Бір Алла -тілдің бірлігі  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 45

Әлемнің дейді асылы арап тілі,

Құран түскен, Алланың дегені үні.

Сендерге бір тіл ғана жараттым деп

Алланың үкімі неге түсті?

 

Құранның бар әлемде жеті үні,

Әлемге ортақ жаралған ойдың тілі.

Өлшеусіз кеңістіктен уақыт үні,

Рұх пен су, саяздықтан ұлттың тілі.

 

Тереңдік, тұңғиықпен болар жібі,

Алланың ақиреттен үнсіз тілі,

Жарықпен бейнеленіп көрінетін,

Аян, уахи әр пендеге көрген түсі.

 

Жеті үннің көместік қарсы тілі,

Тозақпен жаратылыс қуат күші.

Діліңнен тіл білімін жалғау жібі,

Әр ұлттың екі аралық жүрек үні.

 

Араптан басқа ұлтқа құран үні,

Оқылса қандай сылтау ондай күні?

Ескерткен неге Алла аятымен,

Бос сөз жоқ құран деген әлем діні.

 

Араптың тілі — тегің ғұнның үні,

Әлемнің көбі ғұнның болар тегі.

Ғұн мен сақтың арасынан қазақ туып,

Үш тек пен үннің және сөздің кені.

 

Ғұнның тілі- көктің судың үні,

Алланы дәріптеуге ортақ тілі.

Ұлықтап, мадақтауға көркем сөзді,

Қазақ, сақтан артық ел жоқ ұзын тілді.

 

Бір жүрек, бір тіл деген ақирет тілі,

Аян, уақи ақиреттің бейне өмірлері.

Көлеңкең мен нұрынан себеп деген,

Адамзаттың тағдыры аруақ кісілігі.

 

Әлемнің ең асылы ғылым тілі,

Ғылымның терезесі ана тілі.

Махаббатың анаң мен ділге болса,

Ар қуатпен ғылымды алу діннің ісі.

 

Тілінсіз ана жанға енбес құран үні,

Жаттауға құмар құранды надан, жынды

Ақыл-ойсыз тәпсірге байлап жадын,

Дәстүрінсіз меңгере алмас мүміндікті.

 

Ғылымды қылмақ билік түгел елді,

Ағылшын мен орыстан алып тілді.

Жер тәңірісі болуға болды құштар,

Ібілістің ұрпақтары ұрлаған екі күнді.

 

Тәңір атқан пендесіне екі сөзді,

Өсірсін деп бақшасын тіл мен ділді.

Жан тазартып меңгерсең рұқ жүгіңді,

Құдай берер иман мен сеніміңді.

(Сәуір айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *