Адамдықтың қадырі(83)

Бөлім: Зікір өлеңдер 68

Ерік, жігер күшіңді,

Басыңа алсаң адамсың.

Ерік беріп басыңды,

Жалбыратып шашыңды

Тау-тасқа соқсаң надансың.

Сегіз аяқ күйіңді,

Меңгере алмай жыныңды

Шайтаннан жын боларсың.

Ақылды таза меңгермей,

Шатақты тілеп алғансың.

Жүгенсіздік дегенге,

Талабы ақыл сенделме,

Масайып тап болғансың.

Адамдықтың қадырін,

Түсінбей Мен жан үнін

Шерікті қосып алғансың.

Кеткені қадір осылай,

Маңдайдан көзі ашылмай

Еңбегің еш, тұзың сор

Жаныңа иман алдырмай.

Сенімді міндет қылдырмай,

Байбаламға салдырмай,

Еліктеп көпке қосылмай

Атадан қалған мирасың,

Ата жол, дәстүр меңгерсең,

Адамдығың келмек осылай.

Қадырын сөздің танымай,

Ақылың өсіп толар ма?

Адамдық тегің болмайды,

Майданға түсіп сыналып,

Сөз өнерін жанымай.

Еріктің күші бой бақшаға,

Сауабыңмен болып саудада,

Тылсымнан қуат қосылмай,

Иманды ізде шаршамай,

Ойпатын кезіп жеріңнің,

Иманың іздеп келер ме?

Табаннан азық алдырмай.

Адамдықтың қадірі,

Басыңнан жынды тазартпай,

Бағыңды басқа жалғамай,

Құпия білім жазылмай.

Маңдайдан көзің ашылып,

Ұждан құсың самғамай,

Таза ақылдан хабарды,

Жол-жобасын Құдай алдырмай

Жалғанбас тегің Адамға,

Тегіңді түпкі танымай!

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *