Жол-тарихат, жоба- күнәдан ақталу.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 123

       «(Мұхаммед) саған шынайы түрде Құранды өзіңнен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсірілгенімен үкім қыл. (Берілген уахи, аян, түс бойынша) Өзіңе келген шындықтан (Аяннан) айырылып олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба (уахимен нұсқау) қойдық. Егер Алла қаласа еді барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда Алла сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа (уахимен тапсырма алуға) жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48)

Жаратушы иеміз істеріңді, шариғаттарыңды пайғамбарға берілген, түсірілген нұсқаулармен бекітіп және әрбіреулеріңе яғни тек пайғамбарымызға ғана емес сендерге де солай, шариғаттан  бөлек-бөлек жолдарыңды жоба түрінде  көрсетемін, сонымен сыналасыңдар деп ескертеді. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғижа неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы (ескертушісі) бар.» (13-7) Әрбір ұлттың өз ескертушісі, жолбасшысы болатынын және жеті жолмен жалғануға мұғжизалар беріліп, хикметтер көрсетіп шариғатын қалыптастырушысы және дін ғылымын жетілдіруші өз ғалым-сопылары, уахимен берілетін нұрландырушы кітабы болатынын  ескертеді иеміз. Сондықтан Ясауи бабамыз; тарихаттың белгісін шариғаттың базарын аралап барып керегіңді «жобаңды» алып, жолға шығасың» деп ескертеді сәни дәптерде. Енді жоба шариғат істерінің жетілген ұлттық түрі, яғни дәстүрі болса онда жолы нешеу? «Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) Сонда әрбір құлына орындайтын екі жол, бір жоба бір тіл арқылы адам баласының жеке діні философиялық түсінігі, білімі қалыптасу керек. Жол дегеніміз көктегі сөздің «философиялық» қабаттарын айтады. Әрбір елдің ана тілімен байланысты жұлдыздармен, көктегі жарық құстармен, құс жолымен байланысатын күміс жіптерді ұстап тұратын жердің есіктерін, киелі жерлерді құранмен суарып тұруды намаз орындау деп атайды. Әрбір адам баласы өзіндегі екі «менімен» атман арқылы көктегі жеті жолға «Брахмаға» жалғану арқылы 9 жолмен, яғни тәубалық амалдармен тура жолға шығады екенбіз. Ал «ханафи масхабын» шариғаттың орындау негізін тура жол, яғни шексіздік-жол деп түсіндіруші мейлі хазірет, шейх болсын Аллаға серік қосып, аяттарға ортақ қосушылар, залымдар болып саналады.

Ислам діні негізгі 4 дінді және 5-ші Ақиқатты біріктіруші діндердің ортасы «Жұма». Тура жолды табу ата-баба тарихына жалғану үшін кейін шегініп, хаж амалдарымен Алла достарынан жол-жобаңды көрсетіп, аянмен жетелейтін піріңді тауып, мұсылмандық бес парыздық шариғатыңды үнемі орындап отырумен ғана оңға сенбіге 6-ға (тәуратты меңгеру), сосын тағы оңға жексенбі 7-ге (інжілді меңгеру), сосын солға бейсенбі 4-ке (забурды жынды меңгеру) қайтып келіп барып «Төртеуді түгелдеп» бесіншіні төбеден алуға күн жұмаға келеді. Тәубаның 9 баспалдағы дегеніміз де  осы жол-жобалық қағидаларды қамтиды. Оны қазақ даналары өлеңмен де, мысал әңгімелер, тәмсілдермен де жазып айтып, әулие-әмбилеріміз көрсетіп салт-дәстүрімізге айналдырып кеткен. Пір Бекет бабамыздың Шопан ата басына түнеп бағыт-бағдармен бірге пырағын мініп дінді меңгеру жолындағы амалдары осы белгіні растайды.

Қазіргі таңда қай қазақ мұсылманының да қанында тарихат, мағрипат  білімі зейнеттелген, ал оны оқу үшін ұлттық шариғат жас кезінен тәрбиемен беріліп тек заманға сай ақылды біліммен өсіру алу арқылы тарихат, мағрипат рух дәнінің жеміс беруін қамтамасыз еткенде ғана сана жетіліп, ғылымнан түрлі жаңалықтар ашып, ғалым болуға әрбір қазақ жастарының мүмкіндігі толық дін-жанында шежіре-тағдырымен жазылып қойған. Осындай заманның ғылым жетістігіне қарай діннің даму сатысын өз дәрежесінде қабылдамай және жастарға қабылдатпаудан тек шариғатқа байланып қалудан, рухтың егінін өсірмейтін бес парызбен арап мемлекеттерімен ислам әлемі де қасіретке ұшырады. Абай атамыз; «Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық, Қалжыңдасып өткізген қайран дәурен, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?»  Таза дініңді ата аманаты мен өз ағайыныңның арасынан салт-дәстүріңнен жасыңнан іздеп әдет қыл десе; «Таза ақылдан жоқ сұрақ. (Аян, уахи) Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан, Сал ақылға, дұрыс не? Дәлелін тап жақсырақ.» Шәкәрім атамыз Алла досынан таза ақылдан сұрамай құр намаз оқыған бес сезімді тазалай бергеннен дінші шариғатшылардың адасуын ескертеді. Жаратушымыз дінді жол-жобасын, дәлелін әрбір пендесіне көрсетіп кеңес арқылы, яғни «БІЗ» бен ақылды басқарады екен. Біз деп аспандағы бүкіл көктің мүлкін айтады. Қазақта; «Менде бес бересің, алты аласың бар ма?» деген астарлы сөз бар. Рухты 3 жол-жобасымен, жұбымен 6-мен 3-рет (18) аласың.  Бесті жұбайыңа қалың мал 47-сін төлеп, мал (жын) қылып бересің. Малыңның (еркек ұрығы, нәсіл) қалың болуы киіміңнің толық болып, тәніңнің иістен тазаруына дәмге байланысты. Жалаң бас, жалаң аяқ еркектің малы түгел болмайды. Басында жаулығы, етегінде байлығы жоқ (екі аяқ арасының өрістік тазалығы) шалбар киген әйелдің аяғының арасына жала бітіп жанына торсық байлатпайды. Еркекқұмар әуейі болып кетеді. Адам баласы (кісі) көкте өмір сүреді. Сондықтан ата-ана баланы таңдай алмайды, бала ата-ананы таңдайды. Көктегі сайрандардың, «ұшпақтың» ең жерге жақын келетін киелі орындары қазақ жерінде. Сол жерден пайғамбарларды іздеп табасың, көкке жалғанып таза ақыл аласың. Жұлдыздардың ең жақын келетін қарапайым көзбен-ақ, әлем құралмен көре алмайтын жұлдыздарды бақылайтын киелі орындар қазақ жерінде жеткілікті. «Үстеріңдегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты (құс жолын) көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, (Біз, Рабб) әр нәрсені толық көруші.(19) Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың (құстарың, жұлдыздарың) кім? Кәпірлер алдануда ғана» (67-20).

 Аспандағы құс ол біздің мылтықпен атып тоқтата алатын құс емес. Барлық нәрсенің өлшемі, сандық мәні бар. Алланың құдірет қолы Аруақты іздесеңіз құранды сан мәнімен зертте. Және ол қазақтың нақылында тұр. Әлем іздеген жан ғылымы дегеніміз сол. Онанда сол құстың сәулесі түсетін жерлерді былғап, күміс жіпті үзуге жанталасып жатқан арсыз қатындар мен кәпір еркектерге тыйым салатын зияраттаудың жарғысы, заңы керек! Ол біздің  көктегі мұра асыл қазынамыз екенін  мемлекетіміз болып қолға алып, түсіндіргеніміз ақылға, дінімізге лайық болар. Бұл мақаладағы деректер болашақта қазаққа ғана емес әлем алдына шығаратын аруақтың үйретіп жатқан ақылдарының 1000-нан бірі ғана. Білім тау-тастан келеді. Қанша ғалым болғаныңмен таудан бойың аса алмайтынын білгеніміз абзал. «Бізі» түгіл «менін» білмейтін  қазақтың ел басқарушылары төраға сайлап, Құдайдан да ақылдары, білімдері жетілгендігін заңмен көрсетпек болып жатыр. Қазаққа жалаң бас төрге шығаратын аға емес, төбесінде жол көрсетіп, аянмен жетелейтін ағасына жалғануды түсіндіретін жағалы сопы-ғалымдар керек. Дінді таза ақылға (рухқа) сұрақ қойып, жауап ала білетін, құдайдың сүйген құлдары мен ғалымдар кеңесі арқылы төраға сайлай ма, қожа сайлай ма және халыққа жариялықпен, сұхбат арқылы басқармаса бәрібір жаратқанның сынағынан құтылу мүмкін емес.

Абай атамыз: «Қазақтың малын сапырып, Көп бәлеге шатылып, Кесапатқа жолықты өзінен шыққан жақсылар Түзей алмай зорықты. Бөтен елдің адамы Тынбаған соң арамы,  Көңілі әбден торықты… Нанымы жоқ анты бар, Ел нұсқасы кетті ғой, Елмін деген салты бар, Әлі күнге уайым Қылған жан жоқ ұялмай.» деп ескерткендей құдайдан ұялу, қорқу дегенің сенімің өзіңнің ата-баба аманаты мен ана тіліңді, яғни  уәдеңді, елдігіңді қалыптастырып сырттың сөзінен, ақылынан тәуелділіктен құтылуға уайым қыл деп ескертеді.  Сондықтан әзірше осы арадан тоқталып, болашақта бұл тақырыптарға қайта оралып, қазақ философиясының, жан ғылымының бүкіл әлем құндылықтарын біріктіретін дінді бірлеуші саясатының негізі болатынын алысқа бармай-ақ Абай-Шәкәрім теологиялық танымымен дәлелдеп береміз және оған лайық көрсететін хикметті істеріміз де бар. Қазақтың білімді әкімдері мен ғалымдары, діншілері түсінбесе де европа білімді жұрт бәрібір түсінеді. Бір қазақ бір қазақты мұқатудан басқа жол қалмаған сияқты. Егер  қазақ елінің бүкіл діндерді бірлеуші дәстүрін ғалымдардың, діншілердің өзге діндерді, пайғамбарларды мазақ қылған кітаптары мен мақалаларды аударып, жариялап және құранның ғылымдық, сандық, сызықтық мәндерін бүкіл әлем діндерінің тазасын қорғайтын мақалаларды жариялайтын болсақ әлемге масқара болғанда сосын қайда көшіп, өз елінен қалай, қайда тығылады?  Әлем алдында тірнектеп жинаған беделімізден ғалымдарымыздың, ел басшыларының бір мезетте айырылғанынан кімге пайда?

Қол сынды аруақты қорлап, жең ішінде жазылар. Басты жардыңдар, әулиелерімізді мазақтап, өзгенің айтағына еріп, ұяттың қасиетті бөрігін кисек жарамыз жазылып, ауырғаны да басылар. Онан да тереңге кете бермей ортақ шешімге келейік. Ештен кеш жақсы, әлде де ойланып, аруақтың пәтуасына, әулиелер батасына, аянына жүгінейік.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *