Шаруа мен ысырап  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 66

Қайтер еді жігіттер,

Тым қымбатты кимесек.

Мақтан үшін борышты

Үсті-үстіне үймесек.

Қаладағы байлардың

Ыңғайына билесек.

Аяғында қайтеміз,

Банкрот боп күйресек.

Орта кисек ұрса ма,

Біз ешкімге тимесек.

…………….. ……

Шалқи бермей шамалан,

Шаруа кетті келмеске.

Күміс тұрман тағынып,

«Мен қалаймын?» деп еспе!

Бәрі мақтан, бәрі борыш

Рас сөзге егеспе.

Не деген мал шыдайды

Бұл кию мен, бұл жеске?

Өкінерсің, көрерсің,

Не таңертең не кешке.

……………  ……

Ойланатын кез болды ғой,

Орынсызды құр қылмай.

Сабын алып онан да,

Үстімізді кір қылмай,

Тазалайық денені

Сыртымызды сыр қылмай.

Жалтырауық тағынып,

Қылтиғанды қыр қылмай.

Мазақтатып әркімге

Өзімізге жыр қылмай.

Пайдалыны бұл қазақ

Не себептен тұр қылмай?

Мақтан қуған елірме

Шаруаны жүр қылмай.

Бояу мақтан бола ма

Ішімізді нұр қылмай?

Өтеміз бе осыман

Жөнді жұмыс бір қылмай?

(Шәкәрім әулие)

***   ****  ***

Мақтан борыш қазаққа,

Түскендер көп азапқа.

Кедей байға теңелмек,

Бай құдайдай болмаққа.

Дәулетке мас жыраққа,

Ақшасын шашып аулақта

Түбінде сұрау құдайдан,

Тартылар тегі сұраққа.

Тойлайтын болдық борышқа,

Мақтанды салып жарысқа.

Заманға дүние күйлеген,

Салт болды енді қазаққа.

Бауралған жын, шайтанға

Қыз қатының жүр тозақта.

Өлтіртіп мал, етіңді,

Қол соқтың арсыз жалаңашқа.

Таң сәріде бақшаға,

Кіретін қазақ қалды ма?

Жан бақшасын өсірмей,

Тек жетіліп бола ма?

Сегіз жынын қыр қылмай,

Басыңда төртің тазармай.

Жетесіздік салт шықты

Көңілдің көзі ашылмай.

Сыртыңда сырың ағармай,

Табанда тамыр ұзармай

Мақтан қудың еліріп,

Мирасын бабаң қолға алмай.

Өмірің түгел ысырап,

Жетім, жесір жүр жылап.

Жырлап жүрсің алайда,

Болмайтындай бір сұрақ.

Сұрау жоқ болып ақылдан,

Қалдырған дана нақылдан.

Жеңіл тұрмыс, шаруаңды,

Артық көріп аруақ асылдан!

Өлісін риза қылмаған,

Құтылмас құдай сынынан.

Түбінде азап жетеді,

Соңыңда ерген шайтаннан.

(Б.Т.К)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *