Адам тіршілігі арқылы жаратылатын рухани ұрпақтар-періштелер.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 47

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

 

      Дін исламдағы негізгі серік қосу, шерік қосу және ортақ қосу ұғымдары осы адам арқылы түрленетін, қайта жаратылатын,  тұтастыққа бірленетін, ақыл-ойға сана күші арқылы дәрежеленетін құпия жаратылыс періштелерінің сипатын, маңызын және себептік қызметтерін, білімін теріске шығарудан пайда болады. Оған нақты мысал келтіре кетсек; «Иә, денеде рухтың бар екендігіне қарсы дау айтар ешкім жоқ. Сондықтан оны дәлелдеп жатудың өзі артық. Десек те, жан жоқ дейтіндерге әрбір адамнан табылып жататын мына бар жауаптың мәнін жаза кетуді жөн көрдік. Егер кез келген адамға: Миың, жүрегің, көзің, аузың, қол-аяғың, барлық дене мүшелерің кімдікі делінсе? Менікі дері сөзсіз. Ал енді барлық дене мүшесін менікі деп тұрған «Мен» кім? Оны деп тұрған оның рухы, яғни, жаны. Демек «Мен» дегеніміз ол-рухымыз, ал «Менікі» дегеніміз ол денеміз. Абай атамыз жанның өлмейтіндігін, оның тұрақтап мекен тебетін басқа бір мәңгілік өмірдің бар екенін былай деп…» (Иман гүл 147-бет) Масһабтық дін ғалымымыз жан мен рухтың ерекшелігін және тән мен дене ұғымының арасын ажырата алмай мүлде шатасқаны мен яғни «Мен»-рух болып, «Менікі»-тән болса онда «Жан» дегеніміз кімдікі?-деген сауалдың пайда болуы да, серік қосудың өзі де осындай жағдайдан пайда болуы сөзсіз. Бірақ негізінен дін ғалымдық сапасынан емес адамгершілік тұрғысынан қарастырсақ, әйтеуір бағыты дұрыс пікірде болып, Абай атамызды үлгі тұтатынын осылай дәлелдепті.

        Жақсылыққа қарай айтылған ессіз сөзді де, құлшылықты да жаман деуге аузымыз бармайды, әйтеуір қылсыншы деген осы Абай атамыз. Енді бүкіл Абай атамыздың да жалпы дін философиялық танымды мүлде жоққа, жалғанға шығарған яғни пайғамбарымыз да өтірік сөйлеген болып, оған дәлел, куәлік келтірген мынандай пайымдауды осы ислам ғалымдарының екі жүзділігі мен «мұнафықтық» пайымдау, пәтуаларын пайғамбарымыздың; «Тажалдан да жаман адамдар пайда болады» деген өсиетінің хақтығын жалпы философиялық түсініктері әшкерелеп көрсетеді. Қысқа ғана үзінді келтіре кетсек; «..Рух, өзінің кемел дәрежесіне жеткенше денеден-денеге өтіп, үлкен мектепті тәмамдайды екен…Бұл сенімнің негізінде…өмір сүруге құштарлық,…жаманшылықтарды өзінше түсіндіру сияқты психологиялық себептер жатыр… Тарихшы Геродот та осыны мақұлдаған(?)…Өйткені, көне Мысырда өлген адамның жаны жануарлардың, әсіресе құс немесе жыланның денесіне өтіп, сол жерде өмірін жалғастырады-мыс деген наным болған…Ал басқа дерек көзіне сүйенсек, бұл жалған сенім(?) Мысырда ғылыммен айналысқан Пифагор арқылы гректерге, осылайша батыс әлеміне жеткен…Көнеден келе жатқан бұл жарамсақ пәлсәпа (??!) (философия, София) Иранда Ғұлат секілді кейбір Шиилік ағымдарға да араласқан… Жинақтап айтар болсақ реинкарнацияның негізгі басты-басты сенімдері мыналар: 1. Рухтар бір денеден екінші денеге мәгілік өтіп жүре береді. Буддада кемелденген рухтар «Нирванға» жетеді. 2. Адам үшін жұмақ пен тозақ ақыретте емес, осы дүниеде әр денелерде болады. Олардың түсінігінше, Жұмақ-бұл дүниеге сау-саламат, қуанышты әрі бай болып келіп, рахаттанып өмір сүру болса, Тозақ-ауру-сырқау, мүгедек, жетім болып келіп, қиналып, бар ауырпалықтарды бастан кешу ғана. Қиямет-кісінің өлімі, қабір-ана жатыры, ал өлгеннен кейін қайта тірілу болса, тенсұх жолымен қайтадан дүниге келуді білдіреді. 3. Жақсы істегендер келесі келулерінде әдемі, сұлу денелерде, ал жамандық істегендер жағымсыз денелерде келеді. Жаман адамдар жазаларын түрлі жан-жануар, өсімдік және жансыз нәрселерге көшу арқылы таратады. 4. Адам және барлық жан-жануарлар жауапкершілік иелері. Яғни, Алланың бұйрықтарын орындауға міндетті. Жан-жануарлармен қоса барлық жан иелеріне пайғамбар келген әрі келуде…» (Имани гүл 308-309 беттер).

      Бұдан әрі қарай дін ғалымымыз Ислам дінінде көптеген Құдай ісіне де ашық қарсы пікірлермен рухтың тек бір адам баласына ғана беріліп, екінші адаммен ешқандай қатысы болмайтынын және онда адам неліктен бұрынғы естеліктерін есіне түсіре алмайды, тозақ жаннат деген ұғымдарың басқа бір өзге жаратылыс екенін білдірумен, тағдыр ғылымы Құранның негізгі сыры насихат-ғылымына үгіті философиялық нұсқауына ашық қарсылық білдірумен;«Өткен өмірде болған Маркс, Андрей, Григорий сияқты мүлде танымайтын адамдардың істеген күнәларының салдарынан неліктен мен осы өмірімде жапа шегіп, қиыншылықтарға душар болуым керек?..» деген пікірімен бұрынғы күнә ұғымын терістеп, ата-ана күнәларына ұрпақтардың жауап бермейтініне, мұсыл-«МАН» ұғымын терістеу үшін құран аятының сандық, сүрелік орнына да мән бермей, ұқсас ұғымының астарын пайдалану арқылы мысал беріп; «Бұл сенім ислам сеніміне, тіпті, басқа да бұрынғы Құдайлық діндердегі жәннәт-тозақ сенімдеріне түбегейлі қайшы. Өйткені исламда әрбір адамға жеке рух берілген. Әрбір кісі бұл дүниеде атқарған жақсы-жамиан ісіне қарай ақыретте Хақ алдында есепке тартылып, жәннәтта сый-сыяпатын яки тозақта жазасын тартады. Көз жұмған адам екінші рет мына дүниге сынақ үшін қайта келе алмайды.» деген тұжырыммен масһаб, муфтият және «Фиқһ» ғылымының қазақ елінің мыңдаған жылдар ұстанған дінін түгіл, рух ғылымының насихатын яғни рухта дін болмайтынын сондықтан да бүкіл әлем халқында ортақ несібе болатын ғылымын мүлде терістеп, бүкіл Құран және пайғамбарлар нұсқауларын жалғанға шығарып қарсылық білдірген. Бұл пайымдаудан біздің масһаб имамдарының дін туралы мүлде жалған пікірде және жан ғылымынан сауатсыз, надандықтарын өздері-ақ осындай ертегіге айналған білімдерімен әшкерелеп, болашақ жетілетін білімді ұрпақтарымыз алдында мазаққа қалып, зұлымдыққа ұшырағандарымен қоймай, біздердің зайырлы қоғам ел басшыларының да надандықтың, рухани азғындықтың түнегінен шыға алмай халықты да зұлымдыққа ұшыратып жатқандарын айқын көрсетіп тұр. Сондықтан да жоғарыдағы «Реинкарнация» заңдылығы мен философиялық пайымдаулар мен киелі кітаптарда баяндалатын шежірелік қисалардың 100 пайыз ақиқаттығын, тек оны надан ғалымдардың теріс түсініктерімен ғана бұрмаланғанын Құран және Інжіл т.б. киелі кітаптардың сандар ғылымына сүйене отыра дәлелдеуге болатынынан  аз ғана мысалдармен бұрынғы жазылған басылымдардағы берілген дәлелдердің, насихаттардың сырын ашып, ұғымдық аясын кеңіту арқылы ғана алдағы басылымдарда нақты ашық негізделген сан ғылымының білімі арқылы көрсетеміз.Ал халқымыз және үкімет басшылары мен ғалым қауымы да сенім артқан масһабшыл діншілеріміз өздерімен қоса соңдарынан еріп білімдеріне, жазған  тәпсірлеріне, кітаптарына иман келтірген ел басшыларын, ғалым жазушы, философ ағайындарды да жолдарынан бұрып, діннен шығарып, кәпір қылғанын халық жуықта түсінетініне Құран ұстап, Құдайдың көркем есімдерімен ант беруге болады.

       Осындай ислам әлемінің негізінен ислам дінінің бір тарауы болып табылатын христиан, иегова куәгерлері, забур, будда дін ұстанымдарынан философиялық ғылыми пайымдауларынан арап танушы ислам ғалымдарының ойлау және философиялық, теологиялық пайымдаулары мен сөз астарын меңгерген түсініктері мен тәпсірлері қарабайыр, сауатсыз, білімсіз төмен тұруының нәтижесінде; Құран сырының ғылымының әлемдерге танылмауына кедергі болумен қоса, және негізгі барлық түсірілген діндер амалдарының таза нұсқасы сақталған сақтық ұстанымымыз ата-салттық дініміз «Аруақ» заңдылығының ғылымын жоғалтуға тырысқан және қазіргі таңдағы ақылы сау ел басқарушыларының өзі аруақ туралы жария айтуға да батылдары бармайтын жағдайға дейін жеткізуіне апарып соқтыруға бірден-бір себепшіні ел тұтқасын ұстаған ақыл беруші шайтан адамдары үстемдік құруынан деп түсінсек қате емес. Сондықтан адамзаттың рухани өнімі жаннат тұрғындары болып табылатын қанатты періштелер және бейнеленуші нұр егелері кісілер туралы ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан діншілер мен ғалым философтардың, психолог мамандардың қолымен өлтірілген ұғымдар мен атауларды тірілту үшін осындай өз қандастарымыздың еңбектерін, пәтуаларын амал жоқ дәлелге алып сынау арқылы және қателіктерін білім арқылы салыстырып, көрсетіп отырмасақ, жүректерімізге «ширик, серік» деген жалған ұғымдар мал болып еніп, теріс санды «Ман» болып бейнеленіп және қанымыз түгіл сүйегімізге де тілімізді, үнімізді, сөзімізді бұрмалап шала, жалған піспеген тақ сандық үндермен қуаттанып «Қ»-сын «У»-ға айналдырған, теріске алған кітап- «Ұқ!» Құ-ран орнына, «у+ран» сәулесі орнығып алғаны даусыз. Бұндай жалған сөз арқылы жүректерде жындылықтың малдың пайда болуын Әл-Фараби атамыз; «Адамға тән жақсы қасиет-өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан нәр алу, өзінің нәзік сезімдерін образдар арқылы паш ете алу.» Енді адам бойындағы осы адамдық періштелерге қызметіне қарай атаулар беріп, оларды нәзік сезімге айналдырып бейнелеу үшін ана тілі мен  шал емшегін еме білген аталарымыздың астарлы сөздерін меңгермей, құр араптан немесе европа ғалымдары осылай атаған екен дегеннен пайда болған ұғымдар тақ сандар жинтығымен және сызықтық бейне (образдарға) айналып адам бойына, өрісіне «У», «Ру», «Уақ» болып енуімен, тәнге өтіп одан кейін қанда теріс сана қуатының пайда болуын туындатады. Ал масһабтық діншілердің орта топта болып бұндай зұлымдықтардың әзірге жаман ауруларға, түрлі жараларға айналып, бейнеленбеуі шариғат амалдарын орындап, киім, дәрет сияқты ізгі тірліктерінің болуынан ғана деп түсінгеніміз дұрыс. Бірақ бұл жағдай ішкі рухани қуаттардың ластануымен түрлі бассыздық, ақылсыздық және жауыздық, жындылық, мастық әрекеттерге қазақ жастарының да сезім қуаты болып бейнеленуінен қандары қарайып, сүйектері осындай теріс сәулеленуге ұшыраудан «шеріктердің» қанға қосылуынан сана қуатының жоғалумен, сырты жылтыр бірақ сөз түсінбейтін, сыңар жақ, бір езу, бір беткей топас және бүлікшіл, сынға шыдамсыз ызақор, салмақсыз яғни сабырсыз жалған намысты діншілер пайда болады. Сондықтан Әл-Фараби атамыз; «Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.» деп сөзбен, ақылмен, оймен және іспен, ізгі қылықтармен бейнеленуден ғана ар парасаты пайда болып, бақыттың негізгі қорғаны, ұстап тұратын салмағы да болмақ.  

       Қазақта бұрынғы аталарымыз бір ғана астарлы сөзбен екі елдің дауын шешіп, бір сөзбен ар-намыс, ұяттарын қозғап қуат беріп, ал түгел сөздің киесі аруақ аталса, басын өлімге де байлап; бірліктің де, сананың да, рухани жетістіктің де жоғарғы дәрежесін меңгергенімізді әлемге паш ете білген ел едік, бірақ қазір бұндай жағдайда ақ жалауымыз, бейнеленген құранымыз яғни «Ұран»-ымыз; «Аруақ» -тың «Қ»-қасиет аты аталып, шақырылғанда керісінше жастарымыз өзіңді мазаққа айналдырып, бетіңді де тырнап алатын жағдайға жеткізген кімдер? Бұл жағдайдың пайда болуын; «Жалған ақша таза ақшаға есептелмейтіні сияқты, жалған сөз ешқашан мәнді сөз болмайды.» деп ғұлама атамыздың өсиетіне сүйеніп: Ақша-мал негізі сөз, жалған ақша-жүрекке сіңген жалған атаулар, теріс сана қуаты болып, адам баласының періштелігін яғни ақыл парасатының қуаты; 38 сандық мәнін қалыптастыра алмайды. Адам баласының рухани қуаты осы «Сад» сүресімен белгіленіп, Мұхаммед пайғамбарымыз бен бүкіл шапағатшы пайғамбарлар мен әулие-әмбилер және «реинкарнация» ғылымының хақиқатын және аруақтың негізгі себепшілік дәрежесін де осы саннан іздеңіз! Аятта: «Міне Алла, бір қауымға берген нығметін; олар өздерін өзгертпейінше өзгертпейді. Шынында Алла, толық естуші, аса білуші.» (8-53) Бұл аятпен Алланың адамзатқа және әрбір пендесіне берген нығметі сегіз негізгі көркем себептік қуаттық, құдірет сипаты  құлшылық істерінің арқасында үш қуаттың бөлініп, 5 қуаттың 10-мен дәрежелеумен 53 санды нығметтің әрбір адам баласының есту және білім қабілетімен, періштелік қауымына тән болып, оны Алланың өзі деп аталып, енді бұл нығметті адам баласының өзі өзгертумен ғана түрлі сынақ, азаптардың туындауын ескертеді. Аятта: «Ешбір қауым ажалын ілгерілете, кейіндете алмайды.» (23-43) Бұл аяттың 43 санды белгісінің ғылымы негізінен 40жер киесі, әулиелік белгілерге дәрежеленген 4 негізгі жаратылыс қозғалыс негізінің көкке жалғануымен 10-мен дәрежеленуімен тағдыр кітабы болып, ал бірліктегі 3 қуатпен қосылумен адам баласының  тағдыры, өлімі негізінен (4+3) 7-санды кітаптың жағдайына тәуелді болып, адам баласының өмір жасы; «Намазды толық орындаңдар(1), зекет беріңдер(2), сондай-ақ Алланың құзырына иілушілермен (намаз оқушылармен) бірге иіліңдер (3).» (2-43) аяттың үкіміне тәуелді болмақ. Осы аятпен-ақ толық намаз орындаудың ішіне кіретін намаз оқу амалының маңызы зекет беруден төмен тұрғанынан-ақ жоғарыдағы амалдарсыз құр намаз оқудың бос әурешілік екенін ашықтап тұр. Енді бұл толық намаз орындауды Абай атамыз 43-сөзінде жоғарыдағы баяндалған қауымдық періштелік қуаттармен бірге тәндік мал қуаттары мен ақыл қуаттарын меңгеру деп, толық намаз орындаудың, ажалдың себептерінің қыр-сырын ашып көрсетіп кетіпті. « …Және әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса-жарамайды. Өлшеуін білмек-бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады. Ішпек жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық-бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асса боғы шығады. «Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» деген. Бірленген айқын болған үш қуаттың ішінде екеуі, яғни «сила притягательная однородного», бірі «подвижной әлемент»-бұл екеуі қосылып тұра тұрған нәрсе, күллі пайда бұлардан шығады, уа күллі залал да бұлардан шығады. Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке (жындылыққа) тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетін нәрселер осы екеуінен болады…» Өзіне ұқсастарды үнемі тартып алатын жан негізі «Ман»- қуаты мен  қозғалыс, қарекет куаттарының негізі «Лан», «Мал» (Лам) яғни «Уақ» қуаттарын меңгермей, тәрбиелей білмей, үшінші  «Ар»-қуатының негізін жетілдіруге арналған намаздарды орындамай, тек жинаған «Ман»-ның сыртын тазартуға арналған құр намаз оқи бергеннен түк пайда болмайтынын айқындап және жоғарыдағы Әл-Фараби атамыздың жан сыры туралы нақылдарын ашып дәлелдеп, теологиясын, психологиялық ахуалын ашып көрсеткен. Және бұл тұрғыда намазды толық орындаудың үш қуатты меңгерудің тәрбиесін, қазаққа тән ұлттық дәстүрін де, ал осы негізгі «Ақ» бастау екі қуаттан пайда болатын және екі еселеніп 4-еу болып түгелденетін арлылықтың, парасаттылықтың және кері әсерін тигізетін  қандай да бір зиянды жындылық қылықтардың рухани ішкі құпия сырлары мен белгілерін өлеңмен өрнектеп насихаттаған. «Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау. Бүгінгі дос-ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?! Өз үйінде өзендей Күркірейді айтса дау. Кісі алдында кірбеңдеп, Шабан, шардақ және шау. Мұндай ма едің ана күн, Мұның қалай батыр-ау? Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау. Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса, сен неге Жат мінезсің жабырқау? Ұрлық пенен қулыққа Байланғанда, кестің бау. Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау. Топ болғанда көрерсің Түрлі дауды жүз тарау. Аяғында сендейлер Көрмей жүр ме қан талау? Қайтып кірер есікті Қатты серіппе, жарқын-ау! Жетілсең де, жетсең де, Керек күні бір бар-ау.» деген астарлы өлеңмен іштегі бес қуатың өзара қарсылығын суреттеп, сырласып, негізгі үш қуатты  өмірмен байланысты 3 күн деп, ал жетіліп жетіге толғанда есіктен кіретін екіге байланысты өлімді де ескертеді. Ал Шәкәрім атамыз да бұл қуаттардың ішкі сырын кең ашып көрсетіп насихаттаған. Мысалға бұл қуаттардың түрленуін: «Кетті келді, Толды, семді. Өзгеленді бұл ғалам. Туды, өлді. Жанды, сөнді, Өршіп енді қайтадан. Дөңгеленткен, Өңгеленткен Түк білімсіз күш пе екен? Тіпті мінсіз, Кемшіліксіз Есті қылған іс пе екен?Жан деген не, Мүлде өле ме, Шын жоғалып, сөне ме? Дене жөндеп, Жоғары өрлеп, Тағы мен деп келе ме?» деген өсиетпен жоғарыдағы «Менікі» мен «Мен»  ұғымының арасын жалғап тұратын жан дегеннің әсерін шығарып тастаған дін ғалымымыздың қателігін көрсетіп және«Мен»- дегенің рух пен жанның періштелік бірлігі «Алланың өзі» осында ақыл-ес, сана қуатында тұр деп, бұл сұрақтарды тағы басқа аяттармен байланыстырып түсіндіріп кетіпті. Енді жанның және ақыл қуаттарының періштелері бірлігіне тоқталсақ;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *