Рухани жаңғыру,  ала қойды бөле бағу  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 42

Қазақтың енді ғана күні келген,

Ел биліктің болыпты есі кірген.

Жолдауын ел басының талқылайық,

Рухани жаңғырамыз деп білімменен.

Сананың ұлттың коды- кілтін білсең,

Ғылымын Абай дана түсіндірген.

Ұлттың ділі, білімі санамен жетіледі,

Екі жарты қосылса рұх, жан бірлігімен.

Саналықтың нәтижесі ұжданменен,

Насихатын Шәкәрімдей әулие берген.

Ұлтшылдық мәдениетін елдің тудыратын,

Мәдениеттен адамшылық шығар деген.

Адамшылық ақ жүрекпен ұжданыңмен,

Ұлтшылдықпен ақ жүректі болмас бірден.

Саналық — адамшылықтан үлгі алып,

Құдайдың нұрымен жүрекке енген.

Саналы-ұждандылық мәңгі жанмен,

Шапағатпен тіршілікте өмір сүрген.

Әділеттің ақ туын биік ұстап,

Қараған барша жанға мейірімменен.

Төре, қожа, аталық тек меңгерген,

Даналығы Абайдың сөз түзеген.

Мен жанмен саналығың бірге берген,

Ойшылдығы адамзаттың санаменен.

Ата жолы дін салты дәстүрімен,

Жаңғыруға құдайдан үкім келген.

Жиырма жыл суша ағып өте шықты,

Қазақтың тексіздері ғана түсінбеген.

Соттатып ата жолын рұқыңды елдігіңмен,

Сараңдыққа шақырып дүние ісімен.

Қияметтің сынағын сатып алған,

Доңыздай өз ұрпағын өзі жеген.

Үш тілмен ғылым, өнер меңгерумен,

Отыз елдің үлгісі бола ма жетілгенмен?

Латынның әліпбиіне ауысқанмен,

Сананы берер ме Құдай өздігімен?

Су ішкен құдығына кім түкірген,

Құдайдың тағдыры ұлттың елің жүрген.

Оңайды жеңілдің үстін іздеттірген,

Қорқаулар орыстан қорқып бұғып жүрген.

Сананың қасиеттерін меңгермеумен,

Қоғамды ойшыл қылмақ жолдауменен.

Жады, жете ақылға білім жазып,

Ақылдың өзге қасиеттерін ескермеген.

Гендерлік саясатпен бірге жүрген,

Арсыздық салтымен европа елінен.

Қазақтың дәстүрімен енді қоспақ,

Япырмау мұндай өнер қайдан келген?

Дінің мен дінсіздігің қоса жүрген,

Екі жүзді мұнафықтық нәсіл өнген.

Қыздарың ойнас жасып жүктелгеннен,

Қауіпті ме елге, араптың салты келген?

Ар қайда, малың сайда, жаның өлген,

Қыз, қатының етексіз жаулық түскен.

Ақ босаға арамданып, табан жермен,

Жалғанбаса сана қуат қалай өнген?

Жалаңбастық салтыңнан азып елің,

Мейірімің мен ділің жоқ енді өнген.

Тұзың ауыр, тіліңнен дәмің кеткен,

Маңдайыңның соры бес елімен.

Ғылымың кереметпен бірге жүрген,

Иман болып жұлдыздан ғылым Бізден.

Арыңды айырбастап білімменен,

Жан көбейтпес білімді ғылым деген.

Күнәдан ақталмасаң рұқың жүкпен,

Қара түнек күштермен бірге келген.

Әр пендеге жол-жобасын Құдай өзі,

Бермесе рухани жаңғыру жалған деген.

Қазақтың қауымы білімдісі ел билеген,

Ілімді масһабпен ғана меңгер деген.

Ілім, білім ортасын таба алмасаң

Атаң қазақ жындылықпен бүлін деген.

Жетесіздер саналықты қайдан білген,

Жеті өрісі бойында жоқ түгелдеген.

Күнде жиын, мақтаның жолдауың бар,

Қанша жылға алдайсың елді ібіліспен?

Өзім білем, мені ғана тыңда деген

Ел биледі жетесіздер тәңірсіген.

Қорқақ, қорқау білімді қауымдықтар,

Бөлінуге Алла жібін үзіп жүрген.

Тағдырың тарих болып Алла иірген,

Жан мен нәсіл тектердің жібі деген.

Мына елдікі басқасынан үстем деген,

Тарқатқан қатындай артық көрген.

Абайдың әулиелігі болды көре білген,

Аң патшасы арыстанның билігінен.

Ала қойды қасқырға баққыз деген,

Түлкіні тыңдаған қулығын білімменен…

Ар, ұятсыз ақылың тұр жетілмеген,

Қоғам деген құдай ма сана берген?

Алдағанмен елді бұрып шежіреден,

Құдайдың лағнеті бар жаза берген.

(Мәуліт айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *