Тағдырдың жазылуы(272)

Бөлім: Зікір өлеңдер 197

Теңізде жүзген кемедей,

Жолаушылап өтесің.

Өмірің бұл керуендей,

Келдің көрдің кетесің.

Боларсың разы тағдырға,

Әуелгі бастан жаратқан.

Бір кісіден тегің таралып,

Кірпішін ғылым қалатқан.

Құдай қоспас жаманға,

Сынын жазып тағдырға.

Шалғаны емес аяқтан,

Шақырған қайта ғылымға.

Ғылым-Адам-тән, жаның,

Құпия білім жанға алғаның.

Ақыл, қайрат өсіріп,

Тәнді сақтау білім тапқаның.

Ақыл, қайрат, жүрегің,

Жүректен қосып үндерін.

Бір ғылымға бағынсын,

Тұрағы Алла сөз, демің.

Тән қалауы алайда,

Нәпсіні алып қолайға

Сезімнің үнін ұнатқан,

Қызығына дүние байлауға.

Жынды сөз, қылық дәнегін,

Өсірген өзің өрмегін.

Бауратып бойды шырмалтып,

Күнәмен өттіп күндерің.

Сезімнен сана қуатын,

Жанатпен табан қосатын.

Ағарып әйел аяғы,

Етектен сана шығатын.

Ақ жаулық, жең, етекті,

Сана жоқ қаннан өнбекті.

Шарапсыз қалып нәзіктер,

Бойынан жарық өшеді.

Қырық үйдің қожасы,

Қырқа аса алмай қалады.

Елдіксіз жоқ ұлт тағдыры,

Рұқы өнбей тегі солады.

Қатайып діл, сана азған,

Мейрім, ұят жоғалтқан.

Етектен сана өне алмай,

Үзілер тағдыр атадан.

Әдепсіз ауылға апарма,

Аманаты еді қазақта.

Нәзіктер ар, ұятсыз,

Елдігі ұлттың болар ма?

Мал, жаның болмас аманда,

Төрт түлікті бірлеп бағарға.

Төрт тегі ұлттың аналық,

Төмендеп кетсе хайуанға.

Батасың да өзің күнәға,

Не жаздым, дейсің Құдайға.

Тағдырға баста жазылған,

Шақырса сынап алайда.

Өз тағдырың қолыңда,

Ерікті берген жолыңа.

Қалай бұрам десеңде,

Оңмен әлде солыңа.

Қиындық көрсең өмірде,

Себебі тұр оның өзіңде.

Екі қол ісің тағдырың,

Қайта айналып еніп өзіңе.

Қылық, әдет көлеңкең,

Көріп, естіп сөйлеген.

Қол бала әруақ келетін,

Иіспен тәннен бөлінген.

Өз басыңды ақтама,

Өзгеден көріп даттама.

Тағдырым берген осы деп,

Құдай жаман қылған ба?

Мін іздесең өн бойдан,

Есебін беріп көр ойлан.

Нұр шалар сондай ойыңды,

Келдім, деп осы мен қайдан?

Өлімнің арғы жағынан,

Елің бар тек жалғанған.

Өз елін қайта таба алмай,

Болмассың жын қаңғыған.

Тілімен ана қан тегің,

Атадан емшек емізген.

Әр ұлттың бар өз жолы,

Бақшасы ғылым өсірген.

Кетіріп кірін құлқының,

Шүкір, деп көрген бұл күнім.

Қанағат қылсаң барына,

Жалғанар қайта тағдырың.

Еске алып ата-анаңды,

Қылуға риза аруақты.

Өлімен иман жалғанар,

Жобасы Құдай болмақты.

Жының ғой бастан жолдасың,

Қайрат қып қуат алғансың.

Тазартып сегіз сезімді,

Талапқа салдың ноқтасын.

Көлігің, жының тұлпарың,

Ақылға қуат қосарың.

Кісілігің баста тағдырың,

Тануға Құдай жазғанын!

Кісілік, тағдыр, аруағың,

Қолыңнан екі қанатың.

Маңдайда жазған жазуы,

Құпиясын ғылым алмағың.

(Наурыз 2019 жыл)

******   ******

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *