Дәстүрің әділдіктің тура жолы

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 127

Ей, көп халық, көп халық,

Көп те болсаң, шөп халық.

Партияшылды құтыртпа

Мен сендікпін деп халық.

Оң-терісін байқамай,

Таза жолдан тайқамай,

Ылайлап тұнық шайқамай,

Тура жолмен кет, халық.

Таласты көрсең-басып айт,

Кемдігін көрсең-қосып айт.

Кекеп, мұқап қыздырма,

Берекесін бұздырма.

Ызаның айт дегенін

Желіктіріп сыздырма.

Адалдың әділ жолына

Ақырын басып жет халық.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Көбейдік деп мақтандық,

Қазақ боп болып көп халық.

Әдебін, салтын әлемнің,

Ғылыммен алмай сақтанып.

Көп те болсақ шөп халық,

Дәстүрін баба тастадық.

Сезімдік ақыл өсірген,

Шайтандық әдет жақталып.

Партия құрып жақтадық,

Ой жорып білім асқандық.

Тәрбиесін ғылым меңгермей,

Арсыздықты бойға алдық.

Күнәдан алмай ақталып,

Имансыз жол масһабтық.

Бес парызбен дін болды,

Қабірдегі елді тастатып.

Ел билік жүр мақтанып,

Жүз қадам заңын қолға алып.

Мәңгілік ел құрмақшы,

Аманатын  баба тастатып.

Махаббаттан құр халық,

Ана тілін жатқан жоғалтып.

Жер ана рұқына жалғанбай,

Шөп болды тегің ұсақталып.

(Б.Т.К)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *