Құл болуға жаралдың..

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 90

Жақсыны көрген,

Жаманды білген.

Қарамен ақты,

Иіре білген.

Сұпы де жүрген,

Өмірді түйген.

Жақсы сөз ырыс,

Айтады үлкен.

Құдайдан деген,

Жақсыны көрсем.

Жаманды түзеу,

Асырмай шектен.

Шығарып зәрін,

Төгетін кәрін.

Білімді үлкен,

Имансыз залым.

Ұры деп бәрін,

Айтатын зарын.

Дүниемен өлшеп,

Өмірдің нәрін.

Түзетпей өзін,

Айтып жүр сөзін.

Біліммен өлшеп,

Дүниенің ебін.

Әулиелік тегін,

Мақтайды өзін.

Меңгермей жынын,

Жоғалған төзім.

Бай болса жедің,

Билері елдің,

Шетінен арсыз,

Кім болдың өзің?

Әлемнің тегін,

Түзеуге келдің.

Құлы боп елдің,

Толтырдың кемін?

Меңгеріп сенім,

Төрелік тегін.

Аманат ақтап,

Үш байлық елдің.

Құдайдың сөзін,

Раббыдан белгің

Хабарын шындық,

Кімге алып бердің?!

Құл деген өзін,

Бабаңның сөзін.

Ясауи әулиеден,

Артық па жерің?

Құлысың кімнің?

Серті бұл діннің,

Ой үнін сөздің,

Кімге арнап бұрдың?!

Түбінде кебін,

Кигізер елің.

Тозақ боп сөзің,

Болмай ма көрің?

Оралып белің,

Ұзарып тілің.

Жылан боп сорар,

Өзіңді өзің!

(Қараша 2016 жыл)

***  **

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *