Аққу, сұңқар және ата жолы… (4-бөлім)

Бөлім: Аққу, сұңқар және Ата жолы тәлімдері 80

Ата жолы дәстүрмен салтың білген,

Әр заманның салты бар ес меңгерген.

Қазаққа түскен діннің белгілерін,

Әдет пен ғұрпың бар  киеменен.

Дәстүр боп исламмен бірлендірген,

Ясауи бабымыздан хикметтермен.

Заманың салты болып үкім келді,

Ата жолын меңгеруге сыны түскен.

Әрбір салтың білімі хикметімен,

Дәстүр боп беку керек намазымен.

Ақ ұлдың мөрді ашу мұғжизасы,

Екі сандық құпия сыр бірге келген.

Жеті сандық әлемнің сырын білген,

Пайғамбарға жеті аяттың кілтін берген.

Намаз оқу, азанның бар хикметі,

Құс жолына жалғанған деректермен.

Шариғатты талай ғасыр жетілдірген,

Қазақта сопылықпен дін меңгерген.

Дін ісі араптарда орта топтық,

Қазақтың шариғаты жоғары дәстүрімен.

Төрт кітап Алланың жібі иірген,

Тәурат, зәбур, інжілден ісін білген.

Ата жолы болып қайта басталғанды,

Ақиқаттан ғылымнан хабар келген.

Ақиқат сөзі Алланың бейнеленген,

Ғисамен Алла рұқы жерге түскен.

Өлімнен өтіп Ғисамен жолығатын,

Құранда аяты бар үкім берген.

Өліге иман тіріге бер берекетін,

Қазақтың бұл дәстүрі дін бекіткен.

Сенімінің біліміне мұқтаж болмас,

Аруағын Алла қолын қадірлеген.

Надандар қазақта көп ел билеген,

Білімін тәңір қылып сенім деген.

Иманды Құдай өзі берер хикметімен,

Жол-жобасын терістеп жирендірген.

Ақ ұлмен мұғжизасын елге берген,

Білімді қауым болмай зерттей білген.

Дүниенің табысымен бағалаған,

Халықты қорқытып дінші кедейлікпен.

Ақиқат бейнеленіп замана тағдырменен,

Өлместің күнін кешіп діннен безген.

Қияметтің бұл мезгілі алмасатын,

Хақиқат боп хикметтері Алла өзінен.

Алланың достары қазақ әулие-әмбилерден,

Жаннаттан хабар беріп бір пердемен.

Ақ батамен сусындатты аққу, сұңқар,

Ақ ұлмен жүрек ашу хикметімен.

Құранның кітабынан үндер келген,

Ақ батаның хикметі көп дәлелдерден.

Бір аққу, сұңқарға келген үнді,

Мөр ашылған қасиеттілер ести білген.

Жоғалса бұл қасиет үні мөрмен келген,

Жалғандыққа айнадан ырғақ сөзбен.

Құпя сыры алмасып дүние өмірмен,

Екі аралық жын-періден дерек берген.

Ақ ұлдың хикметті ісін көктен келген,

Жер ана рұқына еніп бір пердемен,

Құранның жеті үнімен өлшеп, пішіп,

Алла достары көркем сөзбен бейнелеген.

Ғылымы ата жолдың зерттелмеген,

Дін ғалымы жеті үн, жолын меңгермеген.

Хикметін құран үнін тоқып жадқа,

Танытуға жалғаншыны жынмен жүрген.

Бірінші тақуалық керек бой меңгерген,

Маңдай көзі ашылу керек жетеменен.

Екінші дерек алған құранменен.

Жеті өріс таза, толық жарық болып,

Қолының тазалығы санаменен.

Үшінші ақ бата үні рұқы жермен,

Аяқ, табан өрістен бауырға келген.

Бауырмен жүрек тамыр жалғанады,

Жүрекке үн толып көмей келген.

Үш қасиет бекиді жанға білімменен,

Ата жолы жазбасынан жеті үнменен.

Құранның аудармасын оқу керек,

Қайталап аяттарын түсінумен.

Жүректің көзі ашылар маңдайменен,

Төртеуін түгелдікке төбеден білім келген.

Жанның халімен зікірде хабар келер,

Көріпкелдік қасиет болып ілімменен.

Ділдің кілті бар санмен жүйеленген,

Туған күн ай жылмен бірге берген.

Әке мен атасының есімдерін,

Өз атымен тергеумен ішін көрген.

Бұл қасиет міндетті құран үнінен,

Тексеріп пенделерді жанын көрген.

Қазаққа берген бағын бұл құдайдың,

Ғалым жоқ бүгін таңда зерттей білген.

Бүгінде көп аққу, сұңқар бата берген,

Құранмен жалғану жоқ дерек көрген.

Маңдай көзі ашылмай қасиет жоқ,

Алдап жүр халықты түйсік, сезімменен.

Сананы білімді қауым мазақ еткен,

Құлдық сана немесе дүние ісімен.

Ар-ұжданды меңгермей сана болмас,

Даналықты меңгеріп ақыл жете деген.

Құлшылықтың бар ісі хикметімен,

Жолында ата, құраннан рахметінен.

Сабырлыққа сын болар қасиеті,

Жамандықты жақсылықпен кетірумен.

Қаралығын тазартуға ет теріден,

Құрттаған тері арасын қамшыменен.

Бой өрісін киімін аластап тазартатын,

Ақ бақсылық қасиетті меңгергеннен.

Емшіліктің сыры бар тылсымменен,

Аруағынан қуаты емнің сынып өткен.

Шипасын Құдайдың өзі бермек,

Дәнекер боп екі арада тұра білсең.

Арамын өлтіру керек қамшыменен,

Ет пен тері арасынан жәндік өнген.

Сасық иіс бой өрісін өзің алып,

Қамшымен өрісіңнен қуат берсең.

Қамшысыз орда болмас меңгермеген,

Еркек керек ақ бақсылықтың жөнін білген.

Қатындар жүр еркекке қамшы соғып,

Перілік жүйесіне жынның тізгіндеген.

Қазақтың бұл патшалығы Құдайменен,

Армандап талай дана жетпей кеткен.

Діл бақшасын қураған қайта өнбек,

Ата жолда батамен суарып көгерткеннен.

Аз ғана мәлімет болмақ болашағы,

Ата жолдың белгісіз боп тұрған шағы.

Ата жолды қудалап жеңдік деген,

Мәз болған білімді іблістің ұрпақтары.

Ел билікке керек емес ұлттың бағы,

Мақтаны мал табумен, қымбат тағы.

Ата жолын жек көрер жетесіздер,

Ақылы аз, көкірек көзі соқырлары.

Орыс елі ата жолмен қосыларды,

Исламның бірлігінен жанып бағы.

Орыстан таңбасын бөлектемек,

Ібілістің қазақтан шыққан бұл ұрпақтары.

Аруағымен шықты енді соғысқалы,

Қазақтың құдайсыз жүрген ұрпақтары.

Ел басшысын мақтаумен айдап салып,

Тарихта жаман атын қалдырмағы.

Қазақтың тіліне әлем таң болады,

Орыс елі исламды алып талпынады.

Америка елінің келіп ғалымдары,

Ата жолын зерттеумен жарысады.

Ата жолы білімін өзге тілге аударады,

Жан ғылымын іздегендер таң қалады.

Қазақтың білімді, ғалым, діншілерін,

Европалық ғалымдар сынап ұялтпағы.

Масқара болуды біліп бүгінгі жындылары,

Латынға таңба ауыстырып тығылмағы.

Орыс болып кетесің деп қарсы болған,

Қазақтың жетесіз рұқы әлсіз қорқақтары.

Тарихы таңбалардың күні ертең ашылады,

Теріге жазылған кітаппен серті барды.

Отырардың кітапханасын көрсеткенді,

Шыңғысхан бабамыздың тықтырғаны.

Хабарын Раббымыздың жазсақ дағы,

Тыңдайтын қатты құлақ табылмады.

Жетесіздік салтын алған европаның,

Жал+аң бас салпаң құлақ есек тағы.

Соңғы сөз қияметтің айтылғаны,

Ел басы жолдау айтып қарсыласты.

Ар, ұят, екі күн, үш байлықты,

Өзгертіп біліммен ділді жойдырмағы.

Құдайдың лағнеті боп атылғаны,

Су басып қазақ елін сынағалы.

Өлімнің түрлі-түрлі сипаттарын,

Көрсетуге енді есік ашылғанды….

(Мәуліт айы 2017 жыл)

(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *