Бекершілік

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 108

Байлық жиып мақтанғаның,

Жұрттан асып тойлағаның.

Дүниелік жиған боқты,

Ақиреттен артық көріп, мас болғаның.

Билік мансап адалдықтан артық болып,

Адалдығың қуылығыңнан төмен тұрып.

Әдемі  ауыздан шыққан, құр сөз болып,

Амалға айналмаса не пайда?

Айлакерлік даналықтан биік болып,

Жалқаулық іскерліктен ірі болып.

Қалтаңның қалыңдығы жоқтық болып,

Адам деген құр атаудан не пайда?

Мәнісін тірлігіңнің түсінбесең,

Құдайдың берген қарызын өтемесең.

Аруағыңа жалғанып меңгермесең,

Дүниеге келгеніңнен не пайда?

Мансаппен байлық қума демес ешкім,

Арыңды ақтап алмас күй кешпексің.

Құдайға жауабыңды берген күнде,

Өкініш күнің болып теңселтпесін!

(Маусым айы 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *