Ынсапсыз тіл, кекшіл мінез  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 70

Мен қорқамын, қорқамын,

Қорыққанымнан жортамын.

Ашу менен ызаға,

Толы емеспін ортамын.

Қыздырманың-қызыл тіл,

Қызған отқа салар ол.

Кек сақтағыш кекекшіл,

Аямай қауып алар ол.

Білмеске де білгенге

Өзін-өзі балар ол.

Қапы қалып құтырып,

Ар-абыройы ұмытылып.

Ашуды қару жұтынып,

Артыңнан неге қалар ол.

Жақсыны қауып жаманың,

Қабылмай қалмас аманың.

Осы емес пе заманың,

Деме тентек талар ол.

(Б.Т.К)

***   ***

Болмаса ынсап көңілде,

Санадан хабар өлі де.

Кеудеге шайтан кіргені,

Жүректі басып кірі де.

Ескіні қазып кек сақтар,

Ой жорып, елге тіл саптар.

Атасы зұлым болды деп,

Ұрпағы деп оны қайталар.

Құдайдың заман сынағы,

Қайғы мен қасірет болғаны.

Екі қол амал дәптері,

Құдайға қарсылық қылғаны.

Қазақта көп төбеттер,

Өз-өзін сөзбен бек етер.

Мәңгілік елді сүрдірмек,

Дін дәстүрін жек көрер.

Жақсы мен бағасы жаманның,

Қалыңдығы болды қалтаның.

Жетесіз би, шолақ тіл,

Төресі болды бүгін заманның.

(Б.Т.К)

****   ***

Адалыңды арам деп,

Мен адалға барам деп,

Ит жейтұғұн жемтікті,

Жиіркенбей жалар ол.

Ызадан жетсе бұйрығың,

Тұтпа ашудың құйрығын.

Таза ақылды жүйрігім,

Осы сөзге нанар ол.

Жүйріктерім нанбаса,

Тура сөзді алмаса,

Қайғылы шалды қармаса,

Жөнін өзі табар ол.

Жан жүрегім, жаным жеп,

Жанған отқа саларсың.

Анау сүйтті, бүйтті деп,

Күнде мазамды аларсың.

Берекеге жи дейсің,

Тамам қазақ баласын.

Кек ашудан тый дейсің,

Айыртып ақ пен қарасын.

Мен құдай ма, патса ма,

Ынсапсызға бастама,

Ауыртып жанын жаныштама,

Жанымның ескі жарасын.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Ақылы жүйрік шабатын,

Ашсам деп қазақ санасын,

Сөз қалдырған даналар,

Жазсам деп жанның жарасын.

Ар білімін меңгерер,

Құдайдан хабар сөз білер.

Азамат ердің ішінде,

Ат басындай шер өсер.

Азамат кім бар байқаңдар,

Ақ жүрек, аманат ақталар.

Ниеті қалыс ерлер көп,

Кеудесінде жүрген шайтан бар.

Сөз сатып елден аласың,

Салтымен алып парасын.

Азғырған дінші өз халқын,

Араптың алып намазын.

Талғамай арам, адалын,

Шақырып құдай назасын,

Ел билік алған ақыл деп,

Ажыратпай білім ғылым арасын.

(Б.Т.К)

***  ****

Газет, журнал басылды,

Міне, оқы деп қуанттың.

Қазаққа ғылым шашылды

Ал қуан деп жұбаттың.

Бірін-бірі сөкті деп,

Табылған бақты тепті деп

Өлді, жітті, кетті деп,

Тағы мені суалттың.

Бірі өлтіріп, тірілтіп,

Әр бұтаққа ілінтіп,

Жел, сағымдай құбылтып,

Қай жаққа алып барасың?

Қой жүрегім, қайғырма,

Қайғыны мүлде жай қылма.

Айырылғандар қосылар,

Бұл мінезден шошынар.

Тағдырдың құлы осылар,

Сен таппайсың шарасын.

Торайғыров естісе,

Мұны «қатын ойбай» дер.

Мұнымен елді жетілтсе,

«Ойбайды жүр қоймай» дер.

Аша алмассың жылаумен

Арсылдақтың арасын.

(Шәкәрім әулие)

****   ***

Қуантқан кәрі, жасыңды,

Берді деп құдай бағымды,

Егеменді ел болып,

Шығарған ата заңыңды.

Әлемге есік ашылды,

Білімін кезіп алынды.

Бағасы болмай ескінің,

Байлығы сөздің шашылды.

Шоқынып билік бас ұрды,

Өзгертіп ұлттық салтыңды.

Жат жұрттың тілін меңгертіп,

Ананың ділі жасыды.

Айырған туыс арасын,

Дәстүрінен қазақ баласын.

Қарсылық заңын шығарды,

Емдеген ата жол жан жарасын.

Дәулетке  мас жосылар,

Жайтаннан жын досы бар

Ойында жоқ бұл қауым,

Оғымен құдай атылар.

Аманат қалды, уәде жоқ,

Ата заң бар, амал жоқ.

Аталы сөзді тыңдайтын,

Иісі қазақ үлкен жоқ.

Мәңгілік елді сүрдірмек,

Тағдырын халық түземек,

Жер тәңірісі боп біліммен,

Жан, рұқын елдің өндірмек.

Тегі ме қазақ осылар,

Құдайсыз өңкей тасырлар.

Кәпір де, надан тексіздер

Аруағынан қашып шошынар.

Бірлігінен Алла қашырар,

Аруақсыз қалай бақ қонар.

Ғұмырын, кітабын өсірмей,

Доссыз жау ұлтқа осылар!

Арыстан  сүр боп ақырған,

Қара су жанды шақырған.

Ажалдың оғы атылды,

Кітабың ғұмыр ашылған!

(Б.Т.К)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *