Үш-ақ түрлі өмір бар; бәрі де мас,
Бір рәуіште болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің-ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,
Өкініші қалмайды, кетсе ағатың.
Күні-түні дей гөрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артыңда адам атың.
Өмірдің басы-бала, ортасы-адам,
Қартайып, шал болған соң кетті шамаң.
Мақтап жүрген өмірің осы болса,
Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тамам.
(Шәкәрім әулие)
**** ***
Әйел мен бала ұқсасы періштелік,
Қысқа ақыл, сезімге кетер еріп.
Құштар боп өмірге мас қылатын,
Жастық шақта жан сезімін өсірерлік.
Жастар мен әйелдерге тән мастық деген,
Пайғамбардан ескерту боп қалған екен.
Көріп, естіп, сезіммен ғана ойланатын,
Тәрбиесіз білім — қас жауы болар деген.
Өмірдің басы-бала мастық жалған,
Жалғандықтан ақылмен болмақ адам.
Ет ауыртып, адал еңбек тер төгумен,
Мастықтан қан-сезімін тазарттырған.
Адам-есті, бойы жарық кісі болмақ,
Есті ақылмен ғылымнан кітап алмақ.
Елуде ердің жасы деп атаған,
Жетесін толтырумен санаға есік ашпақ.
Қартайып тәнің азып, қуат қашар,
Бейкүнә жас баладай жан басқарар.
Жас бала мен шал болар бір рәуішті,
Үлкен жаста ақиретке қадам басар.
Ақиретпен тақуа боп жалғанатын,
Қызығы емес, дүниеге мас қуанатын.
Періштедей шал болған ата-бабаң,
Балаша ақиреттің үніне мас болатын.
Дүниенің қызығы көп мас қылатын,
Дәстүрін ата-баба сақтамай аманатын.
Өкінішпен өтіп жатыр талай ғұмыр,
Арсыздықпен жоғалтып адам атын.
Ойласаң бар ма екен адам атың,
Кімнен алдың, қайтардың ба аманатын?
Тектімін деп босқа даурыққанмен,
Үш өмірдің меңгердің бе дәстүр, салтын.
(Б.Т.К)
*** ***