Қыз кезінде бәрі жақсы ма?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 110

Өлең авторы С.Сейтман.

Гүлді қорлап, қызды зорлап,
Ару жанын түсінбей. 
Ағайынның талайының
Боп жүр өңі – түсіндей.

Бұл — қыз деген, үлпілдеген
Бақыт құсың қолдағы,
Мәнді баптап, мәңгі сақтап
Қадірлесең болғаны.

Қирап еріп, тұрмас берік,
Тау соқсаң да, мұзбенен.
Сол сияқты, бор сияқты,
Бір нәзік зат — қыз деген

Су бар ма, — деп, құрауға бет,
Бұрған гүлді шөлдеп тым.
Қызып анық, үзіп алып,
Қорлық жасап көрмеппін.

Жаңбыр сынды, әрбір гүлді.
Иіскеуден аулақпын.
Ұнады ма, құлағына,
Бірден сырға салмақпын.

Жер бетінде, тербетілген.
Қызғалдақ көп — Қыз деген.
Бірақ, шыным, бір ақ гүлім,
Табылмай жүр іздеген.

***  ****

Жауап

Қыз  гүліңді менсінбей,

Ару жанын түсінбей.

Жүрсің дейді қорлап,

Өңі емес, бұл түсіндей.

Рас, гүл көп қызылды,

Қарашы ерке қызыңды.

Гүл емес шөлдеген,

Арам шөп сықылды.

Шашы жатыр жиналмай,

Аурудан ұзақ тұрғандай.

Кеудесін ашып сап,

Емсін,деп сұқтар қиналмай.

Қыз емес періге,

Жалаңаш теріге

Лыпа тұр әйтеуір,

Дегендей көрдің бе?

Анау тұр қызың ба?

Әлде еркек жының ба?

Талтайған тұрысы,

Қыз емес жүрісі.

Шора қыз гүл болса

Ондайды жұлуға

Батылың бар ма,

Әлде искеп тұруға?

Гүлде бар жапырақ,

Өзіне жарасад.

Күн беріп шуақты

Гүл нәрін қорғамақ.

Ендігі қыз гүлің,

Тастаған киімін.

Терісі қалыңдап,

Хайуандай иісін.

Бастары нәзіктің,

Гүл емес ошаған,

Әкесін кәріп қып,

Мирасын тастаған.

Ал бар ма гүл бағың,

Нәсілге тұрағың?

Жар қып ал, арсызды

Осы енді қосағың.

Жаға алмай ошағын,

Ыспенен сасытып

Улаған қосағын,

Қатындар көп қазағым!

***   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *