Құран кітаптардың жинағы-Құдай сөзі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 91

      «Әуел баста сөз болатын. Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз — өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Жоханнан. 1 тарау 1-5) Құдайдан қорқу деген ұғымды намаз оқу немесе бір діни рәсімдерді орындау деп түсіндіреді діншілердің философиялық ойлау әдістерінде. Егер де бәрі сөзден жаратылып, Құдайдың өзі – нұрлы сөз болса қазақша «ақ сөйле» деген осы құдайды сыйла, қорық деген мағынаны береді. Аталарымыздың бір ғана астарлы сөзбен талай дауды шешіп, тіптен кәпір аталған жоңғар билеушілерін де сөзден жеңілгенін мойындатып, талай дұшпандық ниеттерінен бас тартқыза білген билеріміздің тарихы халықтың есінде мәңгі орын алған. Ал Құдайдан қорқу дегенімізді сөз қадірін біліп, сөзге тоқтап, жаман сөзден тыйылу деп түсінгеніміз абзал. Сөйлей білгеннің бәрін ақылды деп есептейтін заман туып қазіргі таңда есті сөз бен ессіз сөздің арасын ажырату ел басқарып отырған данышпандарымыз, зиялыларымыздың көбінің қолынан келе бермейді. Бұндай сөздің қадірі кетіп сапасы да, дәмі де бұзылған надандықтың белең алғаны сонша, адам баласының сөзі түгіл жаратушы сөзін, үкімдерін де шыбын шаққан құрлы көрмейтін діншілеріміз, хазіреттеріміз бар арамызда. «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68).

      Бұл аятпен құранды тек араптарға ғана түсіріліп, сөз ұғымдары, аят құпияларын түсіндіруші кітаптар мен және ата-бабаларыңа келген сөздерді (кітаптарды) зертте деп ескертеді Раббымыз. 23-ші сүре негізінен тәуратты яғни бүкіл жаратылыс тәңірлік сипаттардың қуаттық кітабын көрсетсе, ал 68-осы кітаптың Адам ата қауымынан бері елдердің нәсілдік белгісімен және пайғамбарлық, елшілік белгілерді ескертеді. Ал жалпы 23+68=91 саны Қазақтың ежелгі ата-бабаларымыздан келе жатқан 91-ді жеуден тыйым деген шариғаттық ұстанымымыз нәпсіні тазарту тақуалық кітабы, Салих пайғамбарға берілген негізгі кітап, кейіннен көптеген елші, абыздар арқылы толықтырылған кейіннен Укаша сахабаның өз әскерлерімен Мұхаммед пайғамбарымызға апарып таныстырған «Насият-Ізбөрі» кітабы болып шығады. Мұхаммед пайғамбарымыз осы кітаптың негізінде қосымша өсиеттермен толықтырылған хадистер жинағы 92-ші кітап негізін тақуалықты меңгеру кітабы болып табылады. Құранда бұл кітаптардың насихатын қысқаша санмен белгілеп 91, 92-ші сүрелермен жалғануын көрсеткен. Құранның аударма мәнінің жойылуына бірден-бір басты себептің негізі осы аятқа қарсы келіп, әрбір үмметтерге келген кітабын, сөздерін назарға алмай аяттарға ортақ қосып барлық ұғымдардың, құран сөздерінің, сандық ғылымдық мәнін емес араптардың жетілмеген тұрмыстық тілінен іздеуден пайда болады. Менің бір өмірімде тәнті болғандай бірнеше жағдайлар бар; бірі Абай атамыздың еңбегін оқып отырып орыс классиктерін аударудағы қазақша сөйлеткені өз түпнұсқасынан да мәнді, түсінікті және құран аяттарының философиясын, ұғымдарын нақты көрсетуінде тұр. Екінші; аты белгісіз бір кісінің түркия елінен басылып шығарған Інжілдің өз түпнұсқасының философиялық мәнін қазақ сөзінің терең ұғымдарымен бейнелеп және толық жеткізе білуінде.

     Енді құран қазақша аудармаларын салыстырып зерттеу барысында Халифа Алтай аудармасына сөз қиындықтарын толық түсіне алмай күмән келтіргенім бар. Сонан бір күндері уахи-аян алдым. Үш құранның аудармасын алдыма қойды. Біріншісі Сағди, екіншісі Хафиз, үшіншісі Халифа Алтай және бір уақыттан кейін екі адамның аты пайда болды. Екеуі де түркі есімі яғни қазақ фамилиясы «ов» «ев» болып аяқталады. Толық есімдері есімде қалған жоқ. Демек қазақ және түркі халқы үшін тек бес аударма ғана жаратушы ұлықсатына ие болады екен. Және біздердің «ОВ, ЕВ» ларымыз орыстардың бізге таңған зорлығы емес, жаратушының үкімі бойынша болашақта толық құпиясы белгілі болатын есімді сипат және ұлт аралық түсінісу, бірігу көпірі болып шығады да, болашақта біртұтас түркі тектес халықтарға айналу славян халықтары нәсілдік түрленуге түседі деген белгі. Және ныспымызға қосылған қосымша сандық мәні бар есімдік сипатты көрсететін белгі деп түсінгеніміз де абзал. Осы «ов» «евтер» арқылы жандардың арасындағы ақпараттық қатынастардың алмасуын және славян халықтарымен, орыстармен тылсым байланысын ғылым-білім меңгеруді де қамтамасыз ету керек деп түсіндім. Бұрынғы елші, пайғамбар, абыз болған аталарымызда міндетті түрде кемі 4 аты болып оның бірі құпия тылсымнан берілген есімі болып саналады. Сондықтан қазақ елінің пайғамбарлары тарихта белгісіз бірақ киелі кітаптардың негізін қалайды. Құранда да көбі «Әлисақтар» болып келеді. Бұндай халықтардың тылсымдық байланыс негізін құрайтын есімдік белгілерін қысқартқандар өзінің нәр алған ағашын кескенмен бірдей. Оны орыс тілінде «Д-ЕР-ЕВ-О» атап, сөздің атын зерттесек; Д-дене, бой; Ер-сөз, сабақ; ЕВ-тамыр; О-от, жапырақ болып жіктеледі. Әрине қазақ халқының славян халқынан сөзі де үні де ұзын, ділдік санымыз орыстардан да, араптардан жоғары тұр. Сондықтан үндік таңбаларымыз яғни Шәкәрім атамыз ескерткендей «үн-ыдыс» деп, үндік, сөздік несібеміз де қай елдерден де жоғары тұр. Бұл жаратқанның біздерге берген үлкен дәрежесі мен бағы деп түсініп, ғылыми сараптап дұрыс пікірге келуімізді керек етеді.

     Енді Халифа Алтай аудармасына мән беріп өзге осындай көптеген құран аудармаларымен, тәпсір түсініктермен салыстырып зерттеп көрсем, құран аудармасы діншілердің зу еткізіп оқи салатын өлеңі, жыры емес, әрбір тыныс белгі бас әріптермен басталатын сөздер, тырнақша ішіндегі сөздер және әрбір аятта ұқсас сөз орындары сөздің басында, аяғында, ортасында келуінің өзінде үлкен мәні және ойға салмақ түсіруге негізделген насихаттық, ғылыми маңыздық түсініктері бар екенін түсінуге 3-4 жыл уақыт кетті. Ал сандық мәнін анықтау, есептік жүйе арқылы оқудың шала сауатына 7-8 жыл уақыт кетті. Енді оқыған сайын біздердің құран оқудағы сауатымыздың мүлде жетімсіз екенін және кейбір хазіреттердің, дін ғалымдарының аударған құран аудармасымен салыстыра отыра қазаққа жаратушымыз қандай бағалы кітаптың түсіргенін айқын ұғына бастадым. Екінші жағынан менің арап тіліне деген қөзқарасымды өзгертіп, арап тілін меңгеруден тежелуіме де себеп болды. Құран сөзі тек араптың тұрмыстық тілі емес, одан әлде қайда биік және таза аудармашылықты меңгеру кез келген тілдегі аударма мамандығын меңгергеннен әлде қайда жоғары және арнаулы жаратқаннан белгі ұлықсат та керек деп түсіндім.
Сондықтан болашақ жастардың өсіп келе жатқан даналарымыздың алдында мазақ болмас үшін өзімнің ана тілімді зерттеп Абай-Шәкәрім тілін, сөз астарларын толық түсінуге мақсат қойдым. Енді осы құнды құран аудармасындағы ескеретін және өкінішке орай Халифа Алтай атамыз қандай арап тілін жетік меңгерген ғұлама болғанымен аяттардың философиясын тәпсірлеу бөлек ғұламалық екеніне көз жеткізуге болады. Оған негізгі дәлел аудармадағы жақша ішіндегі сансыз дайын тәпсірлерден пайдаланылған түсініктердің кейбіреулері тіптен адам ойын шатыстыруға ғана арналған. Олай болса біздердің мақтаулы ислам дін университеттердің дайындап жатқан құранды арапшадан төте оқып тәпсірлеушілер, діншілер, имамдар анық серік қосып, Аллаға яғни аяттарға ортақ қосушылар деп айтсақ жаңылыспаймыз. Оған енді нақты дәлелдің бір жаратушымыздың басты үкімі; «Қандайда бір нәрсені, мейлі жанды, жансыз және сөзді де жұп және пар қылып жараттым, Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деген аяттардың ұғымына және әрбір сөзге байланысты; «(Мұхаммед) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…» (58-7) деген аяттардың ғылыми маңызын теріске шығарып әрбір сөздің, ат пен атаудың жұбы төрттен, пары үш-үш 6-дан тұру керектігіне және одан көп, аз есептік насихаттық белгілерден тұратынын білмейді, білсе де әдейі серік қосып, аяттарға ортақ қосып зор зұлымдыққа өздерімен бірге елді де ұшыратқанын аңғармайды. Бұл ескертуден ғана Алла адам баласымен сөйлеспейді деген діншілердің надандық пайымдауларын және психологтардың, философтардың білмеген, меңгермеген, бірақ жазбаларында кездесетін ғылыми жоба (теорема) шығады. Ал 7 санымен пайғамбарымыздың құранның жеті үнін меңгердім деген өсиеті және 4х10+6 мен 46 саны пайғамбарлық кітап болып кейін қарай 64 саны құдай соты және «сөз жоқ» адамзатқа ортақ осындай санды үнмен сөйлесетін белгісі шығады.

     Енді ішкі сырларын, сөздің пайда болу, т.б. жан сырының ахуалы Абай-Шәкәрім аталарымыздың құпия сөздерін ашу барысында құранмен салыстырып дәлелдерміз. Сондықтан күрделі құран сөзін зерттеу тәсілін меңгермек түгіл, ана тілін жетік білмеген аудармашылардың кесірінен әлем халқы асыл діннің маңызына, құдіретіне және сөздердің нәріне қаныға алмай дін де, ғылым да үлкен зиянға ұшырап, өзіміз діннің ортасына қарай кейін кетіп, рухани несібеміз дініміз тарылып, содан бүкіл халықтық пейіліміз де арап елдеріне ұқсап тарылғандықтан зұлымдыққа түсіп жатқанымызға әлем оқиғалары, сынақтар дәлел бола алады. Мысалға бір ғана киімге байланысты қазақ тіліне; «басты, омырауды жабу» деп аударылып жамылғы, бүркеншік мағынасын беретін «хижап» деген атаудың жаздық белгісімен бір қабат қана және белгілі бір түспен шектелген арап ұлтының әйелдеріне сай киім үлгісінің сипатын береді. Ал енді ыстықтық, суықтық райға, заманның уағына (6 мезгіл), мезгіліне, дәрежесіне, адам баласының жас-кәрісіне, ұлттық ерекшелігіне қарай үлгілері мен аттарының да өзгеріп арнаулы мағыналары болатынын теріске шығарып, енді бір ішінде шайтаны, қарама-қарсылығы бар мейлі ел басшылары болсын «хижап» сөзінен жандары түршігіп, іштегі шайтандары жүректерінде қарсылық көрсетіп, бір бүлікшілер қылығы немесе соның өзі келіп қалғандай көрінеді. Осыдан барып ел алдында танымал жазушы, ақын, ғалым, саясатшылардың өзі сұхбаттарында «Қазақта хижап (кимешек) деген болмаған, қыздарымыз жалаңбас еркін жүрген деген жындылық дінге, жаратушы үкімдерге қарсылық пікір, пәтуалардың айтылып жатқанынан бұндай жалпы халықтық жынданудың, жүректердің жабылуынан ел ағаларын да айналып өтпегенін көруге болады.

      Осындай түрлі атауларды сол қалпында үндестігін бұзып айтудың, сол қалпында әдеби тілге айналдырумен керісінше адам баласының санасын жабуға, мәңгүрттікпен тек айтқанмен жүріп айдауға көнетін, ақылын жұмсау, ойлану қабілеттерін тежеп ессіз жастарды дайындауға қазақ муфтият, діни оқу орындары көп үлесін қосуда. «Дін – апиын!»-деп осы арап сөзінің, құран аяттарының өз орнымен, мөлшерімен пайдаланбаса адам баласының санасын улайтынын керісінше зиянға алатынын құранда; «Тура жолдың да қисығы бар» деп ескерте отыра: «..Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де, кейі ортада болады…» (35-32) деп және тағы 69-шы кітап-құранның ардақты елші арқылы түсіріліп; «Расында ол Құран, тақуалар үшін насихат. (48) Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз (49) Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет. (50) Шүбәсіз ол Құран, анық шындық.» (69-51) Мұхаммед пайғамбарымызға осы сүремен келетін тақуалар насихат кітабы ол Құранның (сәни дәптердің) сол елдегілердің өзі өтірікке шығарып, қасіретке қалатынын ескерткен. Бұл кітаптың інжілмен, тәуратпен байланысты екенін 51-ші белгі дәлелдеп тұр. Бұл құран-кітап «сәни дәптер» екендігі, шүбәсіз сүренің ішкі үгіті нақты сақтардан шыққан Һұд, Салих елшілігімен байланысты оқиғалар көрсетіп тұр. Бұл құран-кітапта үгіт, насихатты түркі тілінде өлеңмен баяндалып және сандармен белгіленудің өзінде ғалымдарымыз әлі анықтап түсіне қоймаған үлкен құпия сыр жатыр. Сондықтан ол құранның түсірілетінін пайғамбарға алдын ала ескертумен және насихатын, шындығын алдын-ала растап оған сол елдегі діншілердің өзі қарсы шығып, ақырында қасіретке қалатынын, елге сынақтар түсуін Раббымыз ескертіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *