Аян(61)

Бөлім: Зікір өлеңдер 66

Аян түске жалғанып,

Құдайдан хабар мың алып.

Көркем істі көбейткен,

Тағдырын жүктен тазартып.

Мың бір атты пәледен,

Құдайдан келген жәрдеммен.

Мыңмен жалғыз күреспек,

Құраннан кітап үн білген.

Қисығын тағдыр түзеген,

Қазақта көп үлгіден.

Алыптар болған жалғанда,

Құпия білім сыр терген.

Жақсылар да көп өткен,

Қарға ізіне түсіп із кескен.

Ізін басып пайғамбардың,

Жанға қожалық меңгерген.

Сегіз қырлы ошақтан,

Бір сыр қылып тазартқан.

Құраннан кітап жалғанып,

Көместен құпия сыр ашқан.

Ғұламалар өтті қазақта,

Құлшылығы жағып Ол хаққа.

Тылсымнан сырлар оқылып,

Қалдырған аманат ұрпаққа.

Ата жол қазақ мирасын,

Құранның тауып жалғасын.

Әр заманда жоба алып,

Аманатқа қиянат қылмасын!

Жүз жыл сайын түзеген,

Ұғымын сөздің өзгерген.

Абайдан қалған үлгіні,

Жалғанса жібін өргізген.

Ата жол болып бақ жолы,

Есігі тылсым ашылды.

Маңдай көзді тазартқан,

Тағдырлар қайта қосылды.

Хабарын шындық келтірген,

Құс жолын жалғап жерімен.

Ойпатты жерді суғарып,

Құранның жеті үнімен.

Түзелмей түсің жан өлі,

Азығы жанға жоқ үні.

Алланың кеңдік күндізден,

Несібе рұқтан ол сөзі.

Рухани пенде жаңғырмақ,

Жеті жан тірі оянбақ.

Түзелсе түсің бар ісің,

Жаңаша тағдыр жазылмақ!

(Шілде 2018 жыл)

****  **

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *