Жетім болдың өз ұлтыңа ата заң!

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 151

Ата заңым бабалардың жолы едің,

Ата жолы құдай ісі қолы едің.

Дәстүр атап бейнеленген ғылымын,

Әдет-ғұрып, салты еді үш серігің.

Төртеуі де түгел болған ел едік,

Қасымханнан қасқа аталған жолы едік.

Ата заңым шежірем, мирас, аманат,

Арға күзет, иман жанға тоны едік.

Үш байлығын тегін ұлттың күзеткен,

Ата заңым сенсің мені қазақ ұлы еткен.

Егеменді ел болдық та бөлшектеп,

Ата жолын сенен алып тұл еткен.

Дәстүріңді жер анадан нәр емген,

Ар, ұятсыз салт қып алды қу өңшең.

Әдет пенен ғұрып атты кітабың,

Ескерусіз қалды жолға ту еткен.

Ата заңым ар-намысым аманат,

Тектілігі сақтаған ұлттың жамағат.

Ақ жаулық пен бөрікті ердің мирасы,

Екі күні жете мен ақыл сана атап.

Бөріксіздер жын басқарған ел болып,

Жаулық түгіл етексізге қор болып

Арсыздардың болып алдың қорғаны,

Ата заңым бола алмай дәстүріңнің қолдауы.

Алтау араз, сезім өспей жан өлген,

Қырық үйден қожа аспай тек өнген.

Тоғыз кісі ата заңмен бағатын,

Ұмыт болды дәстүріміз көк емген.

Ел билеген өңкей надан қорлады,

Ар ұятсыз елдің заңы сен дағы.

Осы ма едің ата заңым қадірің,

Бабалардың аманат пен арманы?

Жетімсіреп жатыр ғылым- аруағың,

Сен де жетім дәстүрің жоқ қорғаның.

Өз тегіңнің ар намысын ойлатпай,

Сатып кетті бүгінгі арсыз ұрпағың!

(Тамыз 2015 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *