Сөз киесі(275)

Бөлім: Зікір өлеңдер 665

Құдайдың сөзі қанатты,

Түсінгенге салмақты.

Екі қиыр шығыстан,

Шындық боп түсер хабары.

Сәулесі сөзбен табысқан,

Қаралықты бойдан жабысқан

Орап өтіп тазартар,

Ойыңды бойдан шалыққан.

Қанағатты үйреткен,

Ашкөздікті күйреткен.

Төзім қосып жаныңа,

Қажырлықпен тербеткен.

Таза ақылдың иесі,

Ой үні сөздің киесі.

Алланың үнсіз тілінен,

Қуатты нұрдан жебесі.

Шарпыған демі тәніңді,

Ақтан аят жаныңды.

Хикметімен білім жазылып,

Рахметі баурар момынды.

Дауға қойған қаламмен,

Талай жылдық жазылар.

Теңіздей сия сауғамен,

Ақиқат түбі ашылар.

Көп шындықтың ішінде,

Мызғымайтын шыны бар.

Көп батырдың ішінен,

Көзсіз батыр табылар.

Ақиқатты сөйлеткен,

Ішінде сөздің батыры.

Құдайдың ойын өлеңмен,

Бейнелеген қазақ ақыны.

Ардан сауыт кигізген,

Зейнеті сегіз түрменен.

Аққа Құдай жақ деген,

Ар сақтаған дәстүрмен!

Жеті жанын түгелден,

Әр сабақтан жүз дәннен.

Жеті сабақты бидайдай,

Егінін рухтың өсірген.

Маңдайда сәжде ізі бар,

Маңдай тағдыр ашылар.

Құс жолына  жалғанып,

Келтірген хабар тақуалар.

Иман деген келтірген,

Алланың сөзін көгінен.

Жер анадан жаннаттан,

Табаннан жеті үн енген.

Әр сөзімен үн берген,

Тұңғиыққа сүңгіткен,

Інжу, маржан асылын,

Теңізден терең тергізген.

Жүрекке еніп зейнеті,

Ғылымнан дәні өнбекті.

Бір дәннен жеті сабақты,

Жеті жүзбен салар өрнекті.

Бар ағаш қалам болғанмен,

Жеті теңіз сия боп жазғанмен.

Алланың сөзі таусылмас,

Ұға ма надан нұр алғанмен?

Тау-тастан шыққан сәуледен,

Алланың үні несібең.

Ұшқан құспен жәндік те,

Дыбысқа қосар үндермен.

Құлшылық қылған сәждемен,

Жайылған жерге үндермен.

Өсімдік түгел жайқалып,

Алланың үні өсірген.

Жер ананың толқуы,

Алланың түссе үкімі.

Қорғанын салып теңіз, өзенге,

Жағаға соққан толқыны.

Көпіршік буы тараған,

Сөз болып шығып арнадан.

Көркем сөз айтса адамзат,

Үнімен табиғат жалғанған.

Әр ұлттың сөзі киесі,

Қосылып үнмен өресі.

Миға жетіп мақтау сөз,

Төбеден келер төресі.

Ай туып көктің жүзінде,

Жүзеді аспан төрінде.

Жұтылар оған теріс сөз,

Өң берер ақыл кемесі.

Ақындардың ақыны,

Құдайды өзі ақ нұры.

Жүрекке үнін береді,

Иманның болса жарығы.

Үш ағашқа ат байлаған,

Тектігі қазақ номадтан.

Үш түрлі ғылым сөз киесін,

Үш жеті үнмен тегін тарқатқан.

Көріп естір көзбенен,

Көктен құстың тілімен.

Табанмен естіп жүрекке,

Жанаттың үні ділменен.

Төбеден, табаннан жегізген,

Номадтық қазақ нәсілден.

Көркем сөзбен ойпаттан,

Ағашын тектің өсірген.

Періштелік жеті қанаттан,

Алланың өзі сипаттан.

Алла тағала, деп атап,

Елшісін оған ұқсатқан.

Сөз киесін түгелмен,

Мұхаммед болды меңгерген.

Құдайдың сөзі қанатты,

Жеті аятпен дінді бірлеумен.

Мәсіғі бекіп аяқтан,

Уахиын оқып жаннаттан.

Қолында жаның болатын,

Әлемнің жаны тағалам.

Жеті сүйек сәждесі,

Тағдырдан жазу дерегі.

Құлшылығың бекіген,

Көркем мінез, сөз киесі.

Қол бала болар періштең,

Аруағың тағдыр өсірген.

Екі қол ісің екі өмірден,

Өткен мен бүгін бірленген.

Таны, деп текті өмірден,

Мың бөліпті бір өзінен,

Ақылдан бәрін жаратып,

Іздеткен сөзін біліммен.

Әлемді танып жеті үнмен,

Сөзіңді ал, деп тегіңнен.

Жақсылыққан жарысып,

Өсір деп бақша діліңнен!

(Наурыз 2019 жыл)

****  ******

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *