Жақсы мен жаман парқы(273)

Бөлім: Зікір өлеңдер 93

Орақ тілді пенденің,

Тілінен у мен бал тамар.

Басы бүтін пенденің,

Жеті жаны бір болар

Бас қадірін білмеген,

Пенденің миы су болар.

Басыннан шыққан иісі,

Тамаққа өтіп у болар.

Ардан сауыт киген ер,

Ар-намысты аталар.

Жермен көктің арасын,

Тектілікпен жалғантар.

Еркек, әйел иісі,

Шайтаннан жын қосылар.

Қараға тартып нәсілі,

Діл қатты, тексіз қу болар.

Ақ жаулықты аналар,

Жанаттан жерге көз салар.

Жұпар иісі жер көктің,

Арасына таралар.

Жаулықсыз қыз, қатынан,

Шерік боп сірке таралар.

Еркекке аспен қосылып,

Зинаға нәпсісін азғырар.

Етексіз аяқ тазармас,

Өріс жоқ бойдан

Сөз қадірін ұғынбас,

Қу бастықты ту қылар.

Жаны өлі ақыл нұрланбас,

Салтын жаттың дін қылар.

Сөздің ойы терістен,

Білімге қазық байлантар.

Шектеліп ділі өрістен,

Елдігі жоқ ұлт болар.

Артын бағып сөйлеген,

Амалы пенде жөн болар.

Сөз салмағын түсініп,

Жетеден сана жалғантар.

Бұрынғы мен қазіргі,

Адамдық –ғылым кімде бар?

Салыстырсақ адамды.

Арасы көк пен жер болар.

Қара қылды қақ жарамай,

Шолтаң кескен би болар.

Дүниеге ақыл байланып,

Ішінде есебі еп болар.

Ел басқарған жақсының,

Сырты жылтыр сөз шығар.

Ішінде қулық, жасырын,

Қарыны меске қап болар.

Таңнан жеген тамағы,

Кешке жетпей аш болар.

Ішіп, жемі сауығын,

Қызығы өмір сеп қылар.

Халықтың ішін аралап,

Сапырып көріп саралар,

Асыл тастай жүрегін,

Тот баспағаны аз болар.

Рұқ пен жанды бір деген,

Ғұлама, хазірет аталар.

Жан халінен хабарсыз,

Шариғатты жол қылар.

Көбі қара көмірдей,

Отыны жанбай жынданар.

Оқығанмен намаз ерінбей,

Іші толы ыс болар.

Табаннан, төбе жей алмас,

Орта топтық дін болар.

Құдай ісіне болып қас,

Пәншілікті ту қылар.

Түскенмен жар назары,

Танитын оны аз болар.

Хикметін сезбес Алланы,

Ой жорыған тәкаппар.

Парқы жақсы жаманың,

Дүниемен өлшеп мақтанар.

Қияметтің азабын,

Заманнан көріп ақталар.

Жар нұрына жарымас,

Ақылға біліп сеп қылар.

Тәпсір біліміне табынып,

Келтірдім иман деп болар.

Шоқынып заңға табынған,

Ел билейді надандар.

Партиясын тәңір қылғанан,

Ар ұяттан сұрау жоғалар.

Құлтегінің айтқаны,

Айдай келер күн туар.

Жақсы мен жаманды,

Ажырату қиын сын болар.

Әйел тең, деп еркекке,

Өз жанына  қас қылар.

Қарадан нәсіл себепке,

Жалғанып ділі қатайар.

Елдіксіз тек ағашы,

Жапырғын иман солдырар.

Еркектен рұқы өне алмай,

Жетесіздік салт шығар.

Аманат, мирас жоғалған,

Нәсілі азғын ұлт болар.

Аз ғана халық сый алған,

Номадтық тегі сақталар!

Жаман мен жақсы бұл парқын,

Түсінбеген мас болар.

Қияметтің тартып азабын,

Себебін таппай дауласар.

(Наурыз 2019 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *