Абайдың ізімен

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 135

Құранды жетік меңгерген,

Аманатпен жаны жүктелген.

Алланың барлық хабарын,

Сыйдырып өлеңге сөйлеткен.

Кәрі мен жастың міндетін,

Ұятын, арын , індетін

Түгелден сөзбен өрнектеп,

Ойыңа салмақ ектірген.

72 амалдың түсін түптеген,

Көрсетіп ісін білдірген.

Мінезін ашып жындылық,

Ұғымын сөзді түзеткен.

Төрт құбыланың тірегін,

Бекітуді үйреткен.

Шыңғысхан баба ізіне,

Заманды жалғап сөйлеткен.

Құпияны теріге жасырған,

Қырларын жазып түзеткен,

Сегіз қырдан бір сырға,

Ашалап бойды тіктеткен.

Ясауи баба ілімін,

Әріден тартып өрнектен,

Заманмен тұтас амалын,

Сүнетпен қосып көрсеткен.

Фарабидің сарынын,

Сөз өнерімен жыр еткен.

Қазақта сөз мінезін,

Кітабымен құран бірлеткен.

Шәкәрімдей шәкіртін,

Жан ғылымын жырлатып,

Ел бағу жолын көрсеткен.

(Маусым 2018 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *