, солы жұп пен тағы болып 8х8=64 таңбадан тұрып, ілім санын берсе, әлем 6 күнде әрқайсысы 3 түрлі таңбадан пайда болып, 6х3=18 басты таңбадан ішкі қасиеті 1000 белгіден тұрып 18000 ғалам, яғни таңбаның ішкі сырын білу керек адамзатқа. Жаратушымыздан берілген тағдыр есебі. Адамзатқа инсан беріп ойды белгілеу үшін таңбаларды түсірді. Демек таңба сандар жиынтығы немесе белгілі сандар мәнін береді. Таңба басы «А»-дан басталып, қандай таңбамен аяқталуы сол нәрсенің тарихы болып табылады. Адамзаттың басқа жаратылыс егелерінен айырмашылық басты белгісі әрбір заттың тарихын, сипатын, өлшемін білу, яғни білімі. Енді әрбір танымал болуға тиісті жаратылыс нәрсенің қасиетін айқындайтын иісі, түсі, үні, қабы (сызықтық шамасы) болу керек. А таңбасының әлемдер әліппесінде орын мәні-1, ал кириллица бойынша сызықтар саны-3, арап әліппесінде орны да-1, сызықтық саны да 1 болып жиынтығы кириллица 13, арапша 11 екі түрлі белгіні көрсетеді. Кирилл таңбасы елдерінің ұғымы 11 жұлдыз күн мен ай мезгілдік, күндік болса арап ұғымында жұлдыздар орнымен байланысты ай және 11 жұлдыз түндік қуат. Он бір санымен жұлдыздар орын алмасуына тәуелді болып бүкіл әлемге ортақ құлшылық амалдары есептелсе, ал 12 аймен мезгілдік заман өзгерісіне қоршаған ортаға байланысты және жұлдыздар орнымен тәуелді түрде құлшылық амалдары белгіленеді. Сондықтан бір ел екінші елге құлшылық амалын зорлап тықпалауға болмайды. Сол үшін жаратушы тарапынан әр елге өз аспанына үніне байланысты елшілер тағайындап белгілер түсіріп отырады. Оны таңба немесе әріп деп те атаймыз. Осы белгілер жиынтығы сол нәрсенің қасиеті болып, оны санға сызыққа айналдырып белгілесек оны мөр деп атаймыз. Мөр қасиеттер жиынтығы. Белгілі бір шектегі сан мен сапа таңбасы. Мысалы мемлекетіміздің таңбасы мөрі болса, сол сияқты әрбір облыстың, ауданның, т.б. ауылдың өз мөрі таңбасы болса сол таңбаға қарап қандай танымал болуға тиісті нәрселердің жиынтық сипатын, қасиеттік шамасын білеміз. Сол сияқты белгілі бір ұғымды білдіретін таңбалар жиынтығының мөрін сөз деп білсек, сөздер жиынтығының мөрін сөйлем деп ұғамыз. Сөз мөрінің 4 тұрақты бағыты; оңға, солға, жоғары, төмен болып және шеңбер болып; оңға оқысаң бір ұғым, теріс оқысаң келесі ұғымды беретін Арап тіліне сәйкестік қасиеті бар. Жер, көк, суды, жалпы әлемді сөздерден жаратса, демек сол сөздерді сөйлемге айналдырып әрбір жаратылыс сөздерді сөйлетіп ат қойып өлшемін тауып сандық мәнін табу белгілі дәрежеде мөрлеу адамзатқа жүктелген аманат. Сондықтан қасиетті кітап аяттары бөлек-бөлек мөр болып, сол мөрлер жиынтығынан негізгі мөрі Құран болып шығады. Сол сияқты төрт қасиетті кітаптың жиынтық ұғымын бір мөрге айналдырып белгілесек «БІР» таңбасы шығып дінде «Бір Аллаға сиынамын» деген ұғым белгісі шығады.

     Ислам діні бірлеу діні деп аталып сандық негізі 111 болып шығады (Інжіл, Зәбур, Құран+Тәурат). Енді жаратылыс заңдылығын Құраннан негізге алсақ бүкіл жаратылған нәрселер екі жұппен және сегіз түрге бөлініп, түрленуге түсіп 8х2=16, 8х4=32, 8х8=64 және негізгі жаратылыс басы 2х2=4 тұрақты сандарды түрлену негізіне алып, ал құраушы сандар жиынтығы (1+6=7, 3+2=5, 6+4=10) оған бастапқы жаратылыс басын қоссақ; 16+2=18, 16+4=20, 32+2=34, 32+4=36, 64+2=66, 64+4=68, 7+2=9, 7+4=11, 10+2=12, 10+4=14, сират белгісі 14, түрлену терілер түсі 16, рухтың белгісі 18, бүтіндік белгісі 20, кісі және мезгіл 12, сабырлық пен ізгі іс сауабы 11, тіршілік жерлік мезгіл 36, тірлік саны 9, бірлік саны 10 хат көктен келіп қосындысы 19 періште адам баласына қызмет жасайды. Осындай құпия сандардың түрленуі арқылы Алла тағала мөрінің негізгі сандық мәндері шығады. Осындай тұрақты сандар мәндерімен енді Құран сүрелерін зерттеуге болады. Құран аяттарының сандық мәндерін түсіну үшін құпия сөз астарларын табуды меңгеру шарт. Сонда әрбір сөздің мәні және басқа сүрелерден орындарын табуды меңгеруге болады. Жалпы Құран сандық мәндерін зерттеу үшін; бірлік, екілік, ондық дәрежелеу және әзірге есептік жүйеде пайдаланылмаған тәсілдерді пайдалану арқылы көп әлемдегі сыры ашылмаған құпиялар мен құбылыстарға жауап аламыз. Арап сөздері АБЖД есептік жүйемен 4 тұғырмен есептелсе, ал Кирилл таңбасының ерекшелігінің өзі таңбалардың бейнесін санау арқылы да көп атаулардың сандық мәнін білуге болады. Тек таңбалар сырын, атаулар құпиясын түсіну үшін барлық жаратылыс нәрселерінің төрт сипаты бар деп қабылдау шарт. Сонда таңбалар түсіндірмесі жазу үлгісі болса онда жер бетіндегі адамзатқа берілген жазу үлгісі де төрт сипатты белгілейді. Арап, латын бір жұп болып, кирилл мен қытай, жапон, кореялық жазу үлгісі бір жұп болмақ. Негізінен қытай, жапон, корея жазуларын біріктірсе толық бір сырды қамтитын жазу үлгісі шығу керек. Ішкі сырымен әрбір жазу үлгісі 2-ге бөлініп тағы 8-ге түрлендірсек онда 64 саны шығып демек жер бетінде сондай таңбалар үлгісі бар болу керек. Сөздің тегі Рух десек, онда негізгі төрт жазу үлгісі төрт түрлі рухтан белгі; Адам ата, Хау ана, Жер ана, Су ана. Және жаратушы тарапынан көктік рух үрленіп сол бір кісіге төрт белгіні сіңіру әр адам баласының және елдің Рұхы болып саналады. Ұрық анықталып өлшенетін шамасы бар белгі болса, «Рұх» адам баласының көмес көктен нәр алатын тамыры «Жіб». Құранда «Бір-бір Алланың жібіне жабысыңдар» деп ескерткен. Арап таңбасы айдың жүру жолдарымен байланысты болса, латын жер бетіндегі өзендер мен су, бу жолдарымен байланысты болса, кирилл таңбасы күн сәулелер жолдарымен, сәулелердің түрлену белгісі болып, ал қытай, жапон, корея таңбалары желмен, жермен, жынмен байланысты таңбалар көрсеткіші болмақ.

     Жер бетіне Алла тағала ризықты шашып жіберіп бірінен-біріне тәуелді түрде дамуға және жақсылыққа жарысуды бұйырған. Сондықтан таңбалардың дамуында сол елдің тарихы мен рұхтың белгісі болады. Адамдар ойлап тапты деп басқа өткен тарихтағы таңбаларға қайта ораламыз деп тұжырым жасау надандық болып болашақ ұрпақтар келешегіне, ғылым, білімге қастандық болып табылады. Қайта әрбір ел дыбыс үндестік өзге атаулардың қосылуына байланысты таңбалау тәсілін байытып кеңітіп отыру шарт. Таңбалардың да өзгеріске түсетін тұрақты, тұрақсыз және барлық тілге ортақ түрлері де кездеседі. Болашақта осындай таңбалар арқылы ортақ сөз негізін, тұғырын анықтап отырамыз. Енді адасып бұра тартып үндестік өзгеріске түспеу үшін адамзатқа ортақ кітап дәлдік ғылым Құран түсіндірмесі болу керек. Құрандағы сүре атындағы таңбалар саны мен үндестік жүйесі әлем жұртына ортақ тілдік ғылыми бағдарлама болып шығады. Сондықтан Құран сүре аттарын басқа тілге аударуға болмайды, солай аталу шарт. Сол сияқты аят сөздерінің түсінігін де сол қалпында басқа тілде айтылу да зиян болып шығады. Міндетті түрде баламасын іздеу керек. Бүкіл адамзатқа байланысты тіршілік атаулары Құранда толық қамтылғанда, ал әрбір танымал болған нәрсенің ішкі сырына әр халық өз тілдік үндестік заңдылығымен, қасиеттік сипатына байланысты ат қойып, болмаса ортақ атауларға келіп отыру керек.

      Енді жаратушымыз қандайда бір болмыстың болуын қаласа «Бол» деп айтады, ол бола қалады деген аятта. «Бол» үн кеңістіктегі орны таңба, ішкі сыры — сан, жалпы қасиеті  — мөр. «Б»- еріндік, «О»-көмейлік, «Л»-тілдік үндер жүйесін құрайды. Демек 3 түрлі үндік сипаттан жаратылыс қасиеті пайда болады. Арап жазу үлгісі түрлендіру арқылы есептеледі, ал кирилл таңбасы тікелей саналатын қасиеті бар. Таңба көрінеді сосын шамасы өлшеніп, белгіленгесін ат қоямыз яғни сөзге айналады. «БОЛ» сөзі 6 сәуленің жиынтығын береді. Оған тағы таңбалар санымен Құраннан «Б» таңбасына байланысты төрт сүре болып соған байланысты «Б»-ның сандық мәндері болса, «Л»-ға байланысты 2 сүре аталып, «О»-ға байланысты сүре атауы кездеспейді, демек «Бол сөзінің жалпы Құранға байланысты саны 6 болса, таңба саны 3 болып жинағы 2+3=5 қуаттың белгісін 5 саусақтан көрсек және 6+3=9 болып жалпы қасиеті «қабы» белгіленген. Саусақ негізінен қалам болып, қалам саны жерлік 5+ көктік 5 он санын беріп жаратушымыздың оқытушы, үйретуші сипаттарын тек он санымен таңбамен белгілеу Ясауи бабамыздың еңбектерінде толық сақталған. Аллаһ деп 5 таңбамен «Рахим=5» (шүкірлік) белгісімен ғана сипаттау надандық және ортақ қосу. Ғылымда 6 санының негізгі белгісі ай планетасымен байланысты. Себебі жердегі бар элементтер айда да болып бірақ 6 есеге салмағы жеңіл. Неге? Адам қанында да сондай 6 түрлі элементтер 3 топқа бірігіп 18 түрлі негізгі злементтер болу керек. Егер «БІР» +»ҮШ» = 4 болса, таңбалық мәнімен «Бір»=3, «Үш»=2 болып жиынтығы 3+2=5 санын береді. Демек әлі ғылымға жұмбағы ашылмаған 1+3=5 болады деген есеп бар Құраннан. 4:5-ке қатынасын «Ми» деп ат қойған ғұлама ғалым Әл-Фараби атамыз. Яғни үннің сөзге қатынасы. Қазақ үшін Әл-Фараби еңбегін түсініп оқымай құран есебі тағы шықпайды. «Мизан» есептер жүйесін толық меңгеру үшін, Құранды тек араптар үшін түсірген немесе арап тілінде ғана ұғынуға болады демей әлемдер үшін үгіт насихат болып таңбасы көп тілге аударып барып оқылса ғылымы ашылатынын түсінетін уақыт жетті. «МИ» таңбасын құпия сырдың белгісі ретінде қарастырсақ мезгілге байланысты «ҒАСЫР» сөзі 100 санын беріп ҒА=46, CЫР=54, 46+54=100 десек, бұл сандар қайдан алынған деп таңдануыңыз заңдылық. Әрине Құран құпия сандар жүйесінен. Мизан заңының түсініктемесі насихат. Аруақ әруақытта мезгіл болып 46 санынан басталады десем оны түсіндіретін соңғы теолог ғалым Шәкәрім атамыз арғы дүниеде. Қалай сұрайсыз қазақша құлшылықты ұмытып қалсаңыз? Сол сияқты «ҒАЛАМ» сөзінің екінші көктік мәні 64 болып осынша рет 5 уақыт сәждеде маңдайды жерге тигізуді пайғамбарымыз үйретіп кеткен.

     Кейбір тақуалық жолдамын деп немесе басқа ағымдағылар қарапайым осы ғалам санынан жаңылысып кітап арқалаған есекке айналып оған ерген қазағымыз да жеткілікті арамызда. Құранның сүрелерінде әзірше екі түрлі сандық мәні және аяттар мәнімен төрт түрлі бөлімдерге бөліп тағы бір құпия насихаты 464 сүре болып шығатын есептік жүйесі де бар. Жер бетінің ғылымдары тағдыр даму жүйесін көрсетеді. Бір аятты орнынан алса бүкіл жүйе өзгереді. Кезінде Ясауидей әулие бабамыз шеше білген. Демек біздің түсінігіміз үшін жаратылыс саннан басталып қозғалыс басы үннен пайда болып таңбаға айналып, санмен нәтижеленеді. Түсінік деген ұғым бүкіл ойлануға тиісті жаратылыс иелеріне тән құбылыс. Түсінік тек тілге тәуелді. Құран әлемдер халқы үшін үгіт, насихат, ем-шипа. Үгіт тілдік сипатқа яғни әр халық өз тіліне аударып қана түсінеді. Насихат, түсінік нәтижесі танымал болған ғылыммен өлшеу, санау арқылы пайда болатын ұғым болса, ем-шипа тек Құран түскен тілде ғана нәтижесін береді. Қандай да болсын зерттелуге тиісті шаманың сан болсын, таңба болсын, сөз болсын ішкі сыры 3 белгіден тұрады деп ұғыну шарт. Төртінші Алладан берілетін немесе шектік шама оны біз көп жағдайда көре алмаймыз, сезе алмаймыз, тек ақылмен өлшеп білеміз. Сондықтан насихат деген үш ұғымды анықтау болып есептеліп қана білінеді. Шипа белгілі тілдік үнге немесе сол халықтың дауыссыз, дауысты дыбыстар белгісіне байланысты құран аяттарынан тек арапша оқылып адам өтісіне тигізер шамасын айтады. Бұрынғы шағатай тілі немесе латын әрпімен ойланатын уақытпен қазіргі 42 таңбаның арасында үндік жүйеде көп айырмашылық бар, демек шипалық аяттардың да белгілі саны сүрелермен есептік мәні болмақ.

    Бүкіл құранды арап тілінде жаттап алу шипа болады деп түсіну надандыққа, сананың жабылуына, жетенің дағдарысына соқтырады. Сондықтан арап тілін жетік меңгерген өзге ұлт баласы Құран насихатын толық меңгеруі мүмкін емес. Насихат сандық ұғым, тек жоғарғы Біз-бен байланысқа шығып санаға белгілер алу арқылы шешіледі. Ондай адамдарды мың жылдарда бір рет тек жаратушымыз елші қылып жіберіп отырады. Жалпы жаратылыс егелері таңбаларды ажыратып, сандық мәнін сезім арқылы анықтаса, адам баласына берілген ерекше белгі таңбаны көріп, санды естіп, оймен өлшеп сөзге, іске айналдырып жақсы-жаманын, зиянды-зиянсызын анықтап ақылды қалыптастырады. Демек тіршілік ету үшін қажетті ақыл хайуанда да бар. Сондықтан сол ақылдар жиынтығын тазартып қоршаған ортаға және заман өзгерістеріне сәйкес қорғаныс және даму белгісін қалыптастырып отыру үшін, кітап түсіріп оқуды бұйырған жаратушымыз. Кітаптарға иман келтіру дегеніміз кітаптарға нанып қоя салу емес ішкі сырын, ғылымын түсініп меңгеру болып табылады. Тәурат әлемдер жаратылыс сырының таңбасын анықтау арқылы ғылымын белгілесе, ал Забур сол таңбалардың ішкі мәнін ғылымын анықтап тозақ әлемінің сырын белгілеп, Інжіл тіршілік ғибадат сыры мен жәннатқа шығар баспалдақ болып, Құран үш кітапты растап негізінен жаннат сипаттары мен соңғы нәтижені баяндайды. Сондықтан да ислам діннің негізгі ізгі істер мен құлшылық сипаттарын шариғат ісі негіздерін пайғамбарымыз көрсетіп кетсе, ал онан кейінгі әр елге жолбасшылар жіберіліп салт-дәстүрлік шариғат істерінің ерекшеліктерін бекіткен. Негізгі кітап саны төртеу болса, кітапты халыққа жеткізуші пайғамбарлар саны бесеу. Забур Дәуіт пайғамбармен басталып, Сүлеймен пайғамбар толықтырып аяқтаған. Тәңірлік сипат екі; көк тәңірісі мен жер тәңірісі. Екінің сипаты «Бір тәңір» үшінші белгісін анықтау құпия сыр. Тәурат «Рабб Алланы» тану болса, Зәбур «Тәңір Алланы» тану, Інжіл «Құдай Алланы» тану болып жалғыз жаратушымыздың қозғалыстар тегі болып бірмен саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *