Қазақ елінің діни мазһабтық нанымының ғылымдық көрінісі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 137

     «Расында Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаларды тірі қалдырмаған кезде адамдар білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады» (85-100) Адам баласының нанымы сол замандағы ғылым-білімнің, философиялық ойшылдықтың нәтижесіне байланысты болса, ал ішкі рухани тұрақтылығы мен сенімі дін ғылымдарының пәтуасы мен ілімдерінің жетістігіне тәуелді болады.

     Енді біздің дініміздің сапасы мен нанымымыздың, яғни философиялық біліміміздің қалыптасуымен сеніміміздің шамасына мүфтият ғалымдарының пайымдауымен ақыл жүгіртіп салыстырып өтейік. «Дін мен Діл» деген мүфтияттың мақтаулы нағыз қазақтың дәстүрін жақтаушы кітабына үңілсек; «Кешегі ұлт санасын улап, рухани құндылықтарымыздан айырған кеңестік дәуірде «өлді, бітті, келмеске кетті» делінген Ислам діні қайта келді. Тіпті келгенде де мүлде өзгеше кейіпте.» (8-бет).

      Біріншіден ислам діні тек намаз оқу, ораза ұстау болса ол қазақта кеңес үкіметінде де аталарымыз еркін ұстап, Жамбыл атамыз Кремльге де барып Сталиннің көзінше намазын қысылмай оқыған. Ислам дінін кеңес үкіметінде ашық уағыздауға тыйым салып қудаланғанмен қазақтың ұлттық діни құндылықтарына тыйым салынған жоқ. Қазіргідей орамал тартқан әйелдеріміз де аналарымыз да қудаланған жоқ. Керісінше шалбар киіп қатындарымыздың азғындауына, жалаңаш-жалпы жүріп европа елдері сияқты нәпсіні қоздырытын, шайтан ілімдерін ашықтай үгіттеуге, көрсетуге тыйым салынды. Ал жалпы жастарға дін рәсіміне тыйым салғаны ол ислам діннің өлгеніне жатпайды. Ал «мүлде өзгеше сипатта келді» дегенге қосылуға болады, оған дәлел қазақтың тарихында надандық уақыттарда араптардың, қызылбастардың өздерінің шариғаттарын насихаттау барысында «аруақ деген шерік» деп бір қазақты бір қазаққа айдап салып елдің бірлігін бұзып, талай қан төгілгенде дана абыздар мен хандарымыз соғыс ашып, келімсек дін таратушыларды елдеріне түгелдей қуып, ата салт-дәстүрімізді сақтап отырған. Әзірге қазақта ондай даналықтың иісі де шықпайды, сондықтан сондай рухани өлімді, надандық істерді туындататын қырғынды жаңашыл діншілер қайта салды лаңдарын. «Мұсылман баласы қандай да бір түйткілді мәселені аттандап, құр айқаймен шешпеуге тиіс. Парасаттылыққа, түсіністікке, сондай-ақ ғылымға сүйенген ағартушылық бұл — кез келген дерттің емі. Бір жақты ойлау, астамшылық жасап артық кету, бұл-шынайы ғылымның жолы емес. Өзін ақтап, ұстанымын жақтау үшін өзі секілді ойламайтындардың бәрін түрлі жолмен қаралап, тілін былапыт сөздермен былғау, жеке басының мәселесін араластыру мұсылманшылыққа жат.. Мақсатымыз-халқымыздың бірлігі мен ынтымағына ұйытқы болып, сол жолда аз-кем өз үлесімізді қосу..» (13-бет) Осы ғалымның осы пікірі егер өз ойы болуы мүмкін емес, менің және менімен серіктес ата жолының, құдайшыл атаған топтың атынан өздеріне мүфтият пен дінші қауымға арналған жолдау дегенге растыққа сәйкес келуі мүмкін болмаса жоқ. Мені қойшы, 7-8 жылдан бері мүфтияттың да, барлық баспасөздердің де есігін тырналап, ақыры бас мүфтидің орынбасарынан таяқ жегесін ғана ондай әдетімнен бас тартып басылдым. Жазығым мыналарды оқып жауабын беріңдер, пікірталасқа баспасөзден орын беріңдер дегенім. Құдайға шүкір халықты зиратқа апарып, талай адамды қамшымен емдеп жүргенімізден және бата тыңдап аталар аманатын орындап жатқанымыздан хабарсыз екен де, болмаса халықтың ақшасын жинап алып, байып жатыр, аруақпен тілдескен жындылар деп үкіметтің ояздарына ұстап беретін едіңдер. Әйтеуір ел басымыздың жарлығымен көзіміз енді ашылар деген үміттеміз. Біреуін зікір-гипноз деп, бірін намазды дұрыс оқымайды, бірін зияраттап ақша шашқызды деп соттатып жатқан немесе өз еркімізбен арыз беріп, күнәкарлығымызды мойындап, сотталып жатқан өзіміз де болуы мүмкін. Қазаншының еркі бар қай жағымен тыңдаса да, тыңдатса да әйтеуір. Енді тек мүфтияттың үкімімен жүрмегендер адасқандар дегенге дәлел; «Жоғарыдағы «Би» әрпінен байқағанымыздай, Құран және хадистердің бір сөзі, тіпті бір әрпі көптеген үкімдерге негіз бола алады. Сондықтан араб тілін жетік меңгермеген адамның бұл масһабтардың ешбірін ұстанбай-ақ өздігімен иждиһад жасаймын деуі үлкен қателік.» (17-бет).

      Осы екі пікірдің бірін-бірі жоққа шығарып тұрғанынан-ақ екі білімдегі беткейлікті көруге болады. «Тілін былапыт сөзбен былғау мұсылманшылыққа жат» болса, онда «иждиһад» сөзі Халифа Алтай атамыздың аудармасында «дәріптеу, ұлықтау» болып көркем сөзбен берілген. Ал енді «иждиһад жасаймын-ұлықтау жасаймын» деген мағынаны беріп, құран аятын оқып зікір етіп айтамын емес, аятты өзім жасаймын болып, ғалымның тілді былғағанын қалай түсінеміз? «Иждиһад (ұлықтау, дәріптеу) жасауға ғылыми деңгейі жетпейтін бұқара халық егер де тарихта өзін дәлелдеген Һәм ұстанымдарын Құран мен сүннетке негіздеген Ханафи, Мәлики, Шафағи, Ханбали секілді мазһабтармен жүрмесе, онда жалпы қоғамда анархия, бейберекетсіздік белең алады. Әр адам Құранды өзінше шала түсініп, нәпсілерінің қалауына қарай жорамалдай бастайды.» (19-бет) Енді Алланы ұлықтап, дәріптеуге (иждиһад жасауға) яғни құран оқуға бұқара халықтың масһабшы діншілер болмаса, тіліміз күрмелгендіктен ғылыми деңгейіміз жетіңкіремейді екен. Сонда ғылыми деңгеймен нәпсінің тәрбиесі арап тілінен тіл сындыруға байланысты болып тұр. Қазіргі бейберекет, қазаққа келген қайғы-қасірет те арап тілін меңгермей құранды шала түсінуімізден туындаған екен. Онда арап елдеріндегі халық өз тіліндегі құранды меңгере алмай, ғылыми дейгейі жетпей бірін-бірі қырып жатқанын қалай түсінеміз? Енді жоғары мәртебелі дін ғалымдарының пікірінше мазһаб ұстану жол болып түсіндіріледі. «Намаз (оқу)-күллі шүкірді қамтыған ғибадат… Міне, намазда осы періштелердің ғибадат түрлерінің бәрі бар. Сол себепті, әлем тұтастай Ұлы жаратушыға ғибадатта…Оқыған жақсы қызметім болса дейді. Оған қолы жетсе де қанағаттана қоймайды. Одан әрі жоғары көрінген биікке шықсам деп армандайды. Фәни ғұмырдың ешқашан биігі бітпейді. Бірі бітсе, бірі мен мұндалап тұрады…Қысқасы, фәни ғұмырдың фәни бетіне қараған беті ешқашан адамның жан-дүниесіне рақат әкелмейді. Ал намаз оқыған адамның әрбір іс-әрекеті Аллаһ үшін болғандықтан, қалған 23 сағаты да Аллаһ үшін саналып, күллі өмірі құт-берекеге айналмақ. Өйткені намаз оқушы ғұмырға неге келгенін ұғынып, өз міндетін қалтқысыз атқаруға тырысып, фәниде өзін «жат жұрттық» санап, мәңгілік бақыт мекені мен өзін сүйіп жаратқан Ұлы Жаратушысына қарай аса сағынышпен қадам басқан адам…» (И. Ғалымхалы. 85-бет) Бұл жерде адамдық борыш та, мұсылмандық қарыз да, бала тәрбиесі, ғылым-білім, халыққа қызмет ету, отан, ұждан, ар-ұят дегендер намаз оқумен салыстырғанда ешқандай маңызды емес, керісінше хайуан, жаратылыс періштелері үнемі ойсыз, ақылсыз сәжде қылғандай тек өзіңді сүй, өзіңді ойлау ғана маңызды болып соның жолында «жаттанып, тағыланып» жұртыңды, фәни өміріңді дұшпандай көріп, тек жаннатқа кіруді ғана армандауды мақсұт тұтуға, араптар сияқты мұңсыз ел болуға шақырады дін ғалымдарымыз. Олай болса пайғамбарымыздың мына өсиетін жалғанға шығару керек болады. «Үмметімнің машайықтары жаннатқа намаздаң, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхеметі, нәпсісінің жомарттығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (Хасаннан 10-өсиет).

      Енді дін ғалымдарымыздың пайымдауынша пайғамбарымыздың менен кейінгі тура жолды жалғап тазартушы Ахмет болатын ұрпағыма жеткіз деп берілген құрманың хикметі де, мұғжизасы да жоғарыдағы төрт масһабтың біліміне қарағанда ғибадатқа, дін ұстанымына, тарихына жатқызбайды. Бұндай діннің оқиғасын қазақ халқы да түркі әлемі де мүлде басынан өткермеген тәрізді. Бірақ Әбу Ханифа атамыздың көзін көрген қазіргі заманда бірде-бір пенде жоқ. Тек қалған, айтылған, жазылған еңбектерімен онда да тәпсіршілердің өздеріне ұнаған аудармаларымен ғана таныспыз. Және масһаб ережелерін құран аяттарымен санмен байланыстырып, көрсеткен бірде-бір жазбаны өз басым көре алған жоқпын. Ал көзін көрмеген адам болмаса да кешеге дейін мыңдаған кітаптарға лайықты еңбегі, санмен ғылым, білімін нақты белгілеген хикметтері қалған Ясауи бабамыздың Ханафи масхабын меңгеріп, әрі қарай жетілдірмегеніне кім куә бола алады? Ал қазақ халқы үшін өз ішімізден келген мыңдаған шәкірттермен түркі әлемін мойындатқан Ясауи бабамыздың көрсеткен дін ғылымын мағрипатынан аттап және түркі әлемінде қалыптасып салт-дәстүрге айналған діннің өркендеу тарихатын елемей, ар жағындағы шариғаттың дін бастауларына жалғану ғылымға сүйенсек ақымақтық пен және пайғамбарымыздың өсиетін теріске шығару. Кім пайғамбарымызға ақылмен сенім келтірмесе, онда ол діннен шығады және мұсылман да емес!

      Енді ислам ғылымының мәні туралы кейбір құнды деректер келтіре отыра, арап тілінен ғана алған тәпсірлердің яғни Халифа Алтай аудармасын менсінбегендіктен жіберген қателерге тоқталайық; «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды» (Зүмәр-5) Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір шар тәріздес нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр» (И.Ғ 203-бет) Егер жер шар тәрізді болып оны түнмен жаратушымыз орап тастайтын болса, онда бүкіл жер шары бір мезгілде түн, бір заматта күн шығып отыру керек. Ақылы сау адамға түсініксіз. Халифа Алтай атамыз «жабады» сөзін пайдаланған, сондықтан бір елде түн көрпесі жабылса, екінші елде әлі күндіз болып, әр түрлі уақыттардың, жарықтың ауыспалығы жер бетінің мүлде домалақ емес, керісінше жарты шарлармен жабылғанын көрсетеді. Сондықтан аятта; «Аспанды тірексіз көтердім» деп ескерткен. Жарты шарларда тірек сол жерден шектік белгімен «аномольды» жерлермен белгіленген. Ал жер домалақ болып аспан да солай болса, онда жер бетінде ақпараттық шекаралар мен әртүрлі белдеулер қалай жаратылды? «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың (байқамай???) Ал олар, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда». (Нәміл-88) Ал Халифа Алтай атамыздың аудармасында; «тауларды көріп, тапжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз ол, жасаған нәрселеріңді толық біледі.» (27-88) жылжуда емес « бұлт тәрізді жүреді» және «ойлап қаласың» да тез «ұмытып қаласың» емес «ойлайсың» яғни «есіңде сақтайсың» деп аударылған. Және «Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі.» деген аяттың жалғасын түсінігін жалғасақ, барлық ескі кітаптарда, славян ғалымдарының жазбалары бойынша әрбір берік нәрсенің өрістік көзге көрінбейтін сипаты болады және олар толқымалы қозғалыста болады деп түсіндірген. Алматы қаласының көкте теріс төңкерілген өрістік бейнесі бар. Сол сияқты таулардың да сондай бейнесі бұлт сияқты жүреді, біздердің көзімізбен көрінбейді, ғылымда әзірге аспаптармен өлшенбейді, бірақ беріктігі бар, алыстап кете алмайтынын ескертеді. Осы сияқты адам баласының пайда болуы да әуелі кісінің кіруімен, ана жатырының өрістік қасиетінің пайда болуымен ғана қалаған ұрықтың өсіп өнуіне байланысты аяттарды мүлде ескермеген. Шығыс даналығында; «Әке-шеше баланы таңдай алмайды, керісінше бала ата-ананы таңдайды» деген нақылын құран дұрысқа шығарады. Ұрпақ ұрықтан емес кісіден, яғни «рұхтан» бастап пайда болады. Осындай жаратылыстан бастап түсірген кітаптардың теріс ықпалмен адастырылған қателіктерін түзеген, төрт кітаптың құлшылық амалдарының ең маңызды белестерін меңгерген әулие жағалы бабаларымыздың таңы атып, айы оңынан тууына орта топтағы сауатты ақын, жазушы, ғалымдардың атасының емес, нағыз «адам балаларының» ұйқысынан оянып, нанымын тазалап, сенімдерін бекітуге ақ батамен көкірек көздерін ашатын намаздарын орындайтын уақыт жеткен сияқты. Ал біздің муфтияттық дін ғалымдарымыз мазһабтың төрт жарым парыздық ұстанымнан мың жыл бұрын діннің асуынан және ислам сопылардың ізденген тарихаттық белесінен де асып, ата-бабадан аманатталған діннің тарихи оқиғалармен сұрыпталып ең керекті маңызды шарттарының үлгілерін әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналдырып және ол ұлттық, үмметтік шариғи ата заңы-жобасы және діннің өзіндік шежіре ұстанымы болатынын мүлде теріске шығарып, өзге елдерден қайта масһабтық бастаудан ғана үлгі алмасақ адасқандық деп ұғындырады. Бұған Абай атамыз; «Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлі тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел, Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?». Сонда елді және дінді билейтін кемел адамның шарты мен сипаты қандай болу керек? Әрине жаратқаннан арнаулы кітап алған сұлтандығы барлар дін және ел басында отыру керек. Аяңдап отырып алда оған да жетерміз.

      Енді дін ғалымдарымыз «Дін мен Діл және Ислам Ғалымхалы» кітаптарын философиялық негізі және халыққа ұсынған бағытымен пайғамбарымыздың мына өсиетіне ашықтай қарсылығын білдірген екен: «Пайғамбарымыздың өмір сүрген уақытында мешіттен шықпай ешқандай намазды жібермейтін бір жігітті байқаған Алланың елшісі Сенің басқа ағайын, туысың бар ма?-деп сұрайды. Сонда әлгі жас жігіт; -Иә, менен үлкен ағайым бар,-деп жауап береді. – Ол немен айналасады, неге мешітке келмейді?-деп сұрағанда. – Оның жұмыстан қолы босамайды, біздерді асырап күні-түні еңбек етеді деп жауап беріпті әлгі жігіт. Сонда пайғамбарымыз; -Онда сол ағаңның намазы дұрыс екен деп жауап беріпті.» Және бес парыздың негізі масһабшыларымыздың қажылықпен ауыстырып алған мұсылмандық міндетті өтелуге тиісті қарыздың ғылым, білім ізденуде екенін ескерткен: «Білім алу әрбір мұсылман үшін парыз.» Жастардың 40-қа жетіп ақылы толғанша намаз оқудың емес сабақ оқудың соңына түсіп, өнер үйренгені негізгі мұсылмандық парызы болып есептеледі. Оған себеп жастықтың, мастықтың яғни жындылықтың ислам елдерінде қамысқа тиген өрттей қаулаған жалынын тек таза білімді жастарымызды қалыптастыру арқылы құтқаруға болады. Пайғамбарымыз бұндай қасіретті алдын ала ескертіп; «Жастық-есуастықтың (жындылықтың) бір бөлігі. Әйелдер сайтанның тұзағы.» (512-өсиет) Бұл өсиеттен қазақтың салт-дәстүрі, жастардың, қыздарымыздың тәрбиесі, исламның таза шариғаты екенін білуге болады. Онда Абай-Шәкәрім аталарымыздың көрсеткен, насихаттаған дін шариғатынан, мұсылмандық қарызынан артық әлемде еңбек жоқ десек қате емес. Сондықтан: «Бір сағат білім іздену, үйрену түні бойы намаз оқып шыққаннан да артық. Бір күн білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан артық.» (535-өсиет) Ал муфтият ғалымдарының жоғарыдағы пәтуалары бойынша білім жолына түсіп, елге қызмет қылып, жастардың алдарына биік мақсат қойып, ғылым жолында белгілі бір дәрежелерге жету негізінен намаз оқуға қарағанда түк емес деп сендіреді. Ал пайғамбарымыздың өсиеті бойынша бұндай пәтуаға керісінше; «Расында Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ білімді ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаны қалдырмаған кезде адамдар білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімі болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады» (85-өсиет, ашық аят) Сондықтан; «Кімде-кім менің атымнан мен айтпағанды айтса өзіне тозақтан орнын дайындай берсін» (90-109 өсиет).

      Енді халықтың сенім артып соңынан ерген ғалымдарымыздың ең басты білімсіздігі жан, рух, тәннің ара қатынасы мен ақиреттік тіршілік қағидалары түгіл адам баласының өмір сүру барысындағы пайда, зиян әрекеттерін білмей, зерттеліп дәлелденген көптеген философ, психолог ғалымдардың еңбектерін талдап талқылап, құран ғылымы, пайғамбар өсиеттерімен салыстыра отыра пікір таласқа түспей, біржақты білімнің жетілмеген заманындағы тәпсірші ғалымдардың біржақты пайымдаулардың соңына түсіп, халықты да солай уағыздап миллиондаған жастардың азғырылуына, тура жолдың теріс бағытына түсуіне себеп болуымен ерекшеленеді. Дәлел; «Сахабалардың арасында Пайғамбарларымыздың (с.а.у-жынды емес!) миғражға рухымен бе, жоқ әлде, рухымен қоса тәнімен шыққандығы, ол жерде Алла Тағаланы көріп көрмеуіне байланысты әртүрлі көзқарастар болатын…» (38-бет) Бұл сөйлемді құрастырған ғалым бір жерден көшіре салды немесе ғалымдығы жасанды екенін қарапайым сауатсыз қазақ аталарымыз білген жан, тән, рух туралы білімінен жұрдай екенін көрсетеді. Мысалы; «Негізінде дәрет алып жатқан кезде һәм дәреттен кейін сүннет ретінде қалған суды ішу, дұға оқу секілді сүннеттерді орындаған кезде адамның жан-дүниесі мен рухы әрқашан ақырет әлеміне кіреді.» (И.ғылымхалі 98-бет) Ал бұл үгіттен адамның жан-дүниесі адам тәннен бөлек тұрып дәрет алған кезде ақырет әлеміне яғни өлгендер мекеніне кетеді екен де бірақ тозаққа ма, жаннатқа әлде ұжмаққа болмаса басқа қандай жерге баратынын көрсетпеген. Егер адам жаны тек ұйқы кезінде ғана бөлінетінін ескерсек, бұл теолог ғалымдардың түсінігі бойынша дәрет алып отырған әжетханада ұйықтап кету керек немесе дәрет суын ішкен бойда естен танып, ауыздан суың ағып, рахаттанып құлап қалу керек болды. Бұндай сезімдік жағдай жанның бөлінуімен естің де қабілетінің тежелуімен ғана болады. Ал жан-дүниең ақылмен қоса ақыретке кетіп қалатын болса дәретке шықпас бұрын туған туысқандарыңмен бақұлдасып кетпесең қайтпай қалуың да ғажап емес. Ендігі ғалымдарымыздың басты қателігі ақыл жанмен бірге жүреді деп көрсетеді. Шәкәрім атамыз: «Молдалар: «Жан денеден шыққанда қатты қайғырады» дейді. Өтірік айтады, неге десеңіз: жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқынынан құтылғанына қуанса керек. Егер ақыл жоғалатын болса, қайғыруды білмесе керек.» Жан ұйқы кезінде шыбын болып кеңістікте несібе іздесе, ақыл тәнде қалып басқарып тұрады. Жоғарыдағы ғалымдарымыз жазғандай жанмен бірге кетсе, онда тіршілік те тоқтайды.

    Осындай жалпы исламдық дінші ғалымдардың жан және рух хикметті сырларынан мүлде сауаты жоқтықтан, пайғамбарымыздың көкке көтерілу ақиқатының сырын ертегіге айналдырып, ақылы сау білімді жұрттың ислам дініне сенбеушілігін ғана туындатады. Ал адам тәнінің «физиологиялық» қабілеті көкке көтерілуге миғраж түгіл, бос кеңістікте арнаулы киімсіз ыдырап, жанып кететінін қазіргі космос ғылымынан хабары бар мектеп оқушысы да біледі. Ал құранда ол құбылысты «ІСРА» деп атап 17 санымен адам сыртқы от қабын, денесін яғни адам баласының кемелденген «аруағын», адам ақыл-ой, қимыл қуаттарының көлеңкелі жартысын мәңгілік көшірме денесін белгілеген. Және: «Жындар мен адам баласы өтер болсаңдар көктің шегінен өтіп көріңдер, өте алмайсыңдар, бірақ бір қуатпен өтесіңдер.» деп ескерткен аят түсіп, оны шеше білген қазіргі таңда ғылым жоқ, тек Ясауи бабамыздың сәни дәптер-құранында ғана бар. Інжілде осы дененің қалай пайда болып, адам ақыл-есінің барлық ақпаратын сақтайтынын толық дәлелдеп көрсеткен. Аталарымыз бұл құбылысты жан ғылымын «Екі жарты бір бүтінге айналу» деп түсіндірген. Сондықтан жалпы ислам «фиқһ» (шариғат білімі) ғұламаларына, хазірет-шейхтарға, дінші құранды төтелеп аударып оқушы «білдімандарға» жаратушымыздың үкімімен; «Інжіл, Тәуратты білмесеңдер түк емессіңдер!» деген аят үкімінен ғибрат алуды ұсынамыз да болашақта миғраж ғылымын дәлелдеп көрсетуге ғана уәде береміз. Ал «Ханафи мәзһабы біздің кез-келген мәселелерімізді шешетін бай, барша қажеттілігімізді өтейтіндей қолайлы. Себебі, бұл мәзһаб бүгін шыққан тегі жоқ жаңа ағым емес. Тарихы бар, сүйенген негізі бар. Бұл мазһабпен кезінде бірнеше ислами мемлекеттер, оның ішінде, әсіресе жеті ғасырға жуық уақыт Осман халифаты басқарылған.» (41-бет) Қазақ елі діннің жемісін көріп, алтын ғасырда да өмір сүргендігін, жүздеген әулиелердің хикметті істерінің жалғасы қазіргі күнде қайта көктеп өнім беріп жатқанын жоққа шығарып және сүйегі балқып тұрған, ақылы толмаған жастарды «кинизмдік» діни фанатизмге шақырған үндеулерімен шариғат заңдылығын бүкіл ғылыми жетістіктерден жоғары қойған пікірлерді тек надандық деп қарастырып, ал одан да беріде осыдан мың жылдай бұрын Ясауи бабамыз; мазһабты шариғаттың базары, керегіңді аласың да тариғатқа біліміңді, өзіңді нәпсіңді тәрбиелеуге әрі қарай жетілдіруге өтесің деп ескертіп, мазһабтан кейін де дінде 3 сатының бар екенін дәлелдеп, мағрипат ғылымын хикметті істермен көрсетіп құранмен біріктіріп жазып, ақиқаттың есігін көрсетіп, қалай баратынын біздерге аманаттап кеткенін және кешеге дейін хикметті істерімен белгілі болған әулие-әмби шәкірттерінің арамызда өмір сүргенін неге, кімнен қорқып жасырамыз? Ал шариғат істерін, ережесін яғни мазһабты әдет-ғұрып, салттық ата заңымыздың ішіне толық заң түрінде енгізген Әз-Тәуке ханның жеті жарғысын, Қасым ханның қасқа жолы, күлтөбеде күнде кеңестің өзі қазіргі заман тіршілік салттарын толық қамти алмайды да, қайта толықтырып, ғылыми сараптап жетілдіріп негіздеуді қажет ететінін жоғарыдағы Ясауи бабамыздың төртеуді түгелдеу діни жолының 13 сатылығын, Абай-Шәкәрім философиялық, психологиялық дін танымдарын да толық қамтитын жеті жарғыны шығару заман талабы екенін білу дін ғалымдығына лайық болар еді.

     Сондықтан да пайғамбарымызға иман келтіру үшін, өсиеттерін ашық аяттармен салыстыра отырып, халқымыздың діннің тұтқасын сеніп тапсырған, қолдарына жүгенімізді де шылбырымызды да ұстатып қойған саясатшы, дінші, ғалым кемелдеріміздің еңбектерін оқып зерттеп ақылмен білімін өлшеп, аталар батасымен дінінің нақтылығын, ақиқатын салыстырып көрейік те ашық пікірталасқа шақырып халқымызға ел басқарушыларға енді өзіміз таныстырып көрсетейік. Қой бағушы шопандарымыздың анық ғалымдығына көзімізді өзіміздің алған қазақша білімімізбен, мәлім болған ғылым жетістіктерімен қазақтың аталар даналық, ойшылдығымен салыстырып өлшеп көру бұл басылымның басты мақсаты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *