Алла жолы- ақ жолың

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 132

Елге көнсем ақ жолдан адасамын,

Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын.

Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды,

Енді қайтіп бұл елмен жарасамын.

Бір момынның ұстасам түзу ісін,

Жөндейін деп ғарыптің жөн жұмысын,-

Ақтан безген ары жоқ, өңкей залым

Ырылдатып жабады ит пен құсын.

Көп төбетке жетеді қайдан күшің,

Құтқара алмай адалды пысады ішің.

Қабағыңды қаққанша қас болады,

Жақыным деп болысып жүрген кісің.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Аз ғана топ тура жолға түсе алатын,

Алланың бұл үкімі діншілер таласатын.

Әулие бабалардың салған ізін,

Бұл заманда қазақ аз баса алатын.

Ақ жолың — ата жолың сыналатын,

Әр заманға бар қарсылығы жарататын.

Сырты қазақ іші тұман білімді көп,

Өзге елдің салты мен дініне болысатын.

Ақтан безген, ар білімін ақталатын,

Аруағына қарсы болып  тас ататын.

Қолдаған ел биліктер заңмен мықты,

Шоқынып, дәулет ісіне мас қылатын.

(Б.Т.К)

****  ****

Осы күнде арамның жолдасы мол,

Қу мен сұмды кім жиса, шын мықты сол.

Мақтан, атақ іздесең адамнан без,

Ардан күсіп, арамның біреуі бол.

Мұны қылсаң боласың сен де мықты,

Қайдағы қу, алдамшы төрге шықты.

Ел ішінде сенен қор жан бола ма,

Ұстаймын деп отырсаң адалдықты.

Елеуреген есірік елдің бәрі,

Өңкей батыр, жалақор жас пен кәрі.

Сені адам деп есіркеп кім ойлайды,

Құлап қалған қу молаң кімге дәрі.

(Шәкәрім әулие)

**** ****

Бабаларға келген сын келді дағы,

Арамдыққа жарысқан жұрт «зиялы».

Ертегіге айналдырып дінші кетті,

Ақиреттің білімін ап-ашық аяттағы.

Философ, психолог бар атақтары,

Жан мен рұқты ажыратпай құрандағы.

Иман мен сенімді бір атап жүр,

Қазақтың ақыл берген мықтылары.

Ұмыттырып ата-анасын моладағы,

Тәңірсіген ел басшылар заң жазады.

Елеуреп жүр есіріп жынын даттап,

Дін ғалымы, имам атты масһабтағы.

Болса да сөзі жалған, қисық тағы,

Төрге шықты надан байлар ұлтыңдағы.

Ата жолы  дәстүріне тиым салған,

Арсыз билер тегің мен жанның жауы.

(Б.Т.К)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *