Қорқыныш (88)

Бөлім: Зікір өлеңдер 53

Ақыл қылсаң білімді,

Ойсыз байлап сөзіңді.

Ақылмен қайрат қосылмай,

Шел басады көзіңді.

Көңілді тұман басады,

Жетпесе ойың қорқады.

Ақымақтық шығып білімнен,

Періліктен болар құрсауы.

Қорқытып бұзар көңілді,

Ақыл қылып сегіз сезімді.

Көңіліңді жаулайды,

Ұмыттырып барын өлімді.

Алыстатып Құдайдан,

Біліммен көзді байлаған.

Орға апарып жығады,

Айырып жоба, аяннан.

Білімнен шығар сығандық,

Ой жорыған болжамдық.

Аллаға ортақ қостырар,

Қан аздырмақ қараңдық.

Бірлігі ислам кеңдігін,

Бар әлемнің діндерін.

Жеті жермен жалғантпай,

Қысқартып үзер жіптерін.

Рұқ деген сөзді жан деген,

Жын, шайтан деп бөлек өзіңнен.

Алдайды жауып жүректі,

Жеті жынға жалғап сеніммен.

Енеді арам аспенен,

У болар шығар буменен.

Етпен тері арасын,

Мекендер пері жәндіктен.

Судағы жүрген балықтай,

Қол ісіңді алып жаңғыртпай.

Киімді зейнет жоғалтып,

Қабыршақты тері қалыптай.

Өрісті былғап иіспен,

Сан алуан түрлі жарықпен.

Жалғанып жынға дене боп,

Ой салған сырттан үнменен.

Қу бастық пері бейнесі,

Төрт жынның баста иесі.

Тағдырды ұрлап маңдайдан,

Мойынға жалғап жүктерді.

Жалғантпас үнін құранмен,

Тәрбиелемек елді батамен.

Аруақ болып сөйлеткен,

Қорқытып, алдап жындармен.

Ібілістің перілік жүйесі,

Біліммен сөздің иесі.

Теріс үн салып ақылды,

Сөз ұқпас қылар екі есті.

Ар, ұяттан қорқытып,

Әдеп боп салтың арсыздық.

Заңмен билік қорғайтын,

Жаны өлі зұлым ғып.

Шайтаның салған қақпаннан,

Көп жамандық нәубаттан.

Аман–есен шығарсың,

Жинасаң бойға қуат қайраттан.

Қараңғылық жанды қапастан,

Шығыстан жұлдыз Шығырадан.

Қуат қосар бойыңа,

Хабарына аруақ жалғансаң.

Бой күйездік ауруды,

Меңгерсең күнә жағуды.

Тіліңде болсын кәлимаң,

Шақырмай жаман ойыңды.

Он екі мүшең сау болса,

Қорықпассың пенде құр босқа.

Сенімділік пен қайсарлық,

Қаруың болар қолға алса.

Қорқынышына шайтанның,

Абайла түсіп қалмағың.

Сезімді бойға билетпей,

Табанда болсын салмағың.

Жалаңаштап тері аздырмай,

Періге өріс жалғантпай.

Арам астан аулақ жүр,

Қаныңда шайтан жаға алмай.

Қорықпай нық қадам бас,

Ақталсаң қайта жоламас.

Тәуекел қылсаң Аллаға,

Тілегіңді кейін қайтармас.

Ел болып сұра Алладан,

Құтқар деп мұндай нәубаттан.

Ар, ұятты қорғасаң,

Пәтуалы болар сөз айтқан.

Көп түкірсе көл болар,

Тілегін айтып қол жаяр.

Ғаршыға елдің тілегі,

Біртұтас болса тез барар.

Алланың бұл да сыны еді,

Діндерін әлем бірлеуі.

Қорқынышты түгел жеңетін,

Алланың нұры иман келмегі!

Алладан артық жомарт жоқ,

Жаның қолында аруақ боп.

Тағдыр ғып екі қол ісіңді,

Жазады иман қалам боп.

(Тамыз 2018 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *