X-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 134

     Сонымен Иман: 1.Ақыл; 2.Пайымдаушылық , ойшылдық; 3.Ізеттілік; 4.Көркі өзіне сай (жасына, жынысына, атақ, дәрежесіне сай болу);5. Ізгілікті (жомарттық, мейірімділік) болу. 6. Сабырлы болумен толық имандылықтың  6 шарты болу керек. Ақылды меңгеру және оның қызметшілері (зейін, зерде, зеректік, жады, жат, жете, сана) санамен ерекшіліктері адамзаттың жаратылысына байланысты қуаттық туралы «Жын –шайтандар философиясы», «Құлшылықтар философиясы» атты жазбаларда талқылап өттік. Сол сияқты жалпы қазақ дәстүрінің имандылық ерекшелігінің, оның меңгерудегі әрекеттердің сипаты Абай атамыздың 45-қара сөзімен, пайғамбарлық қасиеттермен байланысты жетелік тұрғысында түсіндіріліп, жазылып баяндалып та жатыр. Жалпы Абай-Шәкірім аталарымыздың философиялық пайымдаулары жоғарғы дәрежедегі саналық, арлылық, парасаттылық  қуаттарды меңгеру тұрғысында жазылған соң, мұны біздердің білімді аталған қауымдарымыздың түсіне алмауы да сөзсіз. Мұндай жағдайда иманның 6 шартын түгелдеген жасы пайғамбар жасына үлкендікке келген, зиялы қауым өкілдірінің  сан ғылымын меңгеріп, дүние ісінен жалығып саналықтың ауылына қадам басуы түгіл қарапайым масһаб білімін де толық біліп мүміндікті меңгергендер аз. Ал саналық 6-шы дәрежелі даналыққа тән болған иманның қуаты сабырлықпен байланысты болып, сабырлықтың жоғарғы дәрежесі ілімді болумен, кітап алып,  ақирет өмірін себептерін анықтап ерекшеліктерін ажыратып түсінумен байланысты болуы шарт.Пайғамбарлар ішіндегі ең жоғарғы білімді болған, перғауын елінде өмір сүріп, әлемнің бар құпия сырларына қанық болған Мұса пайғамбарымыз да Алла тағалағаның сынағына түсіп, білімді, ілімді адам баласымен кездесуді қалап Қыдырмен жолығады. Сонымен 3 түрлі; қайғы-қасіреттен сақтау, ұрпақ беру, несібе ризықты ата-ана мирасын беру сияқты, тылсымнан қанатты адам періштелері  аруағы арқылы атқарылатын сыннан сүрініп, өзінің сабырлылық иманының әлсіз екенін мойындайды.  Қазақта мұндай тылсымнан ілімді кісілермен кездесуді Ғайып Ерен Қырық шілтен атаған. Сондықтан иманның қуаттылығын меңгеру үшін «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген батаның масһабшылар терістегенімен, құранда ашық  аяттарымен бекіген  ақиқаттан хабар беріп тұрғаны да сөзсіз. Мұны түсіну, мойынсұну үшін де танымдық ақыл, жетелік керек.

Олай болса, енді 4 ақылды қырыққа келгенше түгелдеп иманның екінші дәрежесі болған ойшылдықты меңгерудің де өз сыры болып Шәкәрім атамыз; «Қырықтан соңғы иманым-Отыз жылдай жиғаным. Көп ғалымның сөзінің Ақылға салдым сиғанын. Молдалардың әдісін, Пайғамбардың хадісін. Әулиелік жәдісін, Алмадым ақыл тиғанын. Айтса да қандай ғалым зат, Дәлелсіз болса, бәрі ағат. Даусыз таза хақиқат Жолында жанды қиғаным. Үйретсем иман адамға, Әлімге, мейлі наданға. Қолы жүйрік көзі өткір, Көңілі соқыр шабанға. Түзетсем оның тілегін, Тірілтіп өлген сүйегін. Жұлып алсам жүрегін, Кеудесін басып табанға. Айқын аққа көнбейді. Теріс деп дәлел бермейді. Көкейіне енбейді Құлағына құйғаным. «Білмеймін» деген иман ба? Ол ақылға сыйған ба? Жасырады иманын. Философ сөзін оқыдым, Талайын ойға тоқыдым. Кітабында көргенмін Әулие менен сопының. Бәрін де сынға салғанмын Керектісін алғанмын. Ашып алып тастадым Таз басының қотырын. Саяз ақыл бас ұрған, Мақтауын көкке асырған Жаба тоқып жасырған Талайдың жардым шиқанын. Ақылдан адас қалмаймын, Дәлелсіз сөзді алмаймын. Бос жетекке бармаймын Көтермеймін қиқаңын!»  Сонымен иманың 40-тан кейін ғана 30 жылдың ішінде пісіп жетілетінін, сондықтан әр ұлттың имандылығының көрінісі қырыққа толмаған білім қуған жастарда емес, керісінше ақсақалдарда, зиялы қауым өкілдерінің пәтуаларында көрініс беруі тиіс. Иман ұлттық көркем сөз өнерімен, пайымдауды меңгеруден ғана пайда болатынын аятта; «Мұнафық (екі жүзділер)…Олар жүректерінде болмағанды ауыздарымен айта береді. Негізінде Алла, олардың жасырын нәрселерін жақсы біледі.» (3-167) Ал жүректен сөз шығу, жүректен сөйлеу үшін өлі сүйектерді тірілту, қанды және 40 түрлі ақыл ошақтарын тазартып иманның жемісін де өсіре білу керек екені сөзсіз. Ал мұндай жағдайда өлген сүйекті тірілтуге де ұзақ уақыт тазарудың, ақталудың маңызы да зор. Әйелзатына; 1. Құлақ бездері (құлақ асты екі без жаулықпен жабылу шарт) есту қабілетін жетілдіру бастың тазалығымен тікелей байланысты болмақ. 2. Ұйқы бездерінің тазалығынан жан өрісін дамыту, ойлау қабілеті 2 безге тән. 4. Кеудедегі 7 түрлі бездердің, тыныс алу, жүрек соғу, омырау, өңеш тазалығы, жүрек қалқаншаларына, нәр беру жүйесіне, ойлау жүйесіне таза қуаттардың зейнеттелуін қамтасыз ету керек. 5. Ас қорыту жүйесінің тазалығы. 6. Ішкі құрлыс; бауыр, өт жолдарының тазалығы. 7. Жатыр бездері. 8. Қуық бездері. 9. Бүйрек , нәжісс тамырларының бездері.  Осы орындардың тазалығынан, ауырмауынан ғана әйелзаттарының иманы толық, ұлттық ділі бар болып саналады.

Бұл орындар әйел затының жан үйлері болып қандайда бір жалаңаштық, ұятсыздықпен ата салт-дәстүрінен, шариғат үкімдерінен бас тартудан аз, көп осы орындар қара қуаттармен жүктеліп, әйелзатының бүгінгі таңдағы барлық қайғы-қасіреті туындайды. Аятта; «Қалада негізінен бұзықтық жасайтын 9 кісі бар еді» деп астарлы түрде әйелзатының арсыздығынан, имансыздығынан бүлікшілдіктің негізін қалайтын өрістердің ықпалына түсуден адамзаттың азғындауын туындатуы да хақ. Негізінен шайтанның ықпалы 15 санымен белгілі болып, Мәшһүр Жүсіп атамыздың «Ғиса пайғамбар мен шайтанның саудасы» деген өлең насихатында баяндалады. Ал олай болса мұның тоғызы әйелзатымен байланысты болса, енді 6-ауы ердің жан үйлерімен байланысты болмақ. 1.Ойлау қабілеті. 2. Іскерлік. 3. Белді таза ұстау. 4. Табанның ағарып нәрлі болуы, тамырларының өсіп, ұзарып жетілуі. 5. Бел қуатының нәрлі болуы. 6. Желке тұстың тазалығына байланысты да болып, неке арқылы осындай қуаттардың алмасуы өзара тазаруының да иманға тікелей әсері бар. Енді ақылды болып, білімді аталып, бірақ мінезіміз оған сәйкес болмаса онда иманның 4-ші тұрғыдағы қасиеттілігі де жоғалады. Бұл дәрежені меңгерген Сүлеймен пайғамбарымыз болып, қаншама әлемнің бар байлығын, құдайдың нығметтерін сыйға алғанымен көркем мінезімен асып таспаудан бойын аулақ ұстай да білген. Ясауи бабамыз да бұл сырды; «Қойшы мен патшаның киімі бірдей болу керек» деп астарлап кетіпті.   Қазақтың дәстүрінде бұл иманның сипатын «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, Еркек тұрып, әйел сөйлегеннен без», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп ұрпақтарды иманды қылып тәрбиелей білгені де сөзсіз. Ал қазіргі білімді жастарда әсіресе дінді меңгергендерде «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғыстың әсеріне түскендіктен  иманның бұл сипатынан да мүлде жұрдай екені де жасырын емес. Сонымен иманның бұл 4 сынағының сырын Інжіл жазбаларынан;«Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынығынан өтуі үшін айдалаға апарды. Сол жерде қырық күн, қырық түн ораза тұтып, Иса әбден ашықты. Сонда азғырушы шайтан әзәзіл Оның қасына келіп: -Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра көр! –деді. Иса оған былай деп жауап қатты; -Киелі жазбада «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді.» деп жазылған ғой! Мұнан соң шайтан Оны қасиетті қалаға (Иерусалимге) апарып ғибадатхананың төбесіне шығарып былай дедеді: -Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, төмен қарай секіре гөр! Өйткені Құдай киелі жазбада «Періштелеріне Ол Сен туралы бұйрық береді. Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін олар Сені қолдарына көтеріп жүреді» деп жазылған ғой. Иса оған жауап қайтарып; —      Алайда «Құдай Иеңді» еркінсіп сынама!» деп те жазылған ғой!-деді. Содан кейін шайтан Исаны тағы да ертіп бір биік таудың басына шығарды. Оған әлемнің барлық мемлекеттері мен олардың сән-салтанатын көрсетіп: -Егер аяғыма жығылып табынсаң, бұлардың бәрін де Саған беремін,-деді. Сонда Иса;-Кет қасымнан, шайтан! «Құдай Иеңе ғибадат етіп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп жазылған ғой!-деген жауап қайтарды. Мұнан соң шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Ал періштелер келіп, Исаға қызмет көрсетті.» (4-ші тарау Лұқадан)

Мұндай тақуалықтан өте білу аянның сынақтарынан сүрінбеуді қазақ ғұламалары, әулиелері жетік меңгерген және; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп иманның 5-ші қуатының киелі рухтан иманның сипаты болған Ғиса пайғамбарымызбен байланыстылығын да ескере білген. Бұл иманның алғашқы дәрежесі болса, ал енді қандайда бір иманның толық 6 шартының сақталуымен «Мен» -елші болып кітапқа айналып оқылса, ал исламнан кейінгі діннің жағдайында қандайда бір иманның 6 шарты толық болмаса немесе біреуі бұзылса, онда иман өзін көрсетпейді. Жалпы иманнан ғана адамзаттың құдайлық сый ішкі «МЕН» атты елшісі қалыптасып жетілу де керек. Мен-дегенміз; Жүректе, ішкі сезім жүйесінде, көкіректе пайда болатын нейрондық айна қуаттары, ішкі жарық шамы болып саналады. Мұндай «Мені» таза жандар жан-жағына шуақ шашып, дұғасы, батасы қабыл болып, Абай атамыз; « Мынау келген Назар ма? Ақсақалы бар ел азар ма? Сұрағының бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма.» деп астарлы түрде насихаттаған. Қазақ еліндегі түрлі жат пиғылға түскен жастардың  жағдайының ушығуы да үлкендер қауымының Құдай ісінен ішкі «Менін» тыңдаудан бас тартуына да байланысты екені сөзсіз. Мұндай жағдайда қияметтік сағат сынағының пайда болуымен, түрлі құдайдан ескертулердің де түсіп жатқанын масһаб білімімен иманды сақтау туралы үгітін алып, ал керісінше замандық білімге қуаттардың өзгерісіне қарай иманды жетілдіру, ұлт бақшасын өсіруге қарсы ақпараттық  соғыс ашып; Шариғат Алланың рахметінен, ғылымынан, кітабынан үстем артық болу керек, Ханафилік дін ісін тәңір жасаумен, иманды, «Менді» Алланың өзін де діншілер  басқару керек деген жалған дін шықты. Оған себеп құдай пендесімен сөйлеспейді, себебі пайғамбардан кейін уахи келу, яғни Алланың пенделеріне бұйрықтары тоқтаған, адамзат имансызға айналып ішкі «Менін» мүлде жоғалтқан, сондықтан енді тек білім арқылы ғана сеніммен иманды басқару керек деген әлемдік экстремизмді заң жүзінде қолдайтын елге айналып алдық.

Бірақ аятта; «Әй адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңе аяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып өзін түзелтсе, оларға қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды.» (7-35) Енді жоғарыдағы Шәкәрім атамыздың имандылық туралы насихатына жіті ақылыңызды жұмсап көрсеңіз, елші деген өз иманымен «Менімен» дос болған құдайдан хабар алып, осы арқылы аянмен салыстыра отыра, заман білімінің ақ –қарасын ажыратушы сопы, әулие ғұлама болып шығады. Және Абай атамыз «Алланы сүй, хикметін сез» деген ескертумен ата жолындағы ашық хикметтердің келуін де серік қосу, иманға қарсылық деп түсіндірген надандарға барлық зиялы қауым өкілдері сеніп ұйығаннан не сөз. Қазіргі таңдағы масһаб білімін меңгеру арқылы жасайтын құлшылығымыз бұл сенімділікті меңгеру ғана, себебі пайғамбарымыз «Сенімді-Әмин» деген қасиеттілігі болғанын да мойындау керек. Жалпы иманның қуатын меңгерудің үлгісі Киелі рухтан-иманнан, Алланың жалғасты сөзінен жаралған Ғиса пайғамбарымыз болып, көркем сөздің киесі болғаны да хақ.  Сондықтан Ғиса пайғамбарымызға тазару, ақталу, түрлі емшілік істер мен көріпкелдіктерді, тоғыз түрлі дарындылықты меңгеруді құранда ашық аятпен  «Сендерге үлгі бар» деп ескерткен. Және бұл жағдай жалпы халықтың күнәдан тазарып, рухани өлімнен өтіп, төрт ақылын түгелдеумен жетелігін меңгеруге, танымдық ақылмен жалғануға себеп болатынын да түс көру арқылы жандарын тазартатын ерекше нығмет, Алаланың рахметі екенін де естен шығармаңыз. Ал, пайғамбарымызға да құраннан тыс заманға қарай аруақтық тылсым қуаттарын меңгерудің имандылықты жетілдірудің кітабын бөлек беріліп оқылғанын  аятта; «Саған кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме!(86) Алланың аяттары саған түсіргеннен кейін олар одан сені (аяттарға амал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да (иман арқылы аян алуға) әсте серік қатушылардан болма!(87) Алламенен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім оған тән. Сондай-ақ оған қайтарыласыңдар.» (28-88)  Құранды мұқият сөзін зерттеген жағдайда құранның әлемге үгіт, насихат, сендерге түсірген деген сияқты ұғымдар пайдаланады. Және аятта; «Осылайша Құранды арапша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін (арнаулы кітап берілгеннен) олардың көңілдері ауған тарапқа (тәпсір біліміне), сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.» (13-37) Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымызға ғылым көзі болып арнаулы кітаптың оқылғанын: ««Саған кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхамет. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме!(86)»  және бұл кітаптың болашақта тақуалықты, сопылықты меңгергендерге де бұл уахидың мирас болуын да ескерткен аятта; «Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағынымзға мұра қылдық..» (35-32) Олай болса пайғамбарымыздың шапғатына жалғану деген осындай тылсымдық иман Кітабына жалғану болмақ. Ал енді тылсымнан келген аяндарды мойындамау, дұрыс жори білмей теріске алу да сөз жүзінде серік қатушылық болады. Бұл Кітапты да кез келген дін ғалымының меңгре алмайтынын да  аятта; «…Және олардан (мұрагер сопылардан, ғалымдардан) әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығы (уахиы) бойынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, Ұлы мәрхамет.» (35-32)  Бірақ мұндай жүздеген ашық аяттарды мысалға келтіргенмен масһаб дін ғалымдарының иманы қашып, жүрек көздері жабық болғаннан кейін, мұны түсінуге тиісті ел билеуші, зиялы қауымы өздерін діннен бөлекпіз деп түсінгеннен кейін де сенімнен қашып, имандарын да шайтанға айырбастап алғандары да хақ. Ал әулиелер аруағын серік қосу, «Алладан басқа» өзі емес  деп түсіндіретін қауымға да арналып, Алланың өзі дегенімізді аятта; «Ол сондай Алла (сипаты), сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейірімді.» (33-43) Олай болса  Абай атамыздың 38-ші қара сөзінен; «Біздердің ақыл қуатымызға (бесінші дәреже танымдық тұрғыда) дәлел ретінде Алла тағаланың сегіз ұлық сипатының белгісі тұрақталып, бұған 99 көркем есімдер берілген. Енді бұл көркем есімдер Алла тағаланың ӨЗІНЕ лайық меншігі және біздің ақылымызға анықтауға білдірген нақты шамалары болмақ. Және бұл 99 көркем есімдер Алла тағаланың екі сипатының шамасын білдіреді. Олар;1. Ерекшелігі, 2.Меншігі және 3.Нақтылығы. Сонымен енді Алла тағаланың сегіз (8) ұлық сипатын «БІР» бірлігі деп, ал 99 көркем есімдері мен бірлігіне дәлел «БАРЛЫҒЫ» деп ұғынамыз. Және сегіз сипатының ішінен;  ғылым, құдірет-«БАРЛЫҒЫ» болып саналады.

  «ХАЯТ» -тірлік сипаты. Барлығына анықтаушы түсінік болмақ. Сонымен; ҒЫЛЫМ; ҚҰДІРЕТ қашанда «БАР» болып, аяты мәлім КІТАП (кісі) болып оқылып, түсіндіріліп, ал «БІРЛІГІ» қалауы болмақ. Алла тағаланың қалауы-«БІР», яғни бірліктер арқылы РАХМЕТ, РАХЫМЫ, ХИКМЕТІ арқылы беретін несібесі мәлім болмақ. Алла тағаланың қалауы ғылыммен ғана болмақ. Ғылым болса ғана бірлігі, қалауы жүзеге асады. Сондықтан ҒЫЛЫМНЫҢ бір сипаты КӘЛӘМ-сөйлеуші. Сөз әріпсіз, дауыссыз болмайды. Ал Алла тағаланың сөзі- ӘРІПСІЗ, ДАУЫССЫЗ. Олай болса, Алла тағала сөзін адамзатқа білдіретін құдіретті сипаты, кереметтілігі көруші және естуші.»    Демек біздерге масһаб діншілерінің «Алла Тағала пендесімен сөйлеспейді, имандарың арқылы уахи берілмейді» деген сөздері Аллаға серік қосу, серік қату және ортақ қосу болып және ел билеуші, зиялы қауым өкілдерінің жетесіздіктерін пайдаланып, сонымен бірге сенімді иманға қарсы қойып тажалдық ниеттерін іске асырумен нәтижесін беріп жатқаны да хақ.

Ал Абай атамызды елші болмады, кітап берілмеді десек,  онда жоғарыдағы  аяттарды толық қайталап берсек; «Мұхаммед сондай біз саған уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны (інжілді, Киелі рухты, Ғиса пайғамбар үлгісін) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты (иман арқылы Киелі рухтан хабар кітабын) құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы,  ұлы мәрхамет.» (35-32) Бұл аятта Құранды сендерге түсірілген әлемге үгіт түрінде деп емес, «…саған уахи еткен Құран, ол хақ» деген ұғыммен беріліп отыр. Демек болашақта қияметтік жағдайда хақиқат ашылады да Хақ айқын болады деген осы аруақтар арқылы тылсыммен байланыс кітабының да енді жаппай оқылуы болуын ескерткен.

Абай атамыздың бұл аяттағы кітаптың адамзатпен түрлі себептермен байланысты берілуін 4-ші сөзбен байланысты 4-өлең насихатында; «1.Әлифдек ай жүзіңе ғибрат еттім, 2.Би бар дертіме нысап бердің, 3.Ти, тілімнен шығарып түрлі бәйіт, 4.Си, шеберлікті құрмет тұттым. 5.Жем, жамалдай ақ жүзің маған, 6.Ха,жар таппадым, жаным сенен.7. Хи, халайық, мен емес бәрі ынтазар, 8.Дәл, дариға ғашық оты бермес аман 9.Зәл, зәлилік (азғындық, қорлық) көрген соң сайрай бер, тіл,10. Ре, риза қылмағыңды, сүйіктім өзің біл. 11.Зи, у болып күйдірді ғашықтық дертің,12. Сын, сәләмәт қалмағым болды мүшкіл.13. Шын, тәтті ерінің есіме түскен сайын, 14.Сат, сабырым қалмады, мен не қылайын.15.Зат, жолдан тайып өмірім өтті бекер, 16.Тай, талаптан әйтеуір құр қалмайын. 17.Зай, залым көп қылыш боп жанға оқталды, 18. Ғайын, ақылымды басымнан тартып алды. 19. Ғайін, ғарібтік басыма түскеннен соң, 20. Фи,  пайдаң тие ме деп жаза салды 21. Қаф, қабыл болар ма екен жазған хатым, 22. Кәф, кәміл ақылың, асыл затым. 23. Ләм, лебіңнен ем қылсам мен дерттіге, 24. Мен, мейіріміңнен қалмас еді бар апатым. 25. Нон, нала ғып қайғыңмен күйдірдің көп, 26.Уау, ойланып ғашықтық уайымын жеп 27.Һи, еш пайдаң тимесе өлді ойлаңыз, 28.Ләм, әлиф, лә илаһа илла деп. 29. Я, жарым, қалай болар жауап сөзің, 30.Мәт,-қасың, тәштит-кірпік, сәкін-көзің, 31. Үтірмен асты-үсті жазуда бар, Болуға асты-үсті көнсең өзің». (4-ші өлең) Сонымен бұл өлеңнен адамзаттың; «Төртеуі түгелдену» арқылы пайда болатын рухани ахуалдардың және белгілі бір қуаттармен, құран үнімен таңба арқылы байланысы болып, құранның түсуімен және арап ұлтының құран үнін сақтайтын 28 таңбасымен қоса 3 түрлі жан қуатының негізінде меңгеру керек екенін сипаттап тұр. Мысалы 16-шы санды «Тай» деген таңбаның өзі малдық қуаттың қазақ халқының жылқы мінезділігі деген сырдың шығу тегін білдірсе, ал 17-ші санды «Зай» таңбасының «қылышты болу» адам баласының –махаббат, әділеттілік сезімін басқаруға байланысты 45-ші тұрғыдағы пайғамбарлық қасиеттіліктің зікірін білдіріп тұр. Сонымен бұл өлеңнен ілімділіктің негізгі меңгеретін қарсылығы мен пайдалы қуаттарына жалғанудың 31-дәрежесі, зікір үні болып «Лұқман» сүресін,  тақуалықты меңгерумен де байланысы барын білген жөн. Аятта; « Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ахиретке толық нанады.» (31-4) Және төрттің ішінде 31 үні болып, оның қимасы; 35 санды «Жұмбақтылық» пайғамбарлық қасиетпен де байланысты елшілікті меңгеру тылсымнан хабар келтірумен, сан ғылымын да меңгерумен байланысты болмақшы. «Мұхаммед олар сен жасынға шығарса, расында сенен бұрынғы елшілер де жасынға шығарылған еді. Барлық іс Аллаға қайтады.» (35-4) Сонымен иманның бесінші дәрежесі ізгілікті болудың да қазақ дәстүрімен, шариғаттан биік тұрған өз ерекшелігі және заманға қарай сынақтардың да өзгеріп түрленіп отыратын да сипаттары бар…(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *