XXIV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 108

Қазіргі таңда қазақ елінің егемендік алып тәуелсіз мемлекет құру жолында жері, шаруашылығы, шекарасы бөлек,  дербес елге айналдық дегенмен, көптеген кедергілерге түсуге яғни әлемнің рухани тоқырауға ұшыраған елдерімен бірге біз де құдайдың қаһарына ұшырап, азапталып жатқанымызды көбіміз аңғарудан қалғанбыз. Оған ең басты себеп,  біздердің ел басқарушы, зиялы, білімді аталған қауым өкілдері меңгерген білімдерін, таланттылық қаракеттерін, ақылдың жоғарғы дәрежесі — даналық деп түсінгендіктен, мұндай жетесіз ақылымызды иманға айналдыратын, ойлау қуатымыздың әрекетін арттырып тазартатын таза ақылдан парасаттылықты меңгерудің ұлттық дәстүрімізге, екі күнімізге ашық қарсы болып, заң жүзінде мұндай әрекеттерді қудалаумен де айналысып кеткеніміз де хақ.   Мұндай жағдайдағы рухани өркениетіміз әлемнің бүгінгі талабына, мүддесіне қарай бейімделумен ғана шектеліп және әлемнің бар салтын өркендеудің жолы деп еліктеуді әдетке айналдырып алдық.  Ал ұлтымыздың, халқымыздың тағдырлық дамуына, қазіргі заман талабына сай қозғалыстарға, үдерістерге ата-бабаларымыздың тарихымен, өткен жолдарымен салыстыра отыра баға беруге, өмір шындығын қалыптастыруға, мұндай талғамсыз әлемнен жинап алған кезбелік білімнің, философиялық даналықтардың жарамсыз болып шыққаны да хақ. Олай болса, еліміздің зиялы атты білімді қауымның, дін ғалымдарының халыққа ұсынып отырған рухани жобалары ғылым шындығынан алшақ болып, халқымызды азғындыққа түсіруге қызмет етіп жатқаны да хақ. Негізінде әрбір жаратылыстың, қозғалыстық қуаттардың, тіптен уақыттың да қозғалыстық тағдыры жұп болып жаратылып, екі түрлі қарама-қарсылықтың өзара келісімінен ғана дүние тіршілігі қалыптасып, ал бұл екі жаратылыстың ортасы үшінші ортақ туындысы болып, сол арқылы салыстырумен біз екі қозғалысты да бақылап, басқаруға мүмкіндік аламыз. Мұны таразы, мизан десек те болады. Қазақ даналығында; «Ілім мен білім ортасын таппасаң бүлін» деген нақыл қалған. Сонымен біздер  ілімен мен білім арқылы даналықтың жаратылысын меңгеру, сырын түсіну арқылы ғана бұл үш негіздің қозғалысын, қуатын, қасиеттілігін қалыптастыру үшін, тектілігімізді тану үшін парасаттылыққа жалғанумыз да керек.

Біздерден бұрынғы замандарда өткен әулиелеріміз, ғұламаларымыз даналық пен парасаттылықтың белгілі бір шамасын меңгеріп білімін қалдырғанымен, замандар өтіп білімнің дамуымен, өркениеттің де сан алуан түрлерінің пайда болуымен, қарсылық күштердің де өсіп-өнуімен, қандайда бір белгілі болған өмір шындықтарының өзгеріске түсіп, заманның жаңадан пайда болған біліміне, қозғалысына, қуатына сай білім мен ілімін ақыл тұрғысында қайта тазартып жетілдіріп отыруымыз міндетті, шартты болуы керек. Ол үшін даналықты парасат арқылы жетілдіру діннің жолы болғанмен, негізінде әр ұлттың ғылым шындығын қалыптастыратын философиялық даналық мектебі, сөз ғылымының үлгісін қалыптастырған дін дәстүрлік, әдет-ғұрыптық ерекшелігі мен жол-жобасы болып, құдай патшалығына енуімен, әр заманның салтын қайта жетілдеріп отыруды уақыттың еншісіне қалдырылған.  Әлем халқының өзара қарым-қатынаста болып, нәсілдік және жандық тұрғыдағы рухани қуаттарының алмасуларының еріксіз түрде атқарылып отыратын ұлттық тұрғыда үндердің өсіп жетілуін де қадағалап, құдайдан түсетін үкімдермен, уахилармен жүйелеп отыру жоғарғы билеуші тарапынан атқарылатынын да ұмытпаған жөн.

Қазақ даналығында; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген. Біздер қаласақ та, қаламасақ та  жаратушы иеміз жүз жыл сайын нәсілдіқ тұрғыда жетілдіріп отырады.  Сондықтан да біздің үндеріміздің өзгеруіне қарай сөз атауларының да жаңадан сапасының пайда болып, сөз ғылымына үндердің өзгеруі мен тіл мен ойдың бірлігін жетілдіріп отыруға мән бермеген жағдайда, рухани құлдырауға ұшырап қарсы күштердің шабуылына ұшырауымен рухани құлдырауға түсіп, парасаттылықтан айрылып, кез-келген білімді ақыл деп бағалап, жалған даналықтың үстемдігіне ұшырап, жалған ғалым, арамза молда, әділетсіз ел билеушілердің саясат сахнасында үстемдік құруына жол беріледі. Және қандайда бір діндердің мұндай шаралары пайғамбарлардың даналықтарымен баяндалып түсірілсе де, бұл даналықтарды адамзаттың әрбір заманның қозғалысының түрленуіне, білімдердің артуына байланысты да, үнемі парасаттылық қуаттардың жаңадан сапасымен, үнімен, ішкі құпия сырларымен жүктеліп, жанды жетілдіріп, яғни даналықты қуаттандырып отыруы керек. Мұндай жағдайда жаңадан сөз атауларының, ой қуатының жетістігін, жаңадан сөз ұғымдарын қалыптастыру да осы нақылға да сәйкес болмақ. Ілім барлық жаралыстың ішкі қасиеттік сырларының, тектілікке қарсы  себептерінің түрленуінің, қозғалысының, заманның  уақыттық қозғалыс қуаттарының да түрленуіне байланысты сөзбен бейнеленген насихат, теория түріндегі шындығын айқындайтын болады. Ал білім шын жүзінде өлшемін, сапасын қалыптастыру керек. Ал ақыл — таразы болып бұл екі себептің өмір шындығын айқындап, адамзатқа бағыт, бағдар беріп отырады.

Біздер жер әлеміндегі құбылыстарды, ағынды, құйынды өрістердің өзгерістерінің негізгі себептерін, жаратылыс негізін, қуаттарының күшін, жылдамдығын және басқадай әрекеттерінің сапасын да өлшемдік білім арқылы анықтай алмаймыз. Мұны біздер аспан денелерінің қозғалысына мән беріп, біздерге көрінген сипаттарын бақылау арқылы және бұрынғы заман өткен ғұламалардың болжамдарымен, қалдырған іліммен сәйкестендіріп түсіндіру арқылы білімге айналдырып, ақылмен болжай аламыз. Сондықтан біздің ақылымызбен анықтауға, шамасын өлшеуге болмайтын, аспан денелеріндегі  жаратушылық қуаттарды түрі мен бояуын көріп зерттеп, ал біздердің тағдырымызда жер бетіндегі әсерін, әрекетін, бейнелену сипаттарын түстер арқылы көріп біліп қана себебін, пайда, зияндылық шамасын білеміз. Ал енді жалпы біздерге дейінгі ата-бабаларымыздың, аналарымыздың меңгерген даналықтары мен парасаттылық қуаттарының негізінде пайда болған қасиеттіліктер, тектілік сапалардың тәжірибелік үлгісін біздерге қалдырған аманат нақылдар, өсиеттері арқылы сөз жүзінде, білім тұрығысында ғана меңгере аламыз. Ал іс-әрекеттерінің тәжірибелік жағдайындағы үлгісін Алла тағаланың, Раббымыздың біздерге аян, уахиларымен көрсетіп білдіруінсіз  бұл хикметтерін орындаушы Алла достарының ақиреттен беретін даналық ақылдарынсыз намаздарын қателіксіз  дұрыс орындау да мүмкін емес. Біздердің қандайда бір құлшылығымыз,  дініміз, өркенениетіміз де өміріміздің бақытты мәнді болуы да, тағдырымызды тазартуға арналған сенім мен иманның тұтастық қуаттылық жетістігін қалыптастыруға байланысты болады. Ал енді бұл екі негізгі текті меңгеру үшінде ақылдың күшімен ғана атқарылып, денсаулығымыз болған   сеніміміз бой жарығын, денеміз бен сыртқы бақша өрісімізді қалыптастыруға негізделіп, ал имандылығымыз он саулық байлығымыз, ақ жаулықты әйелдеріміздің ақылдылығына, даналағына тәуелді болады.

Сонымен біздердің меңгеруге тиісті өмір шындығымыздың жағдайы нұрға, яғни бастапқы жаралыс негізінен зейнеттік үлесімізді, зекет алуымызға тәуелді екені де хақ. Олай болса, біз бұл жарықтардың негізін, жаратылыстық сипаттарын, өзара түрлену, үндесу, тоғысу, кездесу және онан пайда болатын әсер, әрекеттерінің сырын білу арқылы ғана ақыл күшін жетілдірумен, имандылықты меңгеру жолындағы құлшылық істерінде адасудан, азғырылудан сақтана аламыз. Және сенімділік пен иман қуаттарына, қасиеттілік көздеріне еркін жалғана аламыз, себебі ақылымыздың күшін жетілдіре білумен, осындай иманның тегін түсіндіретін ілім негіздерін меңгеру арқылы мүмкіндік аламыз. Фараби атамыздың трактаты бойынша;  «Бүкіл әлемнің басталатын кезінде Алла белгісіз құпия қазынадан шығып мәлім болуды қалап, сонан соң өз жанарынан бірінші жарықты, яғни нұрды жасау кезі болып саналады. Ол жарықта әуелгіде еш бір қасиет болмаған, ол бір текті және қозғалыссыз жаратылады. Оған ақыл, ойлау әрекеті берілген бақыттан соң, қасиет пайда бола бастайды.»  Сонымен жаратушымыз өзінің негізгі ұқсас сипаты болған, өзін-өзі жаратуға қабілетті «Жаратқанды», жарықты жаратқан еді. Ал осыдан кейін ғана оған сөзді, яғни ақыл-ойды — қозғалыстың негізін берді. Алла барлық жаратылысты, әлемді де баураушы қабын жаратушы. Демек Алла тарапынан сөзі келіп, бұл нұрдың сыртқы қабы-бақыты, денесі пайда болды.

Сонымен барлық тектердің негізі де сыртқы дене қабына, ар сауытына байланысты ақыл-ойлық қасиет болмақ. «Ақылға келсек дейді ғұлама, — ол жарықтан, нұрдан бастау алатын шабыт.». Ал, әлемдік бастапқы нұрдан және онымен байланысты, одан тікелей жаратылған әлемдік ақылдан Ар-дан  бүкіл заттың нәрселік және рухани тіршілік әлемі туындайды, өрбиді, сан алуан түрге келеді. Ал біздер бұл нұрдың ақ бастауының ішкі сырын, қозғалыс, қуаттардың яғни Алланың ғаршысын сары, алтын түсті нұрды- Раббымыз деп атаймыз. Енді бабамыздың баяндауы бойынша; «Ең әуелі Алла тағала өз ажарынан қасиетті нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суық та жылы да емес, дымқыл да құрғақ та емес, еркек те, әйел жынысты да емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды, барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болды». Сонымен нұрға берілген бақтан, сыртқы денесі зейнет киімі мәртебелі күміс түсті мәртебелі жарықтың негізі Ақтан барлық жанды жаратылыс негізі пайда болды. Яссауи бабамыз хикметінде:

Хикметімнен баһра алға көзге сүртсін,

Ықыласпен көзге сүртіп дидар көрсін.

Шарты сол дүр: қанағатқа мойын ұсынсын,

Жан пида етіп жан ананы көрдім міне,

Әлемдік бастапқы нұрдың денесін, тіршіліктің бастауын «жан ана»  деп атаған әулие бабамыз. Ал сопылық мақамда ЖАР, жарықтың жарылып шыққан бастауы деп атаған. «Бірінші жарық – нұр алғашқы да өзінің жаратылған жерінің маңында орналасады да, осы жағдайда бір дүркін тербеліс уақытында (12 мың жыл) тұрақтайды. Бүкіл әлемнің бастапқы да бірінші элементтері пайда болуы үшін, Алланың әмірі мен нұр екіге жаратылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады.      Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады.  (Сонымен екі жарық пен және орта үшінші бөлек болып, жаратылыс қозғалыс тегінің 3 санмен байланыстығы нұрға жалғанудың негізгі себебінің дәрежесі пайда болады.Мұндай бөліну кең көлемде әрбір 12 мың жыл дүркіннен кейін болып тұрады,кіші көлемдегі бөлінулер 6 мың жыл, тар көлемдегі бөлінулер төменгі бөлім ішінде 9 айда, 12 жылда т.б. жүріп тұрады. Әрбір бөліністен соң бүкіл әлем заттарында жана сапалар, өздерінің айрықша қасиеттері бар мән – мәністері бар бастапқы, негізгі элементтер (құбылыстар) пайда болады. Дүниеде әлемде бос орын жоқ, әртүрлі күштермен біріккен, жалғасқан және осы күштердің қозғалыстардың әсерінен туындайтын аса қатаң заңдылық бар.»  Олай болса Әл-Фараби бабамыздың ойшылдығын,  пайымдауын Ясауи бабамыздың шындықпен көргенін растап та отыр. Біздер түп негізгі жаратушымызды Алла деп сипаттағанмен, ал оның қандай жаратылыс екенін біз ақылмен тануға әлсізбіз. Сондықтан біз ойдың қуаты парасаттылық арқылы ғана бастапқы Алла тағалалық ақ нұрды және Раббымыздың сары түсті нұрына құлшылығымызды арнаймыз.  Олай болса нұрлардың тұтастық тұрғысында Алланың ажары болған мәртебелі жарық Жардан пайда болған қолқабыстық себепшілеріне яғни  Жан ананың негізіне емес,  біздерге белгілі болған жаратылыс әлеміндегі сипаттарына құлшылықпен  жалғанумен ғана шектелеміз.

Сонымен барлық жаратылыстың негізі жұп және пар болуға тиісті болып;  «..Алланың әмірі мен нұр екіге жаратылып. бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды,…»  Енді бұл екі жарықтың қарама –қарсы бағытта кеңістікте жарылыс жасап, шашырап, ыдыраумен өзінің ұсақ жаратылыстық денелеріне, жарық шырақтарына, қуат көздеріне айналса, ал бұл жарықтарды байланыстырып тұратын бос кеңістікте жердің пайда болғанын жадыңызға тоқып алыңыз. Ал екі жарықтың жер-орын кеңістігінен шыққан орындарын, жердің сол және оң «полюстері» деп атаймыз.  Бұл жаратылыстың негіздерін  Әл-Фараби бабамыз; «Бастапқы жаратылыс негізгі нұр, ол жарық ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Нұр – үлкен қуат егесі. Нұр кең ұғым. Жарықтың көлеңкесі болады. Нұр жарықтың кемелденген жоғарғы сапасы, көлеңкесі жоқ, ыстық, суықтығы жоқ. Жарықтардың тегі деп атауға болады. Адам ақылы нұрға бөленеді. Яғни жарықтан шығатын әлемді танып білу биік шоқтығы нұр. Әлем нұрдан тараған жылу құбылыстардың да, үстіне сәуле шығару, от, қуат көздерін қамтитын кең мағыналы жарыққа лық толы, оның әр жерлерінде осы жарықтың қоюланатын аспан денелері, нәрселері орналасқан. Бүкіл жоғарғы бөлік екі жарыққа бөлінеді де, қозғалыс қасиетіне ие болады. (Екі жарық негізінен екі түрдің жаралуы, яғни Ақ пен Сары яғни күн мен ай болып саналады.) Алла тағала өзінің құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі ірге тасын қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйреуші періштелерді және басқада жарық құбылыстарын бар етті»

Олай болса барлық қозғалыс қарекеттердің атқарушысы, Алланың қолы болған періштелік сипаттардың да негізі, тегі осы Ақ пен Сары жарықтың сапасынан пайда болып және аспан шырақтары жұлдыздар, парасаттылық егелері «Біз» аталаған періштелер де осы екі жарықтың негізінен және нұрдан пайда болғаны да сөзсіз. Ал жоғарғы жарықтан күн және түрлі планеталар жаралса, төменгі жарықтан Ай мен жердің сыртқы қабаттарының  екі аралық жаратылыс себепшілері жаратылған еді.  Сондықтан осы екі жарықтың негізін меңгеру Адамзаттың үлесінде болып, нұрдың үшінші сапасының да пайда болуын және бұндай нұрдың мысалын; Аятта: «Алла (Т) көктер мен жердің нұры. Оның нұрын мысалы: ішінде жарық бар қуыс сияқты жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек бейне інжудей жұлдыз шығыста батыста болмаған зәйтүн майымен тамызылады.  Тіпті от тимей – ақ оның майы жарық бергелі тұр. Алла қалаған кісінің өзінің нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді»(24-34) Бұл нұрдың бейнесі жұлдыз болып, аналардың әйнектей таза жатырындағы «алтын бесікті» білдіреді. Ал, енді «зейтүн майы» болса, бұл атаның шақуаты және Ақ түсті нұрмен байланысты болады. Біздер қандай жағдайда болсын, осындай екі жарықтың негізінен және оған қарсылықтарды жеңуімен пайда болған кісілікке айналған нұрдан негізінде «Жан ана-Жардан», ұшқынан жаратыламыз. Сондықтан бізде бұл махаббатың ұшқыны «Мен»-жанымыз болып, жарға ғашықтық, иманға құштарлық жаратылысымыздан бар екені де хақ. Бірақ біздер сол нұрға және ата тегіміз майға лайықты әлемдік тұрғыда жарық болмақ түгіл, өз жанұямызға, ұрпағымызға, тіптен қарақан басымызды алып жүруге де иманымыз жетілмей, ақылымыз кері кетіп жатады. Неліктен деп ойлайсыз?

Әл-Фараби атамыздың пайымдауы бойынша: «Жарықтың бүкіл төменгі бөлігі қараңғы қозғалыссыз және салқын болады. Бұл бөлікте өзінің жаратылысы жөнінен қозғалыссыз  заттар денелер орналасты. Алла тағаланың құдіретті күшімен қозғалыссыз нәрселер жаратылысы салқын, суық болып келеді. Осы нәрселерден түп негізі басқа да көп болатын заттар тас, топырақ жаратылады». Фараби атамыздан осы ғылыми  негіздеріне сүйене отырып толықтырсақ; Бастапқы нұрдан екі жарықтың және; «…, олардың арасында бос кеңістік орнайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады.    Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады.»  Сонымен барлық жарықтардың арасын жалғап тұрушы жердің жаратылуына да себепші салқындық, суықтық болып және бұл қозғалыс жаратылысқа да жылу мен жан беруге тиісті болып; «…Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр….»  Олай болса осы алғашқы сары түсті нұр жарыққа, ақылмен жаралу қасиетін беріп денесін де жаратқан еді. Бұл дененің күміс түсті болып; басы, аяғы, төбесі, қыры жоқ, яғни Раббымыздың нұрының тұрағы жердің кіндігі, «Ядросы» қуаты болады. Жердің өзегі, «ядросы» жұмыртқа тәрізді болып, жеті қабат жердің ішінде, ортасында жасырылған болса, осы жер кіндігінен барлық тіршілікке нұрдың, жылудың, жаратылысқа тән себептерінің қасиеттілік, тектердің де таралуы болмақ. Сондықтан күн де, ай да, жұлдыздар да жерден пайда болатын нұрдан қуат алып қозғалыста болады. Жердің бетіндегі жылу, суықтық ауа райының мезгілдік сипаттары күннің сәулесімен емес, керісінші жердің кіндігіне жалғанған жердің  ошақтарының, ойпаттарынан бөленетін нұрдың әсерімен басқарылады. Ал бұл нұрға себепші Айдан келетін салқындық ақ нұрдың әрекетінің жағдайына тәуелді болары да хақ.

Олай болса, жоғарғы тарауларда баяндалған қозғалыстың негізі тегі болған; Алла тағала нұрының негізгі түрі-Ақ, Раббымыз-Сары және бұл тұрақты түрге жатып, түстің үнемі өзгеруге, бір түстен екінші түске ауысуға тән болса, ал түр өзгеріссіз тұрақты белгі құрайды.  «Ақ сөйле» деген данагөй бабаларымыз. Ақ түс — сөз мәресі паташалығының, даналықтың, тазалықтың, періштеліктің, жанның негізі болып барлық жаратылыстың өсіп-өнуінің жобасы ақ нұрмен және судың әрекетімен, суықтық негіздермен байланысты. Ал күш, қуат, қозғалыстың, жылудың, барлық істердің әрекеті сары түсті нұрмен Раббымыздың  үнімен байланысты Алланың өзінен болмақ. Қазақ даналығында; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп нақыл қалдырған. Енді бұл жұптық жаралыс Жардың қозғалысқа себепші, қолқабысы болу үшін, екі негізді Алланың Өзі аталған сипатынан, екі аралық рұқ Аруақтық-Қызыл түсті қозғалыс қуатының пайда болатынына да  дәлелдер келтірдік және қызыл түстің барлық түрлермен де араласуға тән қасиеттілігін де білген жөн. Ал аруақ қуаты неге қызыл десеңіз, ең ұзын жылдам қозғалыстық қуаттың қызыл түспен байланысты болып, күннің батуы, шығуы осыған дәлел болады. Күн бізден қашықтаған сайын сары түстің азайып, бізге тек қызыл түс қана жетеді. Және сары түстің ішінде қызыл түстің де болатынына дәлел де болмақ. Сонымен бірге күннен жасыл түстің де бөлінетіні де байқалған.  Бірақ бұл Раббымыздың сары түрмен байланысты нұрының тек қана аспан денелері емес, әлемнің ішіндегі барлық жаралысын қамтитын сипаты барын да естен шығармаған жөн.

Сондықтан Раббымыздың нұрының тұрақтаған орнын табуды болжаған ғұламалардың пайымдаулары жеткілікті де. Раббымыздың және Алла тағаланың нұрынан күн, ай, жұлдыздар қуат алып, жер бетінің қозғалысын жүргізіп және үш түрлі қозғалыс негізінен жалпы әлемдік тұрғыдағы қозғалыс жүйесінің, уақыттың пайда болатын да хақ. Аймен жер бетінің замандық, дәуірлік жыл ішіндегі мезгілдік қозғалысы 4; 9, 5,11 сандармен атқарылады. Ал күнмен байланысты да; 7,12,4,24 және 11 сандарына тәуелді болады. Негізінде бір-бірімен тоғыспайтын екі түрлі қозғалыстың негізі екі жарықтың бастауы Алланың өзі болғанымен, оның нұры уақыттың ішіндегі мәңгілік деп түсіну керек. Ал мәңгілік өмірдің адамзатқа меңгеруге тиісті тектері 8 түр сипатын және онан пайда болатын 10 түрлі Алла тағаланың Рахмет, Ол Алла сипатына дәлел және біздерге танылуға мәлім 99 көркем есімдер мен қасиеттердің сапасымен жалғанып, Адам болып, кісілік жағдайда уақыттық қозғалыстарды меңгеруіміз керек. Ол үшінде жаратылыстағы; «…«Жарықтың бүкіл төменгі бөлігі қараңғы қозғалыссыз және салқын болады. Бұл бөлікте өзінің жаратылысы жөнінен қозғалыссыз  заттар денелер орналасты. Алла тағаланың құдіретті күшімен қозғалыссыз нәрселер жаратылысы салқын, суық болып келеді…» Осындай жансыз, қозғалыссыз денелерді пайда жаратуға, жан беріп қозғалысқа келтіруге орта бөлікті меңгеруге, біздер адамзат тұрғысында өздеріміздегі қарсылық қуаттарды өңдеп, жаңа сапалы пайдалы тіршілікті жүргізетін қуаттарды өндіріп, оларды әлемдік қозғалысқа қосып отыруымыз керек.

Себебі қандайда бір қатты, суық қозғалыссыз денелердің ішінде және  жансыз қозғалыс егелері шеріктерде, қарсылық  жындарда да, шайтандарда да Раббымыздың нұрынан, Алла тағаланың даналық, парасатынан  жоғалмайтын, жоя алмайтын белгі іздер бар. Мұндай қуаттарды малдық, ақшалық деп атаған жөн. Жер бетіндегі қандайда бір жаратылыстың нәрсесінде, тау тас, ағаш т.б. материалдық заттарда да бұл нұрлардың белгісі, қасиеттердің қуаттары болуы заңдылық. Біздер тағамдық азықтармен ғана емес, өзіміздің жанды, жансыз жаратылыс егелеріне деген іс-әрекеттерімізбен де, яғни шартты намаздарын орындау арқылы да  белгілі керекті пайдалы қуаттардың көзіне жалғанып отыруымыз міндетті болады. Тектілікті меңгеруде теріс зиянды қозғалыстың өзі қасиеттілік, ал таза қасиеттер осындай қарсылықтарды меңгерумен, тазартумен ғана иманға жол ашады. Иман келтіру ұғымының өзі 60+70=130 белгіден тұрса және 700 жарықтық орын біздің тәнімізде болып, негізінде 1001 тылсымдық хикметтік белгілерге жалғанумен нәтижесін береді. ..(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *