Аққу, сұңқар және ата жолы… (3-бөлім)

Бөлім: Аққу, сұңқар және Ата жолы тәлімдері 172

Дәлелі құранмен сүнетте көрсетпеген,

Мал табарлық саясатпен үкімдеген.

Қазақтың дін ғалымы, білімдісі,

Ата жолын соттатып дінсіз деген.

Саналыға жол табарлық қасиет берген,

Құранның жеті үнін ойын білген.

Жетесі жетілмеген діншілер көп,

Тәпсір біліп, ғалым боп сенімге енген.

Жүректің құлағын ашу хикметінен,

Ақ бата боп құранның үні келген.

Алланың үкімі бар аят болған,

Бір перденің артынан сөйлестірген.

Ақ ұлдық қасиет болып елші ісімен,

Екі сандық құпиясының кілтін берген.

Ғылымы мен кереметін жаратқанның,

Көрсетіп ақ батамен ел сендірген.

Шариғаттың дін ісін меңгермеген,

Аққу, сұңқар дін шартын терістеген.

Білімін ата жолдың мазаққа алып,

Перілік жүйеге ақылдарын негіздеген.

Үлгісі ата жолдың болмады деген,

Сылтау айтып өздігімен ізді кескен.

Абай-Шәкәрімдей әулие даналарын,

Алуға ғибрат сөзін ізденбеген.

Жыламаған баланы кім емізген,

Ілімді іздемесең қайдан келген.

Пайғамбардың сүннетін амал қылмай,

Құранның  насихатын кім меңгерген?

Ұрлатып жын-шайтанға үн үзілген,

Екі аралық айнадан түйсік енген.

Қарамасаң қатын азып, бала өледі,

Құдайдың берген бағын ескермеген.

Себептерден ата жолға сыны келген,

Құдайдың ғылымы мен үкімін терістеген.

Мақтанның соңына түсіп арсыздықпен,

Ақ ұлдың өліміне де үкім келген.

Білімі ата жолдың дінмен берген,

Кім енді талас қылар жете білген.

Сана түгіл жетесіз білімді көп,

Шайтанға жамағат боп қарсы келген.

Тәрбиесін ата жолдың біздер білген,

Аян, уақи пірлермен көктен берген.

Жараттым жұлдыздарды жол табуға,

Қараңғыдан жарыққа деп аят түскен.

Жүсіптің бұл жолы еді дінмен келген,

Он бір жүлдыз күн мен ай сәжде берген.

Мұғжизасын ата жолда аян беріп,

Аққу, сұңқар тәрбиесін түзе деген.

Сәждесін он бір жұлдыз, аймен келген,

Күн нұрынан алтын түс хикмет көрген.

Ата жолда Ақ ұлдық қасиетті,

Тырысып көбейтуге дәрмен берген.

Сақтауға құран үнінен сынақпенен,

Жылан және айдахармен күрестірген.

Айдақар, жылан; сұңқар, аққу арада жүр,

Сезіммен деректерге ел сендірген.

Құранмен ақ батаны сақтай білген,

Аз ғана біз топ қалдық жалғап жүрген.

Ақ ұл жалғап тылсыммен екі араны,

Бұзған еді көпірін шәкірттері өзі сенген.

Көпірді сақтау үшін құран үнінен,

Сынақтардан қиын-қыстау өтіп күннен.

Аққу, сұңқар қайтадан сыннан өтіп,

Меңгерсін деп ақ батаны үкім келген.

Хикметін құс жолына жалғау деген,

Жер ана рұқына құран үнінен.

Маңдай көзін ашудың кілтін беріп,

Қазаққа бұл құдайдың бағы берген.

Ата жолдың намаздарын меңгерумен,

Азанмен құс жолынан дерек келген.

Пайғамбар бата беріп азанына,

Намаздың хикметінің кілті түскен.

Ақ ұлдың енді ісін жалға деген,

Қазақтың әулие-әмбилерден аян келген.

Өлмейтін артында Ақ ұлдың  ісі қалды,

Құдайға сансыз шүкір мұны берген.

Үш көпір жалғандырған тылсымменен,

Масһабшы бірін бұзды тәпсірменен.

Тарихатпен топ құрып бір көпірін,

Үшінші көпір бұзылған ата жолмен.

Ата жолы сопылықпен дін меңгерген,

Дәстүр болып қазақ бұрын өмір сүрген.

Шариғат, тарихат, мағрипаттан көпір салып,

Ақиқатта бір жүйемен түгелдеген.

Құранда жолынан Жүсіп аят келген,

Ілімді іздегеннің төбесінен білім білген.

Қазақта тоғыз төре төбеден деп,

Жалғанып Алла елшісі деп үкім берген.

Сипаты аққулардың дәстүр білген,

Ұзын етек, жеңі мол, аяқта мәсі киген.

Екі қолда күмістен білезік боп,

Мойын түгел жабық кимешекпен.

Қазақтың тіл, ділін құрметтеген,

Таза сөйлеп, ой үнін сақтай білген.

Өтірік, өсек сөздерден абай болып,

Бойы жарық санасы түгелденген.

Он теңгесі болу керек әйелдерден,

Ақиреттен құраннан білім білген.

Төзім деген оныншы теңгесін жоғалтқаннан,

Айырылар бар теңгеден қандық тектен.

Жеті аталық тағдырына жалғай білген,

Әр пендеге сыны бар Құдай берген.

Жол-жобасыз тәпсірмен білім біліп,

Құдай ісін меңгермес дәстүрменен.

Текеметің ер замат қандық текпен,

Ою салған түрлі түс, діл білімінен.

Текеметің ендігі елдің шұрық тесік,

Саналық қуат жоғалып әйелдерден.

Төрт анамен жалғану текті өсірген,

Рұқтан әке, алты арыс дінмен келген.

Ата жолдың номадтық нәсіліне

Аққу, сұңқар жалғану міндетті екен.

Төрт текемет қабаттап төсендірген,

Бәйбіше тоқал салты қан түзеген.

Бұл да үлкен сыны боп бір құдайдан,

Ата жолы бақшасын өсіру номад тектен.

Шайтан жын шығады пері деген,

Пері іште, періште кебенекпен киіндірсең.

Ар сауытын арамнан тазартып ки,

Қасиетті текпенен қоса білсең.

Періліктің жүйесімен ел билеген,

Жын тобын көбейткен білімменен.

Құзғын, қарға көместен хабар бермек,

Сұңқар бақсы соғысуға керек екен.

Ақ сұңқар, ақ бақсы боп көктен көрген,

Шайтаннан жындарды жеңе білген.

Сопылығын ата дәстүр бекем ұстап,

Құраннан ғылым дерек уахи білген.

Сырты мен іші бірдей нұры енген,

Құранның үніне жалғанып дерек берген.

Маңдай көзі және ашық болу керек,

Батасында сан ғылымнан дерек келген.

Зікірі ата жолдың оқылып құранменен,

Құс жолына жалғанар маңдай көзбен.

Аққу, сұңқар қасиетіне куәлік боп,

Ақ ұлдық қасиет болып хикметінен.

Зікірмен ата жолында құран үнімен,

Рахмет, шипасы да бірге жүрген.

Жаннан халдың ғылымы боп,

Бұл ашық тылсымға көпір дәстүріңнен.

Ер болсаң ата тектің сырын білген,

Қазақтың дәстүрімен жүре білген.

Бұл майдан шыңдалуға сынақ болар,

Ақ ұлдық қасиеттің құпиясын меңгерумен.

Аз ғана аққу, сұңқар құран үнімен,

Жалғанып ажырамаған хикметінен.

Тазартып тақуалықты меңгертумен,

Ата жолының күні туды туын тіккен.

Ардың жолы, сөзге текті тоқтай білген,

Қазақта білімді аз бүгінде өмір сүрген.

Аз болса да түбінде өсіп-өнер,

Жетесін толықтырып санаға енген.

Мықты көп, сын айтуға тіл безеген,

Жындылықтың бұл түрі білім білген.

Құдайсыз қурай сынбас хикметінен,

Иманы толық қазақ дін меңгерген.

Аз ғана сырын ашып біздер білген,

Жетелі ер, әйелге үлгі бар көрсет деген.

Ізімізге түсіп алып сыр іздеме,

Пенделік бар, жалғанда бірге жүрген.

Ата жолы білімін ал ізгілерден,

Раббымыздың үнімен білім келген.

Сынай біл, қатесін тап, текті білсең,

Жан ғылымы қазақта мирас келген.

Баяндап тәжірибеден біздер жүрген,

Өмірден мысалдар көп сыннан өткен.

Тарихта ғибраты болсын дерек,

Жаннан жанды өсіріп көбейттірген.

Басында алтау болып сезімдерден,

Өле-өле жетеу болып дін меңгерткен.

Інжілдің бұл құпиясын қазақ шешіп,

Ата жолы дәстүрің бұл негізделген.

(Мәуліт айы 2017 жыл)

2 thoughts on “Аққу, сұңқар және ата жолы… (3-бөлім)

  1. Ассаламуалейкумдер! Осы секта Мангыстау обл. Актау каласында да бар! Оздерин елшимиз деп орда ашып жатыр келген адамдардын уйнен,сенин касиетин бар деп алдап, ата жолына сыйндырып. Акшкур ауылында турады басшысы есими Сауле деген, балем бай жыл стажим бар деп. Таныс кызым бар,сол жануясымен кирип енди шыгалмай жур, бармаса ауырып сыркап кол аягы жасамай калады. Кандай шара колдануга болады зан бойынша? Кайда жеткизсем болады? Коп сайттардан окып тусингеним, занга карсы истер екен.

    1. Ақылмен пайымдағанда оның шыныда ешқандай да зияны аз. Рас білімдері аз қолынан келегін де сол. Ал әулие-әмилерді аралап Алла жолында садақа қайыр жасауды Құдай кедей қылады деген надандық. Бұл жерде надандық солардың айтақанмен ған жүрумен жетіле алмай жүрген пенделердің өзінде Бәрімізде сондайлар арқылы әулие*әмилерді аралп сосын оқып ізденіп өз бетімізше жетілуге тырыстық Құдай мұны бағалап жол көрсетті. Атта жолы ешқашан секта бола алмайды, кімнен дүниесін алса соның қиын қыспағын, ауруын қоса алады. Дүниемен байланып малданғанды қойған жөн болар. Шамаларың келсе ақылды, білімді болсаңдар онда орданың үлгсіін өздерің көрсетіңдер бір-біріңді шұқығанша енмесе алыстан қарап бұл маған тіиісті емес дегенмен бүр күні бәрбір аруқатр қыспаққа салып қалайды осы жолмен өтіп кедергілерін жеңіп шықпасаң арты тұқым, тектің азумен жоғалумен ғана аяқталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *