Аманатқа қиянат — ортақ қосу туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 204

     Інжіл жазбасынан елшілерге арнау; «Күнәға қарсы тойтарыс берген күрестеріңде сендер әлі де қандарыңды төгіп, жандарыңды пида еткен жоқсыңдар. Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленсеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болғандықтарың. Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер бағынуымыз керек емес пе?

      Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді. Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді. «Балам, Тәңір тәрбиелегенде Онысын менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде, еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз сүйетін әркімді Түзетіп тәрбиелейді де, Бауырына басқан баласын да. Жазалайды қажет болғанда». Сонымен салбырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер! Рухани жағынан әлсіреген бауырластарыңның адаспай, сауығып кетулері үшін «түзу жолмен аяқтарыңды нық басып жүріңдер!» Сондай-ақ Құдайдың «құрылышысысыңдар». Әр құрылысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығарған күні айқындалады. Сол күні әркімнің еңбегін от сынап, шынайы сапасын әшкерелейді. Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады. Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылады да, жаны оттан өтіп қашқандай ғана сақталады. Әлде сендер өздеріңнің « Құдайдың рухани үйі» екендеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме? «Рухани үйін» жойғанды Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың «рухани үйі»-Оның қасиетті меншігі. Ал осы «рухани үй»-сендерсіңдер! Ешкім өзін-өзі алдамасын! Араларыңдағы қайсыбіреулерің данамын деп ойласа, ол күнәкар дүниенің пікірінше «ақымақ» болып Масіхтің ілімін ұстансын, сонда Құдайдың даналығына ие бола алады! Өйткені күнәкар дүние нені даналық деп есептесе, сол Құдай алдында ақымақтық. «Құдай данышпан дегендерді қулықтарынан ұстап алады»,-деп жазылған ғой. «Данышпан дегендердің ойларының бекер екенін Құдай біледі»,-деп те жазылған. Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады. Мақтанғандарың еш дұрыс емес. «Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады» дегенді білмейсіңдер ме? «Ескі ашытқыны», күнә атаулыны араларыңнан шығарыңдар, сонда «жаңа қамырдай» таза боласыңдар. Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін қиды, сол арқылы жаңа, пәк, таза адам болыңдар. Сондықтан бұрынғы зұлым сұрқия әдеттеріміздің «ескі ашытқысынан» біржолата арылып, қасиетті өмір кешіп, адалдық пен ақиқаттың «тәтті нанының» дәмін татып, тойлайық! Өз сенімдеріңдегі бауырласпын деп атағанымен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастархандас болмаңдар.» (Петрден.) «Сүйіспеншілік жолын қуыңдар! Рухани дарындарға Құдайдың хабарын жеткізу дарынына ие болуға тырысыңдар! Бөтен тілде сөйлейтін кісі адамдарға емес, Құдайға арнап сөйлеп ешкім оны түсінбейді. Ол өз рухымен құпияларды айтады. Ал Құдайдың хабарын жеткізуші адамдарға арнап сөйлеп, оларды нығайтып, жігерлендіріп, жұбатады. Кім бөтен тілде сөйлесе сол өз сенімін нығайтады, ал кім Құдайдың хабарын уағыздаса сол қауымды нығайтады… Бауырластар, мен сендерге келіп, алдарыңда бөтен тілде сөйлей берсем, бірақ Құдай ашқан құпия, не білім, не құдайдың хабары, не тәлім арқылы түсінік бермесем, онда сендерге не пайда? Мысалы жансыз күй аспаптары-сыбызғы не жетіген анық дыбыс шығармаса, қандай күйдің ойнағанын қайдан білеміз?.. Дәл осы сияқты, сендер өз тілдеріңде Құдайдың хабарын түсінікті қып айтпасаңдар, тыңдаушылар не туралы айтқандарыңды қайдан білмек? Сөздерің желмен ұшып кетті ғой.» (Корытындықтарға; 14-т. 1-9).
  Дінді халықтың ана тілінен, сөз ғылымынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен бөліп қараудан өткен аманатқа қиянат болмайды. Осындай амалдардың негізгісі бөтен тілді дәріптеп дінің де, тура жолың да осы деп, жаратқанның ақыл сөзіне емес өзге тілге, салтына, әдеттеріне табындырудан елдің дін-пейілі де тарылып, жүректер жабылып құр рәсімдердің, мүлгудің соңына түсуден біртұтас халықтың жындануымен сол дінді уағыздаушылардың мастығын ғана қалыптасттырып ақыры халықтың қайғы-қасіретіне апарып тіреледі. Қазақ елі осындай тарихи оқиғаларға талай ұшырап данагөй ақсақал абыздардың, батырлардың, ақын-жыраулардың, шежірешілердің бас қосып «аруақ!» деп ұрандатып елдің басын қосып арамыздан азғырушыларды жазалап, өлтіріп жерімізден аластаумен қайта бейбіт өмірді орнатып Шыңғысхан атамыздың тұсында жүздеген жыл «Алтын ғасырдың» да дәмін де татқан елміз. Тарихи оқиғалар үнемі қайталанып отыру заманның заңдылығы. Осындай ата салтымызды, дінімізді ашықтай мазақтап теріске шығарып, ақылы толмаған жастарды азғырып, жоғары ақыл айтатын лауазымды орындар мен тіптен сөзін де тексермей ғалым атап, елді азғырған аманатқа қиянат жасаған ойларын халыққа таратуға жәрдем де беріп қойған, жалпы халықтық жындану көрінісін күнде көгілдір терезеден де, жеке басылымдардан да еркін тыңдап оқуға, қоса жындануға болады. Бұндай дінін, отанын, ата аманатын сатқан қу заманды Абай атамыз; «Сұм-сұрқия қу заман Гүл көрінер жігітке. Қызықты өмір жайнаған, Кеудесі толып үмітке… Сенісерге келгенде, Сене берер талғамай. Жұрты құрғыр сенгішке Тұра ма қулық жалғамай? Ары кеткен алдағыш, Мені-ақ алда, сөкпейін. Балы тамған жас қамыс, Ормасаңшы көктейін!». Жаратушымыз бұндай екі жүзділердің өз араларыңнан шығып оны тек сөз аңғарынан ғана байқайсыңдар деп; «Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып (аманатқа қарсы шығып), діндеріңе тілдерін тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандарымен (ғалымдарымен, хазіреттерімен) соғысыңдар. Өйткені олардікі (сөзді бұзу, тілді бұрмалау) ант емес. Олар бәлкім тыйылар.» (9-12).

     Аятта көрсетілген 12 саны адам баласының ішкен суымен, ана ділімен берілген несібесін ұлттық рухани байлықты ескертіп тұр. Бір күні Пайғамбарымыз үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!»-деді. Пайғамбарымыз: «Олар Аллаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі – жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. (Әбу Бәкірден өсиет; 1119, 2654) «Алланың ризалығы әке-шешенің ризалығында. Алланың ашуы әке-шешенің ашуында.» (Ғабдулла Ғамырдан) «Бір адам пайғамбарымыздан: «Әке-шешенің балаларындағы хақтары не?»-деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Олар сенің жаннатың немесе тозағың, яғни олардың ықыласын алсаң жаннатқа кіресің, қарғысын алсаң тозаққа кіресің.» (Әбумаммеден Маже.) Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.»-деді. (31-13). Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; қандай да бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын, жалған сөйлеу, жалған куәлік беру. Екінші түрі; ата-анаңа, әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе, ата-баба аманаттарына, олардың жаратушыға берген уәделері – дін ұстанымдарына қарсылық білдіру- серік қосу амалы болып тек киелі кітап аяттарына, аяттарды ауыстырған заманға сай мұғжиза арқылы көрсеткен жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Ал, ортақ қосу амалы; аманатқа қиянат жасап ана тіліне, ата сөзінің мағынасына, астарына үңіліп зерделемей киелі кітаптар үкімін өзгертумен немесе басқаша жорамалдап түсіндіру арқылы және ақиреттік болған ата-аналар арқылы жаратқаннан берілетін ескерту уахи, түс, аянды зерттеп талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттері мен халықтың шежіреге айналған тарихи тәжірибесін дінін жалғанға шығарудан зор зұлымдықтың ортақ қосу амалы болып, халықтар қасіретіне соғатынын ескертеді. Пайғамбарымыз: «Сендерге ең зор күнәдан хабар берейін бе?» деді, Біз де: «Әрине, я рассулла»-дедік. Пайғамбарымыз: «Аллаға ортақ қосу – ата-анаға қарсы келу» деді. (Әбубәкірден) Және: «Алла тағала барлық күнәлардың жазасын қиямет күніне дейін кешіктіреді. Бірақ ата-анаға қарсылық қылғанның жазасын Алла тағала иесіне дүние тіршілігінде, өлуінен бұрын береді.» (Хаким және Аспаһанныйдан) Сондықтан ата салт-дәстүрін, дінді бұрмалап, бөлшектеп тарылту үшін сөз ұғымын өзгертуші, ана тіліне қастандық қылушы шайтан пендесін «Дәжал», ал жалпы дінді теріске бұрмалап, халық арасына араздық отын тұтатушы жын-шайтан пендені «Тажал» деп атайды.

     Енді қазақ ел, дін басшыларының бірауыздан мойындап ғалым атағын берген және осы тура жолды көрсетуші деп барлық дін басшыларының, ғалымдарының арнаулы ұлықсатымен елге еркін таратылып жатқан «Ислам ғалымхалы», «Отбасы ғалымхалы» баспа иелері Қайрат Жолдыбайұлы, Ата Әс-Сыбати, Мұхитдин Исаұлы және пікір жазып мақұлдағандар Нұр Мүбәрәк Египет ислам университетінің белгілі ғалымдары Шәмшәдин Керім, Мухаммед Махфуз, Мухаммед әл-Жунди, Рида әд-Дақиқи. «Исламның негізгі парыздарын қамтығын осы кітап та сол діни басқарманың тапсырмасы бойынша жазылды…Өйткені Қазақстанды мекендейтін жалпы мұсылман халқы Имам Ағзам қауымына жатады. Задында «мәзһаб»-жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді…» деген бағытың, шариғатың да – жол, көзқарас, пікірің де – жол болып дін тарылып енді шариғат амалы тура жол болып шыға келгені ақылы сау пендеге айқын. Және «кіріспе» яғни араласпа осы ғана дұрыс деген ескертумен берілген осы кітаптың жалпы қазақтың тіл, сөз сауаттылығына серік қосқан, тұнып тұрған атаулар мен пайымдауларды былай қойғанда құран аяттарының мағынасын да бұрмалап, жаратушы үкіміне ашықтай жала қойған, жан, рух сырына мүлде қайшы пікірлермен ақылы сау адамның өзінің миын ашытып адастыруға бағытталған пікірлерден тұратынына көзіңіз жеткіңіз келсе, Абай-Шәкәрім және Ясауи бабамыздың «Сәни дәптерімен», Інжілмен, аталар аманат мақал, нақылдарымен Халифа Алтай қазақша құран аудармасымен салыстырып оқып көріңіз. Сөзіміз жалған болып бұл азаматтарды ашық жала жауып күнә жүктемес үшін осы және алдағы басылымдарда аздаған мысалдар келтіре кетеміз, бірақ бұл кітаптарға толық есеп беру үшін арнаулы кітап жазу керек. Ең басты қазақ ақыл-ойына қастандығы біздің ендігі дін ұстанымыз «мазһаб-жол» болу керек екен. Жол дегенді көзқарас, бағыт деп бір ұғыммен атаудың өзі дінге қастандық, серік қосу және «дәжалдық» пайымдау. Егер дін ұстанымыз Имам Ағзам масһабы болып тек сонымен ғана ақыл-ойымызды жетілдіру керек болса, онда масһаб құранның Адам ата дәуірінен қияметке дейінгі ашық түсінігі, насихаты және Имам Ағзам атамыз енді барлық түсірілген нұсқалардан хабар беріп, шапағат етуші пайғамбар болып шығады. Бұндай философиялық жаңашылдықтан; Аспандағы жеті жолға өзіміздегі екі жолды қосып 9 жолды да, заманына қарай құран аяттарының насихатының да ашылғаны сайын соған байланысты күнәнің де артып, әрбір пендесіне ұлтына, руына, мақсат, мүдде, мамандық, кәсібіне қарай беріліп отыратын жобаны да 12 ғасыр кейінге шегініп масһабтан ғана бағдар алып, заманның жетіліп жатқан шаруашылық ерекшеліктеріміздің көзқарасымызды тағы біздер үшін арап тілін зерттеуші ғалымдар мыңдаған жылдар бұрын жазып қалдырған екен. Сондықтан болашақтағы ашылуға тиісті құран сырларын да, жаратушы хикмет істерін де, болашақ келетін ұрпақтарымыздың да несібесін және Адам атамызға дейінгі діннің нұсқауларын енді тек масһаб қана түсіндіріп, намаз оқыған адам баласына төбесінен тесіп құйып береді деген жындылық ой пайда болады. Раббымыз ескерткендей; «Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл, екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?» (90-11) Абай атамыз бұл аятты; «Берген бе тәңірім саған өзге туыс? Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс. Шарықтап шартараптан көңіл сорлы Таппаған бір тиянақ не еткен қуыс? Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі. Халиққа (жаратушыға) мақұлық ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі-дәһірі (мекенсіз, жалған)… Өмір жолы-тар соқпақ, бір иген жақ, Иілтіп екі басын ұстаған хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.» Абай атамыз екі жолды аянмен іздеп тәңірінің көрсетуімен табасың, ол жолды кемпірқосақ қылып екі басы бар екенін және ерін қылып көрсетіп қойғанын ескертеді және туған жеріңе, ана тіліңе байланысты екенін, бағытың да, көзқарасың да сонымен қалыптасады, құр оймен іздеп босқа шаршама дейді. Олай болса масһабты — дін рәсімін жол деп көрсеткен дін ғалымдарын кім деп атауға болады? Енді осындай үлкен тілге деген қастандық, зұлымдықтың негізі осы кітапта келтірілген жаратушымыздың көркем есімі «Аллаһ» деп Алла-сөзінің теріс ұғым екенін дәлелдеуге тырысқан екен. Ал Халифа Алтай аудармасының түсінік баянында; Құран шәрифте «Алла» деген атау 2697 жерде, «Иллаһ» деген атау 167 жерде бар. «Тәңір» деп аударылады.» деп ескерткен.

      Әрбір жаратылыстың мейлі жансыз, жанды өлшемі болуы міндетті болса сол өлшемнің бәрі құран аяттарының сөзімен бағалануы тиіс. Олай болса есеп бар жерде ғана білім бар. Сондықтан құранның барлық сүрелерінде Алла есептеріңді көреді, біледі, алдыңа қояды, мойныңа жазады, есебіңе яғни сөз, ісіңе кездесесіңдер т.б. ескертулер бере отыра; «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескертілгендей, Құранда бір бос сөз немесе таңба болмайды бәрінің белгілі орны саны бар. Алла әрбір қозғалыстың мейлі үн, мейлі жарық, суық, ыстық, т.б. 4-ші және 6-шысы деп те ескерткен. Сондықтан осы сөзді есептеуге, зерттеуге бұйырған аяттарды негізге ала отыра; «Есеп білмеген есек» атанбауымыз үшін 2697; 167 сандары екілік жүйеде 24; 14 сандарын берсе, бірлікпен 6; 5 сандық нәтижесін береді. Сонда бүкіл құран ұғымы бойынша Алла=24 нұрдың, қозғалыс тегін және Алла=6 рахман немесе сөздің басын жаралыс тегін белгілейді. Иллаһ= 14;5 мәні оттың, желдің немесе бес қуат қозғалысты, тәңірлік сипатты көрсетіп тұр. Әрине таңбаларды жеке-жеке сандарға айналдырып аяттар мәнімен құпия ғылымдық мәнін де көрсетуге болар еді, әзірше оны алдағы уақыттың еншісіне қалдыруды жөн көрдім. Қарапайым үннің сандық мәнімен жүйелесек: 3, 5 таңбалы атаулар тәңір сипатын, яғни төрт жаратылыс періштесінің «кісінің» көрінісін, бірліктің нәтижесі 5-ші нүкте тақ мәнін берсе, «Алла»-4 санымен түп негізді және бүкіл әлем есептеу құрылғылары тек төрт санымен ғана (1001 бір түн немесе 1000 айдан артық) есептейді, ойланады. Жаратқан сипаттың негізі адам баласының өзіндегі басты белгісі адамзат қанының төрт-ақ топқа бөлінуі және жаратылыс төрт мезгілден, төрт сырдан, төрт тілдік негізден, нәсіптік ризық төрт күннен тұрады да бесінші күн жалған, жалғанушы сипатты береді. Ал алты саны барлық қозғалыс және несібенің негізі; «Бүкіл әлемді 6 күнде» яғни к-үн мен жарық негізінде жаратқан. Құранда «Алла» сөзіне байланысты қосып айтылатын «Тағала» (6), «Рабб»(4), «Ол»(2) «Ол сондай Алла» (6), «Бір Алла» (7), «Рас Алла»(7), «Алла бар» (7) т.б. тіркеме сөздердің бәрі белгілі атаулар жүйесімен және сол аттың таңбалық сандық мәніне байланысты жаратқан сипаттарын белгілеп, міндетті түрде сандық мәнімен ғана есептеледі, айтылады. Сондықтан «Аллаһ» (дұрысы Иллаһ) қазақшаға сандық мәнімен «Шүкір»(5) мағынасын беріп және «Тағала» (6) шүкір сөзінің екінші балама ұғымы ақпараттар жүйесі «яшик пандора» орнына пайдаланады. Онда «Аллаһ тағала» (11) -шүкіріңе шүкір деп жаратушымызға тілмен серік қосамыз. Себебі үндестік негізінде жалған ұғым! Онда бүкіл қазақ дін танымындағы басылым, әдебиет аударманың бәрі (Халифа Алтай аудармасынан басқа) түгелге жуық серік қосушылар, жалғаншылар, тілді шұбарлап бүлдірушілер екендігі айқын! Енді «Олар сөзді зерттемей ме?» деген аятты назарға алып «Аллаһ» сөзі қазақ тілінің үнімен «Алла-ақ» болып естіледі, айтылады да. Енді Алла-ақ-тәңір деген ұғымды береді. Ақ сөздің бейнеленген таза қозғалысын тәңірлік сипатын, яғни тәңір оғын білдіреді. Және «Аллаһ» сөзі шүкір болса онда Тағала тәңірдің өзі болып адамзатқа байланысты белгісі «шүкір» яғни жаратушының рахметі яғни аруақ ұғымы шығады. Бұл ұғымды Абай атамыздан; «…Аққа тартқан, Жөнге қайтқан, Ақыл айтар (қолдау берер) пенде жоқ» деп ақты ақыл яғни «қолдау», аруақ деп ескертеді. Демек біздің дін ғұламаларымыз ата-баба, әулиелер аруағына яғни ақылына табыну серік қосу деп халықты жақсылық жасаудан тыйым салып өздері жаратушыны, түп негізді «бес элементпен» (христианда 3 элемент-«Бог») белгілеп, аруақпен теңдес жасайды яғни екі тәңір жасап алған. Қазақ тілінен, астарлы сөздердің мағынасынан шамалы ғана хабары бар оқырманның өзіне бұл ғалымдарымыздың теология түгіл философиялық білімі бар екеніне күмән келтіруге болады. Мысалы «Сәжде» сөзінің ұғымына құранда арнаулы сүре-кітап түсіріліп және оның екі сүреде ұғымы айқын көрсетілгенде адамзат түгіл бүкіл жаратылыс жан иелерінің белгілі Алланың әмірлерін орындап дыбыс, дауыс, үн қатуларын сәжде деп ескерткен. Олай болса; «Сәжде сөздікте – бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді.» (Ислам ғалымхалы 123-бет). Демек адам баласының барлық жақсылық жасауға бағытталған бір-біріне қызмет, құрмет көрсетуі де сәжде болып табылады. Енді өздерінің бұл пайымдауларын енді өздері қайтадан теріске бұрмалаған; «Нағыз сәжде-жеті мүшемен жасалған сәжде. Жүз, екі қол, екі тізе және екі аяқ.» деп пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде етуге әмір етілдім» деген өсиетін негізге алып намаз оқу деп барлық ізгілік, игіліктен, хайырдан жоғары деп көрсеткен.

     Ал негізінде пайғамбарымыз жеті сүйектің ағаруын, толық бойдың қалыптасуы мен жеті құран үнін меңгеріп толық намаз орындаудың нәтижесін айтқан. Және көптеген мазһаб ұстаным шектерінің қазақ салтымен қарама-қайшы екенін өздері мойындап оны «Бір Аллаһ біледі» деп қысқа қайырған. Демек, мазһаб қағидалары мен түркі дін ұстанымдарының шариғаттарының арасында қайшылықтар бар, олай болса күмәннің артында күдік, дау-жанжал күнә да болып дінде бөлшектену сөзсіз. Барлық ғылымның негізі сызықтық бейнеге, сурет өнеріне келіп тіреліп, мидың қызметінің өзі осы бейнелеу өнерінің негізі болса онда бұл ғалымдарымыз; «Олар (жындылар, адамдар) Сүлейменнің қалауынша құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді»,-деп айтылады. Сүлеймен пайғамбардың шариғаты басқа дегенмен, рұқсат беруінің бір сыры ол кезде ел арасында тәухидтің мықтылығынан болса керек.» (Отбасы ғалымхалы 69-бет) Яғни Забур шариғаты яғни негізгі сақ ұрпақтарының ұстанымы бөлек деп дінде өздерінің сауатсыз екенін тек кітаптардан көшіріп, арап тәпсіршілерінің ой жоруын жалғастырған, сол кездегі философия жетістіктерін жалғанға шығарады. Жынды меңгергендер көп жағдайда өнер адамдары болып олардың дінге деген сенімі аз болғандықтан құранда жынды деп атайды. Бірақ сондай шаруашылық істерді, өнерді дамытып, түрлі құрал-құрылғылар шығарып жатқан жынды адамдар қолынан жынды сөз айтудан басқа өнері жоқ жалған ғалымдардан әлде қайда иманды деп айтсақ күнәлі болмаймыз. Құранды және жан ғылымын білмейтіндіктерін және надандықтың ашық белгісі; «Ақындарға азғындар ереді» деген аяттың меңзегені-Құранға қарсы шығып, өлең жазып, елді діннен аластатуға тырысқан ақын-шайырлар. Әйтпесе бұл аятқа қарап өлең харам деуге болмайды. Пайғамбар кезінде сахаба ақындар болған.» (Отбасы Ғылымхалы. 73-бет) Олай болса Раббымыз бұл аят өмірдегі шындыққа мүлде қайшы деген пікір туындайды. Олай болса құранның көптеген осындай аяттарына күмәнмен қарау керек те дін ғалымдарының ғана айтқанымен жүріп құдай қылып алу керек болғаны. Ғалымдық, сөзді зерттеу, ұқсас аяттарын табу және сандық мәнінің білімі, әрбір нәрсені жұп және парымен ғана жараттым деген үкім қайда қалады? «Ол, бір ақынның сөзі емес сендер аз сенесіңдер.» (69-41) деген аятпен ақындардың негізінен дінге сенімі тұрақсыз, еліктегіш, сезімге берілгіш, сөз ұғымдарын аяттарды бұрмалаушы болатынын ескертеді. Сондықтан ақындардың ішінен тек тақуалықты, тарихат, мағрипат амалдарын меңгерушілер ғылым, кітап берілгендер ғана азғындықтан құтыла алады. «Ақындарға азғындар ереді» (26-224) «Ол, бір ақынның сөзі емес аз сенесіңдер» (69-41) Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа…» (26-227).

      Аяттардың парын тауып орнына қойсаңыз аяттың ұғымы ашылып қандай ақындар азғындыққа түсетінін және Алланы көп зікір ететін ақындар басқа, яғни Абай-Шәкәрім аталарымыз сияқты иман келтіріп ізгілік істегендер пайғамбарлық қасиетті меңгерушілер, сахабалық дәрежеге жетіп Алла жолында соғысушылар болып есептеледі. Енді осы аяттардың сандық мәндерімен зерттеп, жұбын және тағы 9 аятпен жүйелесеңіз құранның насихаты ашылады. Бұл әрине жоғары лауазымды пәтуа беруші хазіреттердің, дін ғалымдарының міндеті болса, еліміздегі бүлікшіл дін топтары түгіл, ең түркі әлемінің дәстүріне жақын «Нахшпандия» тобы да пірімен қоса етпетінен құранның насихатына тәнті болып, сәждеге (бұйрыққа, үкімге) жығылып құлап қалар еді. Философ ағайындарымыздың діннен сауатсыздықтарынан және дін ғалымдарының жалған пайымдауларынан сөз ғылымының беделі жоғалып, әрбір арап тілді білген пенденің өзінше тәпсірлеуінен ислам дінінің басты жол көрсетушісі құран аяттарын «арзан ақшаға, ертегіге айналдыру» деген түсінік пайда болады. Бұған өздері де Лұқман сүресін қате аударып, өздеріне алдын-ала мойындап үкім беріп қойыпты; «Кейбір адамдар ешбір (дәлелге) білімге сүйенбестен елді Аллаһтың жолынан адастыру үшін мән-мағынасыз бос сөздерді сатып алып соларды халыққа жаяды. Бұлар өздерін қорлайтын ауыр азап күтіп тұрған адамдар» (31-6) Ал Халифа Алтай атамыз бұл аятты; «Адамдардың түк білмесе де Алланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар үшін қорлаушы азап бар.» (31-6) Енді жалпы тіл ғылымынан аудармашылықтан шамалы хабары бар адам баласы орыстың атақты бір жазушысын осындай айырмашылықпен аударып көріңіз не болар екенсіз? Ал бұл жаратушының адамзатқа берген ең көркем ғылыми астарлы сөздері емес пе? Бұл аяттар құдайға шүкір мағыналары әйтеуір бір-біріне жақын. Ал бұл кітаптарда атақты жол көрсетуші ғалымдарымыздың осындай өздері аударған аяттарының кейбіреулері тіптен мағынасынан басқа жаққа кетіп қалғандары бар. Енді мынандай қазақ әулие аталарымыздың шариғат ұстанымына мүлде қайшы үлгіден; «..Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана рүкүғке барып, намазын бітірді..»(О.Ғ. 29-бет) Астапыралла дегеннен басқа не айтуға болады. Қатын құсап көз жасын төкеннен кейін намаз түгіл дәрет те бұзылады. Еркек адам қатын құсап жыламайды, іштей үнсіз жүрегімен жылайды егер есі толық болса. Абай атамыз; «Тәңірі сорлы етсе, пенде Не бітірер құр жылап? Жігері жоқ, ақылы кенде, Жамбасынан жат сұлап! «Бір жаман мен бе?»-дедің бе Көңіліңде?» деп құр жылағаннан жігер мұқалып, көңілдің азатынын, өзін өзгеден жаман, қор санайтын пенде ғана босқа жылайтынын, ғашықтың жылауы үнсіз жүректен шығатынын ескертеді; «Ғашықтың тілі-тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл..» «Жылағанды тоқтатып, Ынсап қылсақ жарайды, Қоймасаң, қайғы ауыр боп, Тұл бойыңа тарайды…» «Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. Жеңіменен көз сүртіп Сұрланып жігіт жылайды. Әйелмісің, жылама, Тәуекел қыл Құдаға! Өлең айт, Үйге қайт!..Белді бу, Бетті жу!» Шәкәрім атамыз; «Таза ақылдан жоқ сұрақ. Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан, Сал ақылға дұрысы не?…Құбылсаң, Бұзылсаң, Не қызығып, Не именумен. Қайта алмай, Байқалмай, Себепке еріп, Жетектеліп өлдің сен…».

     Қазақ елінің және ел басымыздың да діннің керегесін кеңге жайып халықтың дін-жанының және рухани егінінің бақташысы болуға аманатын алған ғалымдарымыздың қарапайым жан ғылымынан мүлде сауатсыз екендігін өздерін-өздері әшкере қылған, жүздеген мысалдар мен өздерінің пәтуаларынан көрсетуге болады. Оған оқырмандар өздері салыстырып көздері жетер деген және философ ағайындардың еңбектері сияқты әдеби тілден қашықтап кетпеу үшін шамалы дәлелдер көрсете кетейік. «Сен маған анамның арқасы сияқтысың» деген аятта да ананың арқасына назар аудартуда. Сондықтан ананың арқасы және осыған ұқсас ішкі жағы да жақындарының алдында әурет жері саналады… Мұсылман әйел бөтен ерлердің алдында білектеріне дейінгі қолдары және аяқтарынан өзге денесінің барлық жерлері әурет саналады. Мықты көзқарасқа қарай аяқтары да ашық болады..» (О.Ғ. 124-бет) Біріншіден әйелзатының аяғы санмен бірге жалғанып адамзаттың негізгі жаратылыс кітабы, белден төмен бөлік аяққа, діл несібесі, аналық сүтінің қоры ыдысқа жатады. Ал мазһаб пәтуасы бойынша әйелзаты балтырын жарқыратып жүрген былай тұрсын, егер «жынды!» «мықты көзқарасы» болса санын да ашуға болады екен. Және бұл пікірді енді өздері теріске шығарып «Басқа жағынан Аллаһ елшісі Әлиге: «Сандарыңды ашпа, тірі болсын өлі болсын ешкімнің санына қарама,-дейді» (О.Ғ.128-бет) Осындай өсиетпен пайғамбарымыз еректерге де санын көрсетуге тыйым салғанына дәлелді келтірген. Егер «Аяттарды ауыстырсақ оны өзгертуші жоқ» деген Раббымыздың үкімін еске алсақ қазақ әдет-ғұрпында аяқ, балтыр, саны түгіл білектің өзі ашылып қалса ұятқа санағанын қайда қоямыз? Және «Жаннат әйелдің табанының астында» деген ескертуден әйелзатының аяғының бар жері мүлде құпия болып көрінбеу керек деген ескерту екенін де білген жөн. Адам баласының жаннатпен байланысатын мүшелері өте сақтықпен, құпия сақталып қорғалу тиіс. Енді «ананың арқасы» деген тәндік ұғымдағы емес құпия күзетші «жүр-ек» туралы болып отыр. Ол күзетші «Ғыфыр» деп аталып, яғни көк несібесімен жеті атамен байланысты киесі, жаурындағы байланысшы құпия көз, ананың киесі болып есептеледі. Жан сырының құпиясын, сандық, сызықтық мәндерін болашақта көрсетеміз, ал әзірше бұндай теріс ниетке аятта; «Сондай сендердің жұбайларын зиһар еткендер (анамның арқасындайсың-анамсың деп) әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандары ғана. Сосын олар теріс өтірік сөз сөйлейді…» (58-2) Осы аятпен дін ғалымдарының аяттардың орны саны түгіл үгітінің өзіне мән бермей құранды теріске алғандарын көруге болады. Ал енді қазақ салт-дәстүрі түгіл жалпы жаратушымыздың түсірген дініне құраннан бұрынғы барлық тәурат, інжіл, зәбур үкімдерімен пайғамбарларға берілген нұсқауларға білдіртпей ғана қарсы шығып көңілі ислам құндылықтарына ашылып бұл азаматтардың ғалымдықтарына шүбәсіз сенгендерге байқатпай мынандай аюдың тұзағын құрып қойған; «Кейбір салтанаттарда, я болмаса шалғайдан қадірлі қонақ келсе соған арнап мал союға болады… Сондықтан шалынған малдар Аллаһтың (тағаланың) атымен аталып шүкірлік мақсатпен және өмірден қайтқан кісіге сауабын бағыштау әрі оның күнәларына кәффарат садақа ниетімен шалынатын болса, мұның ешбір ағаттығы жоқ. Алайда әрбір кісіні киелі тұтып, яки әулиенің басына барып малды тікелей соған арнап, сол кісінің аруағынан медет күтіп, Аллаһ Тағала емес соған (яғни әулиеге, ата-анасына) жақындайын деген ниетпен Аллаһтың атымен шалса да бұл жерде жасырын серік қосу болғандықтан, шариғатқа қарсы шыққан болып есептеледі. Қашанда үкім берерде Хақ Тағаланың өлшемімен қарау парыз.» (12-бет).

     Міне біздің халқымыздың берген садақасы мен отанымыздан түскен несібемізден, жер суымызды бірге басып жүріп қойнында қанжарын тығып; асыңды ішіп дастарханыңды білдіртпей тілген деген осы болар. Байбөрі деген бай болып, Төрт түлігі сай болып, Бір перзентке зар болып, Қорасанға қой айтып, Әулиеге ат айтып…», жер кезіп, әулиелерге тағзым етіп Баба Түкті Шашты әзиз атамыздың басынан тілегін қабыл етіп Алпамыс пен Қарлығаштай ұрпақ сүйіп өмірден өткені енді, қазақтың ұланғайыр жерін де, елінің елдігін де сақтай білген асыл діні өтірік, жалған себе серік қосқандар дейді. Сонда өздері қалай жаратылғанын да, қайда барып кімнің алдында есеп беретінін де білмейтін дін ғалымдарына ел басымыз сенім артып, елдің дінінің тізгінін беріп, отанына опасыздық қылатын мәңгүрт ұрпақтарды тәрбиелеп жатқанына кім тосқауыл қоя алады. Және ең қауіптілігі де ғалымдар арасында өзара пәтуасы да болмай сондай қым-қиғаш пікірлерді бір жерден бір адамның алдынан қол қойдырып өздерін-өздері марапаттай білуінде жатыр. Пайғамбарымыз; «Алла тағала былай дейді: «Мен үшін сәлемдескендерге (пайғамбарлар, әулиелерге салауатпен құран бағыштау), отырыс ұйымдастырғандарға (құдайы тамақ бергендерге), дүние жұмсағандарға (садақа, мал құрбандығы), зиярат қылушыларға мейірім түседі. Ал енді қарсы болғандар кәпір». (596-өсиет). Қазақ халқының бейсенбі күні шелпек пісіріп, иіс шығару, аруақты шақыру деп көршілеріне тарататын салты бар. Пайғамбарымыз; «Әр бейсенбі күннің жұмаға жалғанатын кеште адам баласының ғамалдары Алла тағалаға ұсынылады. Бірақ жақынынан безгеннің ғамалы қабыл болмайды.»(20-өсиет.Ахмет Ханбелден) «Кімде-кім Аллаға, ақирет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметтесін. Кімде кім Аллаға, ақирет күніне иман келтірген болса, жақындық байланысын (өлілермен) нығайтсын.» (7-өсиет Әбу Хурайрадан) «Алла тағала кейбір адамдарды жаратқаннан бері олар ашуланғандығынан мәрхамет назарымен қарамайды. Бірақ кейбір ғамалдарының салдарынан олардың үйлерін жақсартады, малдарын көбейтеді. Бұл қалайша болады? делінгенде, пайғамбарымыз; «жақындарымен (әулиелермен, Алла достарымен) жақсы шығысқандарының салдарынан» деп бұйырды» (Ғабас ұлы Хакімнен 13-өсиет) Адам баласына өмірге келуіне себеп болған ата-анасы шыққан тегінен, өлілерден басқа қандай жақыны, жақын бола алады? «Өлі разы болмай тірі байымас» деген қазақтың мақалын пайғамбарымыз да растап құрбан шалу, мал жұмсау өлілермен жақындық байланысты жалғау арқылы жолдың ашылып, жаратқанның мәрхаметіне бөленетінін ескертіп кетіпті.

     Осындай ап-ашық аят үкімдерін түсінбейтіндей және пайғамбарымызға ашық жала жауып өздерінің кәпір болуына қазақ дін имамдарының, діншілерінің өздерін-өзі зұлымдыққа салып ата салт-дәстүрімізге қарсы шығуларына не себеп болған? Әлде пайғамбарымыздың, әулие бабаларымыздың асыл сөздері жүректеріне ұяламай жүректері мөрленіп, саналары жабылып қалған ба? Мысалы бұндай әріптес ғалымының ата дінге қарсылық пікірін енді Қайрат Жолдыбайұлы теріске шығарып; « Ал енді ақыреттегі ең ауыр-есеп күні Алла мен құлдың арасында себепкер болу рұқсат етілсе, қисын тұрғысынан мына дүниеде кейбір салиқалы да тақуа кісілердің құрметіне дұға жасау неліктен болмасын? Екеуінің арасында негіз тұрғысынан қандай айырмашылық бар? Шапағатты да қабыл алып, алмайтын да Алланың өзі емес пе?» (203-бет) Әулие-әмбилер деп айтуға аузы бармай бірақ, әйтеуір олардан да төмен тұрған салихалы кісілердің құрметіне мал арнап дұға жасауға ұлықсат беріпті. «Тәуәссулге «Аллаға серік қосу» деп те қарайтындар кездесіп жатады. Алайда тақуа адамның құрметіне Ұлы жаратушыдан мұқтаждығыңды сұраудың Аллаға серік қосумен ешқандай байланысы жоқ.» деп жоғарыдағы ғалымдардың өздерінің серік қосқандағын және аруақшы, зиратшылардың істерінің дұрыстығын дәлелдейді. Олай болса нағыз елінің ұлтшыл салт-дәстүрін әулие-әмбилерін құрмет тұтатын азаматы екен деген ой келеді. Бірақ көп ұзамай шатасып кейде дұрыс, кейде бұрыс деп өзінің бет пердесін ашық көрсеткен: «Ал біздің қарсы шыққан нәрсеміз ол-жаратылғанға (адамға) Аллаға етілетін дұғадан да артық түрде жалбарыну… Бұл жерде бір Алладан ғана сұрап, Алламен қоса басқа біреуге дұға етпеу…Бұл жерде айтылған шариғат өлшемдері мен талаптарына сай тәуәссулге байланысты келтірілген дәлелдерді қазіргі таңда «халықты емдейміз» деп алаяқтықпен айналысып жүрген кейбір топтар өздерінің қате істеріне айғақ ретінде қолдана алмайды. Себебі шариғаттың өлшемдерін аяққа таптап, түрлі мүрде, бейіттердің басына барып мұң-мұқтаждықтарын Алладан емес, сол бейітте жатқан адамдардан тікелей сұрап, серік қосудың бұл жерде айтылған тәуәссулмен ешқандай байланысы жоқ екенін ескерте кетейік.» (Дін мен Діл. 209-бет).

     Көріңіз, есіңізде сақтаңыз, «АДАМ» алладан басқа шеріктер тобына жатып яғни адам жаны Алланың «ӨЗІ» емес, адам ақылды іске айналдырушы орынбасар емес керісінше теріске бұрмалаушы Алладан басқа яғни ібіліс шайтаннан. Және «Аллаға дұға жасау» дегеніміз Алланы құтқара көр деп тағы бір тәңір жасап жалбарыну болып шығады. Аллаға дұға жасамайды, Алланы мадақтап зікір айтады яғни құран оқиды да және өз ниет пікірін де білдіреді. Сондықтан Құран сүресіндегі арап тілінде белгілі Алланы мадақтау, пәктеу аяттары оқылғаннан кейінгі барлық амалдар, тілектер Аллаға дұға жасау болып саналады. «Аллаға етілетін дұғадан да артық түрде жалбарыну..» деген ұғымнан; құран оқып Алланы зікір еткеннен кейінгі пайғамбарларға, әулиелерге арнап тілегімізді жеткіз ата-аналарымызға жәрдем бер деп сұраған, себептерге жасалған дұға тілектің алдында оқылған құран, жаратушыға арналған мадағымыз күшін жойып түкке тұрмай қалады да, онда құран сөздері арапша оқылғанда шайтаннан деген ұғымды білдіреді. Сондықтан қазақтың дін ғалымдарының пікірінше ой жорудан пайда болған араптардың «тәуәссулі» негізінде Халифа Алтай аудармасы бойынша «сабыр ету, сабырлық қасиетті меңгеру» болып қазақтың ата жолының намаз орындау қағидасына сәйкес келгендіктен, аударса өтіріктері ашылатын болғандықтан екі тілде сөйлеу діни ғалымдықтың негізгі шарты болар. Ал жоғары лауазымды хазіреті жарықты арқанмен, басқалары қуыс бас, түбі тесік шелекпен сөз ұғымын өлшейтін шариғаттардың қағидасымен, масһаб бағытымен салыстырғанда құран да жаратушы үкімдері де рух қағидасы — «Бір» деген Алланың бірлігіне, таза ақылға иман келтіруге жіберілген соңғы пайғамбарымыздың бар өсиеті мен істері де түкке тұрмайды және сондай алаяқтың бірі менің де рухтан хабар оқушы ақылшы ұстаздарымның басшылары Абай-Шәкәрім, Ясауи баба, Арыстан баба, Қажы баба, пір Бекет, Қорқыт абыз, Қорасан ата, Марал ишан, Укаша сахаба, Тектұрмас әулие, Қарахан ата, Ысқақ баб, Әбділ Әзиз баба,Түктібай бақсы, Қордай, Қарасай, Ағынтай батырлар, Жақып әулие, Абылайхан батыр, Қоңыр әулие, Қара молда Баябай бақсы, Ақбура, Қарабура бақсылар, Ырғызбай ата, Әлмерек абыз, Райымбек батыр, Бауыржан батыр, т.б. барлық пір тұтқан әулие-әмбилеріміз, аналарымыз қаншама хикметтердің көрінісімен халықты рухани сауықтырып, жаратқанға иман келтіруге мәжбүрлеп, елді бірлікке, игілікке шақырып жатқан Құдайдың сүйікті құлдарын жын-шайтанға, шеріктерге «ол жаратылған» адам өнімі ақылдан жаратылған, ақылды жарата алмайтындарға теңейді. Және сондай керемет иелер Алланың сүйікті құлы бола тұра, біздерді алаяқтыққа, дінді бұзып, серік қосып елдің ақылын аздыруға тәрбиелеп жатқан деп түсіндіреді. Ата-ана ұғымы Адамата, Хау анадан бастап өзіңнің әке-шешеңе дейінгі аралықты қамтитын Алланың сүйген құлдарына, періштелерге айналған шежіре ағашын білдіреді. Бүкіл пайғамбарлар, әулие-әмбилер, аналарымыз адамзат баласына ортақ ата-ана болып есептеледі. Себебі бәріміз ортақ бір жаннан яғни «Ман»-нан (Адамнан) пайда болып, мұсылман аталамыз. Сондықтан тәңіріміз Бір-ақ тәңір, Ол Алла! Үкіметіміздің «әділетті басқарушылары» осындай ғалымдардың жалған тәңірге (ой жоруға) шоқынған пәтуаларына иланып, ақылдары тұзаққа түсіп аузындағы ірімшігін кез келген мақтаған түлкілерге таратып беріп отырса. «Бір»- «Хақ Тағала» деген ұғымды өздері де түсінбей өз сөздеріне, пікірлеріне қарсы шығып, екі жүзділік ой жоруға түскенін: «Алла адастырған пенделерін түзу жолға салушы жоқ» деген аяттың қандай терең сырлы сөз екенін аңғаруға болады. Абай атамыз; « Имансыздық намазда-Қызылбастан салған жол.(Мазһаб) Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел? Берекесі болса ел-Жағасы жайлау ол бір көл….Берекесі кеткен ел- Суы ашыған батпақ көл…Единица жақсысы, Ерген елі бейне нөл. Единица нөлсіз-ақ, Өз басындық болар сол. Единица кеткенде, Не болады өңкей нөл? Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып ақ жем болма, жаным кел!».

      Діннің мақсаты елдің береке-бірлігін қалыптастырумен ғана тура жол болып нәтижеленеді. Аз ғана қазақтың арасынан сына қағып бір-біріне айдап салып өзге жұрттан үлгі алған бір ұртты арамдардың салған лаңынан тыйым салатын тек «Единицамыздың» қожалығы оянып, әділетті заң шығаруға үкім бермесе әзірше өңшең шуылдақ, ұраншыл кеудесінде сәулесі жоқ – жынды, мас, рухани өлі басшы — «нөлдердің» соңына ерген елдің басына қайғы бұлты қоюлана түсері хақ. «..Жақынға еріп, мал салмай, (құрбан шалмай) Жауды көріп (жын-шайтан), жан салмай, Қайдан ғана біледі Ауыр менен жеңілдің (сираттың) Арасымен өтерді?» «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста жетсін бұйрығың. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, (зираттап құран оқу) Онан да шықты жаңғырық. Естісем үнін (тылсымның, аруақтың) Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып (тау-тасты кезіп зираттап)…» «Аямай жанын дос ерер (әулие аруағы), Жолдастықты ақтаса, Алдыңа айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса… Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? «Ауызға келіп түс» дейміз, Қылып жүріп құр салдық!» «Босқа әуре боп келдің бе, тағы мұнда? (түске ену) Хүкімші шалдар (өлілер) мәз боп отыр ма онда? Антұрғандық қылығын алла ісі деп, Нандырар қандай сопы, қандай молда?..Сопысынсын, хақ десін, хақты ұмытсын, Әділетсіз бір жастың басын жұтсын, Қайнап тұрған қанымды ішкеніңмен, Қаңсыған, қатқан ішің не жылытсын?!.. Бейкүнә зорлықпенен шыққан жаным Бейішке басшы болар деме залым! Суық қабір-қайғысыз ұйқы орны ғой, Оңай ма жас өмірден айырылғаным?… Менің кеудем сендерге (аруақтарға) сандықпен тең, Мүмкін болса, қақ жарып ашып көрсең. Ішін түгел көрген соң көзіңменен, Тахиқ (анық) мені күнәкар қу демес ең…Мен – өлі жан, ешкімді талғамаймын, Рақымсыз, билеріңді қарғамаймын. Мен кешерлік сүйтсе де іс қылған жоқ, Разымын деп жалған сөз жалғамаймын..».

      Жаратушымыз көк несібесін алуды яғни жеті жолға жалғануға: «Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында (ойпаттарда, киелі орындарда) зейнеттеріңді ( тағдыр, ақыл кітаптарыңды) алыңдар. Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді.» (7-31) Бұл аятпен 31-санмен белгілеп өз кіндіктеріңе жеті ата-аналарыңа зираттап, мал жұмсаңдар деп ескерткен. Және осындай зейнеттерді толық алмай қажылық жасауға болмайтынын босқа ысырап екенін астарлы ескертеді. Ал негізгі қазақтың хаж қағидасын; «Мұхаммед барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем (салауат айтып, дұға тілек тілеу) Алланың таңдаулы құлдарына (әулие-әмбилерге) лайық. Алла (Бір) жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59) Бұл аятта Алла достарын Бірді Алланың өзі яғни хикметті істерінің белгісі деп ескертеді. Ал ортақ қосуды пайғамбарымыз: «Сендерге ең зор күнәдан хабар берейін бе? Біз; -Әрине расулалла-дедік. «Аллаға ортақ қосу — ата-анаға қарсы келу.. көңіл бөліңдер, өтірік айтудан және өтірік куәлік беруден сақтаныңдар. Жалған сөйлеу, жалған айғақ беруден сақтаныңдар деп тоқтамастан сөйледі, тіптен сөзін тоқтатпайды екен деп ойладық» (Тәбәрәниден; 34-хадис) «Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан соған бой ұсыныңдар. Мұхаммед ықыластыларды (үнемі зиярат етіп құрбан шалушы), қуандыр. (Шапағат ет, батаңды бер!)» (22-34) Осы аятпен-ақ «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп Алланы еске алып құрбан шалғанның өзі жеткілікті, онан кейін кімге дұға қылсаң да ешқандайда серік қосудан сақтайтынын ескертеді. Бұндай санмен пайғамбарымыздың өсиетін белгілегеннің өзінде үлкен даналық жатқанын көруге болады. Бірақ аталарымыз; «Санасызға сан айтқаныңмен түсінбейді» деп ескерткен екен. Тек өкінішке қарай осындай дін қандастарымызды, мейлі қандай ғылым егесі болса да жаратушы иеміз; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан (әулие-әмбилерден, Алланың достарынан) күдер үзгеніндей олар, ақиреттен (Хақтан) үміт үзген.» (61-13) Өлілерден күдер үзгендерді кәпірлер санатына қосыңдар деп бұйырыпты Раббымыз. «Зұлымдыққа түскендерді құтқарыңдар» деп аманаттаған пайғамбарымыздың өсиетін назарға алып, бұндай дін қандастарымызды Алланың азабы толық баурап жанұяларына, бала-шағаларына кесірі тимей тұрғанда, оқушым сіздер қол созып насихат айтып көрсеңіздер. Оларға жоғарыдағы әулиелер санатымен болашақтағы дін имамдарының бастарына келетін және төніп тұрған сынақ, азаптарын тым ауырлатпау үшін аз ғана есімдермен мысал келтірген әулиелердің және сондай көптеген әмбилердің алдынан өтіп тезірек құрбан шалып кешірім сұрап, халық алдында да қателіктерін мойындамайтын болса үлкен қасіреттің бастарына төніп тұрғанын, ал бас тартса ондай жағдайға жуырда оған куә болуымыз да сөзсіз. Сондықтан осындай қасіретке, ордың жағасында тұрған теріс пиғылдармен аруаққа қарсы шығып, кәпірге айналған әкім қаралар мен ел, сөз басшыларын да иманға шақырып, зұлымдықтан құтқару үшін алдағы келесі басылымдарда бұл тақырыпты тереңдей зерттеп, жан сырын, ғылымын ақиқатын ашып көрсетеміз.

Діни сауаттылық және Құдайдың құлы болу туралы насихат.

     Лұқман Хакімге бір сопысымақ адам бір жиналыста: «Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә. Тәңір жіберген қаза-пәлесіне қарсылық қылып, тоқтаушылық етемін деген болады» -депті. Сонда Лұқман айтыпты: «Олай болса, осы айтылған сөздерің жазылған кітапты келтіріңіз. Сенімді кітап болса, тәубе етіп, дәрігерлікті қояйын.». Сопы бұл сөзді естіп еш кітаптан көре алған жоқ, кітап алып келе қоям деп айта алмады. Жиылып отырған жұрт шулап қоя берді: «Сопы! Лұқман жетім-жесірге атадай болып, неше мұңды бишаралардың көз жасын құрғатты. Сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып жазаландырамыз»-десті. Істің бұлайша зорайып бара жатқанын көріп, Лұқман жұрттан өтініш етіп, сопыны тысқа оңаша алып кетіп айтты: «Алла разы болсын, моллам, білген шамаңызша күнәдан тыюға айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын. Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз. Ақылыңыз дұрыс десе, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегеніңіз көрінді. Жасаған адам денесіне лайықтап түрлі мүше берді. Қол берді жұмыс қылуға, көз берді көруге, құлақ берді естуге, аяқ берді жүруге, ақыл берді ойлап жақсы-жаманды айыруға. Сол берген дененің мүшелерін тиісті орнына жұмсамасаң, Тәңірдің бұйрығына қарсылық болып табылса керек. Сол себепті жүрмей, тұрмай, көрмей, естімей, Құдайға құлшылық етіп болмайды. Осылар секілді жансыз нәрселердің де керексіз жаратылғаны жоқ. Бір шөпті у етіп жаратты. Екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң, күнәлі боласың. Не нәрсені пайдалы орынға жұмсаудан обал болмаса керек»,-деді.

      Осы әңгімедегі насихатты және жоғарыдағы аяттар мен дәлелдерді енді үкіметіміздің зиратағаннан, әулие аралағаннан шығынға ұшырап және дінде жаратушыны әлсіретеді деген 2008 жылы тыйым салып жетім мен жесірін, ауру-сырқауларын қудалаған жақсылыққа тыйым салған, елдің берекетін қашыруға арналған адасқан, ойдан шығарған «ата заңымен» мүфтият пәтуасымен салыстырып ақыл таразысына салып көріңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *