Иман жолдас, серік періштелері туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 154

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

              

     Жалпы періштелік қозғалыс егелерін жаралыс басы екі (екі бірлік) сипатқа бөліп, сосын 4-ке, үшке, сонан 5-ке, 7-ге, 9-ға бөліп қарастыруға болады да, ал нәтижеленуі де бастапқы екі бірлік 11 санымен және екінші қозғалыс басы 3-тің бірлігі 13; 31 сандарымен көрінеді. Негізінен жан қызметшілерін танымдық (арлық), қарекеттік (уақтық) сипатқа бөліп ал рух қызметшілерін ақыл-ой қуаттық (Мандық) адам баласының парасат, еркін қалыптастыратын періштелер деп бөлуге болады. Енді бұлар және жаратылыс басынан адам баласына қызмет етуге «сәждеге» тұрған ішкі және сырттан берілетін екі сипатты қарсылықтағы періште қуаттарымен адам тән-жаны өсіп жетілетін болса, енді оның рухын жетілдіру үшін және жанға бағындырып қызметке тұрғызу үшін де тағдыр болып жазылған ішкі және сыртқы рухани қызметші періштелері мен оған қарсы түнек күштерінің жарыққа айналуымен адамға қызметке тұруға шамасына рухани жетістігіне қарай қызметке тұратын періштелер деп және 4 топқа бөлуге болады. Ал белгілі бір мақсат, талапқа бағыт беру үшін енді бізге құпия және діншілер қарсылығын туындатушы адам жанының өнімдері «Аққа құдай жақ» дегендей негізінен оң, сол екі топқа бөлінген серік, иман жолдас періштелерімен және жаратқаннан тұрақты күзетшілікке тағайындалған және рухани кемелденуге, тән, жан тазалығының шамасына қарай жіберілетін, алды-арты болып саналатын жаратқаннан келетін хабарларды көрсетуші, алдағы қауіп-қатерлерді білдіруші күзетші серік періштелердің де екі тобы да бар.

        Сонымен негізінен бұл періштелер адам баласының рухани қазынасы да, несібесі де Алланың біздерге түсірген 8 сипат және 8 түр және 4 негізгі тұрақты жаратылыс қозғалыс басы періштелерден өзара әрекетімен адам баласының талабына, сұрауына, тілегіне байланысты серіктер де және шерік періштелері де бөлініп шығады. Бұл ұғымдардың түсінікті болуы үшін тозақтық белгімен қарастырсақ, тән қозғалысының малдық періштелері төменгі дәрежеге түсіп, шеріктерге «У»-ға, «Ру»-ға айналып, ал жаннат, ұжмақ белгілерін, сипаттарын алғандар «Ақ» белгісімен серіктер болып саналады да негізгі әскер күштер, Алланың құдірет қолының себептік, мезгілдік қозғалыс егелері яғни «саусақтар» болған «Уақ» бірлігінен тұрады. Жаратылыстағы барлық періштелердің адам баласының жанымен, рухымен, нәсілдік, тілдік, жыныстық, кәсіптік, білімдік, т.б. себептік байланыста белгілерінің болатыны міндетті екенін естен шығармағанымыз абзал. Сондықтан да түнек шеріктері, жындар, адамдар, құстар тобынан болған әскерлер қуаттық күрделі қозғалыс, қарекет «қолдар» да адам тіршілігінің, рухани өнімінің бір бөлшегі болып табылады.  Мысалы адам баласының құлшылығына байланысты жаратқанның 8 негізгі сипатынан «Ақ»-тан жоғарыдағы қарекет егелеріне тән 3 түрлі басқарушы қуат періштелері бөлініп шығады. Сонымен осы бөлінген 3 және 4 негізгі періштелердің өзара әрекеттесуімен түрлі санды әрекет, таным, қуат періштелерінің жаратылуымен және негізгі 12 санды судан пайда болған періштелік қуаттардан несібеден үлес алуымен түрлі сансыз себептер, періштелік және кісілік сипаттардың пайда болуымен, адамзат өмірінің базарын жүргізуге Құран аяттарынан үкімдерді оқып басқаруға белгіленгендер қатарына пайғамбарлар, әулие-әмбилер, ғалымдар сияқты Алланың сүйген құлдары күрделі қанатты періштелер және кісілер тобы болып саналады. Енді бұл қозғалыс себептері мен періштелердің жаратылмастан бұрын киелі кітаптар үкімімен алдын ала себептік яғни әсерлік, қарекеттік заңдары, білімі, кітабы бекітіліп, оның орындаушылары кейіннен сол өзінің орындаған істерінің басқарушысы, үйретушісі болып дәрежесінің өсуімен одан кейін сол істерді қадағалап, күзетуші бақылаушысы сияқты дәрежелерге көтеріліп, жер бетіндегі 10 күнде, яғни 1000 жылда барлық істерді яғни жер, көк және үшінші екі аралық істерін меңгерумен жаратқанның негізгі бастапқы нұрына Раббымызға қосылып отыру керек. Бұл жағдайға дәлелді пайғамбарымыз; «Былайша шеңбер жасаңдар,-деді. Біз дереу айналасында шеңбер сияқты болып, жүзімізді соған қаратып отырдық. Содан Рассулла бізге мынандай сүйінші хабар жеткізді: «Уа, кедей мұхажирлер! Сүйінші! Қиямет күнінде сіздерге арналған нұр болады. Сондай-ақ сіздер жаннатқа бай адамдарға қарағанда жарты күн бұрын кіретін боласыздар. Бұл жарты күн дүние есебімен 500 жылдай уақыт деді». Әбу Дәуіттен-3666). Сондықтан 5 күн жалған деген ұғымның өзі иман келтірген мұсылман үшін 500 жылдық оқиғаларға, тарихи шежіреге жалғанумен есептеліп, енді біздің масһабымыздың ата-баба аманатын, үмметтік істерін ұмыттыруға тырысқан 14 ғасыр бұрынғы оқиғаға жалғанған, өз елінің хажына кіндік күніне жалғануға тиым салып, өзге елдің хажына яғни шежіре ағашына жалғауға бағытталған кіші қажылық істерін осы өсиеттің ғылымы ашықтап ескертіп тұр. Және бұл өсиеттен енді әрбір 500 жылда қиямет мерзімі болып, бұл мерзімнің адам баласының сол өмір сүрген, тіршілік еткен заманынан басталып есептелетінін ескертеді. Ал қарапайым сандармен бұл өсиеттің хикметін есептеп көрсек 500 жылды 9 заманға бөлсек әрбір 55-тен 56-шы жылға қарағанда мұсылман жаны үшін заманның түрленуі болып, аталарымыз «Елу жылда ел жаңа» деген нақылы жан ғылымынан хабар беріп тұр. Ал енді байлықтың, түрлі ғылым-білім өзгерістерін дінсіз дүние қуған байлардың және иманға қарсы білімді адамдар жанымен есептесек 500: 9 заманнан (дәуірлік сипаттан) онда әрбір 111-ші жылдан 112-ші жылға қарай осындай замандық, дәуірлік, дәурендік түрленудің, түрлі қазіргі таңдағыдай дүниені байлықпен, ақшамен өлшеп зұлымдықтардың өрістейтін заман қиямет мезгілі болып тұру шарт. Сондықтан аталарымыз; «Жүз жылда қазан» деп ескертуі осы құран аяттарының ғылымын әшкерелеп заман түрленуін ескертіп тұр.

        Енді биылғы 2012-ші жылымыз қазанның қайнап, буы бұрқырап яғни имансыздар мен екі жүзді дінші, ғалым, білімді, әкім қараларға да, парамен және еңбексіз ұрлықпен дүние жинаған байларға да, «сексуальды», күйшіл, күйлеткіш, қаншық, төбеттерге де тозақтың қақпағы ашылатын, дүниелік азаптарының жазаларының басталатын жылы болып есептеледі.  Осындай жан, рух тағлымының бұдан да басқа түрлі жағдайлар, себептік байланыстар мерзімдер Құран аяттарында сүрелермен, аяттармен сандар тағлымы арқылы түсіндіріліп және біздің ақылымыздан тыс басқа негізгі ақиреттегі негізгі  кітаптан оқылып жатқан үкімдерінің заманына қарай ғайыптан көмеске, көместен көрнеу ашық хикметке айналып, оның ғылымын меңгеріп сырын түсінумен, сөзбен белгілеумен білімге айналдырып, жалпы халықтық, шаруашылық тұтыну нәрселеріне айналдырып отыру адам баласының негізгі жаратылу мақсаты да, жер бетінің халифалығы да және осы істерді көместен басқарып, түсіндіріп тұрушы жаратушымен арадағы орынбасарлық қызметі болып саналады. Сондықтан иман дегеніміз белгілі бір істің, сөздің, аяттардың, хикметтердің, мұғжизалардың түсінігі нұры болып, оны жеткізуші періштелер болып, «иман келтірдім»- деген сөздің мағынасы; серігімді, жолдасымды, айырылмас жақсы досымды, кісімді іздеп таптым және кітабын, кісілігін зейнет қылып жүктеліп алдым,- деген ұғымды білдіреді. Енді осы ұғымдардың сандық мәндері мен өзара қатынастарынан аз ғана мағлұлмат беріп көрейік; Адамзаттың рухани ақ бастауы негізінен Нұх пайғамбар үмметінен бастап мұсылман болып есептеліп; Құдайлық негіз  8 сипаттан пайда болған, 7 сандық мәндегі «Ақ»-тан аят, сөз нұры бөлініп, ал оны басқарушы 5+3 тәңірлік негізгі таза қуаттармен оған қоса 4 негізгі жаратылыс періштесімен барлық саны 28 қуаттық періште және 5 жан қуатымен, адам баласының негізгі періштелік дәрежесі, жан қуатының күші; 33 санымен көрсетіліп және әрбір адам баласына берілетін тағдыр жазуы тағы екі жол көрсетуші бар. Оған жаратқанның әрбір пендесіне тағдырға жазылған қарсылық, сынақтарды меңгеру нәтижесінде берілетін жобасын рухани сыйын, кітабын-нұр кісіні, екі тағдыр кітабын қоссақ, барлық адамдық негіз 35 санымен тіршіліктің есігі де, көктің терезесі де осы сандық мәнді қуаттар періштелік дәрежені, түп негізді меңгерумен ғана нәтижеленеді. Енді Адам ата, Хау анамыз жаннаттағы алғашқы тіршілігі осы сандық періштелік қуаттармен басталып, кейіннен ағаш арқылы 5+2=7 санды жыныстық қуаттармен яғни  жынмен зейнеттеліп, жүктелу арқылы Адам атамыздың сандық белгісі екі еселенген яғни Раббымыздан үйреген сөздермен «Тәуба» арқылы 70 санымен толықтырылып, яғни ер азамат осындай металл, металлоидтардан тұратын болса, ал Хау анамыз атамыздың 11 қабырғасынан (12-емес!) пайда болған ұрықтан, сөзден яғни сезімдік қуаттан (бас шар, шаршы) жаратылып, сандық мәні 35+5=40-түрлі қышқылдардың негізінен әйел затының періштелік қуаты пайда болады. Адам атамызға тәубаға берілген 30 түрлі үндер негізін, нәсілдік бастапқы жаратылыс басын (шар, үш бұрыш) және соған байланысты 30 таңбаның болғанын есептесек, бұл таңбалар еркектердің негізгі үй саны 30 пара болып құранның негізін қалайды. Ал Хау анамыз осы дайын сөздермен және жоғарыдағы сандар танымында ескерткендей химия ғылымында қандай да бір элементтер  (металлдар мен металлоидтар) келесі бір сиптақа өткенде 10-мен дәрежелену шарты болса, ал Хау анамыздағы енді жан үйлерінің саны 10-ға артып 40 санын құрайды. Еркектің жан үйінің саны 30 болуының өзі алғашқы күн 4 бұрыш, бес күннің несібесі болса, ал әйел заты екінші нұр-ай, жазық 3 бұрыш арасын нұрмен толтырудан 4 күннің 10-мен дәреже негізін құрайды. Осыдан барып аталарымыз; «Қызға қырық үйден тиым» деген нақыл қалдырып  4-ші сүре әйел затын қадірлеп құрметтеу, ұрпақ сабақтастық пен аманаттар негізі болып және адамзаттың ең басты орындайтын аманаты шариғат негізі болып есептеледі. Сондықтан шариғат дегеніміздің өзі неке құрып, өмірге ұрпақтар әкеліп оны тәрбиелеп адам қылып өсіру болып танылады да оның негізін, мәдениетінің қалыптасуын кешегі исламның арап еліне келген уақытынан бастап есептемей, сонау адамдық ақ бастау Адам ата Хау анадан бастап тарқатқан абазал.   

       Адамзаттың шариғаты да, жаратылыс танымдық қарекет қасиеттері де ішкі жан дүниесінде өмірге келгеннен бастап үйретуші ұстазы, періштелігі болып, үш түрлі қабілет, қасиеттілік қуаттардан және 5 түрлі сезімдік қасиеттілік қуаттармен және бұл қуаттар құпия, жария болып та екіге бөлінеді.  Және жаратушымыз; «Сендерге төрт түлік мал жараттым.» деген үкімімен 4 негізгі жаратылыс малдық қуаттардың «Уақ»-тардың жұбымен және «Ақ» пен дәрежеленіп 16-санды «Ләм» (Лам) тән қуатының негізін қалыптастыру керек. Енді бұл қуаттарды, періштелерді тағы табиғат және адам   болмысын да жаратылыс әлемінде тұтастай қамтып, ішінен алып тұратын 4 негізгі бастапқы; өлім, рух, сүр, табиғат жаратылыс періштелік қуаттарынан адам қозғалыс, нәпсі негіздерін құрайтын малдық қуатының екімен дәрежеленумен 16-санды малдық қуаттың негізі тұтастай  барлық жаратылыс, хайуанаттар әлемімен байланысты болса, екінші сезімдік қуаттар да жанды жаратылыс егелерімен ұқсас болғанымен және рухани ақыл-ойдың ерекшелігіне қарай хайуандар әлемінен жоғары болып, ал адам өмірінің күнәкәр болмысының артып, нәпсінің үстемдігіне түсуіне байланысты нәпсілік, тіршілік қозғалыс өмір сүру қабілетінің осы негізгі 4 түліктің арқасында хайуанға да ұқсастық пайда болуы мүмкін. Сондықтан адам баласының барлық жаратылыс әлемінен өзгеше түрлендіріп адамдық болмысын негіздеуге арналған ерекше жаратылыстағы сезімдік, қимыл-қарекеттік, танымдық жүйесін бірлеп, ақыл-оймен басқарылуға, тұтастығын қалыптастыратын ерекше құпия көркем жаратылысы «Қол» деген мүшесі бар. Осы қолдың әрекетінен жоғары барлық қуаттардың адамдық сипатқа түрлендіретін және ақыл-оймен бірлейтін тағы бүкіл қуаттардың анасы «Ар»-сана қуатының «Фатихасы» 7 түрлі жетілген қуаттардың, яғни бүкіл құранды, жаратылыс себептерін де өз ішіне сыйдыра алатын басқарушы қуаттардың негізі болып қаланады. Ар-қуаты «зайыр», парасат деп аталып, оны адам баласының шариғатты, ұлттық тәрбие арқылы бастапқы негіз 3 қуатты 2-мен «Ес» қағидасымен дәрежелеумен жетілдіріп өсіретін болса, 3-тің дәрежеленуі 9 санымен «Тәуба» деп аталатын, бірақ 5 сезім қуатының ішінен пайда болатын жан қуатын айтамыз. Ал енді сана қуаты бұл осы ар қуатына ғылымды егу арқылы яғни енді «Ес»-екіні, 4 негізді рухани бастау ана сүтімен тілмен, үнмен келетін діл қуаты, құпия білім арқылы дәрежеленіп 8 сипатты «Сегіз серіні» қалыптастырады. Сондықтан аталарымыз: «Үйдің жақсы болуы ағашынан» деп ананың ішкі сезім сырының арының жетістігі мен сыртқы бой өрісінің, бойжеткендік және екі аяқ арасымен байланыс «киіз қазық»-сәукелесімен байланысты екенін ескертіп, «Келіннің аяғынан, қойшының (әкесінің дін қуаты, шопандығы) таяғынан» деген астарлы жан ғылымынан нақыл қалдырған. «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп ананың әкесінің қандай «шопан» бақташы болып және сана қуатының еркек арқылы әйелдің жан-ділін қалыптастыратынын ескерткен. Сана қуаты да, ар қуаты да осы 7 күннің ішінде, яғни тағы 10-мен дәрежеленіп, 70 санды иман қуаты 30 еркек үйімен 40 әйел үйінің қосындысы, бірлігі деп қарастырамыз. Ал бұл таңбалардың жеке-жеке адам баласына ізгілікті ісіне, құлшылығына қарай зейнеттелуін иман келтіру деп атаймыз. Мысалға құран аяттарының бәрінің негізгі белгілері 52-ші, 25-ші сүрелер тағлымы мен Фатиха сүресінің ішіне білім- ғылымы сыйып кетеді. Сондықтан Әл-Фараби атамыз Фатиха сүресін 52-мың тақ пен жұпқа (дақ) жіктеп есептеген деген мағлұматтың осы құран сырының біз білмейтін ғылымының жан сырын әшкерелейді. Бұл ақпаратты әшкере қылып тұрған 7 көк, 7 қат жер, жеті теңіз және жеті жол, 7 күн барлығы 28 санымен, бұрын «қат» атауын «хат» деп аталуымен-ақ осы 4-пен «Ар» мен еселенгенде 7 санының басқарушы сан болған хикметін көрсетіп тұр. Атамыз қазақтан қалыптасқан 7 атаға жетпей некелеспеу заңы да осы санның хикметінен және Құран аятынан хабар береді. Аятта; «Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы; Әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла (Т) тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) деген өсиеттің хаж арқылы 700 жылдық ата-баба рұқына (рух емес), нәсіліне жалғанумен адам жанының өнім беруін ескертіп және масһаб діншілерінің қажылықты парыз қылып, хажды арап елінен шежіресіне бірден жалғануын де терістеп тұр. Сондықтан жермен байланысты 7-лік белгі несібенің саны да 49 болып, григориан күн тізбесінің жылдық апта (ай мезгілі) санын беріп тұрған үлкен құпия сыр да ислам құлшылық істерін тек хижра түн, жұлдыздар білімімен есептеудің де теріс дінге қарсылық екенін білдіреді.

      Енді осы 49 санды жетінің бірлігін қалыптастыратын, бастапқы негізгі қозғалыс басы жанның 300-ге бірленумен ғана нәтижесін береді. Бұл қуаттардың да таңбалық сыры қазақ руларының жүзге бөлген белгісінен де көрінісін беріп тұр. Бірақ бұл рухани күштерді, қуаттық дәрежеге келтіріп тазартып, періштелік қасиеттерін толық қалыптастыру үшін және дұрыс бағытқа жұмсап тұру үшін де қосымша рухани тазартылған ішкі Құдайлық қуат көзі керек. Бұндай  негізгі басқарушы Құдайлық қуат; ар, сана болып, осы қуаттың арқасында ғана яғни ақыл-ойдың жетістігі арқылы ғана адам баласы жаратқанға қосылуға, жоғарғы сезімдер әлеміне өтіп, жаннаттық болу еркі берілген. Бұл қуаттардың сипаттарын Әл-Фараби атамыз; «Адам басқа мақұлықтардан айрықша қасиетімен ерекшеленеді. Өйткені оның ағза мүшелерінің көмегімен іске қосылатын күштер пайда болатын жан дүниесі бар, сондай-ақ онда ағза мүшелерінің көмегінсіз-ақ қарекет ете алатын алапат күштер бар, бұл күш оның санасы болып табылады.»Бұл күштердің негізгі адам болмысына тән, бастапқы негізгі жаннаттық жаратылыс мәні мен сандық белгілері 35 болып, енді сыртқы адам тәніне де жанына да қатыссыз сырттан басқарылатын жұбы болып және пары, т.б. түрлі себептік байланыстағы Құран арқылы ғана сандық мәндегі өзара байланысын, рухани күштерді сипаттау үшін қиямет-қайымға дейін тоқтамастан жазу керек болады. Себебі әрбір әрекеттестірген сандар нәтижесінің, аяттардың тылсым арқылы берілетін тағы да жұбы, пары болып оны аян арқылы алып көріп, ғылымын меңгеруге бір адам түгіл жаратылыстан бастап бүкіл пайғамбарларға, елшілерге, әулие-әмбилер мен Алланың сүйікті құлдарына түсірілген барлық аяндарды көріп, жазылған кітаптарын түгел салыстырып оқып шығу керек. Бірақ ондай жағдайдың адам баласына мүлде мүмкін еместігін «Алланың сөзі 7 теңіз сия, бар ағаш қалам болса да жазып тауысу мүмкін емес» деп аятта ашық ескерткен. Оған себеп заман өзгерісіне, адамзаттың ғылым-білімінің жетілуіне қарай да тағдырда да, әлем тағдырында да түрлі оқиғалардың пайда болуымен қара күштерінің жетілумен, оған қарсы жаңадан күрделі періштелердің жаратылып, қалам болып жазылуы мен адамзатқа аян, хикмет болып көрсетілуі де бір секундқа да тоқталмайды. Сондықтан бізге берілген Құран аяттарының сандық мәндерімен Рабымыздың осы аяттарға байланысты заманына қарай көрсеткен белгілерімен, уахилар жүйесімен және ғұламаларымыздың, әулие-әмбилердің ескерткен, жазылған, білдірген мақалдар, нақылдары арқылы ғана өз заманымыздың білімділерімен, ғылым жетістіктерімен, тәжірибе сындармен салыстыра отырып қана  білімге айналдыра аламыз. Олай болса; «Адамның болмысы құпия және жария болып екіге бөлінеді. Жариясына келсек, күнделікті көріп жүрген тәні және мүшелері. Құпиясы — адамның рухани күштері.»Әл-Фараби атамыздың тән болмысының құпия рухани сыңарын және бұл қуаттың барлық адамдық қарекетінің белгісі мен иман жолдастары болып табылатынын  аятта; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушы періштелері бар. Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11) Бұл аятпен осы тәндік негізден және жандық қарекеттер барысында жаратқанның әмірімен берілген кітаптардың рухани зейнеттелу негізде пайда болатын негізгі періштелік қуаттардың толық қауымдық бірлену нәтижелік санының белгісі болып табылады.

     Енді 13 санының құпиясын талдап көрсек; негізінен 11 жұлдыз, күн мен ай үш түрлі бастапқы және соңғы жарықтық негізге яғни аспан басқарушы мүліктеріне жалғанумен ғана осындай дәреженің нәтижесі пайда болады. Ал тәндік, малдық, жандық, қарекеттік, танымдық, нәпсілік құмарлық сияқты рухани негіздің сөздің бейнелеуін, бірленуін жекелей топтап жіктесек; ішкі ағзаларға байланысты 8+5 қуаттардың жиынтығы болса, 10+3 он күн және көктік үш қуат пен жан қуаттары көру, есту, ойлау сезімдерін құрап;  тән жандық бірлігінің 12+1 он екі мүшенің, несібенің бір ақылмен бірлігі; 7+6 жеті ағза, жеті сүйек жан сыры мен 6 сөз нәпсісі мен мінез, рухани сүннеттелудің бірлігі; 9+4 тәубалық саты мен кісіліктің, бойдың қалыптасуы және 4 негізі періштелермен қуаттық байланыс, сана қуаты бірлігі; 10х3 отыз параның құранның толық сүрелерінен  алумен бірге 10 саны жер элементтерінің дәрежеленуі яғни бір жағдайдан қараңғылықтан, жарыққа шығу хикметі, Жүніс пайғамбарымыздың тірілей балық ішінде тозаққа түсіп  құтқарылғанының ғылымы мен 3-саны көктегі дарға асылу барлық физикалық қуаттардың дәрежелену санының белгісі және оңнан солға қарай; 31-ші сүреге түрленіп, даналықты меңгеру «Лұқман» «Ман»-ой қуаттарын меңгеру мен қарекеттік «Уақ» танымдық «Ар» қуаттарының толық бірлігі болып саналады. Егер бұл толық қауымдық бірлестігін адам баласының тәндік несібесі 12 мүшемен арақатынасын  (12+11=23)  Құран философиясымен түсіндірсек, аятта; «Мұхаммед бәлкім сен олардың: «Оған қазына неге түсірілмейді? Яқи онымен бірге періште неге келмейді?»,-деулеріне көңілің тарайып, өзіңе уақи етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында сен бір ескертушісің. Алла әр нәрсеге кепіл.» (12-11) Бұл аятпен барлық несібе де қазына адам баласының өзіндегі періштелігі яғни 11 санына байланысты, пайғамбарымыздың шапағаты 12 санымен уақи арқылы кітап болып берілетінін ескертеді. Сондықтан «Адам баласы мен жындарды өзіме құлшылық үшін жарттым» деген аяттың құпия сырын толық «М+үмін» (23) болуды яғни ішкі сыры 118 аяттан тұратын толық 18 ғаламдағы жаратушының адам баласының ақыл жетілгендігін қамтамасыз етуші қызметші періштелерінен жалғануын әшкерелеп тұр. Егер 23 санды сүренің қуаттық құпия сырын білгіңіз келсе онда 23-32 «Сәжде» болып барлық қозғалысты қамтып және 23+118=141(15;51) сан мәндері уахидың да, қазақ дәстүрлі дін қағидасы «Ғайып ерен қырық шілтенді» де көрсетіп белгісін беріп тұр. Олай болса мүмін болу барлық қарама-қарсылық күштерге қарсы тұра білетін қабілет, қасиеттерді меңгерумен және қазақ ұғымымен «Момын» болып, қой аузынан шөп те алмайтын тақуалықпен жын-ашу, ыза, сөз мінезі тәрбиесімен, адамдық- ар, ұят парасаттылық мінезді қалыптастыру нәтижесі  «Ар» яғни «Ман»-қуаттарды меңгеру арманға жету, бақыттылық «Бақ қарасын қыдыр дарысын» деген батаның нәтижеленуі деп қарапайымдап түсіндіруге болады. Сондықтан қараушы «Бақ» -тың періштелік белгісі 13;31 әулиелік, елшілік, қасиеттілік дәреже болып, ал «Қыдыр» діл білімінің жетістігі 11 санымен пайғамбарымыздың «Өмір бойы мен сендердің іштеріңде болсам, сонда да түсінбейсіңдер ме?» деген астарлы өсиетінің ұғымы пайда болады.

       Пайғамбарымыз қиямет-қайымға дейін елшілігін жалғастыру үшін Алла үкімімен 13 рет некеге тұру себебінің құпиясын осыдан білуге де болады. Бірақ бұл түсінік аталар аманатын ұмытқан, сөз астарын теріске алып, европадан келген салт пен білімге табынған және дінді білімнен ажыратып, ертегіге айналдырған араптық іліміміздің жағдайында біздердің қазіргі таңдағы ақыл-ойымыздың жетістігімен қабылданбай, керісінше әйел заттарының жүректеріндегі, қанындағы шайтандарды түртіп, жындарының қарсылығымен қоса дінге деген жиіркенішін де туындататын болған соң бұл тақырыпқа әңгіме қозғауға әлі ертерек. Сондықтан бұл 11 сандық періштелер әке қанындағы 11 жұлдыздың, ана қанындағы 11 ділдік белгінің бірлігін, 6+4=10+1 және «Бой» ағашының яғни адам баласының сыртқы тәнін қоршап тұратын біртұтас «Аура» өрісінің қосындысымен «Құт-аб» періштесін; 5+6 бес сезім ата шауқаты мен 6 ділден неке арқылы алатын биологиялық дәрежелену иіс, дәм қуатымен; 9+2, тоғыз саны тілдік нәпсілік қуатты меңгеру тәуба яғни кісілік қуатпен, 7+4 жанның түп негізді қуаттан үлес алуын және ішкі жаратылыстың негізгі бастау қолқабыс себептердің негізі екі «мен» рух пен жанның бірлігін көрсетеді. Негізінен 11 саны адам баласының қаны мен жүрек тазалығының көрсеткіші болып, ұлттық ерекшелік пен тіл мінезінің және сана қуатының, естіліктің және «Ақ»-тың «Ар» мен бірлігінің көрсеткіші болып есептеледі. Тек ескере кететін жағдай әйел қаны суықтық яғни өзіне қабылдаушы, жинаушы, көбейіп өнім беруші болса, ерекек қаны ыстықтық яғни бөліп шығарушы, кеңістікті жаулаушы болып 11 сандарының да оң, теріс мәндерімен әзірге ғылымда дәлелденбеген осыған байланысты әлем халқының еркек, ұрғашы қандарының араласуымен қан арқылы тектерінің әлсіреп азғындап жатқан жағдайын көрсетіп, болашақта тек арнаулы өз жыныстық қандары мен немесе химиялық дәрежеде пайдаланатын жасанды қандарға келіп тірелуіміз хақ. Тіптен қандардың ұлттық, тілдік, ділдік өзгешелігінің болатыны да анықталуы ғажап емес. Жалпы жағдайда бұл сандармен адамзатқа қандай дін ұстанымы, нәсілдік, ақ-қара, сары  ұлттық т.б. белгілерінің ерекшелігіне қарамай, адам баласының рухани жетістігінің құпия жағдайындағы қуаттарының бірлігін, қауымдық тіршілігінің себебін ашықтайды. Бұндай кемелдену, толық парасатты адам бейнелері; пайғамбарларда және елшілер мен ғұламаларда, әулие-әмбилеріміз бен бақсылар, емшілер, төре, сұлтан, қожалардың қандық кемелденуіне, тектіліктің қалыптасуына тән жағдай. Негізінен 13+11=24; 42 болып нұр сүресін меңгерумен және «Шура» сүресімен рух, кітап иманды толық меңгеруші тақуа, сопы болудың жетістігі болып та есептеледі. Енді осыған негізгі қызметші 35 періште қуатты қоссақ 59 санымен Құран аяттары бойынша Алла достары мен көктен түсетін періштелер, Адам, Ғиса пайғамбар шапағаты және әулие зираттарынан пайда болатын періштелік қуат санын береді. Енді осы санды періштелердің бірлігі адамдардың түрлі кәсіптік, қылықтық, жыныстық және рухани дарындылық ерекшеліктеріне қарай түрлі жағдайдағы сүрелердің, аяттардың мәндері шығады. Бұл жерде әшкере болып бейнелетін негізгі несібе 7 санының түрленуімен 5 қуатты меңгеруден пайда болатын адам баласының (7+5) 12 мүшеге, сүйектерге еттердің қалыптасуына, тән қуатына, күшке байланысты болатын қарсылық қара күштік қуаттары, түнек қуаттары туралы әңгіме қозғалып отырмағанын ескерген жөн. Енді ең басты өмірде адамзатқа ортақ  кейбір негізгі белгілеріне тоқталып көреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *