IX-Аққу- сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 130

Қазақтың бүгінгі ақпараттық қоғамында дәстүр туралы, оны сақтап ұстану туралы айтылып, жазылып жатқан  насихаттардан кемдік жоқ. Тіптен көшеге шайтан дамбалмен, шайтан арбамен халық алдына шыққан әкімдердің ересектердің өзара жарысын немесе түрлі жат жұрттық арсыздық салты мен жастардың ойынын, жалаңаш халық алдында қыздарымыздың сәнге айналған билерінде біздің ата-аналарымsздан қалған салтымыз, яғни  дәстүрлі аманаты деп атайтын болдық та, сонымен дәстүрдің дінмен ғана жаратушы үкімдері мен мұсылмандық қарыздарды өтеумен және барлық әлемдерге түскен діндердің де белгілі бір уақыт пен заман тезінен өткен және үнемі құдай ісімен уахиымен, замандық білімімен еленіп тазарудан өтіп тұруын мүлде жадымыздан шығарып алдық.       Енді беделді, атақ-шені жоғары ел билеуші немесе ғалымдар әлем елдерінен өкілеттігін шақырып алып, бұл біздің ата бабамыздың орындаған аманаты, ұстанған дәстүрі деп  ұялмай, арланбай жалаңаш, жалаңбас тұрған әулиелердің, батырларымыздың, кемеңгерлеріміздің мүсінін жасап, соған мал құсатып гүл қойып немесе «өйту керек, бүйту керек» деп, қазақтың ел басқарушыларының ұстанған саясатын мақтап-мақтап кеткенге дәстүрлі жиналыс өткіздік деп, халықтың миын ашытып күнде жарнамалайтын да әдетті, салтты меңгеріп алдық. Сонымен дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, салтымыздың қандай әрекеттермен байланыстылығын немесе ар қуатының қалай қалыптасатынын білетін білімді пенде де қалмай, арсыздықпен азып, ақылымыздың шамасы сөз түсіну ұғымымен емес, керісінше меңгерген  білімнің, дүние тіршілігінің шамасына қарай бағалануынан енді ұлттық ақылымыздың шамасын да сақтай аламай, ал мұндай замандық өзгерістерге, рухани сынақтарға қарсы тұра алатын біліммен, ілімен қаруланған ақыл қуаттарын өндірмек түгіл бұрынғы бар болған ескі ақылды да түсінуден қалдық. Себебі шашын жайып, аналық бездерін көрсетіп, жын-шайтанға айналған қатын, қыздардың өзі «психолог»- жан емшісі, дәрігер, ұстаз болып аталып немесе бір лауазымды қызмет дін істерінде де осыным арға лайық деп халыққа ақыл беріп отырғанына бұқара халық таң қалмайды, ал есті адамдар мұны енді мүлде байқамауға тырысып, ел биліктің, зиялы аталған қауымның істеріне жоламай айналып өтуге тырысып бағады да.

Бірақ осындай қоғамдағы ақыл-ой сапасының жоғалып, халықтың әр түрлі ойлануына енді жындылықтың да діншілдіктің де бес сезімге, жындылыққа негізделген шығармашылық та құндылығын жоғалтып, тіпте заңдар да адамдықтан алшақтап қатігездік, зорлық тек заңға білімге ғана табынушылықпен осы істің басындағыларды енді жалған тәңірге айналдырып, бұл «тәңірлерді» өзгертіп, басқа лайықты «тәңірлерді» сайласақ болды, халық бақытты өмірі сүруге болады деген жат елдің еркіндік саясатымен ауырмаған мемлекет,  халық та қалмады. Ал қазақ елінің мұндай жағдайдағы ел билеушілерінің аз да болса аруақпен байланыста болып, мұндай жын-шайтанға, тажалдарға өз мақсат мүдделерін орындатпай, елдегі бірлікті, татулықты заң жүзіндегі талаптың күшімен орындатып отырғандығы, кейбір алауыздық тудырушы әрекеттерге қатаң тиым салуынын, енді «садист, тиран» атап қалайда халықты қарсы қойып, мұндай ел билеушілерге айдап салуға тырысқан тажалдардың әрекеттері орындалмай жатқаны бұл заңның немесе ел билеушілердің кереметтігі емес, бұл тылсымнан аруақтардың құдай алдында беделінің болып, өтініш тілектерінің қабыл болып, мұндай зұлымдықтан қазақ халқын қорғап бағуында. Болмаса өзге бүлікке, бүліншілікке ұшыраған елдердың  ел басшыларының білімі, ақылы біздерден төмен болып және әлемге ортақ мұндай заңды білмей, халқын тәртіпке шақырмай жатқан жоқ. Сондықтан да қазақ халқының өзге халықтардан не айырмашылығы бар дегендей сауалға жауап іздеп, әлемнің қызығушылығын танытып жатқанымыз, бұл құдайдың ғана қалауымен болып жатқанын да білген абзал. Бірақ енді осы тұрғыда қарапайым халықтың ішінен дарынды адамдар мен дарынды ұрпақтардың туып, болашақта елдің ақылын қақпанға салып ұстап тұрған бұғауды бұзатынын сезген шайтан жамағаттары енді қазақ дәстүрінің сыртқы болмысы шапанын ғана ұстап алып оны түрлі жамаумен жамап, осы қазақтың дәстүрі осы деп халықты қалайда өз рухани тамырына жалғана алмауға себепші болуға тырысуда. Бұған енді масһаб діншілері қазақ дәстүрінде шариғатың, масһаб білімінің де ең шыңы өз тарихаты, мағрипатының да қарапайым тұрмыстық ережеге нақылдарға айналып, ал намаз оқуа деген ерікті түрде ғана ересектерге тән сәждесін «масһаб дін жолы» деп атасы болған дәстүрден үстем қылмақ ниеттерін де ерінбей үгіттеуде.  Осы тұрғыда ел биліктен рухани тұрғыда, заң жүзінде қолдау болып, жан таласып бұндай жамағатқа барынша жәрдем беріп жатқаны да сөзсіз.

Мысалға «Біз» бағдарламасындағы дін істерінің бас сарапшысының; «Мемлекет діннен бөлек, біз зайырлы (ибалы, әдепті, иманды, текті, қасиетті адамдардан тұратын) елміз» деген екі жүзді пәтуамен; құранға, жаратушыға, жалпы дінге қарсылығы бұл жағдайға тарихи түрде куәлік беріп, мемлекетіміздің дін ісінің бас сарапшысы дін туралы ұғымы таяз рухани сауатсыз (рухтан әтек) болса, онда қалғандарының не оңып тұрғаны да белгілі жағдай екені де хақ. Сондықтан ата жолының білімін, дін дәстүріміздің Абай-Шәкәрім аталарымыз көрсетіп кеткен ілімнің насихаты мен Ясауи бабамыздың тура жолды жалғаған түркілік қазығын мықтап қаққан және осы тұрғыда жоғарғы дәрежелі елшілік ісін меңгеруші, әулие-әмбилерді, сопыларды дайындаудың мектебінің ең жетілген түрі қазақ халқының еншісінде тұрғанын сөз жүзінде 10 кітаптар түрінде жазылғанмен оны жуық арада түсініп, кінәсін, қателігін мойындап, арланып райынан қайтатын білімді, зиялы қауым мен ел билік тұтастай мойынсұнады деп дәмеленудің де қажеті аз. Бірақ ел билеушілердің арасында жеті текті азаматтарының барын және олардың көп надандардың ішінен өзін көрсетуге шарасыз болып жатқанын, біздер аруақтардың ескертуімен біліп отырғандықатан және ата жолы аққу, сұңқарларының да ішінде болашақта бұл жағдайда іс жүзінде дәлелдеп әлемге де үлгі қылуға сапқа тұратын намысты ерлер мен әйелдердің барын ескере отыра, енді жалпы ата жолында не істеу керек, қандай амалдар дұрыс, қандайы бұрыс деген қысқаша ескертулермен ата жолы дін-дәстүрінің кейбір қажетті маңызды шарттарының сипатын баяндап өтуді жөн көрдік.

Масһаб дін ісі мен ата жолының дәстүрінің қандай айырмашылығы бар деп сұраңыз. Масһаб білімі барлық шариғат үкімдерінің жинағы болып, мұның негізгі амалдарының өзі 4-ке бөлініп, ислам әлемінде қарама-қайшылық жағдайдың туындауына да, ислам дінінің бөлшектенуіне де осы масһабтық білім турасындағы тартыстардан; «менікі  ғана дұрыс» деген пәтуалардан пайда болған, әлемдік діннің бүлікшілігі де және осындай жағдайға себепші болатын «экстремистік» білімдердің пайда болуымен де байланысты екендігі даусыз. Және барлық масһабқа тән ең басты қателік; жаратушы тарапынан үнемі үздіксіз өзінің достары арқылы оқылып жатқан уахи, аяндар кітабы мен уахилардың хикметті белгілердің сырын, тілін ұғыну яғни тіл білімін меңгерудің сыры болған  құдайлық іске қарсылықпен жалғанға, жындардың ісіне айналдырудан пайда болды.  Сондықтан дін ісін шариғаттың білімін меңгеріп, ал құдайдан түсетін белгілер мен уахина қарсылық мойынсұнбау және осы тұрғыда көріпкел, қасиетті адамдардың да дінге, замандық сынақтарға байланысты хабарларын, ескертулерді, барлық келген ақпараттарды жыннан және жалғандық, Аллаға серік қосу деп  танығандықтан, енді мұндай жағдайда қандай да бір дін білімін, арап тілін меңгерген діншінің ғалым аталып өзін құдайдың орнына үкім беруші «білмегендеріңді тек менен, бізден сұраңдар» деген пәтуа берушілердің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша көбейіп және кез-келген жастар да, әйелзаттары да мұндай білімді меңгере алудан, енді күн санап дін ұстаздары да көбейіп; соған байланысты топтарға бөліну де арта бермек және мұны енді шариғаттың білімімен тоқтату, түсіндіру мүлде мүмкін болмайтын жағдайға дейін ушығып алғаны да хақ. Енді мұндай жағдайда құдай өзін ерекше белгілермен көрсетуі де басталып, бірақ мұндай белгі, уахиларды да қабылдай алмайтын түсінбейтін біртұтас мәңгүртке айналуымызға не себеп болды? Әрине бұған осындай жалған пайғамбарлардың құранды теріске алып, қандайда бір құдайдың хикметін ақ- қарасын, анығын анықтаудың сезімдік ақылдың аңғарымпаздығын, қаракеттік ақылдың «интеллект» әсерленуін меңгеріп танымдық ақылдың әрекетімен ойдық қуатымен бағалаудың орнына; «мұның бәрі сиқыр және жыннан», деген ақпаратты халықтың жүрегеніне сіңіріп көздерін, ақылдарын байлап та үлгіргендіктен деп түсіну де керек.  Раббымыздың;  «жындарды және адам баласын құлшылық үшін жараттым, ал тозақ үшін шайтанға көмекке тұрған шайтан жамағаттарын жараттым» деген аяттарын мүлде теріске алып, намаз оқушыда жын болмайды, яғни бірден пайғамбарлық дәрежеге жетіп, кісіге, естіге айналып 8 түрлі қара қуаттардың, малдық нәсілдік ерекшеліктердің де меңгеруін, жүктелуін теріске алуынан ғана пайда болған. Яғни құранның «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, қырыққа келгенде ақылы толады» «төртеуін түгелдей алады» деген үкімін мүлде қаперге алудан да қалған.  Ал енді діншілер; шайтан жамағаты деп намаз оқымаған пендені атайды. Тажалдықтың барлығы да осындай жалған құранға теріс білімнен пайда болатыны да сөзсіз.  Шын жүзінде, намаз оқушылардың басым бөлігі шайтандық қуаттан аз болса да дәрет, намаз арқылы тазара алады, бірақ мұнымен ішкі дүниедегі қара жындық қуаттардың онан сайын артуымен сегіз түрлі қарсылықты, жүктерін тазарта алмай; әсершіл, ызақор жалған намысты, ақыл- есі кем, шариғат білімі немесе ұстаздарының дегеніне, ақылына байланған жынды-«фонатқа» айналдырумен бүкіл масһаб білімі және сопылық топтар да айналысатынын біле бермейміз. Сондықтан да Раббымыз; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббылырыңның тарапынан сендерге түсіргенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Осы аяттың үкімімен әлемге түсірген барлық діндердің намаздарында ислам құндылығы арқылы бірлеумен ғана тура жолдың және сопылықтың, тақуалықтардың да нәтиже беретінін ескерткенін, мұны енді қарапайым халық түгіл дін ғалымдары мен білімді қауымға түсіндіру мүмкін болмайтын надандықтың себебі неде?- деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Сондықтан да бұл аяттың үкімі ата жолының қазақ дәстүрінің де ең басты қағидасы, жалауы деп қабылдаған жөн. Осындай жағдайда егер біз Ханафи масһабын ғана ұстанамыз десек, жоғарыдағы аятқа қарсы болып Аллаға ортақ қосумен және исламдық өзге масһабтардың  кей пәтуаларын, намаздық амалдарын қолға алмай немесе дұрыс емес деп танып, біздің масһабымыз артық деген ұғымды туындатып дінді бөлшектеуге себепші боламыз. Ал енді 4 масһабты да мойындаймыз десек, онда тек тілмен ғана айтып өзге масһабтың амалдарын  орындамаудан тағы да қайшылыққа апарып соғатыны да сөзсіз. Сондықтан да қазақ дәстүрі сонау Нұх пайғамбарымыздан бері келе жатқан барлық діндердің сүзгісі «фильтрі» болып негізгі қағидасы; «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді», «Бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық» болып  осы негізі тұтастықта екі құндылықты ал ішкі мәні 5 түрлі рухани қуаттарды меңгеру үшін; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген қағиданы ұстану арқылы құрандағы; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) (73) Сонымен 60 бұтақты имандық қуатты меңгерудің сыры осы аятпен, сандық мәнімен айқын дәлел болып, яғни 13 санды сөз ғылымын, 73 санды бүкіл діндік топтарды меңгерудің жоғардағы үш нақылға келіп тіреліп, барлығын ақиретті еске алып аруақтың басын көтеру, жоғалған ұмыт қалғандарды шежіремізге қайта жалғаумен құран аяты, жаратқан үкімі ашық насихаттап тұрғаны да хақ. Бұл енді Раббымыздың бұйрығына да, құранға да сәйкес болған ата жолының негізгі іргетасы болып екінші қағидасы, шарты деп білгеніңіз жөн. Сонымен арап елдері орта топтық болып, исламның негізгі құндылығын сақтауға жол-жоба Мұхаммед пайғамбарымызбен беріліп оны бұл елдер осы уақытқа дейін негізгі парыздарын діннің құлшылығы ретінде орындап келгені де сөзсіз. Бірақ енді пайғамбарымызға Раббымыздың; «Құрандағы түсірілген үкімдердің көбірегін елемей өтетін пайғамбар келді.»деген ескертудің пайғамбарымыздың өзінің тақуалық, сопылық істерін жалпы арап халқына үмметіне міндетті қылмай, оны белгілі бір сахабаларына ғана үйретіп кеткені және жоғардағы (5-68) аяттың үкімінде де ол замандарға арап еліне міндеті түрде намазға айналдыруға да болмайтын еді. Себебі мұндай жағдайда халықтың сүйегіне сіңіп қалған християндық, тәураттық діндердің ескірген ұстанымдарының үстемдігі қалыптасып дінде кері кетудің болатыны да ескерілген еді. Сондықтан мұндай діннің тура жолын толықтырып жалғануды Арыстан бабамызға құрмамен аманаттап, түркі еліне исламның қалған құлшылықтарын яғни барлық діндермен бірлігін қалыптастыруға Ясауи бабамыздың аманатталғаны да мәлім жағдай. Себебі түркі елінде христиандық, тәураттық  және басқа діндердің барлық белгісі болғанымен белгілі бір діннің үстемдігі орнай алған жоқ. Бұл да Раббымыздың соншама ғасыр елегінен өткізіп дайындаған құдай халқының сипаты да еді. Бірақ бұл бірленген сопылық дәстүрге айналған намаздардың орындалуы да ол уақыттарда жалпы халықтық үрдіске айналмай, тек дәстүрлік және ғұрыптық сипатта қазақ тарихында сақталып білімді заманның келуіне қарай, мұны енді жалпы халықтық тұрғыда орындайтын намаздарға айналдарумен  әлемге де исламның хикметтерін жария қылу, діннің тұтастығын қалыптастыру да ата жолының ақ бұлағы қазақ елінен қайта бас көтергені де хақ. Осы тұрғыда енді «Жерден Мәді шығады, ал аспаннан Ғиса түседі» деген әлемнің күткен барлық 9 дәуірлік уақиғаларының тоғысы да, өлілердің бас көтеріп аянға, уақиға жалғанып тағдырлық кітаптың оқылуы да негізінен Ғиса пайғамбарымыздың рухының бейнеленуімен, інжілдік елшілердің істерімен халықты рухани тазартып сауықтыруымен және Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыздың жын мен шайтанға айналған адамзатты бағындырып тазартумен, Мұса пайғамбарымыздың жаратылыс сырын меңгеру сияқты түрлі хикметтерімен жалпы жаратылыс әлемімен байланысқа түсіп, рухани қуатпен жанды жетілдіру мен намаздардың бәрін енді исламдық тұрғыда Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннетімен біріктіріп құран арқылы ғана орындау керек болды. Осы тұрғыда пайғамбарымыздың; «Сахабалар жолын ұстаныңдар», «Қандай да бір намаздардың, құлшылықтардың да ортасын ұстаныңдар» деген өсиеті және тура жолдың шарты бойынша төрт кітаптың да және барлық діндердің де ортасы інжіл және Ғиса пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен сүннеттері болғандықтан қазақ дәстүрінің негізі де осы інжілге Ғиса пайғамбарымыздың тылсыммен байланысқа түсу қағидаларына, сумен тазарудан, Мұса пайғамбарымыздың тау-тастан өтіп және отпен тазарудан өтумен, құрбандық қаны арқылы ақталудан өтумен байланысты болғаны да солай орындалғаны да сөзсіз.Бұл енді ата жолының үшінші міндетті қағидасы болып және зияраттаудың да қағидасы Ғиса пайғамбарымызға, Ыбырайым пайғамбарымызға берліген кітаптарға, нұсқауларға сәйкес атқарылғаны да ата жолында негізінен солай намазға айналғаны да даусыз.

4. Сонымен ислам барлық діндердің бірлеушісі яғни адамзатқа керекті барлық құндылықтар да, қасиеттер де,  нығметтер де ислам дінімен толық нәтижесін беру керек. Осы тұрғыда қазақ ата жолы болып Ясауи бабамыздың қалап кеткен ілімі, енді пайғамбармыздың барлық сүннеттері мен құранның аяттары мен ғылымының бүгінгі замандық тұрғыдағы адамзаттың барлық қажеттелігімен рухани құндылығын толық ашумен нәтижеленуі де шартты болды. Сондықтан аятта; «Оларға; «Сендер, бізге (ғазилық, шаһидтік) екі игіліктің біреуінен басқаның келуін күтесіңдер ме? ..» (9-52) Бұл аятпен адамзатқа шаңырақтағы игілік және іс басында болуға Алланың досына айналуға деген екі игілікті ескертеді. Бұл исламдағы жоғарғы 5-ші жазбаларда ескерткендей ата жолында 9 жылдық сынақтан өтумен тәубалық құлшылықтан пайда болатын игіліктер болса, енді 11-санына байланысты; Бір дегенім білеу-білім; Екі дегенім егеу-еске алу-Ес; Үш дегенім үстік-Үндік қасиет; Төрт дегенім төстік-Қол өнер; Бес дегенім бесік-Тербеліс, Алты дегенім асық-Қадам, адымдау; Жеті дегенім желке-Қасиет; Сегіз дегенім серке-Шеберлік; Тоғыз дегенім торқа-Түйін шешу; Он дегенім оймақ-Орта қоғам; Он бір —қара жұмбақты шешу болып осыған да байланысты енді ата жолының Шәкәрім атамыздың насихаттап кеткен екі түрлі бәйшешек бақшасының біріншісі; Атымтай Жомарттық яғни жүректің тақуалығы жомарттығы болса, бұл рухани қуаттарды меңгерумен байланысты; Екіншісі- ғылым, білім, ақылдың, иманның толық бейнеленуі және ұлттық діл білімімізді, дәстүрімізді жетілдіре отыра, қандық, жандық негіз- діл білімін жетілдіру жандық қуатымызды өсіру болмақ. Сонымен қазақ елінің ата жолы ата дәстүрінің өсірген бақшасына барлық әлем дінінің рухани жемісі де табылып, қандайда бір мейлі; будда, кришна, христиан, тәураттықтар мен исламдық масһабтық, сопылық бағыттардың бәрі ата жолында тоғысуымен, өздерінің іздеген рухани жемісін қазақ елінен табуы керек еді. Бұл енді хикметтермен, мұғжизалармен дарынды, қасиетті қазақтың ұл, қыздарын дайындаумен ерекшеленуі де керек болатын. Сонымен бұл әлемнің іздеген Отырар кітаханасында Шыңғысхан бабамыздың жаптырып тығып тастаған, бағасыз қазына байлығы болған, әлемдер шежіресін теріге  жазылған 5-ші кітап болып, Мұхаммед пайғамбарымызға Укаша атамыздың апарып оқытып шариғаттың негізін қалаған, пайғамбарымыздың елшілік істерінің кітабы болған; «Ізбөрі» аталған кейіннен пайғамбарымыз «Бестаңба» атаған кітабына қосылу біздің ұлтымыздың негізгі мирасы, аманаты да еді. Осындай әлемдік тұрғыдағы барлық діндердің ислам арқылы, құран арқылы бірленіп, оның негізгі жетуге тисті жетістігін, шыңын бағындыра білген Ясауи бабамыздың 10 түрлі сатыдан, рухани үңгірлерден, кезеңдерден өтіп біздерге негізгі жолын салып пайғамбарымыздың тура жолымен жалғап кеткені және енді мұның арасындағы барлық масһаб болсын, дін топтары болсын ерекшелігін, өз ұлтына сай жобасына тек құдайдан уахи арқылы елшілердің ғылымдағы сопылық қасиеттерді меңгеріп, ғылымдағы жетістіктері арқылы ғана хикмет пен мұғжизаларды меңгерумен ғана тура жолдағы ісін дәлелдеуі де шартты болу керек.                                                                                                                                                                                                                          Енді қазіргі таңда осы ата жолының ғылымын дәлелдеп және әулие бабаларымыздың ізіне еруге тырысып бағып, құдайлық уахиды, аяндарды орындап намазға айналдырумен салыстырмалы түрде ата жолының да өз ішіндегі түрлі топтарға бөлінгендермен де басқа қандайда бір масһабтық, сопылық және өзге әлем діндермен де таразыға түсуге құдайдың еркін, хикметін көрсете алуға жетістікке жеткен топ басшысы менің өзім 15 жыл ішінде әлі 3-ші ғана сатысынан өткенімді білгендеріңіз де жөн. Ал енді қалған 7 сатыны қашан, қалай, қанша уақытта өтуге болады, олардың нығметтері қандай болады оны құдай қаласа болашақта жеткен белесімізге қарай баяндап отырамыз. Бірақ енді осы үш сатыдан, үңгірден өту арқылы қандай нығметтерге, хикметтерге жетуге болады оны алда қысқаша баяндап көреміз. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *