XI-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 130

                        (жалғасы, басы 1-10 тарауларда)

«Дін дегенміз насихат» деген пайғамбарымыз. Ал насихат – аят, аян, ақылға берілетін қуат құдайлық нұрға, таза ақыл-иман қуатына жалғануға дәнекер болуы керек. Ата жолының мақсатын, ата дәстүрінің қадір-қасиетін терең түсініп меңгеру үшін де бізге дейінгі барлық діндердің, дін топтарының білімдері мен үгіттерінің, құлшылық істерінің пайда-зиянын ажыратып керек емесін тастап пайдасын ала білу де маңызды болмақ. Сондықтан тек қана намаздарын оқып орындаумен шектелуден де адасушылықтың, тура жолдың қисығына түсіп кетудің қаупі де зор болмақ. Олай болса әр ұлттың өзіндік даму жолы, тарихы болып бұл ақпараттық жүйенің де белгілі бір тарихы, шежіресі қалыптасып мұны Алланың жібі деп атайды. Ұлттың тегінің, жанының нәсілінің даму заңдылығы үздіксіз болып оның арасын үзіп, алып тастап қарастыруға болмайды. Мұндай жағдайда біздердің шежірелік ағашымызда үзіліп, Алланың жібінен ажырап адасуға жанның даму үдерісіде, қуаты да жоғалады. Әлемдік қуатқа жалғанудыңда мүмкіндігі жоғалады.

Сондықтан біздер мейлі масһабтың қай түрі болсын немесе өз ұлтымыздың ата-бабаларымыздың ұстанған сопылық, тақуалық әдет-ғұрыптарын, салттарынан қалған білімдерді үнемі заманға қарай берілетін құдайлық жол-жоба арқылы електен өткізіп отыруды міндетті деп түсіну керек. Тек қана Имам Ағзам ұстаған масһабты дұрыс, қалғандары бұрыс деп, өзіміздің тарихымыздағы бабалар өткен жол-жобасын мүлде алып тастаудан тажалдық білім ғана туындайтынын естен шығармаған жөн болар. Мұхаммед пайғамбарымызда болашақта 72топтық дін насихатының пайда болатынын, оның 73-сінде ғана тура жолға бағыт болатын ескерткен екен. Демек 73-ші топтық білімді меңгеру үшін қалғанын тастаңдар деген емес, керісінше бұл 72 түрлі қуаттарды да тазартып алумен ғана 73-ші сатыға көтеріле алатынымызды білдіреді. Олай болса масһабтардың пайда болғаннан кейінгі замандарда Алланың ерекше хикметін меңгерген сопылық бағыттарды былай қойғанда пайғамбарымыздың сүннетін, құранның насихатын төрт түрлі бағытта түсіндірген төрт масһабтың да осы 72топтың санына кіретіні де есеп білген естіге айқын, ашық түсінікті болуы керек.

«Ислам деген тазалық» деп ескерткен пайғамбарымыз. Ал тазалық тек қана тәннің тазалығы емес ақылдың, ойдың, рұқтың, жанның, бойдың, өрістің, тарихтың, білімнің,  ілімнің нәтижесінде ардың тазалығын қалыптастыруы шарт. Егер біздерден бұрынғы өткен замандардағы мейлі қандай дін немесе секта деп атаған топтардағы қандайда бір адам жанын тазартып өсіруге, ақылын, білімін жетілдіруге пайдасы бар ақпараттарды құдайдан емес дегеннің өзі надандық әрі исламның бірлігіне жат деп ақылмен қабылдаған да абзал болар. Егер тек имам Ағзамға келген білім Алладан тура жол болып басқалары теріс болса, онда Ханафи масһабы құдайдың өзі болып шыға келеді де. Ал құдайдың өзі деген жер бетінің қай заманында өмір сүрген адамзаттың қауымы үшін шексіз ақылмен, ғылыммен байланысты болуы шарт. Қазіргі замандағы арап көктемі, «дін экстремизмі» дегеніміз ақпараттық шектелумен және сол жүйенің өзінің ішіндегі тазалықты сақтамаудан, заманға қарай  керекті білімдердің бірлігін қалыптасыра алмаудан, 72топтық ақпараттық жүйені меңгере алмай құранды теріске алудан пайда болды десек жалған емес. Тазалықтың негізі де біздің ғалымдарымыздың шығарған пәтуасымен емес, құдайдың өзінен келетін хабарлармен жол-жобасы, уахи арқылы таза ақылмен пайымдалуы керек.

Таза ақылдан түсірілген кітаптарының аяттарын біздер бейнеленген білім қуатының сапасына қарай жалғанумен ғана түсіне аламыз. Ал дін кітаптарының аяттарының бәрі бірдей адамзатқа ғылымы ашылып, насихатқа айналуы да мүмкін емес. Сондықтан да уақыт өткен сайын замандардың саны да өсіп, тоғыз дәуірлік оқиға тербелісі үнемі жаңа заманның тағдырына еніп отыруымен, ақпараттардың да шамасы, көлемі, қуаты артып, кітап аяттарының бірінің ғылымы ашылса, бұрынғы заман ғылымы болған аяттардың білімі айқындалып отыратын да, соған байланысты әр заманның «Ғылымқал» білімін де жетілдіріп отыруға, тозғанын жаңалап, бұрынғы беймәлім түсініксіз аяттардың білімін ашып отыруға тиістіміз. Бұл пәтуамызға дәлел аятта; «Әй Кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап келді.» (5-15)

Есті, жетелі адам баласын бұл аяттан пайғамбарымыздың елшіліктің кітабын ғылым тұрғысында алғанын және бұрынғы замандағы ғалымдардың жасырған ақпараттарын жарыққа шығарып, көбісін жасырып айтпай кеткенін ескертеді. Сонымен бірге елшілік пайғамбарлық емес, құпия білімді уахиды жанға алумен байланысты қасиеттілік болып, үнемі жалғасты түрде нұрландырушы кітабын алып отыратын пайғамбарымыздың ізбасарлары әулиелердің болатынын да білген жөн. Сонымен пайғамбарымыз өзінен бұрынғы өткен кітап алған елшілердің алған ғылымдарының сырын көбін білімге айналдырғанмен, көбірегін жасырып қалғанын, елемей өмірден өтіп кеткенін ескертеді. Ал енді пайғамбарымыз болашақтағы келетін ізбасарларының да меңгеретін ғылымын ол заманда алуы да мүмкін емес, және пайдасынан зияны артық болатыны, ал кейбір деректерін алғанның өзінде оның білімі ашық түсінікті болуы да, ол замандағы ақылмен қабылдануы да мүмкін емес еді. Сондықтан құдайдың жолы болған елшілігін сүйген құлдарына құпия аяттарының ғылымын түсіндіретін аян, уахи, тылсымнан аруақтардың батамен жаннаттан хабар келтіруін жалғанға шығарғандар тажалдардың қызметшісі деп біліңіз. Олай болса мұндай елшілікті меңгеруді ғылымхал, нұрландырушы кітап иесі деп атап, ал ондайәулиелердің, даналардың сөз жүзінде қалдырған насихатынан ғылымқал кітабы үнемі жетіліп, қайта жазылып түзетіліп, толықтырылып отыруы керек.

Мұндай жағдайда осыдан мың жылдам астам өткен өз қызметін атқарған және оған байланысты түрлі қарсылық білімнің пайда болуынан ақылдық сапасы да әлсіреген масһабтық тәпсір, қал білімін ең болмаса сол қалпында «Ғылымқал» емес, «Ғылымхал» деп ат қойып,  көңілден көңілге сабақ алатын рухани өркениеттің, құпия жан ғылымының, уахи, аяндармен тылсымнан аруақтардан оқылатын шындық кітаптарын «Ғылымхалын» тәпсірлік білімге айналдырып алған бүгінгі біздің дін біліміміздің жағдайы да ібілістің жолына түсіп алғанымызды білдірмей ме ме? Әрине мұндай діннің насихатының мәні, сөз құндылғы жоғалған жағдайда бір ғана масһабты жол деп, яғни «Халден» хабар беретін құдайдың өзі болып алуы да тажалдардың араласуынан болғанын білген жөн.

Алла әлемді шындық бойынша жараттым деген. Ал шындық бейнеленген сөз ғылымы,  ақиқаттың өзі болады. Сөздің екі түрлі үні, таңбасы болып бірі санмен, бірі таңбалармен бейнеленеді. «Білім екі түрлі болады, бірі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деген пайғамбарымыз. Олай болса тылсымның үні хал ғылымы ділімізбен байланысты және сандық тұрғыда шындық болып, аруақтан үн болып келетінін білген жөн. Ал тіл білімі болып; біздің жер бетіндегі тірлігіміздегі барлық білімдерді, таңбаларды меңгерумен байланысты болады. Сонымен біздің жаратылысымыз тән мен жаннан адамдық болмысымыз пайда болса, ал рухани қуаттарымыз, күш-қайратымыз, малдық, жануарлық, нәпсілік сипатымыз жындық болмыс болып саналады.

Құранда жын сүресінің жоғарғы періштелік дәрежемен және әлемдегі 72түрлі сөзді тасымалдаушы тіл білімінің, топтың негізін көрсетіп тұрғаны да хақ. Жын жаратылысы оттың негізімен байланысты болып, ал жанның негізі судан, тәніміз топырақтан жаратылатыны да сөзсіз. Судан діл білімі болып, оның 70түрлі сипатын меңгеруді иманның жетпіс бұтақты дәрежесімен байланысты деп түсінген жөн. Олай болса, тура жол дегеніміз; ұлттық сипаттағы «Қал» білімін меңгеру арқылы «Хал» ғылымына жалғанып, құдайдың өзін тану яғни хикметіне, мұжизасына жалғанумен белгілі болады. Сонымен «Ғылымқал» арқылы жетіліп қана «Ғылымхалге» жалғанумен, яғни 142 (7) санды белгімен ғана тура жолда болып, құдайдың сөзіне, таза ақылға тұрақты жалғана аламыз. Ақылы бар пендеге құранның  142-ші аяттарын оқып шықса, тура жолдың нұрландырушы кітабының сырын ұғына алар да еді.

Бұл пәтуамызға дәлел ретінде мысал бер кетсек; «…Мұхаммед оларға: «Шығыс та батыс та Аллаға тән.  (Қызыл шапақ-шындық көрінуі) Ол қалғанын тура жолға салады» де.» (2-142).  «Әйтпесе сендерден соғысқандарды анықтап, сабырлыларды ашаламай, жәннәтке кіріп кетеміз деп ойлайсыңдар ма?» (3-142). «Мұсаға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббыңның белгілі уақыты қырық кешке толды. Мұса һарұнға: «Елімнің ішінде орынбасарым бол. Түзелт те бұзақылардың жолына ерме» деді» (7-142) Сонымен Раббымыздың құран, тәуратты қайталайтынын  ескерткенін аятта; «Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұсаның кітабы бар еді. Міне осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі (Тәуратты) растаушы бір Кітап.» (46-12)

Құран 30пара, белгіден тұрып, ал онан тыс «Ғылымхаліне» жалғаушы, елшілік қасиеттілікпен байланысты 10кітаптың, яғни он үңгірден өтудің құлшылық сыры барында білген жөн. Және пайғамбарлар, елшілер жаратушының жер бетіндегі істерін басқарушы халифасы, орынбасарлары, жоғарғы дәрежелі елшілері болса, ал әрбір тура жолын тапқан Алланың  сүйікті құлы болған дін адамы, имамдар, дін ғалымдары пайғамбарлардың орынбасары әрі олардан хабар алушы, екінші дәрежелі елшісі болып саналады. Әрбір «Хал» ғылымын меңгергендердің әулиелік дәрежесі, құдайдан алған шындық кітабы, жанға жазылған құпия сыры болып, оның мәңгілік өзіне мирас болып тылсымнан Алланың қалауымен бата болып оқылатынын да хақ деп біліңіз. Ислам дін ғалымдары мен діншілердің Алламен екі арада дәнекер-елші болмайды деп құранды теріске алып, Аллаға ортақ қосады. Елшіліксіз және оның он түрлі дәрежесінсіз, кітабынсыз Алла тағаланың біздердей жер бетінің тозақтық күнәлі пенделерімен қуаттық байланыста тұруы да білім тұрғысында да мүмкін емес екені хақ. Қарапайым физикалық тұрғыдағы жарықтың түрленуін, сыну (оптика) білімінде ескермейтін, қазіргі ислам дін ғалымдары аруақтардың періштелік тұрғыда хабар беріп сөйлеуін теріске шығарып, бұлар шайтаннан болған жыннан деп түсіндіреді. Ал құранға жүгінсек; «Жер жүзінде нақ сенушілерге дәлелдер бар;(20) Сондай–ақ өздеріңде де (аруақтарыңда) бар. Көрмейсіңдер ме? (аян, уахи болып оқылу)(21). Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер (құдай нұры, ғылым дерегі кітабы) көкте. (22) Көк пен жердің Раббына серт. Шүбәсіз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас.» (51-23)

Ата жолында әулие аруақтарының, періштелігінің бата беріп, халықты Алла жолына артық хайыр жасап,  күнәлі нәпсісімен соғысқа шақыруын Раббымыз, «Шүбәсіз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас.» деп үкім беріп тұрса, бұл сияқты ондаған аяттарды теріске жалғанға шығарушыларды кім деп атауға болады? Біздерге қазір кез келген арап тілін орташа болса да меңгере алған, құранды арап тілінде оқи білген, және масһабтық тәпсірлердің білімін жаттап алғандар білімді ғалым, пайғамбарымыздың ізбасарлары болып, өздерін тура жолда және пайғамбарымыздың елшілік кітабына жалғанып, уахимен батасын алып кездеспесе де, өздерін мұндай 47-санды шапағатқа жалғанушы тура жолға салушылар болып атайды. Сондықтан кейінгі кездегі әулиелердің алған хикметін, пайғамбар арқылы алған кітаптарды емес, Ханафи масһабының барлық білімі, иманға жалғаушы нұрландырушы  «Ғылымхалы» кітабы деп атайды. Ал негізінде тазалық тұрғысында бұл білім осы замандық білім тұрғысында «Ғылымқал» болуға да жарамайды да. Бірақ шариғаттың білімі болып, бекіген діннің ірге тасы болған, дін ісі екенін де естен шығармау керек.

Мәшһүр Жүсіп атамыздың насихатына жүгінсек; «Ғылым екі түрлі болады: Ғылымқал, Ғылымхал. Пендеден пенде сабақ алып, көзбен көріп, тілмен оқылатын (тіл білімі) оқуды: «Ғылымқал»дейді. Бір пендеден бір пенде мың жыл үйреніп, онымен дәнеме болмайды. Көңілден көңіл сабақ алатұғұн бір жол бар: оны «Ғылымхал» дейді. Бұл көңілдесінің (сүйікті құлының, елшісінің) жүргізушісінің ұстазы – Құдай тағаланың өзінің ғылым сипаттары, қалам сағаттары  (хабар беру уақыты, орындары) болады. ..Жарық-нұрдың асылы Құдайдан болатұғұн болса, ғылым нұрынан жарық, ғылым нұрынан күшті нұр бола ма?! Құдайдың ғылым нұры бір пенденің көңіліне құйылса, ғылымхал сол пендеде болады… Хазірет сұлтан Алғарфин шаһырынша әулие «Хикмет» кітабында неше жерде сөйлеген: «Қал ғылымда қалғанда-Бір шындық жоқ жалғандар! Осы сырға қанғандар Ара жолда қалдыңдар.» Тәпсір айтушы, кітап таспиқ қылушылар өзі екі түрлі. «Қал ғылымына маһир  болдым, әбден жетілдім» деп, тәпсір айтқандар кітап таспиқ қылғандар (жатқа білгендер)  болған. Әуел баста өзінің бар білгені ғылымқал  болғанынымен, енді оныкі болудан қалған. Хал ғылымына маһыр болып, ішіне сыймай бара жатқан соң, ықтиярсыз төккендей, тәпсір айтқушы кітап тасниф (ғылым насихатын түсіндіруші) қылушылар болған. Бұлардыкі хала (шындық), осы күнге дейін қалмай келе жатқаны да сол. Себебі не айтаса да Құдайдан алумен айтқан, сол себептен оның бір ауыз сөзі жерде қалмаған.»

Сонымен біздің дін-дәстүріміздің өзі осындай әулие даналарымыздың ғылымхалынан пайда болған ғылымқалымыз десекте болады. Дін кітаптарының барлығын толық меңгерумен оның құлшылық жолын тура жол негізін қалап ғылымхалының кітабын толық жазып шыққан Ясауи бабамыз болып, және бұл енді исламның ғылымқалының да білім қазығы болып табылады. Олай болса біздер енді қандай заманда болсын елшіліктің он кітабын меңгеруді, он үңгірден өтудің құлшылық сырын сәни дәптерден ғана алуымыз керек. Ал енді қазақ халқының ғылымқалы кітабының негізін, салт-дәстүрінің насихатын Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіп Баласұғұн мен би, абыздардың қалдырған еңбегінен жалғанып меңгере аламыз.

Алайда біздер бұл заманда өзімізді білімді, керемет санағанымызбен, бабалардың меңгерген сөз ғылымын түсініп, қалдырған нақылдарының астарын өздерінің елшілік, дәнекерліктен келетін уахи, батаның көмегінсіз түсінуімізде мүмкін емес. Ой жорумен адасушылыққа да түсіп кетеміз. Сондықтан тылсымнан, ақиреттен көңілден көңілге, жүрекке берілетін ғылымхал қуатына, иман нұрына мұқтажбыз. Және әрбір Алланың сүйген құлының өз өмір сүрген укақытында меңгерген ғылымхалы өзінің мирасы, оған өзге ешкімнің қол сұға алмайтынын да білген жөн. Олай болса біз мұндай замандағы сан алуан түрлі ақпараттық тұрғыдағы білімді тазарту үшінде осы білім негізіндегі ғылымына, оны меңгерген әулие-әмбилердің барлық кітабына жалғана білуімізде шартты жағдай.

Ал біздің бүгінгі таңдағы әлемнен жинаған біліміміз тек қана ислам дініндегі ғұламалар, даналар меңгерген білім емес, Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан әлемнің барлық тұрғынына несібе, кітап болып оқылып таратылған  ғылымның негізінде пайда болған білімдер жүйесі де болып шығады. Олай болса, әлемдік тұрғыдағы мұндай кітаптық елшілік жүйеге де жалғануымыз шартты болмақ. Сондықтанда ислам бірлігі барлық діндердің білімдерінің жүйесі масһабтық құран тәпсірімен, пайғамбарымыздың сүннетімен ғана шектелмей барлық елшілерге, пайғамбарларға келген ақпараттардың негізін толық қамтуыда керек. Құранға жүгінсек; «Мұхаммед оларға айт: «Әй Кітап иелері (елшілер)! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда да қарсы келген ел уайым жеме.» (5-68)

Қазақ елінің ел билігінің дін ұстанымдағы масһабтық саясаты тек қана құранда жазылған мен Мұхаммед пайғамбарға түсірілгенді мойындап, азғындыққа, қарсылыққа түскен білімде, құлшылық тұрғысында да «экстремистер» тобының мүддесімен сәйкес келіп ата жолын соттап, қудалануға түсуіне де осы аяттың насихатын терістеумен байланысты екені хақ. Әр заманның өзгерісіне байланысты Раббымыздан хақиқат түсіп бұрынғы замандағы өткен даналардың меңгерген кітабы «ғылымхалы» «ғылымқал» болып білім ашылатын мезгіл де қазақ елінде басталған еді. Аятта: «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады» же. (81) Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі. (82) Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды (жындылыққа түсті) Қашан оған сәтсіздік жетсе, мүлде күдер үзеді.» (17-83) Олай болса, әулие-әмбилеріміз, даналарымыз меңгерген ғылымхалдері көктен Алланың қасынан, жұлдыздардан «біздерден» уахи, аян, бата болып түсетін, оқылатын таза ақылдан бейнелі сөз, аруағы болып, ал оған қарсы қыңырайған жындылықтардың 70 тобы болатын да біліңіз. Енді жындылықтардың себебін, білімін, қазақ еліндегі көрінісін баяндап көрейік. (жалғасы бар. Қазан 2015 жыл)—

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *