Өзіңнен бастағаның жөн болар

Бөлім: Ғибратты әңгімелер 144

Алыс бір елде әділ қазы өмір сүріпті. Бір күні сот мәжілісінде алдына бір дана күлше нан ұрлаған кедей келтіріледі. Байғұс кінәсын мойындап: «Аштан өліп бара жатқаннан кейін амалсыз ұрладым» — дейді мойны салбырап. Қазы: «Ұрлыққа барып, қылмыс жасағаның үшін бәрібір саған үкім шығаруым керек» — дейді де: «Жағдайыңа байланысты саған 10 дирһам айыппұл салынады. Алайда төлей алмайтының себепті айппұлды сенің атыңнан мен төлеймін» — дейді. Жиналған қауым таңданыс толы жанарлармен қазыға көз тігеді. Қазы шынымен-ақ қалтасынан 10 дирһам шығарып, қазынаға өткізуге бұйырады. Сосын көпшілікке бұрылып: «Арамызда аштықтан нан ұрлауға мәжбүр болған адам жүргендіктен осы отырған әрқайсысыңызға 10 дирһамнан айыппұл салынады» — дейді.
Лезде мәжілістен 450 дирһам жиналады. Қазы ақшаны әлгі кедейге береді.

****  *****

Өзгерместен бағыну
Ши-Чен-Ци Лао-Цзыды көріп, оған:
-Тақсыр, мен сізді дана адам деп естіп, жүздесейін деп арнайы келдім. Мені жолдың ұзақтығы да тоқтата алмады, жол-жөнекей жүздеген керуен-сарайлардан өттім, аяғым тілім-тілім болып жарылып кетті, сонда да тоқтаған жоқпын. Енді қарап тұрсам сіз ешқандай да дана емес екенсіз: тышқанның інінің алдында шашылып жатқан күріш қалдықтары, оны қалай болса солай шашып тастау – обал! Сізде шикісі де, піскені де тола екен, ал сіз тоймай жинап жатырсыз, жинап жатырсыз,-деді.
Лао-цзы сыр берген жоқ, былқ етпестен үнсіз қалды. Ертеңіне Ши Чен ци Лао-цзымен тағы кездесті, сөйтіп:
-Кеше мен сізді кекетіп мазақ еттім. Ал бүгін жүрегім сол нәрсені қаламай тұрғаны несі екен?
-Мен өзім де көреген, дана адамдарды тез ажыратып танып қоятындардан құтылдым деп ойлайтынмын,-деп жауап берді Лао-цзы. –Егер сіз мені кеше өгізсің деп атасаң, мен иә өгізбін деп; мені жылқысың деп атасаң, иә мен жылқымын деп өзімді солай атап отыра берер едім. Егер біреуге жолығып оның саған таққан лақап атын қабылдап келіспесең бәлеге жолығасың. Менің үндемей келіскенім жеңіліп бағынғанымды емес, өзгерместен көнгенімді көрсетеді.

*****   ***

Адамдар арасында
Кремень есімді ағаш ұстасы Ци елді мекеніне кетіп бара жатып жол бұрылысындағы құрбандық шалатын жерде бір жуандығы жүз құшақ, тасасына таудай-таудай мың бұқа тығыла алатындай алып еменді көреді. Жерден сексен құлаш биіктікте оның діңі ондаған бұтақтары жан-жаққа тарап тұр еді. Ол бұтақтардың әрқайсысы бір-бір қайың шығатындай еді. Қасына ерген шәкірттері тура бір жәрмеңкеде жүргендей-ақ таң қалып ауыздары ашылып қалады. Ал ағаш ұстасы тоқтамастан, бұрылмастан ағаштың қасынан өтіп кетеді.
Шәкірттері еменге қарап құмарлары қанған соң ұстаздарының артынан қуып жетеді де:
-Сіз сондай Ұлық шебер, неге тоқтамай, бұрылып қарамастан жанынан өтіп кеттіңіз? Қолымызға балта мен шот ұстап сіздің соңыңызға ергелі бері біз мұндай тамаша материалды көрмеппіз, ұстаз.
-Жетті! Үндемеңдер!-деді Ұста. –Одан пайда жоқ. Ол еменнен істеген қайық суға батып кетеді, одан жасалған табыт тез шіріп кетеді, ыдыс болса сынып қалады. Одан қақпа немесе есік жасасаң шіресі ағып тұрады, бағана істесең құрттар жеп қояды. Бұл ағаш құрылыс материалына жарамайды, сондықтан ештеңеге қолданылмайды, сол себепті ұзақ жасайды.
Кремень ұстасы үйіне келген соң, түнде түсінде құрбандық шалар орындағы еменді көреді.
-Сен мені қандай ағаштармен салыстырғың келіп еді?-деп сұрады емен. –Сән үшін пайдаланатын ағаштартармен ба, әлде жеміс талдарымен ба? Міне долана, міне алмұрт, апельсин мен мандарин. Олардың жемістері піскен замат оларды ұрлау, тонау, сөйтіп масқаралап қорлау басталады: үлкен бұтақтарын сындырады, кішкене бұтақтарын жұлмалайды. Сол пайдалылығына бола олар өмір бойы қор болады, табиғаттың берген жасын жасамастан ажалынан бұрын жойылады. Бұл жемісті ұрып, үзіп, түсіру басталғалы бері барлық жеміс ағаштарының көрген күні осы. Міне сондықтанда мен баяғыдан бері ешкімге пайдасыз болғым келді, сөйтіп өліп қала жаздап, бірақ қазір дегеніме жеттім. Және бұл маған көп пайда әкелді! Егер мен жұрттың бірдеңесіне жарасам мен өстіп ұзақ жасар ма едім? Оның үстіне сен де, мен де — затпыз. Бір зат екінші бір зат жайлы пікір білдіріп бағалай ала ма? Сен секілді өлетін, пайдасыз адам пайдасыз затты түсінбейді!
Ағаш ұстасы Кремень оянған соң шәкірттерінен түсін жори бастады. Ал шәкірттері:
-Құрбандық шалу орнындағы емен ешкімге пайдасыз болғысы келсе неге ол дәл сол құрбандық шалатын жерге өскен?-деп сұрады.
-Оттамаңдар! Ауыздарыңды жабыңдар!-деді шебер. Ол надан адамдар тіл тигізбесін деп дәл сол жерге өскенді. Егер дәл сол жерде құрбандық шалар орын болмаса мүмкін осы уақытқа дейін біреу-міреу шауып түсірер ме еді? Дегенмен басқаларға қарағанда ол басқа себеппен ұзақ өмір сүрді. Біз өзіміздің күнделікті өлшемімізбен өлшесек ақиқаттан алшақтап кетпейміз ба?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *