Сиындым Құдай өзіңе!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 45

Бисимиллә деп әр істі

Бастасам Құдай жөн көрер,

Аятын оқып Құранның,

Құлшылық ісі амалың

Сиынумен  жөнделер.

Сиынсам Құдай өзіңе,

Рахман болып қолдайсың,

Намазымен жалынам,

Рахимдік сипат тезіңе.

Басын қосып үш сипат,

Жалбарындым «Өзіңе».

Лә илла илла дегенім,

Тәңірім сенсің білгенім.

«Мұхамадур рассула»

Табындым, елші «Өзіңе»

Жоримын аса мән беріп,

Естуші сипат сөзіңе.

Бес сөзің сипат тәңірлік,

Рухыңмен және жан беріп

Жараттың Алла Адамды.

Болсын деп ұқсас өзіме,

Сыйынып  көркем сөзіме.

Құлшылық қыл деп ақылға,

Періште болған бар жанды,

Қызмет ет деп бұйырдың

Табынумен  мұндай асылға.

Асылдан жауһар туғыздың,

Сипатын алып жүктеліп,

Бірлігіме сиын деп,

Ай менен күнді жұп қылдың.

Жер анаң деп несібең,

Руыңа келер сыйың деп,

Көктің жұбын тақ қылдың.

Ақтың кені топырақ,

Көктен суды қосып ап.

«Бол» деп Адам тапсырдың.

Жүрсін деп енді жетелеп,

Рухпен жанды некелеп.

Таратып бұдан адамзат,

Жаратып барлық нәрсені,

Меңгер деп түрлі кәдені

Жаратың және сансыз зат.

Түсіріп «дін» деп сөзіңді

Бейнелеп сипат өзіңді,

Түсін деп ана тіліңмен

Құлшылық қылу діліңмен,

Түзу жолмен жүр деген.

Табын деп Адам ақылға,

Түспеңдер ойсыз тақылға.

Бейнелеп түрлі Адамның,

Сипаты бар 18-ғаламның.

Патшалығы деп көзімнің,

Жалғасы  көркем сөзіңнің.

124-мың пайғамбар

Болғаны сипат бар шынның.

Растығы деп өзімнің,

Жараттың талай пайғамбар

Бейнесі деп сөзімнің.

Жаратылыс заңы жұп деген,

Ойдан шықан сөз «ібіліс»,

Қарсылықты сипат тек деген.

Қуылған жаннат «Кет» пенен.

Сөздің де жұбы болғаны,

Парамен және қосады.

Рух деген бейне сөзіңнің,

Қосылып рухқа тек пенен

Жарығым сөздің Құдай деп,

Болғаны сипат «Өзіңнің» .

Адамзатың бір асылы,

Иса деп аты көзімнің.

Көркем сөздің бар шыңы,

Сәулесі болып сан түрлі,

Ақыл боп бейне әр түрлі.

Жанмен алған бұл тағат,

Көрсетер бізге адамзат,

Алыңдар деп жорып ғибрат.

Адамдық асыл расулың,

Естуші жүрек көзінің

Мұхаммед болды пайғамбар

Соңы да болды сөзіңнің.

Шырағы жанның пайғамбар,

Араптан ғана шықты деп,

Алданып бұған қалған бар.

Үкімі еді құран аяттың

«Ішіңде сенің адамзат,

Болғанмын деп мен сағат»

Уақыты жанның Расулың

Тағдырың жаның, асылың.

Рухпен жанның бірлігің,

Екі масіх пайғамбар,

Бұнсыз өнбес тірлігің.

Басыңда болса ақыл-ой,

Санайтын сенің жүрегің,

Бейнесі сана ұждан ғой.

Сабырың тәннен, табаннан

Зияратаумен адамзат,

Ойпаты жер боп аталған,

Табумен есік жеріңнің,

Жалғанған көке жеті қат.

Табаның содан ағарған.

Құлшылықтың соңы да,

Мінез болып, ақталған

Істері болған қолыңда,

«Аяқ» деп соңы аталған.

Сөздерде бір бар туысқан,

Аударумен құранды

Сөз атауын меңгеру

Астарын ашып қуысқан.

Бастағы мүше беспенен,

Жейсің азық еспенен.

Аяқ деген ыдыстан,

Ішесің шарап туыстан.

Отырып босқа мешітте

Оқумен тек намазды,

Иманың келмес жетіпте.

Болғанмен бай қазанды,

Рухың өлмес тазармас,

Көрмесең өлім қазаңды,

Серігің иман ере алмас.

Осылайша үш өлу,

Исламның іші үш бөлу

Масһабпенен тек сену

Діннің ісі күн көру.

Базары жолдың шариғат,

Бекіген ісі дініңнің.

Құдайдың ісі тарихат,

Жалғаумен кіндік жеріңнің

Шежіресі тарих еліңнің.

Кітабын оқып білімнің,

Ілімін меңгер түсіңнің

Аласың кітап кісіңнің

Білімі болған мағрипат,

33 таспих саналған

Дін ғылымы үш таған

Інжіл, Тәурат ол Құран

Меңгеріп таспих үшіңнің

Тылсымнан кітап Зәбүрдің,

Жүктелумен, бірді жық,

Шамасын байқа күшіңнің.

Замана тоғыз дәуірдің,

Екі игілік болған Құт.

Намазын осы ісіңнің

Жүрсе жынға әмірің

Лә иләһа илла Алла

Сипатын Тәңір сен біліп

Құлшылығың Бір Алла

«Мұхаммадур расулла»

Мәдинеде Мұхаммед,

Түркістанда Әзірет,

Маңғыстауда пір Бекет,

Арыстанбаба түнеп өт.

Айша ана періште,

Жаныңа қуат әр істе.

Көрсеткен тура жолына,

Аятын көріп, түс жорып,

Айдыр амал әдіске.

Табынып құдірет қолына,

Құлшылығым теріс пе?

Сыйынсам Құдай өзіне.

Қазақша біліп Құранның

Байлығын жинап иманның,

Табындым Алла сөзіне!

Шежірден ғибрат тарихат,

Ақылдың бұлақ көзіне!

Жалғанып жеті үніне,

Меңгеумен  мағрипат,

Ғылымын біліп жеті жол,

Жарасаң халық күніне

Ясауи баба салған із

Түркілік дінің тура жол.

Шежірден алып хат,

Жалғансаң ағаш тілекке,

Тамырын алған қабірден.

Иманнан жеміс хақиқат,

Қазынаң тұрған жүректе.

Түсетін жарық әмірмен,

Иманың жұлдыз Тәңірден.

Жалғанып жаның бірлермен,

Бірлігі «Біздің»  ол   Алла!

Шапағат шырақ Расулла!

Сиындым өзің Құдайға!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *