МЕН ЖҰМАҚПЫН, СӨГЕ КӨРМЕ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 44

Мен бір жұмбақ жанмын пенделерге,

Қылмасам да сараңдық, айтар сөзге.

Сөздерім көп, бірі суық, бірі отты

Түсініксіз сөз де айтамын, кімдер ұқты?

Кейде санмен сөйледім, жұмбақ қылып,

Өлшемі осы деп, мысалды аят қылып.

Қатты айтамын, арсыздық пен ұят істі,

Надансың, деп әдет қылсаң бұл жұмысты.

Атаңның жолы емес, деп қарсы болдым,

Ханафилық масһабқа, емес, деп тура жолың.

Жақтырмайды   айтасың, деп жамандықты,

Түзеледі өздігінен, дегендей болмас сорың.

Ел биліке айтып жүрмін аруақтардан аманатты,

Қайтар деген екі күнін, руханият-тарих атты.

Өзгерт деген, дінен бөлек құдайсыз саясатты

Және тый,деп, әулиесін басқа, деген бұл мазақты.

Болжаммен жоба білген пайғамбар намаздарын,

Мазақ қылған дін ғалымдарды сынға алдым.

Жүректері мөрленген талай сөз мамандарын,

Сынадым сан ғылыммен,  мысал беріп даналардан.

Талайлардың қайғысына мендей ортақ болсаң,

Жын-шайтаның сырын біліп, тұзақ құрсаң

Себебін әрбір күнә істердің, соңын білсең,

Көрер едім,  жүрегіңді қайғыға шыдап тұрған.

Мен бір жұмақ жанмын бағынышты арғы жаққа,

Мұсадай болдым, тілдескен тау мен тасқа.

Тылсымның талай жұмақ есіктерін ашып жүрген,

Ясауидей күнде сапар шекен жұлдыз жаққа.

Арыстандай бабамен шежірені өткен араладым,

Талай өткен уақиғалар шындығын сараладым.

Һарун болып, Мұсаға да ел кезіп, еріп жүрдім,

Еділ, Есіл балаларының еншісін де бірге бөлдім.

Мен бір жұмақ жан, болашаққа талай өткен,

Қайғысын алда тұрған адамзатың көріп келген.

Жұт болып, жердің жүзін, қайғы басып,

Қорқыныш оқиғалар сипаттарын едім білген.

Жоғалған тұтастай, суға батар елді көрдім,

Жеті жер уақиғасын аралап және көрдім.

Қираған Алматыдай бүгінгі әсем қала,

Қайғысын туыстардың көрсең не етер едің?

Білемін адамзаттың  арсыздықтан жоғалатын,

Араңда жүрген талай, бауырың дін қандасың.

Бүгінгі дүние мастар, ертеңгі күн аштық жайлап,

Есебін бертұғын, құдайға күнде жақын.

Осылай елдерге келер түрлі апат жұтты көрген,

Мен бір жұмбақ жанмын қалқам сөкпе бірден.

Жүністей пайғамбардан несібе балық алып,

Іздеп жүрмін, тоқал алып сыйға берсем.

Қорқыт баба, Марал бабалардан хикмет көріп,

Текті ұрпақтар нәсілі жұлдыздан жерге түсіп,

Батамен қазақ әулиенің, көгеріп көктемекпіз,

Жаңбырмен тірілесің, бәйшешектей жерден өніп.

Мен жұмбақпын, бағалама түріме менің қарап,

Не табасың ескірген тәннен, жамап, жасқап?

Жаным бар, нұр суын жардан ішіп келген,

Рухым да жүр досым боп, менімен бірге өскен.

Пір Бекетей бабама да іздеп талай бардым,

Талай істің шешімін бер, деп сұрап алдым.

Отырардың байлығын күзеткен Ізбөрі анамыздан,

Бес таңба атты кітабын да сұрап алдым.

Мен жұмақпын, сенбесеңде Мұхаммедпен,

Жолыққан, қолын алып кәусар өтіп хикметпен.

Аманатын адамзаттың, асыл тектің алып келдім,

Сүнетімде түгелдеңдер, дегенді өзі үйреткен.

Жердің рухы-кемпір, анамызға сәлем бердім,

Үстіне киген қазақша, қамзол киім екен.

Және көрдім Ғисаны сауыт киіп көктен келген,

Садықтай атамыздың алдына барып, сәлем бердім.

Мен жұмбақпын, Адам мен Хау анаға сәлем берген,

Дәуіттей атасынан бата алып, мақаммен ісін білген.

Сүлеймендей патшадан желіне шығып көрдім,

Нұх бабамнан кемедей қара тұлпар мініп келдім.

Мен Жүсіптей пайғамбарға жалғанғанмын,

Талай жұлдыз және күн, ай сәзждесін бағаладым.

Өзге жерден туыс ағайындарға жолықанмын,

Бұл қалай деп, олардан да сауалыма жауап алдым.

Талай шығып айға да, нұрына шомылғанмын,

Жұлдызға шығып, талай сәуле қолыма алдым.

Есің ауысқан, деп айтшы, мұныңды мүмкін емес,

Неге десең, шариғатпен діні ісі жол болған емес.

Құдай ісі, хикметпен заман дәуіріне жалғанғанмын

Сен ғайыпқа, мен көмес,бар, растыққа табынғанмын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *