Қияметтік сенімнің сынағы туралы.

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 130

Масхабымыз бір жағынан мектеп болып, мешіттеріміз Аллаға жақындататын сенімнің ордасы екенін мойындаған да имандылыққа лайық болар. Бірақ Раббымыз барлық нәрсенің жаратылыстан міндетті жұбы және пары болатынын ескертіпті. Ал ақыл-ойдың жетілуі Алла үкімдерінің, аяттарының насихаты түсінікті болу үшін парды меңгеру арқылы ғана мүмкін болатынын да ескертеді. Сондықтан мешітімізді дінде сенім үшін жалғыз жаратқан деп кәпір болмас үшін, оқу орындарының еліміздің барлық білім жүйесі осы діннің негізгі ірге тасы және сенім мектебі болатынын да білгеніңіз жөн. Сондықтан діни сауаттылық дегеніміздің де қазақ және араптан бөлек тілді исламдық ел үшін ана тілінде әліпбиді меңгеріп, жазып, оқып үйрену және заман талабына сай адамзаттың ақыл-ойын жетілдіру мақсатындағы осындай білім ошақтарының бәрі діннің сенім мектебі емес деп қандай пенде айта алады? Сондықтан халқымызға заманға уақытқа қарай қандай ақпараттық білім берілсе, негізгі сенім қуатымыз да сонымен көрінісін береді. Сенімнің де әуелі қарама-қарсылық жұбы болып және ол жұптардың да парлығы болып осы қарсылықтарды меңгеру үшін түрлі жағдайда сыналу керек.

Енді осы қайшылықтарды жүйелесек; білім арқылы сенім және ілім арқылы сенім болып, аталарымыздан қалған; «Іліммен білім ортасын таппасаң бүлін» деген нахыл осы жағдайды растап және ілімді намаз қылып оқу, білім намазын сабақ қылып оқу, аяндарды, уахиларды ұйқы кезінде тірілей өліп оқумен бірге «Раббыңның атымен оқы!» деген 4 сипаттағы оқу үкімін Ғалақ сүресімен көрсеткен. Сондықтан осындай төрт оқуды да меңгеріп; «Төртеу түгел болса иман төбеден келеді» деп ескерткен әулие аталарымыз.  Енді осы төртеуді түгелдеу үшін де алдымен ниет-ойдың тазалығы керек. Оған себеп әр халықтың өз төрті болатынын сан тағлымына жүгінсек; Төртеуді түгелдеудің негізгі қағидасы болған; Ниса сүресімен неке, от басы тәрбиесімен, яғни мирасқорлық ережесімен бекіткен. Олай болса арап түгіл туысқан өзбек халқымен де мираста ортақтық болу мүмкін емес те, сондықтан ұлттық ниеттілігімізде ерекшеліктер бар екені де хақ.

 Олар ағайынының келіншегі қыз туса, балам қатынды болатын болды деп ниеттенсе, қазақ өрісім кеңіп, жат жерліктермен туысатын болдым деп ниеттенеді. Ал енді осы төртеуді түгелдеп берік сенімді болу үшін көктен келетін 10 саулықпен дәрежелену керек. Олай болса жермен байланысты 40 шілтен және 40 әулие негізі пайда болып, бұл 40-ты өзге елден барып алу немесе қуаттары зейнеттелу мүмкін емес, себебі ана тілі, жер, су рухында әр елдің шекарасы бал-бал тастармен белгіленген ерекшелігі, яғни балдық-жандық, жанарыстық сипаты мен ерекшелігі бар. Сондықтан көктен келетін «ондық» негізді «Ерен ғайып» деп жер әулиелерін, киелерін қырық шілтен дейтін ғұрпымыз, ұлттық ниетіміз бар. Ал, ниеттің негізі ұлттық әдет-әдебіміз болып ерекшеленеді. Және оның негізгі ірге тасы болып, ілім мен білім көрсеткен сенімнің екі бағытты меңгеру барысында жинаған тарихи тәжірибе әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз, ұлттық мәдениетіміз, парасаттылығымыз және заманға қарай осы негізде қалыптасып бейімделген әдебіміз болып саналды.

Әдеп негізі ұяттылық, арлылық болып басталып, сенім қуаты, ерік, қайрат болып қалыптасып, жүрек атты жерін жыртып, нәпсілік қанын өртеп тазартуына қарай, тағдырмен берілген екі сөзді иман негізін сақтап күтумен қызметші болса, ал иман дәнінің суғарып, баптап өсіретін қызметшілерін меңгеру жолында ұлттық рухани сенімділік шариғатында әдет, қылық қылып қалыптастыруға білімділік және ілімді де үйрену керек. Бұндай білім және ілім негізі әрбір ұлттың рухани егіні болып жетілумен, ортасына айналып, кейіннен ұпақтарына берілетін нағашылық діл білімі, қаламы болады. Ал діл білімінің де қағазға жазылған білімдік сипатты білім ордалары арқылы «мәде-ниет» болып қалыптасып, ал ілімдік сипатта мұсылмандық немесе молдалық, тақуалық деп атай береміз. Енді осы екі сападан ғана адам баласының тұрақты және заманына қарай жетілдіріп, тазартып отырылуға тиісті ұлттық мінезі болған әдебі қалыптасып және оның жыныстық та ерекшелігі, күтімі, тәрбиесі де,  ұлттық ерекшелігі де бар. Сондықтан осындай тұрақты бекіген әдебіміз нәзік жандылар арқылы азғырылатын ілімін жетік білгендіктен; «Әдепсіз ауылға әйеліңді апарма!» деп ескертіпті аталарымыз. Пайғамбарымыз да; «Кімге ұятты, тәрбиелі әйелді нәсіп етсе, оған діннің жартысы беріліп, қалғанын өзі іздесін.» деп ескертіпті.

Сонымен енді бұл әдебіміздің қорғалуына байланысты білім ордалары кеңес үкіметінде де сақталған тәрбие сабақтары мүлде жоғалып, әдептілік білімді жастарымызға маңызды емес деген қағида қалыптасқанымен, керісінше ілімді меңгеру жағындағы шариғаттық білімдерді, яғни сенімділік қуатымызға мешіттерден мысалдарды, пәтуаларды күнде көріп, естіп отырмыз, ал көз алдымызда болып жатқан, елемей өтіп жатқан кейбір көріністерден осы екі саладағы туысқан ағайындар арасындағы қияметтік мезгілдің көрінісі мен тажалдық әрекеттерден мысал келтіре кетейік. Жақында бір «намазхан» аталған бауырымыз аулымызға көшіп келіп, қызын мектепке берейін десе орамалмен кіргізбей қойып, сонан әкімшілікке арызданумен мешіт имамын да қатыстырып, қызды жалаңбас жүруге көндір дегендей үлкен айқай шығыпты. Сонымен имамымыз; «Сен басқа, орамалмен ұлықсат беретін мектеп жанынан пәтер алып көшіп бара салсаң, бұл айқай ың-шыңсыз бітетін еді.» деген өзінің Құдайдың құлы екенін және шариғатын, аятын қорғаушы, Құран арқылы Алла жолында соғысуға тиіс екенін ұмытып, дүние қайғысы жақындау болғасын және иман қуатының жоқтығына дәлел болған осындай екі жүзді пәтуасына да ол мұсылманның көнбей қойған сыңайы бар.

Кім Алланың сөзін ақиқатын айтуға қорқатын болса, онда сенімі де әлсіз болып, иман қуаты да жоқ екенін білгеніңіз жөн. Бірақ әкім қатынымыз да жалаңбас болып, осындай жалаңбас қатындар теңдігін қолдаған мектеп директорының да, оның табынған, шоқынған басшыларының әрекеті де және мұндай иманға, жан ғылымына қарсылықтың қияметтік заманында немен аяқталатыны да басынан белгілі екені сөзсіз. Бұл біздің сеніміміздің қайшылықтарының айтпаса да түсінікті белгісі. Мектеп түгіл, ел басқарушы орындарда Абай атамыздың; «К…н көрсеткен қатыннан жол сұрама» деген үгітін мазақ қылған қанша қатындар балаларымызға тәлім беріп, өздерімізге күнде көгілдір терезеден көрініп пәтуасыз ақыл кеңес берумен тұрмай, иманды халықты ашық төстерінен к..нің бейнесін көрсетіп мазақтап, мұндай әрекеттерімен еркектердің әсіресе жыныс және жыныстық қатынас туралы түсіне бастаған жастарымыздың тектілігі де, кәсіптік қуаты да жетілмеу үшін көз еттерін өлтіріп, ар қуатын әлсіретіп, ал жасы келгендерді мүлде ұрықсызға айналдыруға жәрдем беретін шайтандардың қылықтарын көшеге шықпай-ақ үйден көріп отырғаныңыз да хақ. Және осындай ұятсыз, арсыз қылықтарды, жалаңбас қатындар мен «ғалымдарды»  дінші, ақыл беруші деп дәріптейтін бағдарламаның да бар екенін білсеңіз, онда «Иман айнасы» деп атайтын бағдарламаны көпшілік «Ел басшылардың ар, ұятының айнасы» деп атайды екен.

Осы бейне көріністің жүргізушісі мен барлық насихатшыларының исламның құндылықтарына, ұлттық дін-дәстүрімізге де қарсылықпен халық алдына жалаңбас шығуынан-ақ исламның имандылық шартына іс жүзінде жала жабу болып саналады. Мұндай Алла аятына, пайғамбар өсиетіне қарсылықтарын ашықтай және өздерін тажал қылып көрсетуінен басқа, бірде жалаңбас «қажы» атанған қатынның иман, қажылық шарттары туралы сұхбат бергеннен-ақ Құдайдың үкімін, құранды ашық мазаққа айналдырған арсыздықтан, халық айтса қалып айтпайтынын растап тұр. Бұндай жағдайда егер пенде жын қуатын тазартып меңгере алмаса ісі адамға ұқсағанмен сөзі сәйкес келмей, кейде оғаш сөздермен, сөздің астарын меңгермей, сөзді түсіну, ұғыну қабілетінің әлсіздігімен «жынды», яғни жыны бар болып, аталарымыз «Жетесізге жеті айтсаң да түсінбес» деп ескерткен. Әрбір жетесіз мейлі ел басқарушы, дін басшылары, имамдар, намазхан және жасы келген білімді, ілімді бола берсін, ұлтына сай әдет, салты яғни есітілігі жетімсіз болса жынды деп аталады.

Дін исламның таралу кезінде тек пайғамбарымыз бен санаулы ғана сахабалар жынды емес болып аталған.  Ал егер сөзі керемет бірақ қылығы өзге, еркек қатын мінезді, үлкейген пенде жасына, ұлтына салт-дәстүріне сай емес қылықтармен ерекшеленсе, онда ол шайтан сипатта болып ондай пенделердің тобын шайтан жамағаттары деп атайды. Сонымен бірге сөзі, пікірі исламдық, ал қылық үлгісі берген пәтуасына, ақыл-ойына қайшы мұндай көріністі тек сайқымазақтық болып және әжетханда отырып, имандылық туралы жаныңдағы пендеге дәріс айтқан жын-шайтандықпен бірдей екенін де білгеніңіз абзал. Және бұрын кеңес үкіметінде шынжыр табанды көлікті басқаруға оқытып, артынан жылдам жүретін доңғалақты көлік жүргізуге де құжатын беріп, кейбіреулер өмірінде оқып, отырып көрмеген мұндай көліктерді, бірыңғай қара жолдың арқасында, шынжыр табандатып жүргізіп нанын тауып, отбасын асырайтын еді. Мейлі ол кезде әдейі болса да, адам баласының жылдамдығы көліктерден артық болып, сондықтан адамды қағып, басып кету  мүмкін болмағандықтан, әйтеуір күнә жасамай, өмірден озған аталарымыз да жеткілікті.

Осындай еліміздің өте қатты жылдамдықта ел арасына жетіп баратын рухани көлігін де жүргізуші куәлігін алған, «теле жүргізуші» деген мамандық алғандар, енді жер бетімен жүретін көліктерді басқаруды үйретіп, ұшақтың куәлігін беріп, басқаруға отырғызып қойған сияқты көрінеді. Сондықтан олардың тұмсығын тықпайтын жері жоқ және бәрін біліп, өздері орындап әдетке айналдырмаған, ішкі сырын, зайырын меңгермеген қандай да бір тіршіліктің саласының пәлсәпәсін да, ғылымын да, ілімін де түсіндіріп, тіптен әлемдік саясатты да өздері шайнап түкірігімен қоса халыққа жұтқызуға әуес. Және заңды заңгерлерден де артық біліп, қағазға жазылған, адамзат ойынан құрастырылған сөзді құдайдың үкімінен де артық қылып, адамгершілік құндылықтың өлшеміне айналдыруға, мейлі қандай жын-шайтанға айналған пенденің де ұлттық, қоғамдық, құдайлық құндылықтарды жоғалтып, тағдырына белгілі себептермен берілген жазасы болсын, оған ел басқарушы, денсаулық сақтау, т.б. ұйым мүшелерін кінәлі қылып халық алдында жапа шегуші етіп көрсетуге шебер екені де даусыз. Осындай мәдениет, ақпарат саласындағы қарама-қайшылық пәтуалардан-ақ ата заң дегеніміздің және құдайлық жазылмаған заңымыз; ұлттық аманат, уәде дегендей адамгершілік қағидаларымыздың аты бар заты мүлде жоқ екенінен хабар береді.

Мұндай жансыз, шерікке айналған пенделердің тіпті адам емес, ел басшыларының қолдан құрастырып, жоспарын беріп сөйлетіп қойған жансыз құл темірі сияқты.  Бұл да мемлекетіміздің бір парасы, яғни тажалдық сипаттары. Әрине мұндай мәдениет, әдебиет ошақтарында да құдайсыздық белең алған жерде Құдай не бітірсін, «Құдай өлді» деп жар салған екен бұрынғы бір Ницше деген данагөй. Яғни, ондай адамдардың құдайлық сипаты өліп, тірі өліксіңдер деп астарлы түрде ажуаға айналдырғаны деп біліңіз. Ал Құдайымыз мәңгі тірі, жалғыз өзі сырттан бақылап, әбден білгендеріңді істеңдер, сосын көрсетермін құдіретімді қалай мені мазақтағандарыңды деп тұрғаны да хақ.

Сонымен енді бастапқы мысалға қайта оралсақ кім жеңді дейсіз? Әрине директор және қатын әкім! Онда жарайды енді, анда санда ғана әйтеуір бар екенін, сырттай бақылап жүргенін білдіріп, аруақ болып түсінде ғана көрінетін иманды қойшы, алған білімі, ата-анасынан көрген әдебі, ұлттық сенімі қайда? Кімге пайда, кімге зиян келді? Осы мәселені Раббымыздан қайта сұрадым; 56.«Жас қыз балаларды орамалсыз, басын қорғамай өсіруден келетін қандай нұқсан бар? Рухани зиян бар ма?» Жауап; «Жетесіздік қалыптасып, есту қабілеті, құлақ көздері жабылып, құлақ аспайтын әдеттерге айналып, Ата-ана аманат, парыздары ақталмайды.»

Міне біздің білім ордаларының болашақ ұрпақтарымыздың рухани егінін өсірмей, жоғарыдағыдай тілшілерге, көзші «жұлдыздарға» айналатын, жансыз шеріктерді қалыптастырып жатқандарын, яғни мәдениетіміздің, әдебиетіміздің білім ошақтарында да тажалдардың бар екенін және енді діннің негізгі нәтижесі болған өркениетіміздің негізгі қазынасы әйелзатымыздың қаны азуымен діл білімінің де жоғалатынын Раббымыз үкіммен ескертіп тұр. Ал діл білімі ана сүті, ана тілімен тікелей байланыста болатынын білген әрбір ұлтына жан ашыған пенде, ел басшы, мәдениет қызметкері және білім ордаларының ұстаздары, дәрігерлер мен ғалымдарымыз да еліміздегі әйелдеріміздің ана сүтінің азуына бірден-бір себепші ұлттық салт-дәстүріміздің арлылық, ұяттылық қағидаларымызды өздері ашықтай теріске айналдырумен тажалға жәрдемге тұрғандарын білер ме екен? Білгенмен жүректеріне кіріп алған жын-шайтандары кіргізбейді, ал жазатайым зорлықпен кіргендерін дереу қуып шығып ұмыттырып, дүние қызығын артық көрсете қоятыны да хақ.

Сонымен енді Раббымыздан;  57.«Ана сүтінің пайда болу ағзалары мен және діл қуатына, тазалығына қандай жағдайлар әсер береді?» Жауап: «Тіл тазалығы, жатыр тазалығы және алақанға абай болу керек. Жүрек, бауыр арқылы келетін тамырмен ана сүті кеуде тазалығына байланысты қалыптасады». Жас қыздарымызды бала кезден шалбар кигізіп, жатырларының қараңғылыққа түсіп, теріс қуаттардың өсіп-өнуін қалыптастырумен, иістеніп, жалпы жаны да жетілмей  және ана тілін таза сөйлемеуінен, кейбір ұрпақтарымыздың өзге тілде сөйлеп, ана тілін менсінбеуінен және ұятсыз, арсыз қылықтарынан діл білімі де қалыптаспай, ана сүті де өз ұлттық мәнін жоятыны даусыз. Және еліміздің әйел затының орамал, жаулық,  яғни көктен келетін ақ жаулық дәстүріміздің маңызын жоғалтудан, қандай да бір жалаңбас қыз, қатын, кемпірдің де алақанында таза иісті жылуы болуы мүмкін емес және болмайды да. Және енді жоғарыдағы бір ғана ана тіліне байланысты, Құдайдың қарғысына ұшырау себебін қайта еске ала кетсек; «42.Балалардың іштен пайда болатын жүрек ақауларымен өмірге келу себептері? Жауап; Ата-ананың тілдік дертінен ұрпақтың жүрегіне ақау түседі.» еліміздегі күн санап өмірге келіп жатқан және осындай жағдайда миллиондап қаржыны шет елге немесе қымбат құралдар мен дәрі-дәрмекке жұмсауды ел басшыларымыз дамығандық, мақтаныш, жетілгендік, өркениеттілік деп, рухани тазалықты сақтауға, тазаруға, арамнан дүниесін, күнәдан өзін, жанын ақтауға шақырған ұлттық ғұрпымызды «маркетинг» атап және осы жолда қызмет жасаушы мешіт имамдарын мемлекет, қоғам қызметкерлері тарапынан да тіркемей, ұлтымыздың дін-амандығын, яғни дін-тағдырын, дін-жанын  мемлекеттен бөлек деп халықты сендірудің өзі тажалдық әрекеттің негізі болып философия ілімінің мүлде өз мәнін жойғандығын білдіреді. Бұл тажалдардың негізгі жеңісі.

Жан тану білімінің (психология) негізі халықтың рухани азбауын, әрбір әрекеттерді, заман білімінің пайда зиянын ажыратып, әрбір жаңа тәсілдердің ішкі сырын айқындап, адамгершілік көзқарастарды ғылымдық негіздеуге, әділ заңдар шығаруға арналған діннің негізгі саласы болу керек. Бірақ мұндай жан тану дін-жандық, дін-амандығымызды дұрыс бағыттауға арналған ұлттық, мемлекеттік біліміміз бар ма? Жоқ деп ашық жариялауға болады. Енді неге деп сұраңыз?  Бір ғана мысалмен тән ағзасын ауыстырған пендені Алматы қаласының әкімі өзі әдейі барып гүл беріп құттықтап; «Қандай жетістіктерге жетіп жатырмыз!» деген жарнаманы былай қойғанда, әрбір осындай мүшесін ауыстыған пендені ерлік жасағандай халыққа жария қылып және мемлекетіміздің осындай істерді меңгеруден әлемнің алдыңғы қатарына қосылғанымызды көгілдір терезеден қайталаудан жалықпайды. Яғни, мұндай астарлы жарнамадан осындай қияметтік азапқа ұшыраған ел тұрғындарымыздың ауыр халының себебін іздеп, қалай ауыздықтау емес, керісінше көбірек ауырсаңдар біз дайынбыз деген мақтаныш және осындай қасіретті жағдаймен әлем алдына шыққаннан кімге пайда? Ал енді осындай жүздеген пенделерді алдын ала болдырмау мақсатында, күнәларын өртеп, иман қуатымен емделуге, құрбан шалып, зияраттап шет жұрттан келіп те емделген хикметтерді мазақтауға, қудалауға арнаулы заңмен қаражат бөліп, мекеме ашып қойғанын қалай түсініп, қабылдауыңызды еркіңіз білсін.

Қазақ еліндегі Құдайлық сауықтыру орындарының маңызы әлемге әйгілі болып,  ақиқат ашылып, әлемге  үлгі болған жағдайды осындай пенделердің сенім, ниетінің сынағы болған 99 түрлі өлім, ауру, қиындықтарының емін де сол жер ошақтарына байланысты жазып, тағдырындағы міндетті кедергіні өздері ниеттеніп қалап алып жатса қайтесіз? Осындай адамның рухани құндылықтарын қалыптастыратын жалпы адамзатқа ортақ қан, тек тазалығын сақтауға негізделген шариғаттық және исламдық құндылықтарды қалай адамзат тағдырынан тыс, дініміз мемлекеттен бөлек деп тажалдық сөзді айта аласыз, егер жаратылыстан ана сүтімен берілген тағдырлық иман қуатыңыз болса? Енді жақында осындай рухымыздың көлігін жүргізуші «Ктк» арнасының әйгілі ақылшы данагөйінің ұйымдастыруымен сары ауруға ұшыраған балалардың аналарын жинап алып, дәрігерлермен арада пікір таласқа шақырды. Сонымен арасында дәрігерлер емінен бас тартып, баласын Құдай ырқына тапсырып, өзі де басын жапқан бір анаға «Ә… хижап кидің бе?» деген кекетумен, оның баласының жазылып келе жатқанына да, себебін халыққа көрсетуге де талаптанбай, керісінше енді дәрігерлік білім арқылы адамзатқа келген мұндай сынақтан үкіметтен, қазынадан мол ақша бөлінумен құтылатынына өздерін-өздері сендірумен аяқталды. Сонымен ендігі денсаулық сақтаудың ашық саясаты және ел билігінің дәрежесін арттыруға арналған осындай баспасөз, көгілдір терезе беттерінен халыққа жаппай насихатталып жатқан білімнің, қаражаттың күшіне сүйенген денсаулық сақтаудың саясаты негізінен күнәға жәрдем берумен, пенделердің тегін, ділін жоғалтып аздыруға ғана негізделгенін қалай түсіндіреміз?

Раббымыздан; 58.«Адам баласының ағзаларын өзге пенделерден алып ауыстырудан келетін рухани зиян бар ма?» Жауап; «Көптеген дерттердің, аурулардың пайда болуына да себепші болады.» Онда; 1.«Жүрек ағзасын ауыстырудан пайда болатын кеселдер?» Жауап; «Жүрек тамыры шаншиды, бас ауруы пайда болады, қол, буын аурулары да пайда болады.» Сұрақ:  2«Ал егер әйелдің жүрегін еркекке алмастырудан қандай ерекшелік сипаттары бар?» Жауап; «мінез, қылық, қуаттық қарама-қайшылық пайда болады.» Сұрақ; 3«Ал керісінше болса?» Жауап; «Әйел затының бүйрегіне әсер беріп, қуық безге, ішкі ағзалар жұмысына, асқазанға да кері әсерлер береді.» Сұрақ: 4«Бүйрек ауыстырудан келетін рухани зияндар? Әйел бүйрегін еркек пендесіне ауыстырғанда?» Жауап; «Қан тамырына және қандағы түйіршіктерге теріс әсер беріп, аяқ буындарына және жүрек соғысы жиілеп, жанарға да кері әсерін тигізеді.» Сұрақ: 5.«Керісінше еркек бүйрегін әйел затына ауыстырудан не пайда болады?» Жауап; «Бұлшық еттерге, кеудеге, қан тамырларына да кері әсер беріп, іш құрлысы жұмысы бұзалады.» Сұрақ; 6«Бауыр ауыстырудан және әйел бауырын еркекке ауыстырудан қандай зиян бар?» Жауап; «Тамақ безіне, тыныс жүйесіне, қуық безіне, ас қорыту жүйелеріне теріс әсерлер береді.» Сұрақ: 7.«Ал керісінше еркек бауырын әйелге ауыстырудан?» Жауап; «Табанша бездеріне, ми қабыршағына, жүрекке, ішкі ағзаларына қуаттардың жетімсіздігі және тазармаған теріс қуаттар әсер береді.»

            Енді оқырман бұл жағдайды терең талқылап ғылымын дәлелдеуді уақыттың өзіне қалдырып, біздің қазіргі таңдағы дәрігерлік біліміміздің, ғылым-техника жетістігінің адамзаттың ар біліміне қайшы тұстары жеткілікті болып, медицина философиясының тек тісті емдеу сияқты салаларының насихаты ғана күнә жасамауға негізделіп, ал басқалай салалары ауырмайтын жолын көрсете алмайтыны түгіл, керісінше ақша болса қандай да ауруды бірінен-бірі артық емдеуге өзара, мемлекет ара жарысқа түсіп алғандары да хақ. Сондықтан мұндай ғылымның жетістіктері әлемдік дәрежедегі  пенделік күнәнің артуына ғана жәрдем беріп жатқаны да хақ. Және қандай азғындыққа түсіп, құдайдың жазасына, азабына ұшырап немесе жәй ғана ауырсаңыз да дұрыс емдей алмайтын дәрігер немесе ақша алып емдеген емші кінәлі, ал аурудың алдын алуға, сақтануға, осындай күнәлардан тазаруға, Құдайдың бұйырғанын садақамен ақталуға, артық хайыр жасауға, мемлекет ішінде өз бетіңізбен қыдыруға, зияраттап Алланың сүйген құлдарын, өзінің бейнеленген бір сипаттарына құран бағыштап, шежіре ағашыңызға су құюға, жаныңызға жарық алып немесе осындай сауап істерді атқаратын ордаларға барып тазарумен айналыса қалсаңыз тағы абай болыңыз, қайдағы біреулерді ел басқарушы, дін имамдардың ұлықсатынсыз байытып жіберген болып жазалануыңыз, болмаса тілші, жазғыш, көргіш, білгіш ағайындармен қудалануыңыз да ғажап емес. Бұл біздің ендігі философия біліміміздің жетістігі, жан тану, масхаб біліміміздің халықты белгісіз құрдымға, орға қарай апара жатқан бағыт-бағдар, өмір мектебіміздің үлгісі және дін-амандығымыздың замандық, тажалдық намазы деп біліңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *