Сөз қадірі(89)

Бөлім: Зікір өлеңдер 68

Қадірі сөздің кеткені,

Жүректен иман безгені.

Салмағын сөздің түсінбей,

Ит болып көптің үргені.

Жақсы сөз айтқан пендені,

Жамандықтай сезіп көрмегі.

Талайды жабылып ұнатпай,

Дүниенің ісі бар білгені.

Сын айттырмас өзіне,

Тағады мінді өзгеге.

Ақсақалдық елде жоқ,

Ұмытылған дәстүр еліңде.

Бір сөзбенен тоқтатар,

Ел бағушы ақсақал.

Қасиеті кеткен жоғалып,

Даналық болып мал табар.

Қадір, қасиет үлкеннен,

Сопылық жолын меңгерген.

Жоғалды бүгін еліңде,

Бөріктен кие кеткеннен.

Жастар көп тілмен көсеген,

Астынан тырнақ кір іздеген.

Біліммен сөзді суша сапырып,

Қасиетін сөздің кетірген.

Білімге мас кәрі, жас,

Сөз киесін қылған тас.

Терістеп құран аятын,

Атысудан жалықпас.

Сүйкенеді үлкенге,

Қой деген сөзге көне ме?

Арқалап алып білімін,

Есепсіз есек жүктеле.

Қарап отырып ашынар,

Тіл ұзын қара қатындар.

Шариғат, ұят, ары жоқ,

Кекетіп, мұқап басынар.

Адамдықтан сөз айтып,

Еркектердің деп, несі артық?

Рұқ пен жанның табысын,

Білмеген сезім шайтандық.

Ұғымы сөздің елге сын,

Жүз жылда үндер өзгерісін.

Құдайдан тағдыр жазылар,

Көбейтіп діл — үнің деп өшпесін.

Табылмай билер ұғынар,

Сөз қадірін тұтынар.

Ой жорыған надандар,

Билеген елді зұлымдар.

Дат деген сөзге тұрысар,

Ел басшысы сөз ұғар.

Жоғалса мұндай тектілік,

Аталар жолы діл азар.

Жаңаға құмар жындылар,

Өзгертпек елді жаңғырар.

Өзінде жоқ нәрсені,

Ойдан құрап сөз қылар.

Ой бұрмалап ұрылар,

Діл сақтамақ ғалымдар.

Таңбасын елдің өзгертіп,

Тәңір болмақ жындылар.

Есі кетсе дүниеге,

Байланып пәнмен білімге.

Сөзіңде қадір, кие жоқ,

Жан өліп, жүзің күюде.

Байланып сегіз сезімге,

Жарысқан діл жібін үзуге.

Ұзын сөзді қысқартып,

Айналды жаның өліге.

Қадірі сөзден кеткесін,

Жүректен иман көшкесін.

Құдайдан хабар алу жоқ,

Ғылымсыз хайуан сен де пендесің!

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *