Құдайым қазағыма берген нәсіп,
Қарекетпен адал еңбек қыл деп кәсіп.
Ашкөздік, көңілі толмас пенделер көп,
Біліммен ақыл тауып сынайды желдей есіп.
Қазақ қана бар байлыққа еге деген,
Бөліскен надандық деп бөтен елмен.
Еркіндігі ұлтыңның дүниемен жетіледі,
Болашағын болжайды елдің ой жорумен.
Дүниенің көрмек керек әрбір сыйын,
Мал, мансап іздеумен құрып жиын.
Ұлтжандымыз деп өздерін дәрежелеп,
Байлық, ақша пұлмен өлшеп елдің күйін.
Күндеп, міндеп қарғаған ел билікті,
Жындылар көп ұмытқан ар, естілікті.
Дүниемен ел тағдырын түземекші,
Құдайдың сынағын түсірген кедейлікті.
Бірі кедей, бірі бай дүние малға,
Құдайдың несібе сыны бұл амалға.
Байлар көп ар, ұятқа жарымаған,
Кедей бар жан дүниесі жарық болған.
Қанағатсыз аш көздік арсыз надан,
Байлық жинап баянсыз өмір қуған.
Қанағатшыл кедей болған жүзге артық,
Құдайының көзі түзу болған қорған.
Қызықтырып, қыздырып дүниеменен,
Тайынбайды елді есіртіп ештемеден.
Ағайынның дүние үшін басын жарып,
Ел билемек кедей мен байды теңеуменен.
Кедей емес, білім мен өнер білген,
Таусылмайтын бұл дәулет кемелденсең.
Құдай жолын меңгеріп қанағатпен,
Мәңгілік өмір байлықты иемденсең.
(Сәуір 2014 жыл)