Қысың неге қайта оралған?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 100

Ақ жаулық байлығы болды ойланған,

Ештен кеш жақсы деген адамдықтан.

Оянды ма ұйқысынан ел басшылар,

Түзетуге ұяттың қамын қылған.

Қасірет деп  қыздарға жанды аздырған,

Араптың салты қара орамалдан.

Қауіпті елге келер рұқы, санасына,

Шектеңдер деп заңмен тыйым салған.

Ақылға сын елдің көңілін алдап тұрған,

Ібілістің шеңберінен аса алмаған.

Көзіңдегі бөренені көрсетпейтін,

Өзге көзден шөпшекті байқаттырған.

Европаның салтына жалғандырған,

Ақ жаулығын елінің тастаттырған.

Қара орамал тартқандар қауіпті ме,

Көтін ашып, көшеде шашын жайғандардан?

Елдің жаны көбей алмай азғындаған,

Жалаңаштық, ұятсыздық салтың алған.

Қауіпті жанға қайдан келетінін,

Жүректің көзін жауып тұмшалаған.

Ібіліс бұрмақ адамзатты туралықтан,

Тура жолда отыруға анты болған.

Қисығына жолынан бұрылады,

Аз ғана құлдарың болар құтыла алған.

Әулиелер сиратынан көп құлаған,

Пенде жоқ тозаққа түспей қалған.

Десінмен мені ақылды тұлға атап,

Ібіліске ұрпақтары елді жаңылдырған.

Саналықтың үлгісі бұл жаңадан,

Тәңір болмақ әдетпен ел басқарған.

Қара киім киген енді еректерде

Қауіпті болу керек гендірмен тең атасаң?

Шайтанның жамағаты дүниемен пайымдаған,

Перілік жүйе ібіліске бағынғаннан.

Хиджап ұғымы қара түспен қорқыныш боп,

Кимешектен айырмасы аз ұқсас болған.

Ақылың екі күнің жоғалғаннан,

Сенесің бос сөздерге ойы ұрланған.

Санаңды жаңғыртамыз құдайсыз деп,

Жолдауға «ғұламалар» қолын қойған.

Жетелі болсаң маңдай көзі ашылған,

Жүрегіңде иман болар өлшеп тұрған.

Бүгінгі күннің білімін ақыл қылмай,

Құдай ісін меңгеру міндет таза ақылдан.

Қырыққа келіп қана ақыл толған,

Ана сүті ділімен тақуа бола алған.

Әкенің тегі рұқына жан беретін,

Жеті кие қасиетпен жер рұқынан.

Жеті кие қасиеттен хабар алсаң,

Жетелі сөз салмағын ақыл қылған.

Көркем сөзін Абай-Шәкәрім өсиетін,

Түсіне алар, ойдың үнін тани алған.

Санасы болса үлкенің сандық ойдан,

Ұжданды арлы болып көкке жалғанған.

Хабарын болашақтың уахи алып,

Шындығын бір Құдайдың келтіре алған.

Құдайдың қазынасы нұры болған,

Атау сөзді жетесіздер бұрмалаған.

Ойдың үні білімі ақылға қуат қосқан,

Терістеліп ібіліске қызмет қылған.

Бақытты сол өз тағдырын тазарта алған,

Тура жолың болашаққа сапар болған.

Ақталып, жаннатынан хабар алмай,

Надандар ұлт болашағынан ой жорыған.

Белгісі қияметпен түсті Раббыдан,

Екі кеменің басын ұстап суға құлаған.

Екі жүзді салт ұстанған саясатпен,

Рухани жаңғырмаққа мақтан қылған.

Ақ жаулықсыз, етексіз сана болған.

Жалаңаш, ақ жаулықсыз пен бөріксізде,

Құдайдан жол-жобасын, тағдыр көрмей,

Қалайша қан тазарып рұқ жаңғырған.

Үш тілмен латын харпін тәңір қылған,

Алты ақылды біліммен бұрмалған.

Көктемде қысың  қайта неге оралды,

Құдайдың сөзі емес пе жауап болған?

(Мәуліт айы 2017 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *