XII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 50

(жалғасы, басы 1-11 тарауларда)

Дін ғалымдарының қазіргі таңда әрбір ұлттың діл біліміне байланысты сөз ғылымының Алла тағала тарапынан тағайындалған; ана тіліне байланысты ұлттық ерекшелігі, атау сөз ұғымдарын қалыптастыруға міндеттелген пайғамбарлары, елшілері болғанын мүлде ұмытып, барлық атау сөздердің ұғымы тек қана соңғы дін кітабы исламмен, арап тілімен байланысты деген сенімді қалыптастырудан ақылдың қуаты, өрісі қысқарып, иманды сенім деп ұғынуға, елшілік пен пайғамбарлықты, рұқ пен жанды бір деп қарабайыр надандық замандарда арап еліне берілген үгіттерге, ақыл-ойды байлап қоюмен айналысып кеткендері де хақ. Ал енді құранның сөз ұғымдары мен арап елінің тұрмыстық тіршілікте, білімде сөз өнерінің арасы мүлде алшақ жатқанын,  сондықтан құранның талай жүздеген аяттарының осы таңға дейін құпия болып ашылмай жатқанында білген жөн.

«Мен бір сөзге көптеген ұғымдарды сыйғызу үшін келдім» деген пайғамбарымыз. Сондықтан арап тілінде әлемнің барлық тілінің сөз ғылымындағы негізгі атау сөздер құпиясы жасырылған және ислам әлемге түсірілген ортақ дін кітабы болып саналады. Бірақ надан діншілер кез келген сөз ұғымдарын; « бұл сөз арап тілінде былай аталады» деген пәтуамен, өркениетің дамуына байланысты білімі, қуаты айқын бейнеленген, кейіннен пайда болған сөз ұғымдарын керісінше бастапқы көп мағына беретін атау сөзге қайта қосумен, құрандағы атау сөз ұғымын тарқатудың ішкі сырын шешудің орнына, қайтадан білімін жасырып, ақылды тежеп, өрісін қысқартып дін тәпсіріне байлаумен айналысады. Ал енді мұндай жағдайда атау сөздердің ұғымдарын тарқату үшін әрбір ұлттың өзіне тән сөз атауларын белгілеу үшін де, әлем халқына ортақ және «Бір» қуатты шындықты меңгеру үшін адамзатқа ортақ әлемнің тілі, жаратылыс үні барын да ескерген жөн. Музыканың жеті үні арқылы біз қандайда бір ұлтпен, халықпен қандайда бір ойды, сөзді, әрекеттерді, қозғалыс күйді түсіндіре аламыз, аудармашысыз, тілмашсыз түсінеде аламыз. Құранныңда осындай тілмашсыз түсінуге арналған жер әлемінің барлық тұрғындарына ортақ ішкі жеті үні барын да білген жөн. Бұл үнді меңгеру үшін ана тілін, ұлттық сөз ғылымын, құранның кітаптарын меңгеру арқылы ғана мүмкін болатын, жүрекпен жүректерді жалғауға арналған; «мақам табу» деп атап және біздің ғылымхаліміз яғни иманның үні жүрек арқылы көңілден-көңілге ешқандай кедергісіз иманға жол ашатын қуат болып берілетінін де естен шығармаңыз.

Құран сөз атаулары тұрақты болып саналғанмен пайғамбарымыздың; «Әрбір жүз жыл сайын сөз атаулар ұғымдары өзгеріп отырады» деген ескертуін жадымыздан шығармауымыз керек. Сондықтан арап елдерінің үні бір қалыпты тұрақты болғанымен, өзге әлем елдері өзара бір-бірінен сөз ұғымдарын алумен үнемі дамып, үндері көбейіп отырады, таңбалары да өзгеріске ұшырап, өзара алмасып отыруы да заңды құбылыс болмақ. Мұндай үннің өркениеті, даму үдерісі болатынын да терістеп, қарсылық білдіріп ақылға қақпан құратындарды адам аулаушы аюлар деп атаған даналар. Сөзден сөз, үннен үннің бөлініп көбейіп отыратыны да, соған байланысты құранды әрбір жүз жыл сайын қайта аударып отырғанда ғана ғылымқал білімнің де өркениеті қалыптасып отыруы да шарт.

Құдайлық үнсіз тіл- жеті үн арқылы адамзаттың ғылымхалы да жетіліп, қуаты да замандық өзгеріске қарай артып отыруы да хақ. Олай болса, әрбір ұлттың ана тілінің сөз байлығының дамуына байланысты, әрбір жүз жыл сайын, тылсымның жеті үнін жетік меңгере алған, жаратушының өзіндік сипаттарынан берілетін, оқылатын ғылымхалының хабарын тарататын елшілері пайда болып, ондай данагөйлердің артында қалдырған нақылдарымен өсиеттерінен, дін ісінен шариғаттан, ұлт дәстүрінен өсиет болған, ғылымқалдық кітабы мен ғылымхалының құпия сырларының бірлігінен нұрландырушы кітабы да қалыптасып отыратыны да шарты жағдай. Бұл сыр «Алланың жібіне жалғану» болып, ал ұлттың бұл шығармашылық өркениетті қалыптастырған даналығына жалғана алмай, кейін қарай ескі замандағы белгілі бір масһабқа, тәпсір біліміне қайта оралуды «өзге топты үстем, артықдеп, Алланың иірген жібін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар, осымен сыналасыңдар» деп ескерткен Раббымыз. Сондықтан біздің ел билеуші, білімді қауыммен дін ғалымдарының қазақ халқы Ханафи масһабымен ғана тура жолда болған дегендері жалақор, білімсіз, «қара қатындар» екендері сөзсіз.

Сонымен әлемге ортақ ұғыммен түсіндірсек, әрбір ұлттың философиялық, даналық негізде азаматтық ғылым мектебінің кітабы, ақыл дәптерлері болуы шарт. Олай болса, «Ілім мен білім ортасын таппасаң бүлін» деген қазақ нақылының сыры да; «Әрбір құлшылықтың, намаздардың ортасын ұстаныңдар» деген пайғамбарымыздың өсиетіне де сәйкес, сенім мен иманның ортасының білімін жетілдіріп отырумен бір ғылымның сипатын; Дін нанымын меңгерудің де маңызы зор екені хақ. Сенімнің білімі болып; шариғатпен, пайғамбар сүннеттерімен, құран аяттарымен және мұны меңгеру жолында белгілі бір жетістікке жеткен құлшылық істермен бекіген орта топтық үлгісі де исламда қалыптасқан. Негізінде сенімнің байлығын; Денсаулық, яғни ақылдың саулығы, малдың амандығы деп білген, ал иман байлығын ақ жаулықпен, жан саулықпен, қан тазалығымен, сөз байлығымен байланысты деп, ал тура жолда болуды, ар қуатын толық меңгеруді он саулық байлық деп атағанды атамыз қазақ.

Сонымен үш байлықтың ортасын ұстану, яғни иман қуатын меңгерудің сыры жүректің, қан тазалығымен рухани үш байлықтың қалыптасуымен және әрбір ұлттың, үмметтің ата-баба аманаты нәсілдік жүктерімен, тектік қасиеттіліктерді, дарындылықтарды меңгерумен, ділін үнемі қуттандырып, жетілдіріп отырумен тікелей байланысты екені де хақ. Діншілердің, білімді қауымның иманмен сенімді бір атаудың артында «НАНЫМ» деген ұғым тұрғанын, оның ішкі сырын меңгерудің ғылымын, құлшылығын жоғалтып алып, ақылдың негізделуіне соқтырғаны да хақ. Әлемдегі жаратылыс ішіндегі ең үлкен жан қуатына еге болған адамзаттың өзіне алған барлық азықтардан орасан зор артық қуат өндіре алатын құдайдың өзіне де ұқсас орынбасары болса, немесе қара қуаттың қызметшісін көбейтумен айналысатын ібіліске де ұқсас жаратылыс егесіне айнала алатыныда  хақ.

Әлемнің ішіндегі қандайда бір жақсы, жаман қозғалыстармен жаратылыстағы замандық өзгерістер, түрленулер мен бақытты, бақытсыздықтардың бәрі де тек қана адамзаттың қандай қуаттарды өндіруіне байланысты болмақ. Әрбір адам баласы өзінен артық болатын ұрпақтарды өмірге әкеліп тәрбиелеуге міндетті екені де хақ. Сондықтан да біздер өзіміздің ең жақын жандық тұрғыда ұқсас ұлтымыздың, тегіміздің өткен тарихына жалғанумен бірге, ата-аналарымыз жіберген қателіктерді түзеумен, меңгере алмаған қуаттарды қайта жүктелумен болшаққа яғни біздің арттағы келетін ұрпақтарымызға өмірлік қуаттарды өндіруіміз керек. Біздің бақытты өміріміз, несібе ризығымыз бұрынғы замандағы ата-аналарымыздың көкте біздерге жинап кеткен қазынасынан ғана деп ұғынғанымыз жөн. Әрбір нәрсені жұп және парымен жаратқан бұлжымас жаратылыс шартын үнемі естен де шығармаңыз. Олай болса, біздерге заманға қарай Алла тағала тарапынан тікелей жер көк арасына берілетін қуаттарды, несібе нұрды меңгеру үшінде өмірден өткен ата-аналарымыздың жандары ақиреттік өмірдің, жаннаттықтардың, періштелердің көмегімен ғана жүктеліп, меңгере аламыз. Бұл жарықтың мета физикалық бұлжымас заңдылығы екені де хақ.

Алла тағала әлемді сөзден бастап жаратқанын да баяндадық. Сол сияқты сөзді меңгеру тек қана адам баласының үлесі болып, Алла тағаладан келетін сөзді, рұқты меңгерумен әлемнің барлық қуаттарының көбеюімен түрленуіне әкеліп соқтырады. Құран әлемдік тұрғыдағы қуаттардың сөз тұрғысындағы бейнеленген ақ бастауы. Ал құранды Мұхаммед пайғамбарымыз Жәбірейіл періште арқылы алғанымен оның сөзін оқушы екі арада қаншама адамдардың жыны, періштелігі, кісілері сөз ғылымын меңгерген пайғамбарлардың  қызметке тұрғанын да құранда ашық ескертеді. Миғражға көтерілгенде жеті қат көкке, жұлдыздарға жеті түрлі есікті ашып, ондағы пайғамбарлармен, періштелермен, тірі адамдармен Алла тағаланың қызметшісі бізбен екі арадағы несібе үлестіруші дәнекер құлдарымен жүздесіп қаншама үлгі өнеге алғаны да осы жағдайға, пәтуамызға ашық дәлел екені де хақ. Адамзатқа берілген тағдырда үзіліс болмайды. Тағдыр-керуен. Ал мұндай өмір көшінде, керуенде бір түйе істен шықса, оның жүгі басқаға артылып көшті тоқтатпау да парыз. Соңынан қосыла береді, жалғана береді мұны құс жолы дейді. Құс жолы көркем сөзден, құс тілінен тұратынын да есте сақтау керек.

Енді діншілердің өздері де, өзгені де өлердей қорқытатын сөз ұғымы; «Аллаға серік қосу» деп аталды. Аллаға серік қосу нанымның өзгеруімен дәлелсіз сөздерді айтумен, құқс жолын, сөз ғылымын сақтамауға байланысты Алладан өзге пайдасы да зияны да жоқ жансыз нәрселерге табынып жалбарынуды білдіреді. Ислам дін ғалымдарының жан, рұқ туралы ғылымхалдық түгіл, ғылымқалдық білімі де әлсіз болғандықтан; Алланың сүйікті құлдарында өзінің сипаты жаннаттық қуаттық  жаны, кісілік нұры да жоқ, ұрпақтарына пенделерге пайда да зиян тигізе алмайды және жын деген Алладан, адамзаттан бөлек, мүлде басқа әлемнен кіріп кеткен бәлекет, немесе ібіліс деген адамзаттан мүлде бөлек, оған адаммен бірге тұтастықта, бір қуатпен жаннатқа кіресің деп уәде бермегендей, тек қана масһаб деген бекіген дін ісіне табынып, имам Ағзамға шоқынып қана иманды меңгеру керек деп түсіндіреді. Бұл пәтуаларды «күдіксіз серік қосып, Аллаға, аяттарына, құранына ортақ қосу» деп атайды. Негізінен қазіргі таңдағы мұндай исламдық ғалым, имамдардың бәрі дерлік «шерік қатушылар», яғни жындылар тобынан болады.

Ал жындылықтан айығу үшін де қандайда бір құлшылықтың сыр-сипатын құраннан іздеп, және оны меңгерген даналардың ғылымхалдық қалдырған білімі, нақылдары, кітабы арқылы өздерінен де сұрап алуға, жанымызға уахи, аян арқылы жалғануға иманның шарттары міндеттейтіні де хақ. Сондықтан жынсыз адам баласы; иманмен сенімнің ортасын тауып, адамзатқа ортақ имандық нұрға, ғылымның халіне, жаннаттық кісілерге жалғанып хабар белгі алуды аятта; «Егер оларға періштелерді (жаннаттан) түсірсекте және оларға өліктер сөйлессе де, сондай-ақ олдардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Қазақтың дәстүрлік нанымы, аруақ-ғұмыр кітабының періште-кісілер яғни әулие-әмбилер, пайғамбарлар аруағы арқылы уахи, бата беріп және түрлі хикметті белгілердің түсірілуімен мына аяттағы үкімдерді растап; «Жер жүзінде нақ сенушілерге (нанымдыларға) дәлелдер бар;(20) Сондай–ақ өздеріңде де (аруақтарыңда) бар. Көрмейсіңдер ме? (аян, уахи болып оқылу)(21). Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер (құдай нұры, ғылым дерегі кітабы) көкте. (22) Көк пен жердің Раббына серт. Шүбәсіз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас.» (51-23)

Осындай құранмен ескертіп, Раббымыз өлілерді тірілтіп, меңгерген аруақ ғұмыр, қызыл кітаптарын қайта ашып ұрпақтарымен түсінде, санасында, көңілінде, екі аралық аққу, сұңқар тілшілер арқылы сөйлетіп, көктен, жерден, хайуандар арқылы да белгі беріп сөйлетіп жатса да, жындылық топтарға бөлініп, өзара ақылда шектеліп алған масхабшы бір діншінің «серік қосу, шерік қосу» деген дәйексіз, ғылымнан дәлелсіз пәтуаларына бұқара халықты, иманы, ақылы толмаған жастарды былай қойғанда жоғарғы дәрежелі ел басшылармыздан бастап ғалымдарымызға дейін ұйып, құдайға күнде қарсы болып ақырзаманның үкімдерін арттыруға неге құштар болып алдық?  Мұның да құпиясы жын қуаттарын тазарта алмай, белгілі бір «Жын-анықтау,алу, жарату»-ға арналған  72-топтық қуаттардың жүйесімен ақылдардың негізделуінен деп, әлемдік ақпараттық тұрғыдағы «экстремизмнің» құрбанына ұшыраған ел болып саналамыз.

Мұндай жағдайда Алла тағаладан замандық қозғалысқа қарай түсірлетін хикметті белгілерді терістеумен, немесе білім тұрғысында «аномальды», «табиғаттағы ерекше құбылыс» деп оны білім тұрғысында ғана түсіндіруге тырысудан қияметтік оқиғалардың артуымен табиғат апаттары мен адамзатқа түсірілетін қайғы-қасіреттер де арта бермек. Дін тұрғысында шариғат масһаб білімі болғанымен, сенімнің де қуаты осы білімнің негізінде шектеліп заманға қарай адамзаттың сенімін ғылымдыхалдық жүйеге жалғайтын рухани тұтастық ғылымқал білімнің жоғалуынан немесе артқа тастауынан, білім тұрғысында сенімнің де алуан түрі мен жындылық топтарға жіктелуден пайда болатыны да хақ. Аятта, «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Алланың атымен ант қылады. Мұхаммед: «Мұғжизалар Алланың қасында» (жаннатында, жұлдыздарда) де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндіктерін сезбейсіңдер ме?» (6-109)

Қазақ еліне 15 жылдан астам уақыттан бері түсіріліп жатқан мұндай ерекше белгілер мен әулие-әмбилердің киелі орындардан халықтың көріп, жалғанып, тазарудан, күнәларынан ақталудан өтіп, түрлі аурулардан, дерттерінен айығып жатқан жаратушының түсірген нығметтерінен ашық бас тартып жатқан қазақ елінің ел басшылары, діншілер мен білімді аталған қауымның өкілдері кімдер сонда? Әрине жындылар қауымы екені де хақ. Себебі Раббымыз; «Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздерімен қойып қой.» (6-112) Егер бұл аяттың үкімін хақ деп білсек, онда қазіргі өздерінде жын жоқ, намаз оқып Ханафи масһабын ұстанып тақуа, кісілікте періштедей жынсыз болдық дегендердің пәтуасы Аллаға ортақ қосу болмақ. Себебі пайғамбарлардың өздеріне шайтаннан болған жынды және соңынан ерген шайтандық жүктерді тазартып меңгеру сынақ болуы міндетті екен. Олай болса, Раббымыздың қалауы да он саулық байлығы болып, ал он саулықты меңгеру үшін жаннатық аруақтық қуаттан хабар, уахи алып «Тоғыз төре төбеген келмей, қырық қожа қырқадан аспай, текті (жын, шайтансыз) болмас» деген нақылдың сырын тарқатып, бұл қауымның жындық, жануарлық болмыстарын ашық баяндап ашатын мезгілде келген сияқты… (жалғасы бар Қазан 2015 жыл)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *