II- Ашу мен Ынсап  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 185

Ұмыттың ба ескі жар,

Аяқ, баурым-Сабыр ғой!

Сабырлы ер де менде бар,

Ол екеуміз тамыр ғой.

Қайраттанып шақырсаң,

Қаруларың әзір ғой.

«Бәрің кет!» деп ақырсаң,

Өзіңе қазған қабір ғой.

Ал, ақылдас, бәрі бар,

Дайын қылдым бәрін де:

Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,

Ынсап деген кәрің де.

Біз тұрғанда Арамның

Дәм бол ма нәрінде?

Қайғы емес Наданның

Тығылғаны әр інге».

Жан кіргендей қозғалдым,

Тұла бойым шымырлап.

Жан-жағыма көз салдым,

Сөйлейін деп қыбырлап.

Біреу келді жаныма,

Құлағыма сыбырлап.

Түртіп қалды саныма,

Сөйлеме деп жыбырлап;

«Және сөйлеп барасың,

Жай отырсаң нетеді?

Өз мазаңды аласың,

Жан тыныштық кетеді.

Ауыр қайғы, терең ой

Өкпеге зиян етеді.

Тілімді ал да, мұны қой,

Түбінде осы жетеді».

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қайратың болар сабырың,

Тазарса, аяқ, бауырың.

Алтауың араз болмаса,

Қуаты бұл өмір нәрінің.

Ұят, сақтық, ар, рахымың,

Қайратың бірге Сабырың

Қаруы болар құлының,

Ынсап атты есті кәрінің.

Бір болса алты ауызың,

Жандағы қуат ақылың.

Бесті беріп алты алған,

Жаннан ғылым нақылың.

Қарсылық қылар жаныңа,

Үйі бар, аяқ саныңда.

Сезіммен бірге шайтаның,

Қосылар қуат қаныңа.

(Б.ТК)

***  ***

Жалт қарасам бетіне-

Баяғы құрғыр Еріншек.

Көзім түсті етіне,

Бір уыздай келіншек.

Құры көзбен қарсам,

Қызығады, ой тентек.

Ақылмен өлшеп сансам,

Қозады оған ескі кек:

«Ей, Еріншек, қара жүз,

Не қылмадың сен маған?

Енді менен күдер үз,

Жақындама бар таман.

Сенің қылған ісің ғой,

Қаракетсіз көп надан.

Рахымы жоқ жәдігөй,

Қойып едің кімді аман?

Жас күнімде ерінтіп,

Шала қылдым ғылымнан.

Жау қолында керілтіп,

Жеңілдірдің зұлымнан.

Өмір-кесел, ұры, қар,

Не табасың мұныңнан?

Мені өлтірсе залымдар,

Алушы ма едің құнымнан?!

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Жас пен әйел бірдейді,

Мастығы болмақ дегенді

Пайғамбардан қалған өсиет,

Періште сезім өнеді.

Сезімдік қуат періштең,

Бөлініп бой өрістен,

Қыз бейнелі мінез боп,

Енеді бойға желіксең.

Жын тазармай үлкеннен,

Айырылып дін сенімнен.

Жат елдің алып нәсілін

Жүктелген қыз сезіммен.

Хабар жоқ жан ғылымнан,

Ақылсыз білім сұм қылған.

Арсыз, ұятсыз қыз-қатыннан,

Зұлымдар шықты бойынан.

Шайтаннан қылық еріншек,

Қысқа ақылды келіншек.

Ақылсыз білім жинаған,

Уайымсыз сезім семіртпек.

Кебінсізді баураған,

Сасық иіс тозақтан.

Теріс ой өріс шайтаннан,

Артына еріп азғырған.

Халықты түгел ерінтіп,

Жастарды қойған еліртіп.

Бұлыңғыр көп келіншек,

Азғырған ойды терістеп.

Шақырып жүр кеңеске,

Жаулықсыз нәзік елеске.

Жалаңбас жүріп еркектер,

Қосылған шерік екі еске!

(Б.Т.К)

****   ****

Осы көрген көп бейнет

Бәрі сенен емес ме?

Былшылдамай арман кет,

Болмас іске егеске.

Әлдеқашан ант бердім

Бал берсең де жемеске.

Рахаттан да жалт бердім,

Тыныштық бар демеске»

Кетті Еріншек өкпелеп,

Қайта келіп қонбасқа.

Өкпеге тағы тепкілеп,

Тарланды салдым болмасқа.

Кеткенімен жұмыс жоқ

Қазақ ісі оңбасқа.

Мен сорлыда тыныс жоқ,

Ақылдастым жолдасқа.

Сөйлесті бәрі сыбырлап,

Мен отырдым тыңдауға.

Жүрегім тұр жыбырлап,

Дәл тапқанда ымдауға.

Ойлағанын бәрі де

Ортаға салды шындауға,

Қалжың емес, әрине,

Керек десті шыңдауға.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Ұят, ар,  сақтықпен, рахыммен,

Аласың сабыр ақылмен.

Иманың қуат жолдасың,

Менің бар елші сырласың.

Ісінен дүние жалыққан,

Рахат, қызық сауықтан.

Тақуа керек мұндайда,

Раббына жарға жолыққан.

Бір ақыл естің Ынсабын,

Меңгерген иман қуатын,

Дәстүрлі діні қазақтың

Жалғауға діннің кітабын.

(Б.Т.К)

***  ****

Кейбіреуі майда айтып,

Елжіретті, жылатты.

Қайсы бірі қайғы айтып,

Үміттің үйін құлатты.

Айтып-айтып келді де,

Бәрі Ынсапқа сынатты.

Ынсап өлшеп көрді де,

Былайша деп ұнатты:

«Ел саңырау, надан ғой,

Естіле ме құр айғай,

Емделмеген адам ғой,

Ем бола ма құр ойбай.

Құлағы мен көзін аш,

Оқу оқыт, ғылым жай,

Насихатты сөйтіп шаш,

Соны жүрсің біле алмай.

Газетке жаз, кітап жаз,

Бастыр, оқыт қазаққа,

Мақтағанға болып мәз,

Қала берме мазаққа.

Сусыз егін не шықсын,

Суғар, шыда азапқа.

Дәмін алып ел ұқсын,

Сонда ұмтылар тамаққа».

****  ****

Ынсап ақыл жетең ғой,

Жеті үнді алар сабаққа.

Емделмеген жынды ғой,

Ілмейтін сөзді құлаққа.

Үміттің үйі ойпатта,

Дәстүрі еді қазақта.

Құлақ, көзді ашатын,

Шомылып жарық бұлаққа.

Ынсапты алмай қуатқа,

Сөз жазар бүгін қазаққа.

Данасын ұлттың тыңдамай,

Шоқынды парсы, арапқа.

Суғармай малын суатқа,

Жастары толмай қырыққа.

Пайғамбардай жынсыз боп,

Діншілер лақты жыраққа.

Үлкендер жүр болып мәз,

Бөріксіз ер болған таз.

Сана түгіл, жете жоқ,

Пәтуасыз сөз, ойлары аз.

Тау билік, үлкен жартастай,

Насихаты бабаң құр айқай.

Алтауын елдің араз ғып,

Құл болған ел шайтанға-ай

(Б.Т.К)

*****   ****

Осы сөзді дұрыс деп,

Жүрек соқты, құптады.

Түзу істі бұрыс деп,

Ол жасырып, тықпады.

Айқай салып бақырса,

Ойсыз құлақ ұқпады.

Қанша тұқым шашылса,

Жер жыртылмай шықпады.

Жұқпайды екен айтқан сөз

Ғылымы жоқ наданға.

Кеудесінде болса көз,

Жұғар сондай адамға.

Ондай адам қазақтан

Көп туса осы заманға,-

Босар еді-ау азаптан

Қазақ шығып самалға.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қатты құлақ үлкенге,

Дәстүрсіз болу мүмкін бе?

Ақ құлақты нәсілді,

Інжілсіз алу көңілге?

Үш нәсілің бар тегіңде,

Байлаған атың нәсіл де.

Төртінші тектен бас тартып,

Қытай, жоңғар жүр ішіңде.

Ұлы бол деп атаның,

Дінсіздікті жақтадың.

Ұлттың ішіне бүлік сап,

Кәпірдей соғыс ашқаның.

Бар болса көз- ұжданың,

Раббыңның алып аянын.

Әлемдік тұтас қуатқа,

Болар ең Адам қосатын.

Қызың мен қатын, қосағың,

Өлтірген сұқпен жандарын,

Арамдап жатыр жерлерін,

Тұқымын ұлттың шашатын.

Әйелің азған заманда,

Еркекте сана бола ма?

Санадан белгі болмаса,

Тән, жаннан ұждан туар ма?

Насихат, нақыл қалған сөз,

Кеудеде болмай ұждан көз

Ұғатын ғалым табылмай,

Мезгіліне қиямет келдік кез.

(Б.Т.К)

*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *