Алдыңғы бір «Ғылым берілу мен ғалым болу» деген басылымда ғалымдықтың қазақ жерінде көріністеріне тоқталып өткенмін. Енді құран арқылы аз ғана мағлұмат алып көрейік. Әрбір жаратқан пендесіне жаратушымыз 4 сөзбен кітабын, әлемнің жарығын беріп сол кітаптар арқылы тағдыр кітабын қоса меңгеруді үкім еткен де ол кітапты «Бол» деген 3 кітаптан тұратынын және жерге қайта кіргенше сол кітабымыз арқылы тіршілік несібеміз берілетінін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Бұл құпия кітапты адам баласының жанына рухпен жазылатынын;
«Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма?» (68-47) деп «Қалам» яғни шармен жанға жазылған ғылымды оқушылар шабыт иелері; жазушы, ақын, философ, психолог, шешен, би, көріпкел, ғалымдар, ел басқарушы билік иелері яғни төрелер болып есептеледі. Бірақ ата аманаты «шал емшегін» ембей, сөз құпиясын меңгеру үшін «жер емшегін» анаға деген үш парызын өтемеген тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін яғни ұлттық дінін меңгермеген осындай төрелер білімнің соңына түсіп кәпірге айналып; «Олар, Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла (Т) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32). Осындай жаратылыстан берілген құдайдың сыйын біреулеріміз жазғыш атанып, ойымызға келгенді жазып, ақындарымыз ғашықтық пен асықтықтың ауылынан шыға алмай, философтарымыз европаның біліміне еліктеп, елді діннен теріске азғырып, діншілеріміз, сопыларымыз, теологтарымыз араптарға табынып, ғалымдарымыз дінді теріске шығарумен шариғатты меңгеру түгіл берілген кітабымыз нұрымызды өшіріп 7 атамызға дейін ұрапақтарымыздың мәңгүрттеніп немесе мүлде жоғалуына қызмет жасайды екенбіз. Оны бірақ бұл дүние тіршілігінде байлыққа, дүниеге, атақ шенге айырбастап алғандықтан өлгеннен кейін құдай алдында бір-ақ білеміз. Болмаса 50-100 жылдан кейін сондай пенделердің ұрпақтарының азып-тозып, кейбіреулері тұқымымен түгел жоғалғанда ғана білеміз. Аятта; «Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі. (13) «Кітабыңды оқы. Бүгін есеп көру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің» (17-14).
Әрбір адамның 13-ші қылықтар кітабы мойынмен және әйел затымен некелік өмірімен, ұрпақ сабақтастығымен байланысты болса, 14-ші кітабы Ыбырайым жолы-түс көріп, оны амалға айналдырумен, тылсымнан уахи, бата алып мойын ұсынып іс-әрекеттерге, ел игілігіне айналдыруға арналған. Қазақ елінде осы қиямет кітабы ашылып әрбір пендесіне батамен, аяндармен зираттау арқылы оқыла бастап еді, оны жоғарыдағы аяттағы ескерткен пенделер ауыздарымен Алланың нұрын өшіріп үкіметіміздің қолдауымен атасын ата заңымен соттап қудалап үлгірді. Бірақ бәрібір Алла нұрын тамамдайды деген жаратқанның үкімін шақырып, елімізге келген жалғасты апаттар, сынақтар, бір-бірімізді өлтіру мен себепсіз ажалдарға әкеліп тіредік. Құдаймен соғысудың соңы қасіретпен аяқталатынын мойындағымыз келмей үкіметіміз түрлі заңмен, күшпен тоқтатып әділеттілік орнатамыз деп бастарына қайта әлекті сатып алып жатқанын сезер емес. Бұған негізгі себептің өзі муфтият дін ғалымдарының таза надандығынан, тілдерінің азғындығынан, құр діннің білімінің соңына түсіп кітаптарын, жалпы құранды теріске алуынан пайда болды. Осындай құдайдың үкіміне, дініне емес арапқа табынған ел билеушілері, жазушы ғалымдар мен дінші қауымы жек көріп теріске шығарса да аталарымыздан қалған ислам діншілерімен «серік қосу» деп қудаланған санмен, аятпен жору жұлдыз жорамалы білімінен аз ғана мағлұмат беріп кетейік.
Аруақтардың жаратқаннан елге қатаң сынақ түседі деген ескертуінен кейін 2010 жылғы тамыз айында президентіміз бен ел ағаларына «Жолдау хат» деген айдармен үндеу жариялап, көптеген басылымдарға, құзырлы орындарға жіберіліп әлі де халық арасынан үн парақтар түрінде таратылып жатқан мақаладан үзінді; «Қазіргі таңда әлем алдында қазақ дәстүрлі дінінің нақты тура жол екендігін көрсететін амалдары мен нақты ғылыми деректер және тек қазақ әулие-әмбилері білген меңгерген, нақты ғылыми ақпараттарда әлем алдында мақтанышпен көрсетуге болады. Бірақ ол үшін адасып жүрген дін танытушылардың қосақ арасында халықтың назына қалып, тарихта босқа таңбаланып кетпеуі үшін сол ақиқатты ғылымдарымызбен бірге өзіміз түсініп, халық болып талқыласақ, ең болмаса жартысымыз ақылға жүгініп иманға келсек, сонда ғана әлем алдында мақтана жариялауға болар еді. Осы хатымның бос сөз емес екендігіне дәлел ретінде Құранның қарапайым ғана құпия белгісінен жұлдызнама тізбегінен, сіздің өмірге келген «Әліф лам мим» гендік кодыңызды ұсынамын; 13-сүре 42, 51 (6,8), 65 (11, 22)-ші аяттар үкімімен дүниеге келіп ел басқару себебіңіздің өзі сіз туылмай тұрғанда жаратушыдан бұйрық етілген. 13-сүре Ясауи бабамыздың жаратушыдан құрмамен алған қожалық кітабының белгісі бұрынғы жер бетінен жоғалған мая тайпаларының білімінің ғылыми негізі. Құдайдан берген жаныңыздың жағасы-«ағасы» 12 ата кер абақ, Ер Дәуіт бабаның ұрпақтарының ұсталықтың жалғасы болған, жағаңыз- «мылтық» Маңғыстау жақта жайлауда жатыр. Бұл белгі сіз тумастан бұрын иманы жолдас болсын анаңызға аянмен көрсетілген. Сіздің қала салу ұсталығыңыздың жаныңыздың негізі Укаша сахаба мен Пайғамбарымызбен жалғанып, Ер Дәуіт бабамыз бен Жүніс пайғамбармен жалғанған. Меккеге барған сапарыңызда Раббымыздың жаңбырмен қарсы алуында осы жандағы белгілерге байланысты. Бірақ ол кісілерге «жол қартасын», белгілерін былай қойғанда, жерді жекеге алған бір надан Ер Дәуіт баба әулие бұлағына қой қора салып, енді елді келтірмеуге басына итін байлап қойғанына біраз уақыт болды. Діннің тура жолдың нақты көрінісі; 5 күн «жалғану» яғни 5000 мың жылдық тарихтан хабар алу болып есептелген. Қазіргі таңда бабалар батасымен нақты аманаттарды орындау арқылы 7000 жылдық тарихтан хабар келді! Өмірге әлемде әділдіктің туын тіккен Қазақ, Созақтай пайғамбарлар және сақтардан, сібір халықтарынан тараған бүкіл европалық елдердің рухани анасы Құзын Сауға-Зейнеп анамыздың аналары; Ұлсай Емер анамызды «Алтын адам» деп елге ұсынатын сыйлықтан ары аса алмай жатырмыз. Зерттелмеген әлі ашылмаған бабалар аманаты; дуылға, қалқан, белдік, семсерлер және құпия отырар кітапханасынан да хабар бар! Шаң-топырақ арасында қалып, әулие қорымдары да жекешеленіп, үстіне үй салып жатырмыз. Дін уақытпен ғана үндесіп, заман жетістігінен білім болып, өз көрінісін бейнесін табады. Уақыттың сипаты да; ғайып, көмес, көрнеу болып және тұрақтылық шамасы үш өлшемнен ғана құралады. Кеше, бүгін және ертең! Тарихынан айырылған, ертеңін ойламаған ел қашанда қасіреттермен жер бетінен жойылып отыратынын ұмытпайық ағайын!».
Бұл жоғарыда көрсетілген президентіміздің құран арқылы жұлдыз жорамалынан туғаннан ел басқаруға төрелікке жаратушымыздан «Бол» деген үкіммен келіп, жанға жазылған кітабын оқып ел ісінің, шаруашылығымыздың алға басуы да Құдай қалауымен болып жатқан іс екені көрінеді. Бірақ өкінішке орай президентіміз дінін жетілдіріп, қосымша кітаптарға қожалығын алып, халық рухын жетілдіруге уәзірлердің діни сауатсыздықтарының, шешендік, философиялық, психологиялық Ясауи бабамыз түгіл Абай-Шәкәрім аталарымыздың құран кітабын түсіне алмай адасулары себеп болып жатыр. Ал болашақ ел басқарамын деп шешенсігендердің жұлдыз жорамалы да, пайымдаулары да, амалы да қарапайым ақылы сау қазақтың ызасын ғана келтіреді. Бұл қазақ ел басқарушы, ақын, жазушы, ғалымдардың бәрі ақымақ деген пікір емес, керісінше тақта отырған аз ғана топтың орта деңгейде жүрген кітабы барлардың өзін көрсетуге, рухани жетілуіне кесірін тигізіп, өшіруге тырысқан өзара саяси рухани соғыс жүріп жатқанының сыры көзге және қарапайым халыққа да айқын көрініп тұр. Бірақ Құдай әділ соттаушы, үкім беруші екенін білетін уақыт та бүкіл қазақтың басына төніп келеді: «Зер ұстаған зердің жайын біледі, Жақсы басшы елдің жайын біледі. Басынан көп өмірді өткізген жан, Қайғымен жердің жәйін біледі…Ой дүние-ай, дүниесің, Дем алғанша құбыласың. Шаң жұқтырмайтын кейде тұлпар, Кейде орға жығыласың. Кеше көл еді бүгін тақыр, Кеше бай еді бүгін пақыр, Ар сатуға ақырын келе жатыр.» Көбей би т.б. аталарымыз қазағымыздың бүгінгі жағдайын да күн ілгері толғап кетіпті. 50 мемлекеттің қатарына қосыламыз деп солармен дүниемізбен бірге орға жығылғанша ар-ұятымызды түгелдейтін ата заңымызды қайта қарағанымыз ақылға, иманға дұрыс болар еді. Болмаса бесіктен белі шықпаған қызымыз қатынға, қатындарымыз «қаралысында семіріп» отынға айналған, ел қамын ойламаған ел басшыларының семірген заманы да, елге үлгі айтар ойшыл, шешен, би ерлеріміздің азуынан елімізге берілген жаратқанның сыйы «құт-берекенің» де құтаймауы мүмкін. «Не іс қылса артын ойлар адамзаттың данышпаны, Иттің бәрі тазы болмас, Еттің бәрі қазы болмас. Тойғаныңша жасық жесең Бір асаған майға жетпес. Әр нәрсенің болжауы бар ши жуандап қамыс болмас» Бұндай рухани құлдыраудан: «Есті жи, ел шаңына ер, мұны тастап, Қайғы жоқ басқа жатсаң ғылым жастап. Сен батыр, мынау білгіш, анау есті, Апардың қазақ көшін қайда бастап?… Бәрің есті, батырсың, айлалысың, Қазақтың түзеттің бе жалғыз қылын?» деп Шәкәрім атамыз әр пенденің өзіне тән ғылымын басына жастап, кітабын түсінде оқу арқылы ғана естің түзелетінін сананың ашылатынын ескертіпті.
Әрбір өмірге келген адам баласына өткен тарихқа, шежіреге жалғану үшін жаратқаннан жан, сөзбен, құран аяттарымен белгіленіп, сол сөздің кітабын меңгерген бұрынғы ата-аналарымыз бен тіршілік қарекетіміздің, тәрбиеміздің, шариғатымыздың толысуымен ұйқы кезіндегі уақытша өлім арқылы жалғанамыз. Ал түс көре білу және оны меңгеріп аянға, сосын уахи алуға жету мыңның бірінің ғана қолынан келетін шаруа. Мағжан атамыздың да рухтың түске кіріп, шабыт беріп, желеп-жебеп тұратынын яғни жаратқаннан берілген көңіл кітабын оқи білгенінен аз ғана мысал берсек; «Күштейсің ғой, Құдірет, Періштеңе әмір ет! Қантпен бір сипасын, Жазылсын ішкі-тысқы дерт. Болмаса, өмірді маған көп көрсең, Лағнет деп мені жек көрсең, Өлейін, тез өлейін, Келсін ібіліс, у берсін! Түсірме қысым жаныма, Тұншықтым ғой қаныма! Ием болсаң, Жаратқан, Салсаңшы құлақ зарыма… Берді Тәңірім тілегім, Қуан енді жүрегім! Не періште, не ібіліс Келеді ұшып-керегім!..Азамат! Анау қазақ қаным десең, Жұмақтың суын апар, жаным десең. Болмаса, ібіліс бол да у алып бар, Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!..» Ал Жүсіпбек Аймауытов атамыз; «Ақын қандай әлеумет ортасында туып, қандай ортада жүріп тәрбие алды? Қандай тұқымнан, қандай таптан жаралды? Оның пікірі де сол әлеуметтің құрылысына байланысты…Адамның пікірі қай уақытта өзгереді? Әлеумет құрылысы, әлеумет ортасы өзгерсе. Сонда әлеумет ортасы қашан өзгереді?… Күшті ақын-әлеуметтің тіл қамшысы, сайламаса да, табиғатымен сайланып шығарылған уәкілі, мұңын-зарын айтатын елшісі… Өзі өмірді анық, жете біліп, өзгелерге жөн сілтеп, қараңғыны жарық, бұлдырды ашық көрсете алмаған ақын-ақын емес!..».
Осындай өмірден тәңірісін аузынан тастамай өткен арыстарымыздың жиған, қалдырған сөздерін санмен белгілеп халыққа жарияласа, ислам тәпсіршілерінің еңбектерінің аз ғана бөлшегінен басқасы жарамсыз болып, діншілеріміз байқамай ібіліс болып, еліне жанаттың суының орнына у беріп жүргенін түсінер еді. Ал қазіргі таңда көңіл кітабын оқу арқылы алтауын татуластырып; ақын, жазушы, ғалым болып шаруашылық істерін жетілдіріп жүрген ағайындарымыз жеткілікті арамызда. Иманы жолдас болғай Қадыр Мырзалы ағамыз да қолынан қаламы түспей, ұйқы кезінде қағаз, қаламын басына жастанып кітабын оқыған кісілердің бірі. Бірақ толық оқып қосымша кітаптарға жалғана алды ма оның болашақ еңбектерінің саралануынан көре жатармыз. Осындай кітап берілудің дәлелінің нақты оқиғаның куәсі болдым. Бірде аян арқылы бір бөгде тілде оқытып, кейіннен ұзақ уақыт өткеннен кейін шағатай тілі екенін «Сани дәптерді» зерттеп оқу барысында түсініп, көптеген сөздердің мағынасының алшақ екенін ескертуге бұл аударманы өлеңмен өрнектеуге ат салысқан Есенбай Дүкенбай ұлымен (иманы жолдас болсын) жолығып сұхбаттасуға себеп болды. Бірақ ол кісінің; Сәни дәптерді шағатай тілінен түрік азаматының аударғанынан, оны қайта қазақшалағанда өлеңнің мақамы бұзылатындықтан, көп сөздердің өзгеріске түскенін мойындаған. Ол кісіге құлшылық істерді дін рәсімдерімен толықтырып, кітапқа жалғанып, қайта сараптан өткізуді, қателіктерді көп болып түзетуді ұсындым. Бірақ өкінішке орай, әуелі дін-жанын тазарту үшін тақуалық діни рәсімдерін жетілдіріп, тау-тасты кезіп, құлшылығын толықтыруға үлгіре алмай кетті. Сол кездегі жазған көп өлеңдері дүние тіршілігі мен сыртқы бейнелерін суреттесе, өлер алдындағы өлеңдерінде пайғамбарымызбен кездескенін және өмірдің баянсыздығы мен тозақ, жаннат тіршіліктеріне ой толғап; «Ақындықтың толқынында жүріп адастым» деп өсиет қалдырыпты. Бұдан ақын ағамыздың өмірінің соңғы жағында ғана кітабын көріп, аз ғана аяттарын оқып үлгіргенін көруге болады. Ақындық құдайдан берілген ерекше сый болып, пайғамбарлық қасиетке, зәбурлік ұстанымға жатады. Сондықтан «Ақындарға азғындар ереді» деп жаратушымыз бұл қасиеттің егелеріне қатаң ескерткен.
Бұл жағдай қазақ халқындағы жалаңаш, жалпы дін-жанын тазарта алмағандықтан ғашықтық пен асықтықтан аса алмай «тақ, тұқ» өлеңдер мен ән шығарып жүрген уақытша жұлдыз аталып жүргендерге үлгі болсын деп ізгі ниетпен ғана жазып отырмын. 4-5 жыл болды үнемі кейбір жазбаларымызды Мұқтар Шаханов ағамызға міндетті түрде таныстырып жүрдім. Бірақ «бұны мен түсінбеймін» деген уәжін естігеннен кейін және бірде: «Махаббат деп асықтықпен айырбастап, ел сөзден азды, тілмен күрес сөзден басталмай ма?» деп сауал қойғанымда «Махаббатың аты махаббат» деп күшенгесін іштей; Алла иманын толықтырып, кітабын оқытса екен деген тілек қана болды. Бұндай жағдайға ел ағаларының жан сырын меңгермей адасуына психология ғылымының мешеулігі де себеп болуда. Тағы бір мысалмен әзірше бұл тақырыпты аяқтасам; Бірде жақын туысқан үлкен жасы келіп, отағасын арғы дүниеге шығарып салған, бейнетінің зейнетін көріп, немере, шөбере сүйіп отырған кемпір түс көріп маған жорытты. Түсінде аспанда ұшып жүрген тауды көріп; «Япырым-ай тау да аспанда ұшады екен» деп тұрғанында сол таудан мемлекетіміздің ел таңбасы түсіп, жарқырап жанып сонан бумен жан-жаққа тараған түтінді көріпті. Мен бұл түс емес аянды мемлекетіміздің жалпы елдік рухы тазарып, халқымыз жер емшегі мен көктің шал емшегін қатар еметін заман келе жатқанын және құдайдың тәураттықтардан алған уәдесінің қазақ жерінде қайталануына жорыдым. Осыдан біраз уақыттар өткеннен кейін «Қазақ әдебиеті» басылымында атақты ақынымыз Исраил Сапарбай ағамыздың Мұқағалы Мақатаев аруағына арнаған тау адамы туралы «Тәңір тау» деген өлең поэмасын оқыдым. Таудың аспанда адам бейнесінде көрініп, ұшып жүргенін жазған және астарлы сөздермен жоғарыдағы аянның жору сырын қайталапты; «Тау жылжып келе жатыр! О, сұмдық-ай! Кім көрген алапаттың тасын бұлай?! Алыптың әр аттамы-апат, апат.. Жалбарын жан иесі, Шошын, Құдай!.. Адымдап келе жатыр Тау қалаға, Алматы, тау қозғалса сау қала ма? Жапырып, езіп, жаншып, басып өтпек, Басыңды сауғала не, сауғалама!..Таудың да бар деуші еді аруағы.. Туралап келеді ме, әлде Тәңір оғы? Жамағат, Жанұшырған, Жанталасқан, Жан-жаққа жау қуғандай жамырады!.. Кім түсер тай таласқа, ерегеске? Не болмақ бір қаланың дерегі өшсе? Адамзат апатының бір айғағы, Помпейдің соңғы түні келеді еске… Кимеген аруақтың кебін көптен, Қайтадан Тау орнына шегінді еппен. Тау емес, Тау дегенім- Ақын екен, Жазасын талайлардың жеңілдеткен! Кім көрді? Кім байқады? Тау ма? Ақын ба? Оқиға болды осындай Алматымда. …Түсімнен шоршып-шошып оянғанда, Таялып қалған екен таң да атуға.».
Бұл шағын ғана үзік мысалдардан қазақтың әлемдегі бар діннің нәтижесі тура жолының дәстүрін санадан өшірмек болып жан беріп, жан алып жатқан «аруақ жоқ» деген надан діншілерге қазақ аталарымыздың меңгерген сопылық даналық істері «Сәни дәптерлері» кітап болып жалғанып, пайғамбарымыздың өсиеттері мен Ясауи бабамыздың рухының оқылуы басталып; білімге, философиялық тұжырым ғылымға айналып жатқанына тек қуанғаннан және қатарларың көбейе берсін деген тілектен басқа айтарымыз жоқ. Негізінен ақын ағамыз құранның мына аятын тәпсірлеген екен; «Тауларды көріп, тапжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз Ол, жасаған нәрселеріңді біледі.» (27-88) Бұл аятпен әрбір жаратылыс нәрсесінің біздер көре алмайтын көлеңкесінің болатынын, адам істерінің нәтижесі осы таулардың періштелік көлеңкесіне жалғанып, өрістік сипатына айналып және бұлт сияқты қозғалыста болатынын ескертеді. «Сол уақытта сендерден уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып. «Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар» деген едік» (2-63) Мұхаммед пайғамбарымыздың; «Мен өмір бойы сендердің іштеріңде болдым, сонда да түсінбейсіңдер ме?» деген аяттың құпия сыры 63-санды тау кітабын, тәуратты және пайғамбарымыздың аруағын да алған, меңгерген әулие аталарымыз қазақ еліне уәденің сұралатын, тәурат әмірлерінің құран арқылы орындалатынын ескертіп жатқанын және сол кітаптарды оқушы әулие бабаларымыздың ұрпақтарының да рухани ұйқыдан «Тұр!» деген дауыс ескертумен оянып жатқанын білдіреді. Бұл мысалдардан 2-сүре пайғамбарымызға ең соңғы толықтырылған кітапқа, шапағатына, екі игілікке жалғанып, 27-сүре намаздарды толық орындағандарға Раббымыздан хабар келуін муфтият, масһаб діншілердің «Алла тағала адам баласымен сөйлеспейді» деген тұжырымдарын жалғанға шығарып ондай пенделердің күдіксіз серік қосып, аяттарға ортақ қосушы зұлымдыққа ұшырағандар екенін дәлелдейді. Сондықтан; «Оян қазақ, ата жолы келді еліңе!».