Жасампаздық(274)

Жасампаздық жақсы қасиет,

Жол табарлық ол қажет.

Тоғыз жолдың торабын,

Жол-жобамен меңгермек.

 

Үш сипатын ислам бірлемек,

Ясымен қажырлық өндірмек.

Мұхаммед болып ортасы,

Адамзаттың бәрін сүйдірмек.

 

Інжілмен келер ақиқат,

Ғылымнан кірпіш қаланбақ.

Көркем сөздің киесі,

Рұқымен Ғайса жалғанбақ.

 

Көк тәңіріне табынған,

Қазақта ғұрып аталған.

Салтымен әр заманың,

Бірлігін үштің сақтаған.

 

Отыз үш мың дерек шариғат,

Базарын діннің аралап.

Жолға шығар жолаушы,

Дін ісін біліп, азық ап.

 

Жолдың басы тарихат,

Жібіне тарих жалғанбақ.

Тарихтан белгі көрінер,

Отыз үш мың түрлі насихат.

 

Оң, солмен артына,

Алтын, күміс қосуға.

Құдайдан жол-жоба алып,

Ізгілік, сауап, саудаға.

 

Тазартқан бас пен аяқты,

Жеті үнімен жалғап кітапты.

Жазылар жүрек түбіне,

Жеті жер сырын иманды.

 

Алланың БІР елшісі,

Бар қуаттың тәңір ол ісі.

Кәусардан өтіп жүздесер,

Түгелденсе төртеу дін ісі.

 

Жеті әлем үнге қосылған,

Ғазиз жан жардан нұланған.

Жасампаз адам ғылымды,

Әлемге қуат қостырған.

 

Мағрипаттан естіп хабарды,

Отыз үш мың түрлі амалды.

Ғылымның хикмет сырларын,

Жеті жанға білім жазбағы.

 

Маңдайдан көз ашылған,

Жеті үнмен жанға қосылған.

Ақиқат амал намазы,

Екі игілікпен тағдыр жазылған.

 

Жеті ата қауым жалғанбақ,

Жүктерін қарсы тазартбақ.

Ақиқат ізгі амалың,

Тағдырың алтын жіб болмақ.

 

Адамдықтың белгісі,

Жасампаздық боп жемісі.

Жамандыққа төзе алмас,

Құдай ісімен жалғар дін істі.

 

Ішінде жаман жақсы бар,

Жақсымен бірге қарсы бар.

Жасампаз болмай ғылым жоқ,

Құдайдан кітап оқылар.

 

Іліммен білім ортасын,

Бір ғылым болған ортасын.

Алты ақыл, жеті ойымен,

Өсірген бақша сезім санасын.

 

Жамандықты кетірмек,

Ақ бақсылық ісі меңгермек.

Көбейтіп ақ-ар қуатын,

Дәстүрімен ислам бірленбек.

 

Аталар жолы бақ жолың,

Жасампаздық ісі ақ жолың.

Алланың өрген жібіне,

Жалғанса жан мен тағдырың.

 

Қалтқысыз көңіл жасампаз,

Риясыз ниет, талғампаз

Ерік бермей нәпсіге,

Үш сүйуді деп намаз!

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.