Үлкендердің уайымы,
Ақирет болмақ керегі.
Ендігі үлкен қайғысы,
Ішім-жем мен керегі.
Құдайсыз қурай сынбайтын,
Даналардың дерегі.
Арсыздық жайлап еліңді,
Қиямет сыны төрледі.
Өзіңді-өзің түземей,
Елің сынық келгенді.
Дерттеніп ұрпақ туылған,
Болашағы болмай өледі.
Қарынбай да осылай,
Мақтанып болдым дегенді.
Не қалды сонша қазынадан?
Тұқымы жоқ, жерге енді.
Арсыздықпен күреспей,
Тажалдың болып себебі.
Дүние-байлық қайғысын,
Жыр арнап кім себеді?
Есті адам шүкірмен,
Қанағатшыл келеді.
Ашкөзденіп құтырған,
Бөрідей болмас керегі.
Хайуандық пен адамдықты
Махаббатпен бөледі.
Құдайдың алып жобасын,
Сөз айтқан нағыз ер еді.
Ескіліктің қайғысын,
Арқалап есек келеді.
Мінсіз деп бұрын аталар,
Тарихты надан түзеді.
Құдайдан демей уақиға,
Орыс, қалмақ жауыз деп
Кінәлап надан тізеді.
Құранның бар аятын,
Жамандық келсе өзіңнен
Екі қол тағдыр ісіңнен,
Үкімін кім біледі?
Дінін ұлттың сөз қылып,
Тілмен ғана өреді.
Төбеден тоғыз төрені,
Меңгермей үлкен дана боп,
Елге билік береді.
Қызыңда қырық қожасыз
Ардан сұрау ұятсыз
Масһабпен намаз оқумен,
Дәуіт қой қалған сиясыз.
Арсыздықты өзінен,
Жындылықты мінезден,
Тазартпай текті болар ма?
Құлшылық және намазбен.
Таза ойдан хабар жоқ
Дәстүрі ісі тоба жоқ
Ата жолдан жоба жоқ.
Көкке жаны шықпаған
Құдаймен жүрген араз боп.
Төрт ақылы тола алмай
Ақыл айтып дана боп,
Басын жыннан тазартпай
Дәстүрден үлгі сана жоқ.
Ашу-ыза, ойбаймен
Ұлттың тегі пара жоқ
Дос болмаған Абаймен.
Атау сөзді бұрмалап
Тіл мен ойды жұлмалап
Ой жорыған жан талас
Қон деп атқа аттандап.
Ессіз доңғой үлкен көп
Жастардай сөзі жындылық
Көшеге шығып бас жармақ.
Атағы бар мақтаншақ,
Тектімін деп жар салмақ.
Надандықтың белгісі,
Жастардан дін салт алмақ.
Жан мен рухтың шамасын
Жоқ ойында ажыратпақ.
Біліксіз өңкей надандар,
Ел билеп заң жазбақ.
Арсыздықты салт қылған,
Мәңгілік ел аталмақ
Қазақ қайдан ұлт болмақ?!
(қыркүйек 2014 ж)