XXIV- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар. Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 88

Біздердің өмір сүрген әлемімізде ешқандай бостық немесе белгілі бір тәртіпке бағынбайтын, өз ара қарым-қатынаста қуаттық алмасуда болмайтын жаратылыс себебі жоқ десек жалған емес. Әлемдегі қандайда бір жақсы, жаманды өзгерістердің бәрі әлемдік тұтастықтың ішіндегі қуаттардың алмасуынан пайда болатыны да хақ. Жер анамызды жаратқанда даналықтан жаратып, ал даналықтың ішінде парасаттылық қуат та болған еді. Мұны «Жерді 4-күнде жаратып несібелеріңді түгелдедім» деп түсіндіреді. Ал жер көкті 6-күнде жаратқанын да, жалпы бүкіл әлем 7-күнмен жаралып біздің аптаның ішіндегі 7-күніміз және олардың аттары да осыған дәлел болады. Сонымен парасаттың 7-белгісі бар мұны жер әлемде бейнеленуін апта, яғни күш, қайратты белгілейді. Сонда 7 қуат айдың ішіндегі 4 ақылдық белгімен үнемі қатынаста болуы керек. Қазақта жеті әулие деген. Сондықтан біздің бұл жеті киемен байланыста тұратын жер әлеміндегі барлық жаратылыста тарихи шежіреге айналған парасаттылық қуаттың белгілі шамасы бар. Ал негізінен парасаттылықты жұлдыз, ай, күнге айналдырып үш түрлі сипаты болып жер әлемі бұл үш шырақ жарықсыз тіршілік етуі де мүмкін емес. Сондықтан жер анамыздан барлық қазына байлықтың шығатынын білсек, ал бұл байлықтың бәрі көктен келетін жарық қуатына — парасаттылықтың негізіне тәуелді екені хақ. Сол сияқты адамзаттың өмірі ақылға бағынған әрекетті қозғалысқа, аспаннан келетін парасаттылық қуаттың жер жағдайына жеткен кезде; 1.Физикалық; 2.Химиялық; 3.Геологиялық; 4.Тіршіліктік; 5. Әлеуметтік;6. Адам әсерлері түрлеріне айналады, бейнеленеді.
Адамзат өмірінің барлық саладағы тіршілігін қамтамасыз ететін және ден саулығын, тағдырлық жағдайын да қалыптастыратын ақпарат қайдан түсіп, қалай өңделіп біздерге пайдалануға , меңгеріп сіңіруге дайын түрде алатынымызды біздер тек дінді меңгеру арқылы түсініп, оны даналыққа айналдыра аламыз. Ал мұндай әрекеттерден бас тартқанда біздің меңгерген даналық-біліміміз қара күштердің ықпалынада болып, керісінше бүлдіргіш күшке айналып, адамзатты зұлымдық жасауға мәжбүр етеді. Негізінен шынайы даналық біздерден пайда болатын 6-күн (чакраға) байланыстылығын да естен шығармаған жөн. Біздер қандай жағдайда, қандай дін, ұлттық сипатта болайық Адам болуымыз шарт. Ал Адам-жан және тән болып әлемнің кіші (макро) көшірмесі болып көрінісін береді. Сондықтан Адам тәндік те жандық та сипатта екі қарама-қарсылық сипатынан тұратыны да белгілі. Әйелзаты жер анамен, жан, сезіммен байланысты даналықтың негізі болса, ал еркек көкпен, жын қуатын меңгерумен, тазартумен байланысты парасаттылықтың, күш-қайраттың, байлықтың негізі болады. Сонымен біз жер анадан қаншалықты парасаттылықты алып, оны қанмен еркектің тегін қалыптастыру арқылы оны парасаттылықпен, күш-қуатпен, көркем сөзбен ағашын өсіріп бекітіп, шежіреге тұрақты тектік сипатқа айналдыру арқылы адамзаттың заманаға қарай өркендеуі де болмақ. Сондықтан әрбір заманның тұрғынына өздеріне тиісті ештемесіз өмірге келіп, яғни бұрынғы тектен жаралып ата-бабамыздың өсіріп кеткен рухани егінінен жеміс алумен, бай қуатты немесе кедей жоқшылықпен тіршілік етеміз.
Қазақ халқының аяқ астынан әлемнің шаруашылығын жүздеген жылдар бойы жетілдірген елдермен аз уақыттың ішінде теңесіп, яғни мұндай мемлекеттерді бас аяғы жиырма жылда қуып жетіп бәсекелес елге айналуымыздың өзі жалпы еліміздің құдайдан түсірілген тағдырына тәуелді түрде ата-бабамыздың өсірген рухани бақшасының жемісін пайдалумен және өзіміз кезіндегі дарындылықты меңгеріп, құдайдың құлы бола алған ата-аналарымыздың біріміз 100-жылдық, енді бірлеріміз 300-700 жылдық рұқтың өнімінен, нәсілінен пайда болғанымызды да ұмытпағанымыз жөн. Біздің әулиелігіміз, таланттылығымыз, талаптылығымыздың, адамдық кереметтігіміздің бәрі бағзы замандағы даналықтарын тазартып, жетілдіріп парасатпен қоса алған саналық, арлық денені қалыптастыра алған ата-аналарымыздың еңбегі болмақ. Сондықтан осындай қазақ деген егеменді ел болып өз жемісін бергені де хақ. Ал енді біздер мұндай алған нығметтің орнын толтырып әлемдік жүйеге қуаттарымызды қоса білуіміз керек. Болмаса жанымызбен, азаптармен, себепсіз ажалмен есептесетініміз де хақ. Абай атамыз мұны да 38-ші қара сөзінде ескертіп өтіпті: «Бірақ бұл жол өте қиын, бек және нәзік жол. Бұл жолда көз бояушылықсыз, екі жүзділіксіз, жеңілдіксіз пайда іздемеуге шешімге келген кісі ісінің кемелденуіне жетпек. Бұл заманда сирек кездесетін мұндай (тақуалық, сопылық) қасиеттілікке ғылымның да, шындық, қайратыңның да қуатының зоры, махаббаттың халіне де және халық пен ғаламға берер қуаттың да күштілігі керек. ..» Егеменді ел болдық шекарамызды бекітіп, өзге көрші елдерге жәрдем бермесек, қол созбайтын ел болдық және мұндай жағдайда біздердің жердің астынан да үстінен де алып, пайдалананып жатқан қуаттардың орына халыққа, әлемге, жаратылысқа не бере алдық? Ақиретке ұлт тұрғысында ғана қандай қазына жинай алдық? Мұның бәрі әлемдік тұтастықтың бөлшегі ғана, сондықтан біз бар өндірген байлығымызбен әлеммен бөлісіп, сауда айналымын қалыптастырып, ақша-мал қуаттармен алмасып, өзара одақ туысқандық байланысты қалыптастыру арқылы және де әрбір адам жаратушы иемізге қарызын өтеуге шүкіршілігін арнауға, малын, жанымен бірге рухани егінін өсіруге, Алла жолында осындай өндірген мал, жанымен соғысуға ел билігіміздің, зиялы қауым өкілдерінің жүйелі саясаты, өркениеттік даму жобасы бар ма? Әрине жоқ.
Мұндай пиғыл түгіл жерден шыққан байлықтың негізгі себебі көкте тұрғанын, ал көк аспан әлемі, мүлкі барша адамзатқа ортақ екенін түсінбек түгіл мұндай байлықтың егесі тек қазақ қана болу керек, халыққа мұны тегін үлестіріп кедейшілікті жойып, жатып жеуіміз керек деген де партияға бөлініп алып, өзара дүниені үлестіруге, молырақ үлесін алуға дауласып қырқысуды өнерге айналдырып алғанымыз не сөз? Сонымен бірге әлемнің 100-деген жылдар жинаған дайын шаруашылық әдістерін көшіріп алумен ұлттық тұрғыда дәстүріміз болып қалыптасқан даналық, парасаттылықтың жолын арсыздыққа, әйел-қыздарымыздың ділдік қуатын жоғалтуға, әлемнің барлық көргенсіздік қылықтарына есік ашып қойғанмен тұрмай Абай атамыздың; «Имансыздық намазда Қызылбастың салған жол» деп қызылбастық елдердің масһабтық дін ұстанымын имансыздыққа ұрындыратынын ескермей және барлық ұлттық құндылықтарымызды мешітке тығып, намаз оқуға таңып, ел билігіміз діннен бөлек жаратылыс егелері болып шыға келгенін қалай түсіндіреміз болашақ ұрпақтарға? Кешегі кеңес үкіметінің өзінде халқымыз мұндай ақымақтық, бейтараптық, мейірімсіздік, азғындыққа түскен емес еді. Жастар үлкенді сыйлайтын еді; ақсақалдық, қариялық деген ұғым болып, үлкендердің ақылын міндетті тыңдаумен, орындаумен өскеніміз жалған емес. Және қашық ауылдың бірінде себепсіз бір адам өлсе, сонау Москвадан біліп отырып оның неге өлгенін анықтауға адам жіберіп және айыптыларын жазалауға ешқандай арада пара, байлық кепілдікке тұра алатын ба еді? Ал қазір күніне халқы да көп емес мемлекеттің ішінде бірі ауурдан, бірі мезгілсіз ажалдан, табиғи апаттардан талай адам қырылып жатса да мұның себебін зерттеп білуге тырыспақ түгіл ертеңіне түк болмағандай жерлей сала, қайта сол әдетімізді қайталаудан да қорықпайтын болдық. Ел билік дереу заң шығарып енді мұндайды болдырмайтын алдын алатын болдық деп, «күнге батыстан шық, пәлен күні жаңбыр жаусын» деген заң ғана жетіспейді, қалған құдайға қарсылық дәстүріміздің, мазақ қылатын заңның барлық түрі бар.
Егеменді ел болып кеңес үкіметінен қалған байлықты қолы ұзындар өзара бөлісіп алып, халықтың жағдайы мүлде қиындап, қирап тозғынға түскен шаруашылықты қайта келтіруде Нұрсұлтан мырза басшылығы мен ел билеушілердің еңбегін жоққа шығара алмаймыз, оған адамгершілік қақымыз да жоқ. Бірақ рухани жағына мән берілмей ғалымдық та, әкімдік те, сот, прокурор, полиция қызметі, мұғалім болу, ақпараттық орындарында басшылық жасау, жоғарғы оқу орнының құжаты да, айыпты, айыпсыз болу да, тіптен жаңа көлікті иемденіп немесе қара жұмысқа тұруда ең ар жағы үй сыпырушысы да сатылатын белгілі бір бағасы болып, мұнсыз өмір сүру қызмет қылу мүмкін болмайтын заман да болып, оның енді біздің әдетімізге әбден сіңгені соншалық заң жүзінде күрескенмен бәрібір жең ұшынан жалғасу тоқтаған жоқ, тоқтамайды да. Аталарымыз; «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген. Мұндай сүйекке дейін сіңген әдетімізді жеңіп әділетті, хайырлы ел боламыз деген бос әурешілік екенін ел билігіміз әлі кезге дейін түсіне алған жоқ. Себебі мұндай жағдайда дүниеге байланып ел билеушілер мен зиялы қауымның атақ дәрежелері осындай жең ұшынан жалғасқан, дүниемен өлшеніп табыс табуға негізделген жолмен келгесін, өздерінің де жүректері мөрленіп, жетелері жоғалып, қатын сияқты күндік өмірін, қарнының тоқ болуын ғана ойлаушыларға айналып алған. Осындай жағдайда халықтың да туысқандық, ағайындық деген дәстүрлік жүйесі жоғалып, ақшамен, дүниемен бағаланып, кең пейілді, аштық  заманда өмір сүрсе де құдайға тәуекел қылатын, қонағына жалғыз қойын сойып беретін қазақтан европа-азиялық шала дінді, ессіз ұлтқа айналып үлгірдік. Ата-бабасын еске алып күнәдан ақталуға, парасаттылық қуатқа жалғануға құрбандық шалуды да арнаулы қағазбен, заңмен, болмаса жеке байушылық деп сараң болуға шақыратын болдық. Әрине құдайдың қазақ халқына жазған тағдыры және мұның негізгі себебі де біздердің ата-баба аруағының әлемдік тұрғыда рухани парасаттылықта жоғарғы дәрежеде тұрғандығы да себеп болып, біздердің тағдырымызға өлшеп берілген барлық берілген парасаттылық қуатымызды, күш-қайратымызды дүние байлығына айырбастап жібергендіктен қазақ елінде хикметті жағдай басталып, Ақ ұлдың бастауымен парасаттың ақ бұлағынан сусындау, тазару керуені басталып, мұнан талай жүздеген мың адамның өткені де әлі аз да болса өтіп жатқаны да хақ.
Бірақ Абай атамыздың әулиелігі де дәл келіп қызылбастық намаз егелері өз ағайындарымыз, жетесіз ел биліктің дүниені дінге қарсы саудаға салып айтса, сол жолда ата–бабасынан қалған бар мұрасын, аманатын айырбастай салуға да дайын екенін жақсы пайдаланып, мұндай құдайдың жерге түсіріп жатқан нұрларын жабумен халықты қайта қараңғылыққа қарай құлатқаны да хақ. Әлемдегі жұлдыз сәулелерінің барлығы түсетін, барлық негізгі пайғамбарлардың шыққан тегі және көптеген пайғамбарлардың да, дін сахбаларының да осындай болашақта әлемнің рухани тазару орталығы болатын биік жерге келіп, ақиреттің орындарын таңдап, құранның құдіретімен көкке ағаш өсіріп парасаттың жемісін үлестіретін орындарды таза ұстап, күтіп баптау түгіл, керісінше жеке меншікке, иттердің қыдыратын орындары мен, ал халықтың өз бетімен қаражат жұмсап, құлшылық орындарына айналдырған киелі орындарды пайда көзіне, жеке меншікке жалаң, дәретсіз басын ластайтын ойын-сауық орындарына айналдырып алып; «Біз қазақ деген киелі халықпыз, бізді осындай дәрежеге жеткізген құдай алдында құрметті қылған дәстүрімізді сақтаушы елміз» деп жоғарыдан мақтанып, іс жүзінде қарсы әрекетпен, заңмен қудалаумен екі жүзділікпен тажалға жәрдем берумен ғана шұғылданамыз.
Сонымен қазақтың даналық пен парасаттың арасын қосатын өлілер ақирет өмірі арқылы; «Өліге иман, тіріге береке бер»-деп сұрайтын, «Өлі риза болмай тірі байымас» яғни көктен несібе келмес деген қағидасына ашық қарсы болған, өздерін тура жолдамыз яғни жұлдыздарымыз жанып, көкпен жалғанып тұрған, тақуамыз деген масһаб діншілердің халықтың ерікті берген садақасын дүниемен бағалудан-ақ, иманнан жұрдай қауым екені белгілі болғанымен, олардың ашық надандықтарына тиым салудың орнына қазақ халқын аяқтарына жығып беруге жанталасып жатқан ел билеушілердің, ақпараттық орын басшыларының, тілші қауымының бұл істерін қалай бағалауға болады?
Барлық қозғалыс сөзден басталып, ал сөзден яғни таза ойдан ғана уақыттың туындайтыны, сондықтан негізгі қозғалыстың себепшісі уақыт, тағдыр екені де хақ. Уақыттан ақыл пайда болады. Уақыттың ең негізгі себебі, яғни өзгеру бір жағдайдан қозғалыста келесі бір қозғалысқа ауысуы өлім болып, өлімді жеңіп мәңгілік өмірге қосылу адамзаттың негізгі мақсаты болмақ. Сонымен уақыттың өзі Алланың бізге мәлім сипаттары болып, біздің Григоряндық күнтізбеміз Раббымыздың құдіретімен байланысты негізгі қозғалыс тегін қалыптастырады. Бұл біздің тағдырлық туылу, өлу, қартаю, ауру сияқты рұқтық, малдық қозғалыстық жер бетінің өмірлік уақытымызды қалыптастырады басқарады. Сондықтан; «Уақыт өзі емші» деген сөздің астарында; «Раббымыз Алланың өзі емші» немесе «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп атаймыз. Ал енді бұл уақыттардың дәуірлік, замандық тағдырлық сипатын Алла тағаламен байланысты әлемдік уақыт және оның мазмұнына қарай 8 түрден, жаннаттық жарықтардың сапасынан, 9 жолдардан тұратыны да хақ. Алла тағала жеті қанатты періштелік сипатты бейнелейді. Бұл уақытты біздер «Хижра» деп атаймыз. Хижра әлемдік дененің негізі, ақылдың бастауы деп білген жөн.
Ал енді бұл екі уақыттық қозғалыстық сипаттың да ішкі жүйесі, расын жалғап тұратын, істерін атқарушысы, орындаушысы болатын барлық жаратылысты өсіруші түрлендіруші болып, оны Алланың құдіретті қолы, біртұтас жандарды, періштелік дәрежеге жеткен жанаттық адамдардың аруағын айтамыз. Мұның түсі қызыл болып, ең ұзын жилік болмақ. Сонымен аруақтық байланыс арқылы ғана барлық қозғалыстың арасын жалғап және оларды меңгеру қабілетіне де ие бола аламыз. Сонымен парасаттылық, имандылық ақылды, адамзаттың ойлау, пайымдау қабілетін жетілдірумен барлық жер бетіндегі барлық қозғалыстың басқарушысы және 11 жұлдызға, айға байланысты негізгі уақыттың ішкі санау жүйесінің де барын ескерген жөн. Қазақта бұл айдың үркермен тоғысы деп 11 циклға бөліп, табиғаттың өзгерісінің адамзаттың ақылына, парасаттылығына,  имандылық істеріне, аруағымыздың сипатына да тәуелді болатынын біз біле бермейміз. Сондықтан негізгі ішкі қозғалыс адамзаттың жан өнімімен, тағдырлық кітабымен, әлемге қосқан қуатымен осындай үш қозғалыстың әрекеті де пайда болады. Зұлым жандық өнімінің артуымен немесе жанның өнім бермеуімен апаттар, азаптар, табиғаттың да құбылыстары пайда болса, жаннаттық жандардың артуымен керісінше жер бетінде мамыражай тыныштық алтын ғасыр орнайды.
Енді Абай атамыздың «Мақсұт» атты әңгіме-поэмасын оқғандар болса, Қыдыр бабаның зиратының жанында өсіп тұрған ағаштағы 3 түрлі жемсітің; Сары, қызыл, ақтың сыры баяндалып, Мақсұттың алған қызыл жемісі әйелдермен байланысты екенін көрсеткен. Яғни үш түрлі Алланың өзі,сипаты киелі ойпаттарда, Алланың достарының жерленген орындарында кездесетін бірлігі болатынын да естен шығармаған жөн. Бұл үш түрлі уақыттың бір-бірімен тығыз байланысты бір жүйемен «Бір Алла» ұғымын да береді. Сондықтан санау жүйесінің негізі болып бұл уақыттың ең ұзыны барлық әлемнің ішкі өмірі мен сыртқы қозғалысты Алланың тәңірлік сипатын жалғап тұрушы Григоряндық күнтізбе сары күш-қуаттың, байлықтың негізі сарымен байланысты болатыны да хақ. Негізінен «Хижра» замандық санау жүйесі болып; ақпен, топырақпен біздің ақылдық даналық негізімізбен байланысты, «Жер ана, су ана, Хау ана рұқы қолда» дейміз. Пайғамбарымыз; «Үш рет анаңа сосын әкеңе» деп ескерткені де біз әуелі Алла тағаланың сипатын даналық негіздерін меңгерумен ғана Раббымыздан «Әкеден» яғни сары нұр түспен ғана парасаттылыққа жалғана аламыз.
Енді осы үш уақыттан да тысқары болатын әлемдік ішкі жүйедегі уақытқа бағынбайтын, түрлі қарсылықтардан тұратын өлімсіз қозғалыс егелеріне тән адамзаттың мәңгілік болмысы, кісілікпен де байланысты тәңірлік басқарушы қуаттар жүйесін уақыттан тысқары болып; тәңірлік деп атаймыз. Алла барлығын баураушы мекені болғандықтан Алладан басқа тәңір жоқ, мәңгілік уақыт деген осы ұғымнан пайда болады. Мекен — ең шексіз ұғым, онан кейін орын- Раббымыздың сипатынан, ал барлық жанды жаратылыстың егелерінің денесі болатын Алла тағала ай мен көктегі су қорымен, жеті қабат жердегі, теңіздегі жолдармен байланысты болмақ. Алла тағала ұғымын Мұхаммед пайғамбарымыздың қалыптастырып, құраның оқылуы да Алла тағала ғылымымен, құдіретімен байланысты болса, қалған барлық сүннеттерімен құдай ісі болып аталатын кітап түсірілу, кітап берілу сияқты амалдардың Раббымызға шүкірлік құлшылықпен байланысты екені сөзсіз. Сонымен уақыттың жартысын да меңгере алмай және жалпы әлемдік жүйенің тұтастығына ашық қарсы болған масһабшылардың Мұхаммед пайғамбарымызды «Хижра» дәуірлік, замандық уақытпен туылдырып мәуліт деп еске алудың жылда ай, күні де өзгеріп отыруымен пайғамбарымыздың өмір жасына осы кезде 2 жыл 4 айын ұрлап алып барлық күнтізбемен орындалатын миғраж түні сияқты құлшылық күндерін «Хижраға» айналдырып, әлемдік қозғалысқа ашық қарсылықпен тажалдықты туындатқаны, яғни ақылдың азуын, парасаттың жоғалуына да себепші болғаны да хақ. Бірақ мұны қазақ дін істері де, ел билігі де, бүкіл діндерді тексеріп шешім шығарып экстремизмен күресуші даналық иелері прокуроратура, ішкі істер органдары, білім министрлігі, ұлттық қауіпсіздік мекемелері де, жоғарғы ел басымыз да мұндай іштен исламның бүтіндігін ашық түрде ірітіп жатқан «экстремизмге» неге тосқауыл бола алмайды? Онда өздері де мұндай қарапайым жаратылыс сырын түсінбейді де.
Барлық ел басқарушы зиялы қоғам өкілдерінің міндетті түрде тәлім алған философия мектебінің ғалымдары жиналып алып; «Хижра» деген айдың туылумен, батуымен ғана байланысты, мұның ішінде қалай күн жүйесі болады, оған қозғалыс жиілігі де, тербелісі де сыймайды, сондықтан мұнда жүйелік 4 мезгілі де жоқ, ал «хижра» мұсылмандықтың күнтізбесі болса, онда неге ең маңызды белгісі жұманы күнтізбемен неге оқимыз?»- деген сауал қоюға да ақылдары жетпейді. Бірақ мұндай қарапайым деректерді күнде естігенмен, олардың түсінулері мүлде мүмкін емес. Жүректері мөрленіп, жетесі жоғалып, иманның орнына сенімді ауыстырып алғандарын өздері де аңғармайды. Бұл біздің қоғамдағы ел билеуші, дінші, ғалымдардың тобырлық, ұжымдық ақылға негізделіп алып қарапайым ғана діннің уақытын шеше алмай жүріп, онан 10-есе жоғары білімді қажет ететін қазақ дәстүрін, сопылық ілімдік негізді енді масһабтың ішіне осындай жолмен тықпақ болып жатқан әрекетін де әрине тиюға да ел басшымыздың да құдіреті жете алмайды. Олай болса, ұлттық ата заңымыз мүлде өз мақсатын орындай алмайтын бейшараның күйінде екені де хақ.
Себебі мұндай жағдайда ұжымдасудың да артықшылығы бар. Өйткені мұндай қысқа сезімдік ақылға негізделген парасаттың маңызы жоғалған жағдайда, заңмен оңай басқарылып, әділеттілік сұранысы жоғалып, мұндай ел билеуші зиялы қауым өкілдері құрметке бөленеді және қалыптасқан әдетпен; таныстық, ағайындық, дүние арқылы байланысып, атақ дәрежені сатып алу да оңай болады. Сондықтан да Абай атамыз; ««Бірақ бұл жол өте қиын, бек және нәзік жол. Бұл жолда көз бояушылықсыз, екі жүзділіксіз, жеңілдіксіз пайда іздемеуге шешімге келген кісі ісінің кемелденуіне жетпек. Бұл заманда сирек кездесетін мұндай (тақуалық, сопылық) қасиетілікке ғылымның да, шындық, қайратыңның да қуатының зоры, махаббаттың халіне де және халық пен ғаламға берер қуаттың да күштілігі керек. Бұлардың бәрінің бір адамның бойынан табылуы қиынның-қиыны, мүмкін бүлікшілдікте болар. Басына және бір өзіне өзгешелік бермек-адам баласын бұзатын іс. Әрбір наданның бір тарихатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегенмен бір болады. Әкім, Ғалым негізінде бір сөз, бірақ араптарда басқаша. Дүниеде шынайы ғылымдар бар, олар айтылған, жазылған нақылдар болып түсіндіріледі.»
Демек қазақ халқының бүгінгі түрлі топтармен тобырлық ақылған негізделген ұжымдардың әр қайсысы өзінше дін сенімін қалыптастырумен, арттарына оқырмандары мен ізбасарларын, олардың талантына, ақылына табынатын сөздеріне ұйытын жамағатын дайындап та алғаны сөзсіз. Қазір масһабтың «экстремистік» пиғылдағы кітаптарының өзі миллиондаған данамен халық арасына тарап адамдық тағдырлық жүйе уақыттық қозғалысты; «Алладан басқа» деп атаумен, мұның халықтың ақылын аздыруға бағытталғанын алдағы 3 жылдан кейін ғана белгілі болатынын білеміз бе? Себебі, осы жылғы наурыз айында жер бетіне нұр түсіп, қазақтың әйел кіндікті қауымының рухани оянуы басталады. Демек әйелдеріміз мұндай түнектің ықпалынан босана бастаса даналықтың өркендеуімен, онда артынша еркектер қауымы да ояна бастайды. Сондықтан сәуір айыннан бастап қазақ дәстүрінің қазіргі жазылып жатқан ата жолының жазбасын оқып, түсінетін қауымның ақпараттық тұрғыда соғысқа шығатыны да сөзсіз. Мұндай соғыс 3 жылға созылып, түбінде қазақ дәстүрлі дін ұстанушылар жеңіске жетіп, Абай-Шәкәрім философиялық құндылықтары әлемнің де түнектен құтқарушысы біліміне айналады. Сонымен бірге, қазір заңның құдіретіне сеніп, жинаған байлығы арқылы ұрпақтарын бақытты қылмақ болып жүрген ата жолына, дәстүріне қарсы соғысқан ел билеуші, заңгер, тыңшы, тілші, діншілерге де зауал келіп мамыр айында аяқтан ұстап, мүгедек болу сияқты белгілері түсе бастайды. Ал мемлекеттік ортақ қазанға жинаған қазынамыз жетеді, нұрлы жол арқылы бақытты өмірге қолымыз жетеді деген; Құдайдымыз қаласа демек түгіл қалауын, қолдауын қажет етпеген де, асылық сөйлеп, мақтанып жатқан жағдайымызға да әлемдік тұрғыда сынақ келіп, барлық теңгенің де қазынаның, қуаттардың құны өзгеріске түсіп, халықты дүрбелеңге де салуы да сөзсіз.
Абылайхан бабамыз; «Мен халқыма азаттық алып бергенмен, жер емшегі мен көк емшегін емгізе алмадым» деп толғанған екен. Біздердің ел билеушілеріміз егемендікті алдық деп шаруа істерін меңгергенмен, керісінше құдайдың берген нығметіне қарсылық білдіріп, халықты жерден де көктен сүтін еміп білімін, ақылын алуға тиым салып, заңның күшімен ғана басқарылатын ар-ұяттан жұрдай тобырға айналдырып үлгірді де. Халықты қандай дағдарыстан да, аштықтан, зұлымдықтан қазіргі «экстремистік» надандыққа түсуден бір ақылдың қуаттылығы даналықты меңгеруге, парасаттылық пен жер ананың емшегі мен көкке саты тауып имандылықты меңгерумен ғана «нұрлы жолымыз» өз тамырынан нәр алып, жеміс берері де хақ. Олай болса….(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *