Ақыл(62)

Бөлім: Зікір өлеңдер 146

Ой салса біреу ісімен,

Қылығы және сөзімен.

Жақсы менен жаманның,

Айырмасын білерсің.

Үйретушің болса бір сәтке,

Үлгісін айтып көрсетсе.

Жақсыны алып жаманын,

Көңілге түй әлбетте.

Мұнымен көріп жетілместей,

Себебін ізде ерінбей.

Табуға миды қозғарсың,

Жатпасын бос шіріместей.

Ойды ой қозғап түрткілеп,

Маржаны сөздің келсін деп.

Сасымасын ойың бос жатып,

Қозғалсын жанға дүние іздеп.

Кенелсін десең жан-дүниең,

Тәлімін ал өткен өмірден.

Талайлы өзің адасқан,

Артыңда қалған мезгілден.

Тәкаппар болып қалысқан

Шалынып соқтыққан

Талай таспен аяққа,

Көресің танып анықтан.

Адасқан мұндай адамға,

Көрсет сал жолына.

Жүректен тарат қуатты,

Қосылар иман жанына.

Қол қусырып бос жатпа,

Қу басыңды қор қыла.

Арттыр оның қадірін,

Тазартып сары суын да.

Қақпақ сал екі елі ауызға,

Сөзіңді ойсыз шығарма.

Бұралқы қисық сөздерді,

Ауызға енді алдырма.

Сәф қасиет болса сөзіңде,

Жалғанар бастау нұр көзіне.

Ойлы сөзді алсаң жаныңа,

Жарық шам болар өмірге.

Есердің мысын басуға,

Ойсыз сөз айтып жаңылма.

Абай бол мүлде тіліңе,

Мастық болар бойында.

Сөзіңе және сай болсын,

Әрекеті аяқ, қолыңда.

Аяқтың шыққан әскері,

Айналар қара жыныңа.

Соңынан қалмай ерсе егер,

Кесапатқа азғырып жетелер.

Күресе біл, діннің жолында,

Құрбандық қанымен өзгерер.

Ақталса басың тазарып,

Жетеден сана жалғанып.

Ағарсын аяқ, қолың да,

Ар сауытын кисең жаңартып.

Болсын десең тұтас дене бойыңа,

Бас аяқ қол толық жабылса

Жеті өріс толық жарығың,

Бақшасы болар жаныңа.

Жүректің үні ақылда,

Жалғанар мойын басыңа.

Саналы пенде аталар,

Жүректің тілін ұғынса.

Ғылымның кілті ақылда,

Іліммен білім алуға.

Ортасын таппай адамзат,

Ақылы өспей азуда!

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *