Замана толғауы  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 125

Жақсы менен жаманың,

Білмеген парқын заман-ай.

Ақыл болып білімің,

Тәрбиесіз өскен заман-ай.

Арсыз қатын билікте,

Ақыл айтқан заман-ай.

Жаулық тартқан нәзікті,

Айыптаған заман-ай.

Білімді болған пендені,

Дана қылған заман-ай.

Көтін ашқан қыздарын,

Сұлу деген заман-ай.

Жындылықпен өнер ғып,

Жұлдыз болған заман-ай.

Бір нәрседен тарықса,

Биліктен көрген заман-ай.

Бірлігін ұлттар қоштамай,

Дүрліктірген заман-ай.

Байға тимей қыздарың,

Қараланған заман-ай.

Бастың кетіп қадірі,

Санаң азған заман-ай.

Қолдан аруақ өне алмай,

Наданданған заман-ай.

Жалаң аяқ, дамбалмен,

Ұрық азған заман-ай.

Әйел жылан, ерің ит,

Неке құрған заман-ай.

Төсектен әйел у беріп,

Жынысың азған заман-ай.

Қаны азған арсыз қатынды,

Жарым деген заман-ай.

Дертсіз бала туылмай,

Қасірет болған заман-ай.

Жасы үлкенді сыйламай,

Масқа айналған заман-ай.

Әйел ерге тең көрген,

Қулық шыққан заман-ай.

Тілің бар, сөз түзелмей,

Мәңгүрт болған заман-ай.

Дінсіз билік болдық деп,

«Құдай» болмақ заман-ай.

Асыл сөздің қадірін,

Ғалым ұқпас заман-ай.

Дүние байлық бақ көрген,

Залым туған заман-ай.

Уақыттан озып асырмақ,

Жынды болған заман-ай.

Шет жұрттың бар өткенін,

Болашақ қылған заман-ай.

Дін басына залымдар,

Елді аздырған замана-ай.

Дәстүрің, аруақ қорлаған,

Таңба салған заман-ай.

Ар білімнен сұрау жоқ,

Ата заңың болған заман-ай.

Атадан қалған мирас жоқ,

Ел басқартқан заман-ай.

Сөз айтқанмен ақылдан,

Тыңдалмай тұрған заман-ай.

Нәзіктер жаны жоғалып,

Жәндік қылған заман-ай.

Емдетіп дертін ақшамен,

Мақтан қылған заман-ай.

Кәрі орнына жас өліп,

Тегің азған заман-ай.

Арсыздыққа қарсы тұр алмай,

Датың тұрған тыңдалмай

Шарасыз болған заман-ай.

Дәстүрін тоймен бағалап,

Мазақ қылған заман-ай.

Ат аттап, сүйек сындырған,

Шариғат шексіз жол болған

Дін масһаб болған заман-ай.

Екі күнін ұрлап ұлтыңның,

Жоғалтып киесін рухыңның

Тажалдық құрған заман-ай.

Арыз айтсаң жетпейтін,

Сөз сүйекке өтпейтін

Билерің керең заман-ай.

Ел билеуші төрелер,

Парақор болған заман-ай.

Құдайдан сынақ түскенмен,

Аруағын көріп жалғанбай

Қарсылық қылған заман-ай.

Өлісін риза қылмауға,

Артық хайыр қылмауға

Тиым да болған заман-ай.

Зар жылап, қайғы тұтпайтын,

Құрбанның қаны шықпайтын

Үй болмайтын заман-ай.

Біртұтас адамдар лағнетін

Пендесіне сенімсіз жүктейтін

Арқалап кетер заман-ай.

Заманым сенде кіна жоқ,

Жамандықты құдай салған жоқ.

Бергенін құдай алмайтын,

Қазақпыз жүрген жарамай.

*****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *