Сабырлық түбі-сары алтын,
Он саулық байлық алатын.
Сабырдан туар даналық,
Жүректің кірін жуатын.
Шығындамай айтып көп сөзді,
Тыңдай біл үнін жүректің.
Күйіп-пісіп құр босқа,
Ашумен кімді жеңбекті.
Тоқтам сал ашу кеп қалса,
Шапшытпай қанды сау басқа.
Салқын қанды бола біл,
Таусылтып бойды жоғалтпа.
Шығын боп қуат құр босқа,
Ашумен пенде аптықса.
Ақылдан хабар келер ме,
Жындылық сөзді айтпасқа.
Ақылмен тоқтат ашуды,
Қайраттан қызу басуды.
Қатайсын сүйек ағарып,
Өсіріп алты жаныңды.
Шайтанды жынға қосылтып,
Тісіңді итше ақситып.
Шығартпа көзді ұядан,
Ұятты тастап, жанды өлтіріп.
Көзіңнен нұрды қашыртсаң,
Уақыттан озып жанықсаң.
Жасыңа жетпей қартайып,
Сиқың да көшер басыңнан.
Құтыңды бойдан қашырма,
Әл бермес жынға дос болма.
Қапыда сені қалдырар,
Қарайған түзге соқтықса.
Құтыңмен, қасиет сабырда,
Жүректің көзі ашылса.
Өңгенің бәрі жалғанар,
Ұғымсыз сөзбен қарсыға.
Байлығың болса сабырлық,
Адамзатқа қылар жақсылық.
Жамандықты кетірер,
Қасиетің тектен ақ бақсылық.
(Тамыз 2018 жыл)