3; Ден саулық-жан саулығының, рухани байлық кепілі

Бөлім: Арап көктемі және исламдағы бүліншіліктер 218

(басы 1,2 таруларда)

     Жас кезімізде ағат іс не тентектік жасап қойғанда; «Денің сау ма өзіңнің?» деп яғни есің дұрыс па?,- деген сөзді естуші едік. Бірінші байлық -денсаулық деген сөздің құны жоғалып, тек тәні сау болса болды, дені сау атап, оның естілігіне, арлылығына мән бермек түгіл ендігі денсаулығымыз тек ауруды емдеумен өлшенетін болды. Бұл тазалық шет елден, әсіресе европа жұртынан келген рухани азғындық, ендігі ел биліктің саясатына мықтап бекіді. Яғни көбірек аурухана салып, көп ауруды онда да тәнін, ағзасын ауыстырып, әйтеуір адам санатында тамақ ішіп, сөйлеп жүрсе болғаны, біздің өркениетіміздің мақтанышына айналды. Ал оның соңы не болады, тегі дұрыс бола ма, тегі мықты қаны таза ұрпақ өмірге әкеле ала ма?- деген сауал қойсаңыз, онда сіз де жындылар қатарынан табылатыныңыз сөзсіз.

    Құранда Раббымыз ескерткендей; «Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты.» (22-2) Жалпы қоғамның әсіресе әйел халқының Абылайхан атамыздың аянмен болжағандай жәндік сияқты кейіпке түсіп, қара қытай нәсілімен жүктеліп, бала туу қабілетінен айырылатынын ескертеді. Қазір қазақ қатындары жалпы іш тастау, яғни баланы кесіп алу дәрігерлік білімі де мақтанышқа айналды. Өздігінен туылғандарға емізуді ұмытып, иттің жетім қалған күшігіндей бөтелкеден тамақтандырып,  хайуандық қылықпен тегін, імүндік қабілетсіздігіне  намыстанбақ түгіл, мемлекет тарапынан тамағын тегін бермеді дегендей міндет қылатындар да жеткілікті. Ал, Адамдар деп ер азаматтардың мас сияқты дені сау пенденің ісін істеп, сөзін сөйлемейтінін де ескертеді. Мастығымызды күнделікті телеарна мен баспасөз бетінен ел билік, іс басында жүргендердің берген пәтуа сұхбаттарынан-ақ тануға болады. Адам ағзасының қандай да мүшесін ауыстырғанмен, соған миллиондап мемлекеттің қаржы бөлгенін мақтаныш тұтқаннан кейін-ақ, қалай дені сау деп атауға болды. Және халыққа жарнамалап; «сен де құдайдан қорықпа, күнә жасай бер, жер тәңірісі бізбіз, сендерді де құтқармыз» деген жынды-мастығымызды енді дәстүр атау ғана қалды.

Ал, ақыл-есі аз, қаңқылдап ән салғанның бәрін «жұлдыз»-әулие атайтын жындылық аурудың үстіне, енді  осындай мүшесін ауыстырған «жұлдыздарды» дәріптейтін мастығымыз пайда болды. Халық арасында туысын, жақынын, қатынын; «Пәлен ақша төлеп, пәлен жерге, шет елге апарып емдеттім!»деген мастардың мақтаныш сөзін де жиі естуге болады. Ауруларының көптігімен, ауруларын емдейтін мекемесімен мақтанатын бұндай заманды қиямет күні деп атайды. Тіптен мемлекет өздерін жер тәңірісі етіп сөйлейтін; «Халқымыздың жасын пәлен жасқа жеткізу керек,  туу санын пәлен пайызға өсіру керек» деген Құдайдың оны қалай ма, қаламай ма шаруасы жоқ, Алланың еркіне, қалауына да ауыз салып, серік қосудың көкесін яғни құдай ісіне ортақтасумен ел биліктің ортақ қосып, қайғы-қасірет бұлтын қоюлатуға жан салып кіріскенін де аңғарудан қалдық.

   «Өркениет» деген ұғымды шаруашылық, дүние байлық ұғыммен салыстырып түсінетін мастығымыз да бар. «Өркен» деп мықты ұрықтан өсіп шыққан бақшаның сабағын айтатын еді, ал «ниет» деген адамзаттың наным-сеніміне,  дініне байланысты ұғым. Сонда өркениет ұғымы денсаулықпен, салт-дәстүрімен тікелей байланысты болып шығады. Денсаулығы, естілігі жоқ елдердің өркениетті болып, ұрпақтары текті, қаны таза және болашақта адамзатты жаңа сатыға көтеріп, ұлтының рухани байлығын дамытуы да мүмкін емес. Рас, тән саулықсыз денсаулық қалыптасуы мүмкін емес. Бірақ тән саулықтың өлшемі ауруды емдеумен емес, керісінше ауырмайтын қоғам қалыптастырумен байланысты болу керек. Яғни қазіргі таңдағы салауатты өмір қалыптастырамыз деген ел биліктің саясатымен қыруар қаржы жұмсап, көбірек дем алуды, европа елінің түрлі ойынын дәріптеуді салтымызға айналдырып үлгірдік. Тіптен өзіне–өзі қол салуды тоқтатуға деген де ұйым құрып қыруар қаржы бөліп, Құдайдың сынағын ақшамен сатып алмақ болып жатқан да мастығымыз бар.

Дін масһабымыз, психология мектебі, оқу ағарту жүйеміз, денсаулық сақтау жүйеміз сонда салауатты ұрпақ тәрбиелеуге шарасыз болғанын және өзінің негізгі міндетін атқара алмағандықтан, осындай қосымша қаржымен ұйымдар ашуға мәжбүр болуымыздың өзі айқын білдіріп, ел билігіміздің « көтсіз» саясаты әшкерелеп тұрғаны да хақ. Мұндай жындылық бес парызбен масһаб тура жол деп дінді бөлшектеген надандықпен енді, салауатты ұрпақты тәрбиелеуді бөлек мекеме, білім саласына айналдыруға тажалдар жан салып кірісіп жатыр. Қоғамның барлық біртұтас әлеуметтік шаруасын партияға бөліп, «көтсіз» саясат қағидасы енді құрт болып тұтас адамзаттың өмірін, тағдырын бөлшектеуге айналды.  Әлде бұл да жемқорлықтың бір тәсілі де болуы мүмкін.

     Енді білім беру, денсаулық сақтау мекемелерін, ұйымдарын былай қойғанда, діннің негізгі мақсаты да, айнасы да халықтың денсаулығын сақтау ғана емес, замандық түрлі ауру апаттар, табиғат өзгерісіне де төтеп бере алатын ұрпақтарды қалыптастыру, яғни қан тек пен ақ текті жетілдіру ілімін, жол-жобасын көрсету, меңгеру шарт. Ал тура жол дегеніміз осындай ерекше қабілетті абыздар, әулиелер, шипагерлерді дайындаумен көрінісін беру керек. Ислам әлемі түгіл, жалпы әлем дінің қағидасынан бұл тура жолдың ерекшелігі «суфизм» сопылық білімді заманға қарай жетілдіріп қоғаммен біртұтас бірлеу саясатын, исламның негізгі қағидасын меңгеру орнына, керісінше бұрынғы ескіліктің нышаны болып шығарып тастағаны да сөзсіз.

Ендігі тәннің де, рухтың, жанның да тазалығын масһабта бес парызбен, намаз оқумен өзінен-өзі тазарып шыға келесің деп жалпы дінді мазаққа алғанын, секталық дәрежеге түсіп қалғанын мойындатып көр? Ал, қазаққа құдай рахымы келіп, бұрынғы дәстүріміз жаңғырып, Ақ ұлдың бастауымен жүрек ашу  мұғжизасы болып, аққу, сұңқарлар аталып, ордаларда тазару, емдік істерді меңгеруге шәкірттер дайындау жалпы қазақ елінде кең өріс ала бастағаны сол-ақ еді, шайтанның жамағаттары мен тажалдық білім басшылары өре түре келіп, өздері әлі түсініп меңгере алмай жүрген жастарды күні-түні соңына түсіп мазаққа алумен тартып, қудалап, соттап тынды. Яғни діни сауаттарың жоқ, істерің қате, білімі, кітабы жоқ, туғаннан біліп тумағансыңдар деген айып тағылды. Рас, ата жолының бұл қозғалысында алғашқы кезде  білім, кітабы болмағаны сөзсіз. Ал енді кітабының жартысын жазып жарыққа шығару мұң екен, ояздарын соңыңа салып қойып, жазғыштар, тілшілер шибөріше жабылып, жазушы қоғамы үн-түнсіз есіктерін жауып алып, Құдайды жеңбек болып, қалмақ ойынға кірісіп кеткені де шындық.

Және бұл жағдай 5-6 жылдан бері қартадан күнде ұтылса да, түбі жеңемін деген жындылықпен, қанша құдайдан ашық белгі, ескерту келгеніне қарамай әлі жалғасып келеді. Діни сауаттылық жалпы немен байланысты? Және оны құранда қалай түсіндіреді? Бұл туралы ата жолының кітаптарының бетінде талқылағанмын, тағы да төменде қысқаша тоқтала кетермін. Енді денсаулық пен тән саулықтың пары болған жан саулығы, яғни адам баласының рухани саулығынан  (сенім-наным) кейінгі құпия сыр иманмен (құпия жан білімі, кітап алу) тікелей байланысты. Бұл ұғымның да маңызын, сырын жоюға, еліміздің сөз мамандарының надандығын пайдаланған тажалдар масһаб білімінде иманның негізгі сырын, білімін мүлде жоғалтып тынды. Ендігі иманымызды сендік десек болғаны, жанға құпия ғылым ғарыштан өзі келген болып саналады. Оған жан тазалығы, көлемі, жасы сәйкес келе ме жоқ па деген сауал түгіл, жалпы жанның сипаты қандай  деген де сауалға жауап беретін дін ғалымын, философ, психолог таба алмайсыз.

     Сонымен жан саулығын түсіну үшін рух пен жанның ерекшелігін, өлшемін білмей және еліміздігі жалпы білімді аталған қауымның бұл тұрғыда мүлде хабары да жоқ жағдайында әңгіме етуге де болмайды. Құр надандардың ашу-ызысын тудырып, іштеріндегі тығылып жатқан қарсылықтарын, қаралықтарын түртіп оятып, талай дінші, тілшілердің айыптауыларына, қудалануларына да ұшырауыңыз хақ. Сонда да аз мағлұмат бере кетсек; физикалық, химиялық, биологиялық болмыстардың  барлық сапасының басын қосушы жан туралы ғылымда әлі зерттелмеген. Жан негізінен физикалық тұрғыда химиялық та, биологиялық та болмыстан, үш негізінен екі сапаға айналған; жарықтық және қуаттық екі белгісімен көрініс беретін болмысқа жатады. Жанды бас бармақтағы екі буын, ал үш болмысты 4 саусақтағы үш буынды 12 несібелік белгіге қарсы тұрғандығынан-ақ аңғаруға болады. Және бас бармақ қашанда жүрекпен жалғанып тұрса, ал қалған төрт саусақ алақанмен және тырнақпен байланысты.

Сонымен барлық нәрсені жұбымен және парымен жараттым деген Алланың қатаң тәртібіне, үкімінен қарай денсаулықты сақтау, ем-шипа ілімі екі негізгі салада бірі дәрігерлік яғни емдік ғылымдық медицина мен екіншісі дәстүрлік шипагерлік саладан тұру шарт. Бұл тұрғыда қазақ елінде халық медицинасын мойындап, арнаулы «жер тәңірлерінен» ұлықсат алып, мемлекетке салық төлеу арқылы ақылы түрі ғана қалыптасқанымен, ал оның пары болған  жандық сипаттағы шипагерлік тек Құдай үкімімен байланысты, бақсылық түріндегі ата жолындағы және ұқсас түрлі топтардағы басталған қозғалыс «жер тәңірлерінің» ақылына сыймағандықтан ашық қудалануды былай қойғанда мүлде тыйым салынып, қайсысы дұрыс, ақ –қарасын ажыратып дұрыс бағыт бермек түгіл, заң шығарып, соттап яғни Құдайдың хикметіне ашық қарсы және мемлекет билігінің соғыс жүргізіп жатқан әлемде жалғыз ел екеніміз де хақ, Көрші өзбек, қырғыз немесе европа елдерінде де заңмен бекіген мұндай үрдіс жоқ.

     Енді нақты Құран аятынан мысал келтірсек; «Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (17-83) Бұл жағдай тек мұсылман болып қалу емес, мүміндікті меңгерудің негізгі сынағы болып, қазақ еліне келген Алланың рахметіне қарсы  залым болып өре түр келіп, енді көктеп келе жатқан жас құрақтардың тамырына балта шапқан мемлекет билігі елдің әкелері мен дін мекемесі елдің шешесінің өздері өз ұлтына өгей болғаны да хақ. Сондықтан осы екеуінің арасында діни сауаты,  яғни некесі болмай, ата жолының ендігі өркендеп жемісін беруге тисті жан негізінің шипагерлік саласы «көтсіз» саясаттың құрбанына айналды. Рухани жағдайда Құдайға тыйым салған ел ретінде, енді бізден үлгі алыңдыр деген пәтуалар да пайда болып, оның арты күні ертең әлемге масқара болып ақиқаты ашылатынын, мұндай надандықтың пердесі тұмшаланған тажалдық білімнің өз жемісін берген кезде, әрине әзірге ақ, қарасын аңғарып болжап біле алмаймыз. Бірақ өзге европалық мемлекеттерде бұл саланы зерттеп, бірақ қазақ еліндей Құдайдың пәрменімен рахметі, ашық хикмет болмағасын тек «экстрасенстер» жарысын ашық халыққа дәріптеумен ғана шектеліп жатыр.

     Көрші орыс елінің Гуляев есімді ғалымы бұл сырды 5 жыл Канада елінде зерттеп, қазір Россия елінде ауру тышқаның бауыр, бүйрек ағзаларын 50 шақырымнан арнаулы бағытталған сәуле жіберіп емдеп қайта қалыптастыруға болатынын дәлелдеді. Ал қазақ жұрты мұнымен мыңдаған жылдар дін-дәстүрімізге айналдырып,  көптеген істері ғұрып, ғұмырлық істер болып бекігенде, бақсылықтың ең жоғарғы сатысынан тура жолын меңгерген ел екенімізді, дәстүрімізіді жетілдіру орнына керісінше жоғалтуға масһаб діншілері, ғалым атағын алған мансапқор ағайындарымыз баспасөз, ақпарат саласындағы көмекші тажалдары арқылы тұншықтыруға жан беріп жан алысқанымен, бәрібір бұл сала ақырындап керуен көші жүріп жатқаны да хақ.

Сол керуен көшінен қалмай, халыққа жария да қылмай 15 жыл бойы зерттеп, осындай тәсіл арқылы қандай да аурудың жанына шипа берсе, тазартса, қалған екі сападағы ем-шипалық мейлі қиын обыр (рак) аурулары болсын, әуелі ордаларда құран аяттары арқылы тазартудан кейін медицина арқылы ота жасалса да тез айығатынын іс жүзінде дәлелдедік және ондай пенделер арамызда өмір сүріп жатыр.  Медицина ғылымындағы «шизофрения» деп аталған аурудың да аруақтық қазақ дәстүрімен емдеп жазуға болатынын және оны енді ашық түрде дәлелдеуге де болатынына көзіміз де жетті. Және қазақтың ғылымдық медицинасын әлемдегі ең биік сатыға көтеруге болатынын, 60 түрлі аурулардың себептерін жазып: «Ауруыңа ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!» деген тақырыппен халыққа таратып ғалымдарға ұсынғанмен қазақи надандық, ел билік заңмен бекітпесе Құдайды да мойындауға құлқы жоқ мінезіміз арқасында әзірше ертегі болып қалған жайы бар.

Әрине, жаны ашымастың қасында басың ауырмасын дегендей, енді осы мінезімізбен Құдайға қарсылығымызбен тағы да үлкен қияметтік сынаққа түсіп, енді ата жолын баюу жолы деп мазаққа айналдырған, қаражатпен, ғылым жетістігімен қандай да ағзаны ауыстырып  немесе шыны арқылы да бала өсіремін деген ел билік пен білімді қауымға да лағнет сынағы басталатыны  хақ. Жалпы халық мән бермейтін қалыптасқан қағида бар. Қандай да бір дәрігерлік ғылымның бір саласын жоғары дәрежеде меңгерген дәрігердің сол өзі меңгерген, білген аурумен ауырып өлетіні де хақ. Бір нақты мысал беріп кетейін, иманы жолдас болсын атақты ғалым, көптеген ауруларды жаңада өмір есігін ашуға себепші болған иманы жолдас болсын Жаңалық деген акедемик болды. Ол кісі бауырға түсік тасталған балалардың бауырынан «пункция» алу арқылы бауырдың «Цирроз» ауруының емдеу тәсілін тапқан еді. Бірақ өзі де қартайған шағында бауыр ауруынан қайтыс болды. Маған аруақтан; хабарлас, ата жолына келіп жазылады деген мағлұмат түскен соң, мен ауруханға хабарласып,  ол кісі әйеліне хабарласуды өтініп, ал әйелі балаларына сілтеп, балалары мемлекет заңымен, дін мамандарымен мұндай шара теріске шығарылғандықтан келіспей, ақыры екі айдан кейін ақирет сапарына жөнеліп кетті.

Осындай өз басымнан өткен көптеген емдік іс-шараларда кейі орта жолдан тоқтап, кейбіреулірі соңына дейін өз нәпсісімен, білгіштігімен күресіп, мүлде ауруынан айыққандар сияқты, күрделі аурулардан да жазылғандардан жүздеген мысалдар бар. Бірақ оны жазып дәлелдей алу бүгінгі таңда мүмкін емес және дәлелдетпеуге, жария қылмауға мемлекеттен заң жүзінде тыйым салуға да дайын отырған ел билікте, дін істерінде, ақпарат орындарда тажалдардың аңдып отырғаны да сөзсіз. Ендігі шығар жол Құдайдың жалпы сынағы келіп, әрбір ата жолына жан ғылымына қарсы болған ел басқарушыларың, ғалымдардың басына жан ұясына келіп, арасында жасынан көк жиекті көріп өскендері болмаса, қалған негізгі топ жеті жыл ішінде үлкен зұлымдыққа ұшырау арқылы қазақтың бақсылық дәстүрі, жан емшілігі жеңіске жетері де сөзсіз. Халықтың тән саулығы мен рухани саулығын аталарымыз; «Бірінші байлық-денсаулық, Екінші байлық-ақ жаулық, Үшінші байлық-он саулық» деп барлық ғылымын бір нақылға сыйдырып көрсеткен. Бұл үш байлық та жұбымен болатынын сөз мамандары әлі кезге дейін шешуге талпыныс та жасаған емес. Тән саулығы мен ақылдың саулығын денсаулық деп атайды.

     Ақ жаулық әйелдің 40 жан үйімен еріне беретін қымызы, сана қуаты, аналық сүтіне байланысты болып, оған; «Қазақ қай сүтті қызын береді дейсің?» деп астарлаған да; Шешесін көріп, қызын ал!» деп ескерткен. Және; «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп қыздың әкесінің текті болуы да осы екі саулық, ақ жаулықпен келетін жан саулығының кепілі болған. Бұл салада «гендерлік саясат», европалық еркіндік деген тажалдық білім өз жемісін беріп, енді ауруды емдеуші дәрігерлердің өзі жалаңбас, шалбар киіп, бой өрісі, ар сауыты болмай, әртүрлі иіспен ауруларды ауруханаға өздері ертіп әкеліп немесе бір ауруды екінші біріне иіс арқылы жұқтырушы, ауру таратушы «паразитке» айналып жатқанын сезбейді де. Бұл саланың бас маманының өзі ел биліктің алдында, ақ ордада арсыз киімен жүруінің өзі біз сияқтылардың ашу-ызасын туындатып, сабырсыз діншілердің сырттай лағнет айтып жатқаны да хақ.

Өзге кейбір азиялық елдер ақ ордаларын киелі санап арнаулы киіммен және бас киімсіз де кіргізбейді. Ал қазақ елінің ақ ордасында көтін ашқан, төсін ашқан қатындардың тайраңдап ақыл беріп отырғанынан-ақ қазақ дәстүрінің өлгеніне тажалдардың үстемдігінен айғақ екені сөзсіз. Өздерін зиялы атаған қауым Абай танығыш, өлеңінен мысалдар келтіріп сөйлеуге құмар да ал іс жүзінде екі жүзді мұнафық. Оған бір-ақ мысал келтірсе де болады. «Көтін ашқаннан жол сұрама!» деп ескерткенін тыңдаған бір зиялы бар ма? Ал жол сұрау деген ұғымды түсіндіретін бір философ, психолог, дін ғалымы бар ма? Жоқ әрине. Сондықтан да керісінше, көтін ашқанға ақыл айттырып, «зайырлы» елміз деп мақтанғанда үйде отырып олар үшін Құдайдан ұялғаннан жерге тірілей қашып кіргің келеді. Ал етекті жабуды, әйел затына шалбар кимеу туралы заңмен-ақ миллиондаған  болашақ өмірге келетін ұрпақты құтқарып, әйелдердің өздігімен бала тууын қамтамасыз етуге болатынын ендігі дәрігер тажалдарға түсіндіріп көр? Осындай жалаңаш қатынның екі аяғы мен қол арасынан араммен жала болып, төсекпен және тамақпен шерік қосылған ел билігіндегілердің санасы жабық болып, жаулық тартқан қыздарымызды ерінбей қудалайтын екі мүйізді мәдениет қайракерлері, ел билеуші, денсаулық қызметкерлері, мектеп директорлары қазақ елінде ғана есті, зиялы қоғам қайраткері аталды.

    Бұл жалпы зиялы қоғамның арамды жақтағанынан, арсызды төріне шығарып билікке де тағайындауынан, мастыққа ұшырағынан, денсаулығынан да ақ жаулығынан да айырылғандарына нақты дәлел бола алады. Ал үшінші байлық; «Он саулық» деп иман байлығын атаған. Және Құранда әрбір сүре адам жасымен тікелей байланысты болып, 114-сүре 114 жыл кезеңді құрау керек. Мұхаммед пайғамбарымыз 63- ылда осы кезеңді қуаттарды, толық  құранды, 51-санды қуаттарды, пайғамбарлық қасиетті, жылдарды да толық меңгеруді көрсетіп кеткен.  51-сүренің пайғамбарлық туралы үгіт болып баяндалуында да үлкен сыр бар. Енді «Денсаулық пен ақ жаулық» 43 санымен нәтижеленіп, 43 жасқа дейін меңгеру керек болса, ал қалған 10 саулықты 53 жас яғни 53-сүремен аралықтағы құлшылық істерімен толтырады.

Бірақ бұл қазақ дәстүрін жастайынан меңгергендер үшін ғана мүмкін. Сонымен «онсаулық» көктегі жұлдыздармен және ойпаттармен, яғни киелі жерлер, әулиелер зияраттарымен байланысты «кванттық» сәуле қуаттар екенін тағы да біле бермейміз. Бұл тұрғыда мүлде иманға қарсы шыққан масһабтық тажалдық  білімді қолдаушы бүкіл ел билік пен діншілер, жазушылар қауымына үлкен рухани сынақ келіп, қазақ елі әлемге өзіндегі «қолындағы алтынның» қадірін білмегендер, яғни қабірдегілерін тастап қойған кәпір елдердің санатына заң жүзінде қосылатынымыз  да хақ.

Абай атамыздың; «Етек асты еркектерді көп көрдім» деген астарлы сөзі осындай ар-намысын жоғалтып, сөздің парқын білмейтін, құр дүние қызығынан құдайдың берген несібесіне; «Мен білгіштігімнен таптым» деген қарынбайлардың санасына бұл сөздердің жетпейтіні де шындық. Әулиесін сыйлай білмейтін, әулиесінің басын жекеменшікке айналдыруға болатын, атасына қарсы ата заңы бар, дін арқылы ақша табуға немесе жын–ойнаққа, болмаса мүлде қараусыз тастаған ел билеген әкімдер тек біздің қоғамымызда өмір сүріп жатыр және қазақ тарихы үшін соңы болса екен, деп тілейік ағайын!

Яғни ондайлардың жүректеріне жасырын қалтқы қойдым деген Алла тағала. Қазақтың әлем халқының алдында «бренд» сауықтыру орындарынан теңдесі жоқ ел болуымызға қарсы тажалдар жан-беріп жан алысып, соғыс жасап, ұлттық көктік нәсілдеріне жалғанбауға қарапайым жастардың, бұхара халқының болашақ жан құрбандығымен қанын төгуге жүктеліп жатқанын екінің бірі түсіне алмайды. Қазақ елінде әулиелер бастарынан неше түрлі хикметтермен көптеген халықтар ауруларынан, жазылмайтын дерттерінен сауығып жатқаны хақиқат. Әсіресе орыс ұлты бұл хикметті ерекше бағалауда.  Ата жолы — баю жолы деген негізінен рухани байлық жолы екені хақ! Оны тажалдар дүние байлықпен түсіндіріп, жұртты сараңдыққа, Алла жолына мал жұмсамауға шақырып, ақыры қиямет сағатының түсуіне тікелей себепші болып, енді әрбір ата жолына, тарихына, шежіре ағашына, дін-діліне, дін-амандығына тас лақтырған пендеге жауап беріле бастады. Бірақ құдайдың құдіретті қолы, екі аралық сепші қуаттарды тажалдық біліммен, біртұтас адамдарды «Алладан басқа», әрбір пенденің келетін иманын,  яғни серігін келтіруді, досынан қосылуды, яғни «серікке қосылуды», «он саулығын» (он саусақты, серікті бірлеу-11 саны) қорқынышты сөз ұғымына; «серік қосу» деген тажалдық біліммен ел биліктегі басшылар, заңгерлер,  философтар, жазушылар өз көлеңкесінен үріккен хайуан сияқты дәрежеге жеткізген мұндай надандықтың қақпанынан тағы кім және қандай заң шығарып құтыла алады? Әрине бұл жерде заңның да, биліктің де, білімнің де, ақсақалдар кеңесінің де қауқары шамалы. Тек Құдайдың ісі ғана, құдайдың өзі ғана құтқара алады. Қалай деп сұраңыз…. (жалғасы бар..)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *