Табындым, таптым!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 118

Көктегі Тәңір,

Жүргізген әмір.

Алланың өзі,

Құдіреті көзі,

Жарығы сөнбес.

Нұр суы сөзі,

Өзіңсің Құдай!

Табын деп маған,

Жаратқан оған.

Құранды оқып,

Жаттама олай.

Білімін тоқып,

Хақ сырын көріп,

Табыншы елім,

Ғылымға солай.

Шариғат біліп,

Тазалық тұтып,

Табынсаң  салтыңа!

Аруақты көріп,

Түсіңді жорып.

Аятын беріп,

Кітабы  осы

Тұратын түсіп.

Құраның тыста,

Табынсаң, табын.

Меңгеріп сырын,

Хикметті білім,

Рухыңа асқа.

Арапша біліп,

Өлең ғып тізіп.

Жатайтын босқа,

Мақам деп біліп

Әдетін таста!

Аяттың күшін,

Хадистің ісін,

Білімін түсін.

Табынып солай,

Зейнетін киін,

Түзелер түсің.

Ұлының жүзі,

Дананың ізі.

Табын деп ақыл,

Қалдырған нақыл.

Ұлтыңның сыны,

Анаңның тілі.

Тыңдасаң ақыл,

Иненің бізі,

Өткірдің жүзі,

Аруақтан белгі.

Табынған мақұл!

Табиғат сырын,

Жаратқан тәңір!

Сипаттың бірін,

Сұлулық пірің!

Анаң бар асыл,

Ұжмақта жасыл.

Атаң бар текті

Беретін ақ бата,

Атаң ол аруақ.

Жаннаттан келсін,

Қолдасын десең.

Шырақты жағып,

Зікірін айтып,

Құдайға сыйын.

Табынсаң солай,

Көз болған көрер,

Бір Алла өзі,

Қолдауын берер.

Болып сен құмар,

Аққу бол, сұңқар,

Ұстаумен дәстүр,

Ұлтыңның ғұрпын.

Қылумен әдет,

Рухыңа іңкәр.

Табынсаң солай,

Иманың келед.

Сиынып Құдай!

Жасырын тұрған,

Болған ол орта

Хикметке білім.

Табынам солай.

Топырағың жерің,

Ризығың сенің.

Атаның белі,

Нәсілден өнім.

Атса егер ажал,

Жататын көрің.

Болған ол қамал,

Жататын құрсақ,

Жаннат қой жерің,

Оянып тұрсам.

Жер рухы анам,

Дәнімін мен сенің,

Қайтадан туған.

Ер жеткен балаң!

Ұқсасам жерге,

Меңгеріп дінді,

Салмақты ерге.

Табынам солай,

Сипатың Тәңір

Бірлікке Құдай!

Самал жел өзің,

Сүлеймен пайғамбар

Пырағы болған,

Киесі едің.

Соқсыншы  желім,

Жаңбырмен жерім,

Батамен елім,

Көгерсе дедім!

Самал боп өзіңдей,

Пайдамды халқыма,

Тигізбек едім.

Саған жел табынам,

Ұқсамақ ойым,

Аруақтық бойым.

Ақылға табынам,

Бірлігі жүзіңе,

Болмаса Өзіңе

Қалайша жағынам?

Жолдары желдің

Емес пе елің?

Білімі сөздің,

Азығың асың.

Табынсаң солай,

Қасиет боп келетін

Жолына Құдай!

Аралап, іздеп

Таулармен тасты.

Адамзат жүрегі,

Білемін жатқанын,

Тас болып қатты.

Білімі  Иенің

Жарып ол тасты,

Су ана рухы боп,

Өзіңнен ақты.

Жаннатың киесі,

Атам мен анамның

Жаннатан алған,

Зейнетік бейнесі,

Азығы ең сен ағаш.

Нәзіктен жарық,

Атымды байлайтын,

Әйелдік үш ағаш,

Боласың қазық.

Зейнеті баурайтын,

Бойысың сен ағаш.

Оты боп адамның,

Арамнан қоғайтын.

Болады несі оғаш?

Табынсам өзіңе,

Жалған өмірді,

Жарықтық сөзіңе.

Құранда аятың

Ескерткіш жүргінші,

Белгісін киенің

Сырысың аяқтың.

Бірлігің тұрпатың,

Белгісі киенің,

Табынсам осылай,

Тәңірлік сипатың

Жүзіне Иенің.

Жаратқан осылай,

Аятта Құраның

Біліңдер сипатын

Қара деп түйенің,

Жер ана тұрпатын.

Табынсам табамын,

Ұқсауым мақсатым

Бірлігін Иемнің.

Иман қып аламын.

Табынсам ақылмен,

Иманым серікке,

Туысым жақын деп.

Оқумен Құран,

Табынсаң оған

Күпірлік еш болмас,

Қостың деп серікті

Табыну жалған

Дегендер еш оңбас!

Алланың Бірі,

Жинайтын жүзі.

Нұр еді баста,

Уақыт боп басқа,

Жаның ол сағым,

Растыққа  табын!

Расулдің өзі,

Шапағат көзі,

Ақ бұлақ,

Ақ бастау!

Ғылым ол Өзі,

Болсаң да алым,

Оған да табын!

Отаным ошағым,

Жанымда  қосағым,

Жаратқан рахымың.

Жалғаған  жанымды,

Сергім жақыным,

Табынам жарыма,

Тазартқан қанымды.

Арамза көп дінші,

Қылса да сөз күлкі.

Болмасын десең,

Дұшпанға көз түрткі.

Қасиетің арың,

Сауытың барың.

Тазарсын десең,

Сыйында Құдай,

Дәстүрімен Қазақ.

Табынған оңай.

Әулилер досың,

Жанаттық тұрғын

Түсіріп нұрын,

Кие боп ойпатқа

Тіккендер қосын.

Зияраттап барасың,

Ат атап құрбандық,

Әрдайым шаласың.

Есімдік сипатын,

Құранмен аласың.

Сиынып Бір Құдай,

Риза боп досың да,

Түңілер қасың да,

Табынсаң сен бұлай.

Қашырар ол сенен,

Жол тосқан қасыңды,

Аларсың Құтынан,

Рухани асыңды.

Масһабтан пәтуа,

Табынбай ақылға.

Діншінің алдамшы

Амалың рәсуа,

Қосасың арамды,

Дегені жалғанды.

Арамза діншілер,

Қарқылда, күліңдер,

Табынған осылай.

Серікке, иманым

Аруаққа жиғаным.

Үмметік сипатым,

Дәуіттен мирастық

Ақындық салтым,

Дәстүрі халқым,

Абайдай дана

Байлаған атын.

Даналық асыл,

Сипаты болған,

Аруағы қонған,

Ұқсауға затым.

Табындым оған.

Табынған ақыл,

Адамдық хақым!

Құлшылық зікір,

Қылғаным шүкір.

Әке мен анам,

Бақилық болған.

Болсыншы риза,

Жаны едім пида.

Артында қалған,

Аманат атадан,

Өлгенді сыйла,

Ғұрпымен қазақ.

Діншілер Масһаб,

Қылса да мазақ.

Атымнан түсіп,

Қабірін құшып,

Құранды оқып,

Тағзым қып солай,

Табынғам талай.

Масһабшы дінші,

Мазақтап күлші.

Шеріктер, соқыр,

Жындысың ақыр.

Масһабты бұзып,

Тәпсірмен тізіп,

Салтың деп бұзық.

Ғұрпыңды бұрын,

Қылдың де ырым.

Болдың деп кәпір,

Кетті де қырын.

Емес де шүкір,

Қылдың де күпір,

Бетіме түкір!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *