«Әлемдегі бар жаратылыс нәрселерін шындықпен жараттым», деген жаратушымыздың құрандағы ескертуінен, қандайда бір жаратылыстағы жанды жансыз нәрселерінде ішкі сыры-зайыры, шындығы, яғни Алланың сөзі, үні бары хақ. Мұны біз рұқ яғни таза ақыл деп атаймыз. Сондықтан адамзаттың барлық жаратылыс егелерінен артық және жандық тұрғыда ең күшті жан иесі болып, барлық жаратылыстың сырынан Алланың үніне жалғанып, оның білімін құрлысын танып, дүниелік тіршілігінде пайдасын көру үшін және оларды меңгеріп басқару үшін жаратылғанын да барлық киелі кітаптарда ескерткен.
Сонымен бірге материалдық жер әлеміндегі біздің тұтынуға, азықтануға арналған барлық жанды, жансыз нәрселердің қарсылық қуаттар, қара қуаттар арқылы ғана заттық сипатын алатынын да естен шығармаған жөн. Адамзаттың қандайда көркем, сұлу болып бейнеленген тәндік, заттық тегіміздің негізі күнәлі жануарлық жаратылыс болып саналады. Себебі адам баласы жаратылыстағы барлық қуаттардың тоғысатын жүйесі және қайта өзінің бастауына қосылуға арналған орны денесі де болып табылады. Сондықтан адамзаттың бұл тектерін шайтан, жын, жан, ақыл т.б. қозғалыс егелерінің бір жүйеге ақылға бағынуымен, адамдық әрекеттерге айналуымен, қол ісімен, аруақ ғұмыр кітабы болып бейнеленіп, жазылып қайта бастапқы енді кісілікпен, адамзаттың періштелігімен бейнеленген шындыққа, ғылымға, Раббымыздың кереметі қолына айналуға шартты.
Қандайда бір жаратылыстың мейлі жер планета сол сияқты жанды жансыз жаратылыс егелерінің серігі жұбы мен сол сияқты метафизикалық тұрғыда екі аралық бейнесі, қуаттық көшірмесі пары да болады. Сол сияқты қандайда бір өмір сүретін қозғалыстың қарама-қарсы қайшылығы қарсылығы болып; Күн мен, түн; жақсы мен жаман; ақ пен қара; ыстық пен суық; от пен су; т.б. түрлі сипаттағы қарсылығы оның серігі деп атауға да болады. Осындай екі қарама–қарсы бағыттағы жаратылыс қозғалысының өзара әрекеттесуінен ғана барлық тіршілік қозғалыста болады яғни өмір сүре алады.
Бірақ бұл екі қарсылықтың да бірін-бірі жойып, әлемнің тәртіпті жүйелі дамуы бұзылмауы үшін, олардың арасын жалғап бір-бірімен теңдік дәрежеде қозғалып тіршілік ету үшін де, екі аралық жаратылыс егелері, дәнекерлері болуы шартты. «Екі аралық нәрселерді ойыншық үшін жаратқаным жоқ» деп ескерткен Раббымыз. Сонымен уақытың жаратушы үкіміне бағынған тәртіпті бұлжымайтын еріксіз негізгі қозғалыс екенін ескеріп және қандайда бір уақыттың қозғалыстың ішіндегі ерікті түрде бес түрлі қуаттық қозғалыс болумен, барлық тіршілік осы жүйемен Раббымыздың басқаруында тұрады. Үш түрлі қозғалысты рұқтық, ал бес түрлі қуаттарды меңгеруді жандық сипатта адамзаттың өмірінде ерекше орын алып; «Сендер үшін сегіз түр жараттым» деген Алла тағаламыз. Мұны құранда; «Үш кісі сыбырласса, төртінші Алла, бес кісі сыбырласса бесіншісі Алла» деп ескерткен ғылымдық сырын Ғиса пайғамбарымыздың Алланың Мәрйем анамызға жалғаған сөзі рұқ болып өмірге келумен, адамзаттың өмірінде жаңа бір кезеңнің, мәңгілік өмірдің бастауының ғылымы берілгені де хақ.
Сондықтан інжілдік үш түрлі тектің негізін; «Әкеге, балаға және киелі рұққа» деп мұның егесі Раббымызға сыйынуды, ібілістің теріс ойды салып бұрмалауымен кейіннен Ғиса пайғамбарды құдай деп, көп христиандық топтарының құлшылықтың бағыты өзгеруін құранда ескертеді. Бірақ жер бетіндегі адамзаттың қолымен жазылған киелі кітаптардың нұсқалары қанша өзгергенмен оның ақиреттегі кітаптары, бейнеленген рұқтық сипаттары, кісілік нұрларын өзгертуге адамзаттың да ібілістің де қолынан келетін шаруа емес. Ал енді ішкі еріксіз қозғалыс қуаттарын меңгеруді исламдық тұрғыда бес парыз болып, кейіннен інжілдік тұрғыдағы үш негізбен сегіз діннің бірлігімен ислам дінің үш түрлі сатысын; шариғат, тарихат, мағрипат болып төртінші негізде Алланың өзі ақиқатқа жалғанудың қазақ дәстүрі болып қалптасқанын тарихтан өшіріп алып тастау да мүмкін емес. Керісінше ібілістің жобасына жалғанып алған масһабтық ұстанымда шариғатты, немес масһабты бастаған ғалым әулиелерді Ғиса пайғамбарымыз құсатып құдайға айналдырып, намаз оқуға да шоқынып кеткені де хақ.
Сонымен исламды тылсыммен басқарудан ажыратып, кітап жүзіндегі білімдерге ғана бағынатын, яғни ібілістің басқаруына өтіп, дін ісін шариғатты және оның білімін жетілдіруші масһабтық ғалымдарды құдай қылып алып, дін өркениеті түгіл ерікті тұрақты қозғалыстың негізі рұқтан келетін үш үннің ғылымын да жалғанға шығаруымен әлемде бүліктің дағдарыстың басты себебі болғаны да хақ. Ал діннің тазасын тура жолға, Алланың нұрлы жолына жалғанып, тікелей құдайдан уахи алып меңгерген; сондықтан да Алланың сүйікті құлдары, елшілерін қажырлылар болып және мәңгі өлмейтін өмірдің ақ бұлағына жалғанған әлеуметтік топ болып табылады. Мұндай жер бетінің істерін атқарушылыққа Алланың ұлықсатымен ақиреттен шапағатшылық қызметінде атқарушылар болып саналатындарды ұмыттыруға да ібілістің жамағаттары құранды терістеумен ерекше қызмет жасап жатқаны да жалған емес.
Ібілістің жер әлеміндегі жаратылыс екі аралық топтыққа бейенеленіп, метафизикалық тұрғыда болғанымен, негізінде адамзаттың күнәлі болмысы қарсылығы болып бейнеленіп, рұқтық қуатамызбен, жандық сипаттарымызбен де араласып, шерік тұрғысында қосылып бейнеленеді. Егер біздер ақылымызды толық меңгере алмағанда, онда өзімізде тұрған қарсылық қуаттардың басқаруына көшіп, ібілістің жамағаты болып шығамыз. Және қасиетті, текті аталып, ерекше білімді жоғарғы ақыл беруші орындарындағы қызметтік дәрежеге жетумен халықты соңымызға ерте білумен де ібілістің дегенін орындайтын ұрпағына да айналуымыз тіптен оңай. Адамазаттың меңгерген білімі, ілімі арқылы да арасына (үшінші тұрғыда) теріс ойларды салып, мұны ажыратуға тиісті ақылды қарсы бағытқа бұрып және негізінде үшінші аралық текті ұмытуға немесе оны мүлде жоғалтуға және мұны өзіміздің сенім артқан дін ғалымдары, ғалымдар ел билеушілер мен шығармашылық өкілдері арқылы оңай атқарып, қазіргі таңда бүкіл әлем ел билеушілері ібілістің ұрпағына да айналып, түнек күштерінің ықпалын арттырумен айналысып кеткені де хақ.
Қазақ елінің құдайдың ерекше бақылауында болып, әлемдік барлық діндердің бірлігін қалыптастыра алған, исламның бірлігінің жоғарғы өркениетін меңгерген, әлеуметтік рухани тұрғыда жоғарғы деңгейге жеткен ел болғанымыз да хақ. Бірақ мұндай елді үнемі ібілістің ерекше бақылауымен, өз арамыздан шыққан біліміділік пен ілімде озық болған қасиетті пенделерін аздыруымен де тура жолдың қисығына түсіп алып, тарихта талай қиындықтармен, азаптармен шыңдалумен, әлеуметтік топтардың әулие болған ата-ана рұқтарының, жандарының қайта арамызға келуімен ата-баба аманатын, дінін қалайда сақтаумен ғана әлемдегі аз ғана халықтардың қатарында болып келе жатқанымыз да тағдырлық ерекешелігіміздің, көкте жинаған қазынамыз, жарық жұлдыздарымыздың болуымен байланысты екені де хақ.
Осындай қазіргі замандарда әлеуметтік жағдайымыздың ең төменгі дәрежесіне дейін құлдыраған уақытта құдайдан жәрдем келіп, қайтадан ата-бабамыздан қалған мирастарды меңгерумен айналыса бастаумен бірге, ал оған қарсы ібілістің де өзінің білімді немесе ілімді қауым ішінен әскерлерін, ұрпақтарын дайындап, рухани соғыстың жүретіні де осындай жағдайдың қайталануы екені сөзсіз. Сонымен әлемдік тұрғыда әлеуметтілікті арттырудың, меңгерудің өркениеті қазақ елінен басталып, бастапқыда халықтың өлі рұқын оятып, ата жолы болып өзін көрсете алғанымен, 4-5 жылдың ішінде бұндай рухани өзгеріске қарсы ібілістің де өз ұрпақтарын даярлап үлгіріп, ата жолын көп ұзатпай түрлі сылтаулармен, халықты Алла жолында мал дүниесін жұмсағаннан кедей болып қалумен қорқытып және дүние тұрғысында ел билеушілердің қызғанышын туындатып, ата жолында әлі жетіле алмай жатқан аққу, сұңқар аттыларды аяусыз қудалап, соттап айыптап, білімсіз, дінде жоқ, құранмен дәлел берілмеген негізсіз дегенмен, мүлде жойып жіберуге ешқандай ел билеуші, дінші, ғалым, зиялы аттылардың қолынан келмегені де хақ. Керісінше жылдан жылға ата жолы білімінің ашылуымен көптеген осындай қарсы болған білімді, дінші қауымның екі жүзділердің қатарын толтырумен ғана айналысып жатқандары да хақ.
Әрине мұндай жағдайда біздің әлемге өзін де мемлектетімізді де абырой беделін арттырып көрсете алған ел басшымыздың Нұрсұлтан мырзаның да ібілістің ерекше бақылауында болып және оның уәзірлері мен әлеуметтік тұрғыдағы іс басқарушыларының, шығармашылық өкілдерінің ібілістің құрған қақпанына түсулері арқылы ғана мұндай әлеуметтік өркениетті бұрмалай алуына мүмкіндік туатыны да заңдылық. Сондықтан қазір қандайда бір жоғарғы дәрежелі іс басындағылардың, зиялы қауымның, дін басы, имам, ғалымдардың ібілістің ұрпағы немесе жамағаты болып алғанына, бүгінгі қазақ қоғамындағы заңдардың, саясаттың, шығармашылықтың және құдайдан мұндай әлеуметтік жағдайға беріліп, түсіріп жатқан азаптары мен апаттарының, ескерту белгілерінің ашық куәлік беріп тұрғанын жетелі пенденің аңғара алуы да сөзсіз.
Бірақ біздің еліміздің әлеуметтік дамуға деген ұлттық саясаты мен жобамыз, арманымыз екі жүзді және ұяттың жетілуімен, қалыптасуымен ғана пайда болатын ұждан, сананы былай қойғанда, жалпыға ортақ жетелік ақылды меңгеруге деген жол мүлде жабық. Керісінше қандайда бір құдайлық, ғылымдық, әлеуметтік өркениеттің мұны меңгерген қазақтың даналарының, әлеуметтік топ өкілдерінің насихатына, аманаттарын орындауға келгенде ел басшымыздың өзі екі жүзді саясатты ұстанып отырғаны хақ. Сонымен жаратылыстың бұлжымас шарты болып; Барлық жаратылыстың теңдігі үш тектен құралады. От пен судың арасын ағаш жалғаса, әйел мен еркек арасын неке яғни ата-баба аруағы ғұмырлық тағдыр кітабы арқылы ғана жалғанып тұратыны да хақ. Мемлекетіміздің жалпы заңдық тұрғыда еріксіз міндетті болған әлемдік қозғалысқа бірігудің де жолы үш тағаннан үш бағыттан тұруы шарт. Бірінші орында шаруашылық, экономиканы дамыту, еңбек ете білу, адам баласы өзін-өзі тірі болу үшін күресе білуі болса, екінші орында осы еңбекті тұрмыстық жағдайында ақылмен пайдалану болмақ. Осы екеуінің де теңдігін жалпы бұл жобалардың бірлігі мен өркениетін қалыптастыратын әлеуметтік жағдайымыз, мәдениетіміз, дініміз аралық жалғаушы текпен байланыс болып таразының басын тең ұстауға қажетті басты жол-жобамыз болу шарт.
Бірақ ібіліс мұндай іс басындағыларға да теріс ойын салып; себебі біздің ел билеушілеріміздің, зиялы атты қауымның, білімділердің өз әлемдік түнек күштерінің ықпалында, діннен бас тартып, тақуалық ішкі ерікті қозғалыстағы жандық бес қуатты жалғандықты меңгеруден хабары да жоқ, сондықтан бұрынғы замандарда әйел түгіл еркекке де жалаңбастық қазақтың әлеуметтік жағдайында арсыздық болса, қазір бұл мәдинеттілік, «этика» болып ібілістің жобасын дәріптеуге айналып кеткені де сөзсіз. Әрине мұндай жағдайда ұяттың имүндік қарсылығын туындататын жетелік ақыл жетілмей, әйелзаттарының сананы, ділді өлтіріп жатқан бүгінгі ашық арсыздығын гендік теңдік, еркіндік деп қабылдауғда мәжбүр етеді. Сондықтан бастағы 4 жынды тазартып меңгере алмаған қандай да бір ел басқарушы, іс басындағы ғұламаның, үлкендік жасқа жеткен өздерін текті атағандардың жынды болмауы теріс ойға ібілістің ықпалына түспеуі физикалық, биологиялық, рухани метафизикалық тұрғыда да мүмкін емес.
Осындай жағдайда сөз атауларының ақылды, даналықты меңгеруге, жанды тазартуға да басты қызметін атқаруына байланысты; ібілістің қақпанына түскендер сөз атауларының қасиетін өзгертуге, яғни ақылға қуаттың теріс болып, шеріктік тазармаған қуаттардың енуіне жол берілуге де себеп болады. Шерік қосушы, шерік қатушы дегендер біздің елде діншілер мен философ, психолог, ақын-жазушы, тілші, ел билеушілердің өзі болып жатқандары да хақ. Шындық пен шынның арасында хақиқаты болып, хақиқат арқылы ғана қандай да бір сөз ұғымдары, немесе тарихи оқиғалардың шындығын анықтауға мүмкіндік болады. Ал хақиқат құдайдың нұрымен, аян уахиларымен жалғанумен және түрлі жағдайда уақыттың өзгеруіне, түрленуіне қарай қозғалысы болып түсетін хикметті белгілерімен байланысты болмақ. Дін ғалымдары, масһабшылар Алла тағала адамзатпен тілдеспейді деп және Алла тағаланың тілі тек арап тілімен байланысты деп халықты азғырады. Бірақ Алла тағала барлық жаратылыс егелерімен де соның ішінде адамзатпен қандай жағдайда да өз белгісімен, хикметті білімімен тіптен жынды, шайтандылармен де сондай жоғарғы сатыдағы жын арқылы тілдесіп, ескертулерін, ауру, азап сынақтарын көрсетіп ақылға шақырып отыруы да хақ. Бұл Алла тағаланың хикметіне, ғылымына, кереметіне де лайық болмақ. Сондықтан да Алла тағаламен тілдесуге, онан алатын нұрға барлық жаратылыс егелері сәжде жасайды деп түсіндіреді аятта.
«Алланың нұрын кәпірлер аузымен өшіруді қалайды, бірақ Алла өз нұрын тамамдайды» деп құран аятымен ескерткен. Сонымен біздер атау сөздердің ұғымдарын жоғалтып, кәпірге айналып алмау үшін де сөз ұғымдарын, ой үнін зерттеп, құдайдың хақиқатына жалғану үшін бір-бірімізді сынап, сұқпат жүзінде майданға түсу адамдықтың негізгі белгісі болуы керек. Бірақ жынды пенде мен адамдыққа жеткен адамзаттың ерекшелігі де осындай сыннан сыналудан, оған қарсылық білдіру немесе нәтиже шығарумен айқын болады. Қазір ел билеуші, шығармашылық өкілдері мен қазақтың негізгі дін басы , іс басындағыларды сынап, шындықты тануға шақыру деген мүмкін емес. Себебі ақпараттық тұрғыда тек қана бір жақты өздерінің білімдерін ешқандай қатесіз екенін ғана тықпалап оған қарсылықты жоюмен айналысады немесе мұндай жағдайда арнаулы жазалауға деген заңы да бар. Олай болса өздерін жер тәңірлеріне балайды. Осының өзі қазақ саясатының жындылыққа негізделіп, ібілістің ықпалын қалыптастырумен айналысып кеткеніне дәлел бола алады.
Сондықтан жоғарғы лауазымды орындарда отырғандар кез келген қазақ сөз атауларын бұрмалап, оны өздерінің саясатының кереметтігін дәлелдеуге пайдалуға бүкіл ақпараттық жүйе халықтың маңдай термен, қолының кірімен, құдайдың көктен түсіріп, жерден өндіріп берген ерекше несібесімен жиналған қазынасын өз ұлтының, мемлекет тұрғыдарының ібілістің жобасымен өмірі жүріп, әлемдік «Армагеддондық» түнек күштерінің ықпалында өмір сүруге, әлеуметтік жағдайына жалғанбауға еріксіз мәжбүр қылып қойғаны да хақ. Қандайда заманда болсын, өмірге келген пенделердің, әрбір ұлттың өзіндік әлеуметтік жобасы да жанымен бірге иман болып жазылып келеді. Сол иман дәнінің оянуға да ақылдың жетелігі яғни төрт ақылдық қуатын меңгеріп, естілігі, сөз түсіну қабілеті пайда болуымен байланысты, әрбір пенде жақсы мен жаманды ажырату қабілетіне еге бола бастайды. Бұл жағдай қазақ ұлтында әлеуметтілігі құдайдың, нұр сөзі біздің ана тілімізде, ата сөз ұғымында және сөз мінезі болып, үш түрлі ғылымның бірлігімен, ұлттық үніміз ерекшелікпен қалыптасқан және дәстүрдің негізін де қалайды.
Сонымен біздің рухани тұрғыда ұят, жете, ұждан, сана, ар деген жарықтық нұрларды меңгертпеуге ібілістің де қарсылығы, өз білімі бары да хақ. Жете ұятсыз, ал ұждан жетесіз, осылай тізбекті бір-біріне тәуелді түрде өсіп жетіліп адам баласының бәйшешек бақшасын, рухани өнімін, жаннаттық жарықтық қуаттық негізін қалыптастырады. Олай болса қарапайым ғана ұяттылықты толық меңгере алмағанда жетенің жетіліп, адам баласының сөз атауларын өз қалпында, ішкі ойын, білімін түсініп меңгеру мүмкін емес. Ал ұят дегеніміз негізінде баспен, көру, есту, ойлау қабілеттерімен байланысты. Қазақ халқының егемендік алғаннан бері ұяттылықтан айырылып, керісінше арсыздықтың ең төменгі сатысына түсіп, тек қана заңға бағынып, белгілі білімдермен ғана өмір сүруге бейімделіп алғанымыздың өзі әлеуметтік тұрғыда әлемдік түнек күштерінің бодан елдерінің қатарын толықтырумызбен де белгілі болғаны да хақ. Мұндай жағдайда сол әлемдік жүйеден айырылмау үшін ел басымыздың да бірде-бір рет халыққа жолдауында еркек әйелден ұялайық, ата-баба аманатын сақтайық деген сөзді айта алмауына да не себеп болды деп сұраңыз…(жалғасы бар Қаңтар айы. 2016 жыл)